кітап көп тауымыздан табылған
Әр беті ат бейнесімен безенген
Тағысында- ақ біздің
қолда туылған
Жібек жолы желкілдеген тумаған
Соны айтады бабам мен ат сүйегі
Араласып бір молада тулаған
Жеті атамның есімі аттас жылқымен
Сырым білмей жүрме аттың сыртымен
Жер жаһанда ойлашы өзге ел бар ма
Бізше таныс аттың мінез- құлқымен
Ат үстінде ұзын жолы қысқарып
Бізше жылқы жинамаған еш халық
Қысы-жазы жасап атпен аңшылық
Салт ит жүгіртіп, құс салып
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар сәйгүлік
Бапталмаған қазақта бар қай жігіт
Асыр салып бәйге, көкпар ойнаған
Сәбиі де құлын қуып,тай мініп
Қазақтар ғой жылқының шын докторы
Атқа сәйкес кім бар біздей көп тілді
Азды аттың төбегіне теңейміз
Жерді де атқып дейміз таудың шоқтығы
“Ат шаптырым” біз үшін ең қашықтық
“Бие сауым уақыт жоқ” деп асықтық
Ат жолында көшіп-қонған халықпыз
Желіп жүріпжер де танып, кәсіп қып
Кеудемізде жүрек те атша тулаған
Ат үстінде біткен желікбу маған
Қазақ барма бала кезде түсінде
Ақбозатқа мініп арман қумаған
Мінсең-төбе, шапшаң-жебе, жел мая,
Сәйгүліесіз уақыт шығын тер зая
Бақсаң көлік, қар тепсе де қажымас
Сойсаң-соғым, қазы,қарта,жал-жая
Жылқы жайлы үйір-үйір ертегі
Ел тарихын баяндап сыр шертеді
Неден кеңде “керқұла атты Кендебай”
“Қара жоға”, “Тепеңкөк” пен “Телторы”
Өткізбейміз атсыз жиын біз думан,
Күш жиямыз ат үстінде мызғудан
Тамашаның тамашасы тапсырмас
Көкпар тартып,ат шаптырып, қыз қуған
Ат мінгізу сыйлықтың ең үлкені
Аттан құрау, қандай ұят күлкі еді
Шынықтырып бой сергетер атүсті
Қайғы дерттен айықтырар жұрт емі
Ұлан байтық,шексіз-шексіз кең далам,
Тентек-текке бізге енші болмаған
Бабаларым атпен қана үлгіріп
Шартарабын шауып жүріп қорғаған
Белгі беріп, аттануға шақыра
Ат сезеді шабар жауды қапыда
Бағытынан айырылып адасса
Қазақ сенді жол табар деп атына
Атпен ғана ерлердің көп тынды ісі
Жылқы бізде түліктің ең құндысы
Сыйпағанды білмесе егер сиырлар
Сыйлағанды аттың сезіп тұр іші
Ат қазаққа, қазақ атқа күш берген
“Ат баспаймын” деген жерін үш басып
Ер көрмеймін- деген жерді үш көрген.