Халық санының қарқынды өсуі XX ғасырда ерекше орын алды. Мысалы,
1930 жылы Жер шары халқы шамамен 2 млрд-тай болса, 1960 жылы -3 млрд, 1975 жылы-4 млрд шамасында, 1987 жылы- 5 млрд-қа тарта , 1999 жылы-6 млрд-қа жуық болды. Халық санының мұндай қарқынды өсуі демографиялық жарылыс деп аталады.Халық саны халық санағы арқылы анықталады. Қазір БҰҰ ұсынған тәртіп бойынша, халық санағы әр он жыл сайын жүргізіледі.
Қазақстанда ең алғашқы халық санағы 1897 жылы жүргізілген. Тәуелсіздік алғалы елімізде екі рет 1999 жылы және 2009 жылы санақ жүргізілді.