Разделы презентаций


Шығрмашылық жоба "Қазақтың ұлттық киімдері" Каменова Айкүміс

Батыс Қазақстан облысыЗеленов ауданыЯнварцев ауылы «Январцев орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі«Менің Отаным - Қазақстан» туристтік – өлкетану слетіТақырыбы «Қазақ халқының ұлттық бас киімдері»Бағыты: «Ұлттық салт - дәстүрлер мен

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Зеленов ауданы
«Январцев жалпы орта білім
беретін мектебі» КММ
Январцев ауылы, 2016

жыл

Зеленов ауданы«Январцев жалпы орта білім беретін мектебі» КММЯнварцев ауылы, 2016 жыл

Слайд 2Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Январцев ауылы
«Январцев орта жалпы білім беретін

мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Менің Отаным - Қазақстан»
туристтік – өлкетану

слеті

Тақырыбы

«Қазақ халқының ұлттық бас киімдері»

Бағыты: «Ұлттық салт - дәстүрлер мен өнер»

Жетекшісі: Технология пәні мұғалімі Миргалиева Адеми Маратовна

Оқушының аты-жөні: Каменова Айкүміс

Сыныбы: 5 а сынып


2015 – 2016 оқу жылы
Батыс Қазақстан облысыЗеленов ауданыЯнварцев ауылы «Январцев орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі«Менің Отаным - Қазақстан»

Слайд 3«Қазақ халқының ұлттық бас киімдері»
Жобаның мақсаты: Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын

қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің түрлерімен танысып, заман талабына сай

жетілдіріп, көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу, жандандыру.
Міндеттері: Ізденіс жұмыстарын жүргізу.
Нақты деректер табу.
Қазақ халқының ұлттық киімдері мен бас киім түрлерін білу.
Қазақтың ұлттық бас киім түрлерін күнделікті өмірде қолдана білу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ата-бабаларымыздың ұлттық киімдері, соның ішінде «Қазақ халқының ұлттық бас киімдері» жайлы ізденіп, зерттеу, үйрену.
Зерттеу жұмысының нәтижелілігі: Қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің қыр-сырын ашу, қазіргі заман талабына сай шеберлердің шығармаларына алдағы уақыттарда өз үлесімді қосу.








«Қазақ халқының ұлттық бас киімдері» Жобаның мақсаты: Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің түрлерімен

Слайд 4 КІРІСПЕ
Халқымыздың ұлттық бас киімдері,
Зерттеуім – ата-баба қолөнері.
Жинадым әдет-ғұрып

салт-дәстүрін,
Елімнің көзге ыстық киімдерін.
Халқымыздың бізге жеткен ұлттық бас киім түрлері

бай мұра, сарқылмас қазына. Қазақ халқының ұлттық киімдері бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоймай, рухани мәдени мұра ретінде сақталып келеді.
КІРІСПЕ Халқымыздың ұлттық бас киімдері,Зерттеуім – ата-баба қолөнері.Жинадым әдет-ғұрып салт-дәстүрін,Елімнің көзге ыстық киімдерін.Халқымыздың бізге жеткен ұлттық

Слайд 5
Ұлттық киім –бай  тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді 

өткен ғасырларды әдет –ғұрып,  салт-дәстүр  халықтың хал-ахуалынан  кең көлемде жан

–жақты хабардар етеді.  Қазақ халқының  киімі  басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі:  қазақ халқының табиғат  төсінде өсіп,  еркін ғұмыр кешуімен байланысты.  Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді.  Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі тақияның да түрлері көп: зерлі,  үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар  онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі.  Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән.  Сондай –ақ,  қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған.
Ұлттық киім –бай  тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді  өткен ғасырларды әдет –ғұрып,  салт-дәстүр  халықтың хал-ахуалынан 

Слайд 6
ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ
Әйелдердің бас киімдері:
1.           сәукеле
2.           бөрiк
3.           қарқара
4.           жаулық

5.           қасаба
6.         тақия
Қасаба – тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай ойыңқылау

келген, дөңгелек тақияға ұқсас етiп пiшiледi де, артқы жағына немесе желкесiне қарай бiрте- бiрте ойыңқы түскен құламасы болады, ұшы әйелдiң арқасына қарай төгiлiп жатады. Айдыны зерлi жiптермен кестеленiп, қиылысқан жерiн алтын жолақпен жауып, зерлi әшекеймен безендiредi. Құламасына шашақтар тағылады. Шашақтың көп тағылуын “ұрпағы көбейсiн” деген игi тiлекпен түсiндiруге болады. Қасабаның маңдай тұсына түрлi асыл тастармен тiзiлген дөңгелек табақшалармен бекiтiлген қыстырма iлiнген. Ал самай тұсына ұзынырақ күмiс қоңыраушалармен ұшталған 5-6 тiзбек салпыншақ қыстырған.
Қазақта сирек те болса кездесетін бас киімінің ерекше түрі - қарқара. Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Қыздардың басында төбесіне құс қауырсыны қадалған сұлтан киетін бас киім болыпты» дейді (Шығармалар жинағы. І том, 326 б.). Қарқара кигенде әйелдер жаулықтың бір ұшын желке тұсына келтіре сәл шығарып қояды да, қалған бөлігін кимешектің сыртынан айналдырады, шашын көрсетпей жауып тұрарлықтай етіп орайды. Жаулықтың ұзындығына байланысты қарқараның биіктігі де әртүрлі болады
ӘЙЕЛДЕРДІҢ БАС КИІМДЕРІ Әйелдердің бас киімдері: 1.           сәукеле2.           бөрiк  3.           қарқара  4.           жаулық 5.           қасаба6.         тақия 		   Қасаба – тұрпаты

Слайд 7КИІЗДЕН ЖАСАЛҒАН
КЕСТЕЛЕНГЕН БИІК ҚАЛПАҚ
Түлкі тымақ

КИІЗДЕН ЖАСАЛҒАН КЕСТЕЛЕНГЕН БИІК ҚАЛПАҚТүлкі тымақ

Слайд 8 Жаулық әр ру, елде түрлiше аталған:  оңтүстiк, орталық, шығыс Қазақстанда оны

көбiнесе (матаның көлемiне байланысты) шаршы, Жетiсу, Алтай өңiрлерiнде шылауыш, ал

оңтүстiк Қазақстанда күндiк деп аталады. Рудың өзiне тән ерекшелiктерi болған: Маңғыстауда матаны қабат ұзын тіліктен тігілген бұрама жаулық кисе, Семейде үшбұрышты, шеттері тым созыңқы орамал тәрізді етіп үшбұрыш түрi болған. Арқа жерiнде жоғары және төмен деп аталатын қос жаулық тартқан. Шылауыштың шетiне қол кестемен қызыл, жасыл, сары, шолақ және жалғасқан қысқа оюларды салады. Маржан, түйреуішпен тағып, төбесіне шашақ төгіліп, кестеленген төбелдірік салады.
Бұрынғы Торғай облысы аумағындағы жас келіншектер ХХ ғасырдың басында сұлама немесе сәукеле жаулық киген, бұл жерде оның екінші атауы тегін берілмеген, себебі оның шығу тегі сәукелеге байланысты. Оның негізін бірнеше қабат қағаз немесе картоннан жасалған қатты каркас құраған (бұрындары тәрізі киізден болса керек). Түрі жоғарыдан қиылған конус сияқты, биіктігі жарты метрдей, қапталған матасының артқы шеті емін-еркін арқаға түсіп кетеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында мұндай бас киім Бөкей ордасында да тараған, яғни жалпы Қазақстанның Солтүстік батысына тән киім үлгісі. Оның төменгі жағына оқалы кесте тігіп, моншақтар қадаған, ал жан-жағына күміс әшекейлер бекіткен. Орта жастағы әйелдер оны кеңірек әрі төменірек тігіп, әшекей тақпай киген. Қартамыс әйелдер үстіңгі жаулықты каркассыз бұрайтын болған. ХІХ ғасырда әйелдер үшін міндетті киім түрі болған жаулық Орта Азия халықтарына да кеңінен тараған.
Жаулық әр ру, елде түрлiше аталған:  оңтүстiк, орталық, шығыс 			Қазақстанда оны көбiнесе (матаның көлемiне байланысты) шаршы, 			Жетiсу, Алтай

Слайд 9Ер адамның қысқы киімі
(түлкі тымақ, тоң)
және әйел адамның

қысқы киімі
(кимешек, жаулық, ішік)

Ер адамның қысқы киімі (түлкі тымақ, тоң) және әйел адамның қысқы киімі (кимешек, жаулық, ішік)

Слайд 10 Сәукеле – қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімдері аса бай, керемет сәнді бас

киімдер ішіндегі ең әшекейлі, әрі күрделі, ұзатылған қыз киетін аса

қымбат бағалы ғұрыптық бас киім. Сәукелені Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген үшкір тымақты сақтар – тиграхаудтардың бас киіміне ұқсатады. Сәукеленің биіктігі шамамен бір жарым, екі қарыстай болады. Сәукеленің негізін жұқа ақ киізден сырып тігеді де, сыртын қызыл шұғамен тыстап, қымбат бағалы аң терісімен әдіптейді: алтын, күміс әшекейлер, моншақтар тағады; жоғары қарай жіңішке-ре түскен төбесіне үкі қадап, тірсекке түсетін асыл тасты, оқалы лента тігіп, бергегіне бетті көлегейлейтін желек бекітеді.
Сәукеленің негізгі бөліктері –тәж, төбе, құлақ бау және артқы бау. Сәукеленің төбесі қиықтанып келеді. Оның төбесінде тәж деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады. Сәукеленiң екi самайдан түсіп тұратын інжу, маржаннан жасаған шашақталған төгілме моншақ, салпыншақ шекелiк немесе жақтама аталады. Ол барған жерінің ұрпағын көбейтсін, өсіп-өнсін деген игі тілекпен жасалған. Екі жақ самай тұсына бетке жеткізе шолпы тәріздендіріп бірнеше қатар маржан тізілген салпыншақтарды сәукеленің бетмоншағы деп атайды. (“Бетмоншағы түсіп (үзіліп) тұр” дегендегі бетмоншақ). Сәукеле бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі, маңдайшасы, екі жағында тізілген маржаннан салпыншақ пен жақтауы және белге дейін түсіп тұратын артқы құлағы болады. Сәукеленің төбесіне жібектен желек салынып, оған үкі (қарқара) қадалады. Ту сыртынан жерге жететіндей ақ желең немесе ақ жібек жаулығы тағылады.
Сәукеле – қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімдері аса бай, керемет сәнді 				бас киімдер ішіндегі ең әшекейлі, әрі күрделі, ұзатылған

Слайд 12 Қазақ халқының қолынан міне, осындай сан түрлі киім үлгілері жасалып

шыққан. Әсіресе, ұлт өмірінде әйел затына арналған киімдердің ерекше рөлі

болғаны анық. Себебі, әйел затына ерекше құрметпен қарау дәстүр-лі мәдениетіміздің ерекше көрінісі екені күмәнсіз. Халқымыз қыз баланың әсемдігін денесін жалаңаштау арқылы емес, мың құлпырған бояуы қанық, келісті де көрікті киімдері арқылы көрсетуді жөн көрген.
Есік обасының «Алтын адамның»  бас киімінде де  төрт алтын қауырсын қадалғанын, ал онымен бірге табылған заттардың ішінде бетіне  көп қауырсынды  бас киім киген  адам басы салынған жүзік болған. Яқи, жүзік америкада үндіс халықтарының  құс қауырсындарын  тізіп тағатын бас киімге ұқсас. Ал Тамғалы  тастағы  суреттерде осындай қауырсынды  бас киім киген, малдас құрып отырған адам суреті бейнеленсе, көне түркі заманы петрогливтерде кездесетін, басы сәуле шашқан  дөңгелек
түрінде салынатын бұл шарфты бейнені күн құдайының  бейнесіне
ұқсайды. Олар да адамның басы,  көзі мұрны, аузы көрсетілуі,
киген киімі, оның жағасы, өңірі, белбеуі сияқты нақтылы
детальдары бинеленуі, суреттегі құдай емес, нақты адам екенін
дәлелдейді. Бас киімге қауырсын тағу- барлық халықтарда мифтік
наным бойынша жерлері адамның рухтың болмысының аспан.
Әлемінен байланыста екендігін білдіреді.
Қазақ халқының қолынан міне, осындай сан түрлі киім үлгілері 			жасалып шыққан. Әсіресе, ұлт өмірінде әйел затына арналған

Слайд 13Той киімдері

Той киімдері

Слайд 14ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтатын болсам, маған ұлттық бас киімдер ұнаған болатын

Сол себептен, мен ғылыми жұмысымды бастаған болатын. Мен ғылыми жұмысымды

қазақ халқының ұлттық бас киімдері жайлы жазуды ұйғардым. Ендігі менің міндетім – ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын қазақ халқының ұлттық бас киімдерін көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу. Ұлттық бас киімдерді зерттеу саласында одан әрі зерттеу жұмысымды жалғастыру.
ҚОРЫТЫНДЫ Қорыта айтатын болсам, маған ұлттық бас киімдер ұнаған болатын Сол себептен, мен ғылыми жұмысымды бастаған болатын.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика