Слайд 1Мұнайлы ауданы
№ 6 жалпы білім беру орта мектебі
Жас мамандарға сабақты
дұрыс ұйымдастыруды үйрету
Слайд 2 Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес,
бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық.
Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған, ол мұғалімдер.
Слайд 3Мақсаты:
Жас мұғалімдерге сабақты дұрыс ұйымдастыру туралы ақпараттар беру, жаңа
технологиялар жүйесінде қолдану тәсілдерін көрсету. Талаптарға сай мұғалімдер шеберлігін қалыптастырып
жетілдіру, оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруға көмек беру.
Слайд 4 Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай,
қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін,
жолдарын терең білу және оны қолдана білу.
Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады.
Слайд 5 "Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра
білсе, ол жетілген мүғалім".
Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен
қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:
- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық –
психологиялық негіздері;
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
Слайд 6 Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір
– біріне ұқсамайтын жан – жақты өткізген сабақтары. Қазіргі таңда
әлемдік оқу үрдісінің өзегі- жаңа технологиялар. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологияладың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру.
Слайд 7Оқытудың әдіс – тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда
табысқа жетуге
негіз болады. Терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі қағидаларды
есте сақтағаны жөн:
Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан
негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі
қажет.
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының
психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол
таба білуі абзал.
3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып
отыруы тиіс.
4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар
түрінде топтастырып өткізе білуі керек.
5. Оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа
сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен
тірек конспектілері бойынша берген жөн.
6. Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр
тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн.
Слайд 87. Сабақта халықтық педагогика элементтерін пайдалану қажет. Ол
үшін:
Халық ертегілерінен, аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан
үзінділер келтіріп,
олардың мағынасын түсіндіруге;
Халықтың ұлттық ойындарымен түсіндіруге;
Әртүрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар
шешіп, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастыруға болады.
8. Сабақта оқушыларды таң қалдырып, себебін білгілері келетін
әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы
қолданған орынды.
9. Ең бастысы әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.
Слайд 9ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС – ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді
есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен
болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді.
Монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді.
Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді.
Слайд 10Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде
оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және
тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады.
Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.
Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі. Оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады.
Слайд 11Импрессивтік әдістер. Импрессия (латын сөзі, әсер, толғаныс, сезім) әдісі арқылы
балалар мен жастар немесе ересектер шығарма және оның авторы туралы
ақпарат алып, оны талдап, шығарманық негізгі идеясын айтады.
Экспрессивтік әдістер. Экспрессия (латын сөзі, бейнелеу) әдісі арқылы жасалған жағдайда оқушылар нақты құндылықтар жасап, өздерін танытады.
Ынталандыру әдісі. Оқыту процесінде баланың оқу іс-әрекетіне оң көзқарасын туғызу керек. Оқылып отырған материалдың оқушыны тебірентуі, қуанышқа бөлеуі, таң қалдыруы, аяушылық сезімін тудыруы сабақтың мақсатына жетуді тездетеді.
Ой майданы әдісі. Бұл әдіс арқылы педагогикалық бөлімнің оқушылары шағын топтарға бөлініп, мектеп оқулығынан бір тақырыпқа әзірленіп 5-20 минут сабақ береді, содан кейін сабақ талқыланады, бағаланады, оны келесіде жақсы өткізу жолдары белгіленеді. Сабақты түгел бейне жазбаға жазу оны талдауды жеңілдетеді. Бұл әдіс мұғалімдік жұмысқа дағдыландырады.
Ойын - оқыту әдісі. Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды.
Слайд 12АРАЛАС САБАҚТЫ УАҚЫТ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жұмысты ұйымдастыру – 2 мин
Өткенді қайталау
– 10 мин
Жаңа материалды оқу – 25 мин
Бекіту – 5
мин
Үйге тапсырма - 3 мин
Слайд 13Күтілетін нәтиже
Жаңа инновациялық технологияларды жетік меңгерген, ізденімпаз ұстаз тұлғасын қалыптастыру.
Слайд 14Ұстаз тұлғасы – үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа
педагогикалық әдіс тәсілдерді қолданып, өзінің кәсіби шеберлігін жетік меңгерген тұлға.
проблемалардың
шешімін табу
жолдарын
қарастыру
ақпараттық
технологияны
меңгеру
Білімділікті,
кәсіби шеберлігін
дамыту.
Нәтижеге жету үшін:
Слайд 16Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет.