Слайд 1Өткізген: Жезқазған қаласы,
№ 3 орта мектебінің қазақ тілі мен
қазақ әдебиетінің мұғалімдері: Альмишева Л.Ш, Сагитова Л.А
Сыныптан тыс жұмысы: «Тіл
тағдыры-ел тағдыры».
Слайд 2Поэзиялық таным сабағы.
Әдеби кеш
Слайд 3Сабақтың тақырыбы:
Тіл тағдыры-ел тағдыры
Слайд 4Сабақтың мақсаты:
Елімізде тұрып жатқан ұлттар арасындағы достықпен ынтымақты дәріптеу;
Әр ұлттың
тілі мен дәстүріне құрмет көрсету;
Мемлекеттік тіл қазақ тіліміздің қыр-сырына терең
үнілуге, сыйлауға, қастерлеуге тәрбиелеу;
Ана тілінде таза, саутты сөйлеуге баулу;
Туған жерге сүйіспеншілігін арттыру, елжандыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Слайд 5Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының рәміздері;
Тіл туралы нақыл сөздер;
Газеттер;
Оқушылар салған суреттер
Слайд 6Тіл туралы нақыл сөздер
«Ана тілін ұмытпаған адам өз халқының
өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»
(Ғабит Мүсірепов)
«Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз»
(Лев Толс той)
«Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз-адамның ең жоғары қасиеті»
(Ғабиден Мұстафин)
Слайд 7
І жүргізуші:
Сәлеметсіздерме, қадірлі ұстаздар, оқушылар! Осы тіл мерекесіне арналған сабағымызды
бастауға рұқсат етіңіздер.
1-оқушы: Кіріспе сөз:
Тілді зерттеушілер қазақ тілін ең
бай, ең таза түркі тілдерінің бірі деп есептейді. 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді. 1997 жылы «Тіл туралы» Заң қайта талқыланды. Сөйтіп сол жылы шілденің 7-сі күні «Қазақстан республикасындағы тілдер туралы» жаңа Заң қабылданды. Қазір қыркүйектің 22-сі «Қазақстан Республикасының тілдер күні» мерекесі болып аталады.
Слайд 9
2 оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен
сәнім бар.
Туған тілім бар болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
ІІ –жүргізуші:
Бүгін
біздің мектебімізде үлкен қуанышты мереке-Тілдер мерекесі. Тілдер мерекесі-Қазақстан жерінде тұратын ұлттардың мерекесі. 1989 жылы қыркүйектің 22-сі күні Парламент «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңды қабылдады да, қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін берді.
Слайд 10
3-оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным
бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім-жүрек үнім наныңдар!
Нанбасаңдар!
Жүрегімді суырып-ақ
алыңдар.
І-жүргізуші:
Біздің Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
Оқушылар: Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.
Слайд 11
І-жүргізуші:
Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Бүгін 4
сынып оқушылары өздерінің білімін, өнерін көрсету ұшін жиналыпты.
4-оқушы:
Туған тілсіз тәңірім
жоқ табыңар,
Туған тілсіз тірлік құрсың, наныңдар.
Туған тілде намысым мен арым бар,
Туған тілсіз тірлік құрсың, наныңдар.
Слайд 12ІІ
ІІ- жүргізуші:
Туған тіліміз туралы мақал-мәтелдер көп.
Мақал-мәтелдер сайысы.
(Оқушылардан мақал-мәтелдерді сұрау. Мақал-мәтелдерді
жатқа айту)
Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет
жоқ.
Өнер алды-қызыл тіл.
Тіл қылыштан өткір.
Піл көтермегенді,
Тіл көтереді.
Сөзден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан жүйрік жоқ.
Слайд 14
Тілге құрмет-елге құрмет.
Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Жеті жұрттың тілің біл,
Жеті
түрлі ғылым біл.
Көңіл-гүл,
Тіл-бұлбұл.
Айтар сөзді алдымен ойлап ал.
Ақыл көркі-тіл,
Тілдің көркі-сөз.
Слайд 16
І-жүргізуші:
Балалар, біздің Қазақстанда жүз отыздан аса ұлт өкілдері тату-тәтті өмір
сүреді. Мектебімізде де көптеген ұлт өкілдерінің балалары білім алып, тәрбиеленуде.
Қазақстан Республикасы туралы олар не дейді екен?
Қазақ: Бекмағанбетова Камила
Қазақстан-әдемі мемлекет.
Қытай: Фун-ту-чу Алевтина
Қазақстан-үлкен мемлекет.
Неміс: Клян Марина
Қазақстан-тәуелсіз мемлекет.
Орыс: Тишкин Евгений
Мен Қазақстанды жақсы көремін.
Слайд 17
Татар: Стрюк Марина
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Украин: Кириченко Полина
Қазақстанның
астанасы-Астана қаласы.
5-оқушы:
Отан жерім-Отан-суым,
Отан-қуат, Отан-нәр.
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан міңгі гүлденер.
Слайд 19
6-оқушы:
Атам, Әжем, Әкем, Анам,
Төртеуі де «Отан» маған.
Төртеуі де «Ботам» дейді,
Мақтанамын
Отаныммен,
Отаныма «Ботамын» мен.
7-оқушы:
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Ел егінді жинайды,
Қырманға дән
сыймайды.
Біздің дала-бай дала,
Алтын астық айнала.
Слайд 22
ІІ-жүргізуші:
Бүгінгі әдеби кештен қандай тәлім-тәрбие алғандарынды білгіміз келіп тұр. Ол
үшін менің сұрақтарыма жауап бере қойыңдар.
Тәуелсіз деген не?
Қазақстан Республикасы қандай
мемлекет?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы қашан қабылданды?
Конституция (Ата Заң) қашан қабылданды?
Слайд 23
8-оқушы:
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тілінді
құрметте!
Музықалық үзіліс:
Би: «Кір жуамыз» (Стирка)
Слайд 26Қызықты грамматика
«Қазақстан» сөзінен 20 сөз құрастыр.
Қазақ, астана, аз, қаз, зат,
тас, қас, сақ, тақ, сан, таз, саз, ақ, атан, ата,
қан, азан, қант, ант, қазан.
9-оқушы:
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Слайд 27
10-оқушы:
Ана тілім-
Бала шағым, өркенім.
Ана тілім-
Болашағым, ертеңім.
Ана тілім-
Сайын далам, жер-көгім.
Ана тілім-
Арман-ойым,
өрнегім.
Ана тілім-
Шың асқарым, өр көгім.
Ана тілім-
Жыр-дастаным, ертегім.
Ана тілім-
Үйім алып, еркемін.
Слайд 28
Ана тілмен-
Халық күйін шертемін.
Ана тілім-
Пәк сезімді жан сырым.
Ана тілім-
Лебіз демі-бал
шырын.
Ана тілмен-
Нұрланды маң, қырым.
Ана тілмен
Жырланады бар жырым.
Слайд 29
11-оқушы:
Ана тілді білмесем,
Шат-шадыман күлмес-ем.
Жер бетінде сайрандап,
Қазақ болып жүрмесем.
І-жүргізуші:
Бүгінгі әдеби кеш
осымен аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп рақмет! Келген қадамдарыңызға гүл бітсің!