Слайд 1«Қару-жарақ атаулары»
тақырыбына жасалған зерттеу жұмысының жобасы.
Жезқазған қаласы.
№ 3
орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Альмишева Л.Ш.
Слайд 2Жобаның жоспары:
Тақырыбы
Мақсаты
Міндеттері
Мазмұны
Өзектілігі
Күтілетін нәтиже
Мазмұны:
Кіріспе
Қазақ батырлары
Ер қаруы-бес қару
Ату қаруы
Қару-жарақтың құрылысы
Кесу қаруы
Түйреу қаруы
Шабу
қаруы
Соғу қаруы
ХVIII-ХІХ ғасырдағы қазақтардың қаруы
Слайд 3Жобаның мақсаты:
Қазақ халқының қаруы туралы, шығу тарихы оқушыларға мағлұмат
беру;
Халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, құрмет тұтатын азамат тәрбиелеу;
Ер қаруы-бес
қаруды қадірлеу қазақтардың халықтық дәстүрін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушылар қазақтардың қаруы жайында тарихи деректерді оқи отырып, оқулықтарға енбей қалған деректер жинау арқылы шығармашылыққа, ізденушілікке жетелеу;
Қазақ халқының қару-жарақтарын, қолөнерін келешек ұрпаққа насихаттау.
Слайд 4Жобаның өзектілігі:
Қазақстандық білім берудегі өзекті мәселелердің бірі-көп тілді тұлға қалыптастыру;
Оқушылардың
ізденушілік, зерттеушілік жобалау қабілеттерін дамыту.
Жобаларды іске асыруда қазақ халқының ұлттық
рухын, ұлттық мәдениетін танып білу, күнделікті өмірде қолдану аясын кеңейту өзектілігі қарастырылады
Слайд 5Кіріспе сөз:
ҚАРУ – ұрыста қолданылатын шабуыл және қорғаныс құралдары.
Қазақ халқында
«қару-жарақ» сөзі соғыс құралдарының жалпы атауы болса, «қару»- сөзі-шабуыл құралының,
«жарақ» сөзі қорғаныс құралының атауын білдіреді. Қазақ батырлары соғыста қолданған шабуыл құралдарын (қаруларды) 5 топқа (бес қару) бөлуге болады:
Ату қаруы.
Кесу қаруы.
Түйреу қаруы.
Шабу қаруы.
Соғу қаруы.
Қорғаныс құралдарына (жарақтарға) жататындар:
Қару өткізбес үшін денеге киетін сауыттар.
Басты, мойынды қорғайтын бас киімдер.
Қолды, аяқты, тізені қорғайтын темір жарақтар.
Қолға ұстап қолданатын қорғаныс құралы.
Атты қорғайтын жарақтар.
Қарудың алғашқы түрлеріне ағаш, найза, шанышқы, шоқпар, сақпан және найза, атқыш құралдар жатады. Кейінірек жақ пен жебе, балта, күрзі, қанжар, семсер, қылыш т.б. қолданылған. Ер қаруы бес қару – найза, қылыш, садақ, шоқпар, айбалта.
Слайд 6Қаруды асынудың мынадай түрлері болған: мойынға асыну, йыққа ілу, белге
байлау, қолдың қарына ілу, білекке ілу, қанжығаға байлау, тақымға басу.
Қару-жарақ
түрлері.
Слайд 7Қазақ батырлары, француздың рыцарьлары, жапонның самурайлары, индиялықтардың кшатрийлары сияқты тек
әскери кәсіппен шұғылданған. Басқа кәсіппен айналысуды олар өздеріне ар санаған.
Сондықтан батырлардың бар өмірі соғыста өткен.
Қазақ батырлары
Слайд 8Соғыс негізінде Отанды жаудан қорғау, елді басқыншылардан азат ету, халықтың
қонысын, жерін кеңейту, жау қолында өлген ата кегін қайтару мақсаттарымен
жүргізілген. Үлкен соғыс алдында батырлардың жекпе-жекке шығуы-олардың басты міндеттері болған. Жекпе-жек бірнеше күнге созылған.
Слайд 9Қазақ халқы ғасырлар бойы күні кешеге дейін жаугершілік жағдайда өмір
сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған.
ХVІІ-ХVІІІғ.
өмір сүрген тұлғалар: Абылай хан, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр, Баян батыр, Райымбек батыр, Ханкелді батыр, Малайсары батыр сынды халқы үшін өшпес ізін қалдырған батырлардың ерлік істерінің қайнар көзі-елін, жерін сүю, халқының ар-намысын қорғау, мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау еді.
Слайд 10Адамзат тарихындағы мың-мыңдаған соғыстар мен майдандар кезінде киім қорғаныш құралы
болған. Эпос, батырлар жырына көз тастасақ, ақ берен, сауыт, дұлыға,
зере, найза, жебе, қол шоқпар деген сөздер көптеп кездеседі. Батырлық жырлар, дастандар, эпостарда батырларымыздың басында дұлыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдік болған. Жауынгерлердің киімдері ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын көрсетеді.
Слайд 111. Садақты тартады, кереді.
2. Қылышты сермейді.
3. Найзаны ырғайды, толғайды.
4. Айбалтаны
сілтейді, салады.
5. Шоқпарды ұрады, салады, үйіреді.
Бес қаруға байланысты сөз тіркестері
Слайд 12Қазақ халқында «Ер қаруы-бес қару» деген мақал бар. Ол жай
қару емес, соғыс құралы, тек әскери адамның соғыста қолданатын жеке
жауынгерлік қаруы.
Дәстүр бойынша батырлардың ер қаруының бесеу болып қалыптасуы әр түрінің айқаста бірін-бірі ауыстыра алмайтын тек өзіндік жеке жұмсалуына байланысты. Бұл-атау, кесу, түйреу, шабу, соғу тәсілдері. Осыған сәйкес жауынгерлік құрал ату, түйреу, кесу, шабу және соғу қаруларынан тараған. Көшпелі қазақ халқының кәсіби әскерилері болған батырлардың қарулануын білдіретін «бес қаруын асынды», «бес қаруын сайланған» деген сөз тіркестері ауыз әдебиетінде жиі айтылады.
Ер қаруы-бес қару
Слайд 13Көшпелі халықтарды ер қаруы қолданаылатын түрлі әскери салт-дәстүрлер қалыптасқан. Ер
құралын аса қадірлеп, кие тұтқан батырлар өз қаруларына жеке ат
қойып, шайқас алдында олармен сертескен. Орта ғасырларда семсер немесе қылыш әміршілердің таққа отыру рәсімінде патшалық дәреже белгісі болған заттардың құрамына кірген. Қазақ хандарының ақ кигізге отырғызып олардың белдеріне алтын қылыш байлаған. Ер қаруымен жоғары дәрежелі әскери лауазымдарды белгілеп, әскербасыларға тулы найза, қылыш тапсырылатын. Қару иеленген адамдар қоғамға белгілі бір әлеуметтік артықшылыққа ие болған. Мысалы, Тәуке хан кеңесіне тек қару асынған хан, сұлтандар, батырлар, рубасыслар ғана қатыса алған. Салтанатты қарулар әскери қызмет үшін берілетін әскери сый, марапат белгісі түрінде қолданылады.
Слайд 14Ату қаруларына садақ және мылтық жатады. Садақты жақ, жай, адырна
деп те атайды. Садақтың оғын жебе деп атайды. Қазақ халқының
ату қаруы жақ (садақ) деп атаған. Жақтар әр түрлі материалдар (ағаш, тарамыс, мүйіз, сүйек, тері, қайыңның тозы*) пайдаланған бірнеше бөліктерден құралған. Жақтың жеке жасалып, атуға арналған бөлшегі-оқ. Қазақ оқтарының жебесі (оқтың басы) пішінімен және қызметімен ерекшеленген. Жебелер жалпақ келген қозы жауырын, сауыттарды тесуге арналған үшкір сауыт бұзар, көбе бұзар және аңды, адамды жараламай ұрып құлататын доғал оқ деген түрлерге бөлінген. Соғыс кезінде дыбыстық белгі беру үшін қолданылатын ысқырғыш жебелер де болған. Оқтың арнаулы қабын қылшан немесе қорамсақ деп атаса, ал жақты салып алып жүретінін садақ дейді. Оқы салынған қорамсақ пен жағы бар садақтың белге тағатын садақбауымен қоса ортақ атауы да садақ. Кейін бес қарудың ату қаруы ретінде жақты (садақты) мылтық ауыстырды. Қазақтарда пілтелі мылтық, шақпақты мылтық, шиті мылтық деп аталған мылтық түрлері болған.
_________________
*Тоз-қайың қабығының сыртындағы жұқа, үлбірек, ақшыл қабаты.
Ату қаруы
Слайд 16Жақ (садақ) пен жебе (оқ) құрылысы
І. Адырна:
1. Басы
2. Иіні
3. Белі
ІІ.
Кірісі
Ұшы (Масағы)
Қыры
Сабы
Қанаты
Сауытбұзар
Қозыжауырын
Слайд 17Жақты салып жүретін қабын-садақ, жебеге арналған қабын қорамсақ (қылшан) деп
атайды. Олардың асынып жүретін бауын садақбау деп атаған. ҚОРАМСАҚ ҚЫЛШАН
– Қорамсақ садақ оғының қабы.
Қорамсаққа қол салды, Көк жебені қолға алды.
(«Қыдырбайұлы Қобыланды», Батырлар жыры, 6 т, 45 б)
Садақбау
Садақ
Қорамсақ
Слайд 18Кейінірек жақтың (садақтың) орнына мылтық қолданыла бастады. Білте арқылы от
алатындықтан ерте кезде мылтықты білте немесе шиті мылтық деп атаған.
Оқ-дәрі салып жүретін ыдысты оқшантай деген, ол кісе белдікке тағылған.
1. Дум
2. Шүріппе
3. Оқпан
4. Құрсау
5. Құндақ
6. Қарауыл
7. Сирақ
Слайд 19Кесу қаруы
Кесу қаруының ертеде қолданылған басы екі жүзді, түзу келген
түрі-семсер. Ал сыртына қарап иіліп, қайқы келген бір жүзді қаруы
қылыш деп аталады. Қылыштың өте қайқы болып келетін наркескен, ұшы екіге айырылатын зұлпықар, шапқанда ауыр болу үшін басы үлкейтіліп, жалпақ жасалынған алдаспан деген үлгілері бар. ХVIII-ХІХ ғасырлардан бастап қазақтар басы түзулеу сапы аталатын балдақсыз кесу қаруын қолдана бастады. Қылышты, сапыны салатын қабы қынап, ал оның белге тағуға арналған бауы (портупеясы) қылышбау деп аталады. Қылыш, семсер, сапылардың қынаптары ағаштан жасалған. Олар темірмен, матамен қапталып, күміс, алтын және асыл тастармен әшекейленген. Жүзі қысқа келген кесу қарулары-қанжар мен пышақты жауынгерлер соғыста тек көмекші құрал ретінде пайдаланып, күнделікті тұрмыста белге тағып алатын. Қазақтар кісе белдікке міндетті түрде ұлттық пышағын іліп жүрген. Қанжар, пышақтардың сабы мүйізден, сүйектен, ағаштан жасалып, қыны теріден тігіліп, қолдың алақанындай жалпақ үшбұрышты немесе төртбұрышты болып біткен.
Слайд 20Кесу қарулары
Кесу қаруларына қылыш, семер, сапы, алдаспан жатады. Қылыштың қабын
қынап деп атайды.
1. Бүлдірге
2. Сап
3. Балдақ
4. Сырты
5. Жаманы
6. Ұшы
7. Басы
8.
Алқымы
Қылыш
Слайд 211. Сақина
2. Құрсау
3. Қылышбау
4. Түбі
Қынап
Слайд 22Түйреу қаруы
Түйреу қаруларына найза, сүңгі жатады. Сүңгінің екі жақ басы
үшкір болады.
І. Басы
ІІ.Сабы
1. Ұшы
2. Қыры
3. Күмбезі
4. Ұңғысы
5. Ілгегі
Найза
1. Жалаулы найза
2.
Шашақты найза
3. Қоңыраулы найза
Сүңгі
Слайд 23Түйреу қаруы
Түйреу қаруы негізгі екі түрі бар. Сауытсыз жауынгерге қарсы
найза, ал темір сауытпен жарақтанған адамға ұзын сапты, қырланған, бір
немесе екі үшкір басы бар сүңгі қолданылған. Жауынгерлер найза, сүңгілердің басына әскери дәреже және майыру белгілері ретінде ту, байрақ, жалау, қыл немесе жібек шашақ таққан. Ту-қолбасылық лауазымның, байрақ-әскербасылық және батырлық дәрежесінің, қыл мен шашақ жауынгерлік белгісі саналған. Түсті жалау әскер бөліктерінің айыру нышаны болған.
Слайд 24Шабу қаруы
Қазақтардың шабу қаруы үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі-жүзінің жалпақтығы
орташа келген жауынгерлік балта. Екінші түрі- жүзі жалпақ, жарты ай
сияқты дөңгелене келген айбалта. Шабу қаруының үшінші түрі-жалманы* жіңішке сына* тәрізді жасалған балты-шақан. Жауынгерлік балтаалар қысқа, орташа және ұзын сапты болған. Қысқа сапты балташықты (кішкентай балтаны) белге қыстыырып алып жүрген. Ұзын сапты балтаны жаяу әскерлер тек сарай, орда, қақпа күзеттерінде ұстаған. Ат үстінде айқасуға ыңғайлы қазақтың жауынгерлік балталарының көпшілігі орташа сапты болып келген.
______________
*Жалман-балтаның басы
*Сына-ұшын сүйірлеу етіп, ағаш, тас жарғанда сызақта қағатын қысқа ағаш не темір.
Слайд 25Лук-жай (садақ)
Стрела-жебе
Колчан-қорамсақ
Ружье-мылтық
Сабля-қылыш
Ножны-қынап
Меч-семсер
Копье-найза
Секира-айбалта
Палица-шоқпар
Кольчуга-сауыт
Шлем-дулыға
Щит-қалқан
Орыс тіліндегі қару-жарақ атаулары
Слайд 26Шабу құралдары
Шабу құралына айбалта жатады. Ерте кезде айбалтаның екі басты
түрі болған.
І. Басы
ІІ. Сабы
1. Жүзі
2. Жалман
3. Шүйде
4. Сағақ
5. Бүлдірге
Слайд 27Соғу қаруы
Бес қарудың соңғы түрі-соғу қаруы. Бұл қару басының пішініне,
қызыметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ертеден пайда болған басы мен
сабы тұтас, түбірлі ағаштан жасалған соғу қаруы-шоқпар. Бастары металлдан құйылған қарудың ауыр түрі-күрзі. Соғу қаруының үшінші түрі-әскербасының лауазым белгісіне айналған бұздыған. Ол-басы бірнеше тілімді, темірден жасалған жеңіл шоқпар. Басы сабына қайыспен не щынжырмен жалғанған шоқпар-басмойын.
Соғу қаруына шоқпар жатады. Шоқпардың ағаш шоқпар, гүрзі (күрсі), бұздыған, дойыр шоқпар сияқты түрлері бар.
1. Басы
2. Сағағы
3. Сабы
4. Бүлдірге
Слайд 28Шоқпар. Күрзі.
Булава. Палица.
Қазақ жауынгерлері көбінесе жасақта ұратын (шоқпар күрзі)
қоладанады. Жасақ шоқпарларының ұзындығы 80 см ден 135 см ге
дейін, сабының диаметрі-3 см ге дейін бітетін жеріне қарай жіңішкереді. Жасақ шоқпарлары ең мықты ағаштың түрінен жасалып бұлғары белдікпен киіледі. Жасақ түрлеріне қол шоқпар да кіреді.
Слайд 29Қорғаныс құралдары (жарақтар)
Қазақ батырлары денесіне оқ дарытпас үшін сауыттардың мынадай
түрлерін киген:
Слайд 30Темір бас киімдер
Қазақ батырлары басты, мойынды қорғайтын темір бас киімдер
киген. Ондай бас киімдерге дулыға (көбе) құрама, қаттама, бетбейнелі дулыға
және темір қалпақ пен темір телпек жатады.
1. Желкелік
2. Төбе
3. Қасаба
4. Жыға
5. Құлақ
Слайд 31Қолды қорғайтын металл жарақты жеңсе деп атайды.
1. Шынтақ
2. Бау
3. Білезік
4.
Алақан
Қолға ұстап қолданатын қорғаныс құралын қалқан деп атайды
Слайд 32Қазақ батырлары атты қорғайтын жарақтарды-ат сауыттарын да қолданған
1. Темір томаға
2.
Кежім мойыны
3. Сауыры
4. Құйысқандық
5. Каптал арты
6. Қапталы
7. Шашағы
8. Астыңғы жабу
9.
Кеуделік
Ат сауыты (кежім)
Слайд 33Қару-жараққа байланысты ырымдар мен сенімдер
Батырлар өз қаруларын қасиетті санап, сыйнған,
оларжы қастерлеп, әрқайсысына жеке ат қойған (мысалы: ақберен, наркескен т.б.).
Соғысқа
кірер алдында батырлар қаруларына мадақ айтып, серттескен.
Ерте кезде қаруда батырдың жаны болады деген сенім болған.
Батырдың қаруын мұрагері өскенше сандықта сақтап, әкеден балаға мұраға қалдырған.
Батырдың қаруын ешқашан қадірсіз іске жұмсамаған.
Батырларға арналған қарулар сәнді де қымбат болған. Сондықтан қылыш, айбалта, шоқпарды сыйға тартқан. Оларды елшілікке барғанда, лауазым дәрежесін бергенде т.б. жайларда бағалы зат ретінде сыйлаған.
Жорықта демалуға тоқтағанда, түнегенде, күзетте тұрғанда батырлар найзаларын жерге шаншып, басқа қаруларын соған іліп қоятын болған.
Жорыққа шықпаған кезде садақ, қылыш, айбалта, шоқпар үйдің керегесінде ілулі тұрған, ал найза, сүңгі үйдің сыртындағы белдеуге қыстырылған. Соған қарап батырдың үйде екенін білген.
Слайд 34ҚАРА ТІКТІ – Қара дегені ұзын найзаның басына тігілген ту.
-
жас кісі өлсе туы қызыл болған.
- Орта жастағы кісі өлсе,
бір жағы ақ, бір жағы қызыл болған.
- Кәрі кісі өлсе, қара ту тіккен.
Қара деген тек қана найза ұшындағы ту ғана емес, өліктің киім – кешегін, басқа да дүние мүлігін жағалай тізіп, іліп тастау үшін тігілетін арнаулы киіз үйдің үстіне сынған найзаны шаншып, соған да байлайды.
(«Абай жолы» эпопеясының тілі, 32 б)
Слайд 35Ер қаруы-бес қару.
Соғыс кезінде батырлардың жауынгерлік жекпе-жегі осы бес қарумен
айқасу-садақпен атысу, найзаласу, қылыштасу, балталасу, шоқпарласу түрлеріне қарай бөлінген. Бес
қарудың әр түрін жете меңгерген жауынгерлерден арнайы садақшылар, найзагерлер, қылышкерлер, айбалташылар, шоқпаршылар әскери қосындары құрылған. Ал бірнеше қаруды меңгерген, бес аспап батырлардан ауыр қаруланған бөліктер жасақталған. Шайқас алыс қашықтықтан садақпен атумен басталып, адамдары, аттары шығынға ұшыраған жау әскерімен жақын қашықтықта бетпе-бет айқаста найзаласумен жалғасады. Одан әрі қарай қоян-қолтық шайқаста қылышпен шабысу, айбалта, шоқпар жұмсау арқылы жүргізілегн. Ер қаруы-бес қаруды қадірлеу қазақтардың халықтық дәстүрінде осы уақытқа дейін сақталған. Қазақ батырларын бүгінгі ұрпақтары бабаларынан қалған ер қаруының жұрнақтарын киелі зат ретінде әлі де қастерлеп ұстап келеді.
Слайд 36ХVIII-ХІХ ғасырдағы қазақтардың қаруы.
Қазақтардың қарулану жүйесінде садақ пен жебе басым
болды. Көпшілігінде қазақтардың садағы құрылысы жағынан күрделі класына жатады (ұзындығы
120-130 см жетеді) орта ғасырдағы тюрк-монғол күрделі садақтарынан тараған. Қазақтар садақты монғолдардан, қытайлықтардан, қалмақтардан, орта Азиядан және башқұрттардан алған. Өздерінің жасаған садақтары сатып алғандарының сапасынан кем болмаған.Садақтар қамыстан немесе қайың ағашынжону арқылы жасалады. Олар төрт қырлы қауырсын, ұшы темірден, қоладан тұрады. Бұл қарудың (мадақтың) өзіне тән оқшантай (қорамсақ) және жебенің қабы белбеумен белге байланады.
Слайд 37Айбалта. Секира.
АЙБАЛТА – Ұзын сапты, өткір жүзді, жарты ай бейнесіндегі
соғыс қаруы.
Айбалтаның алғашқы үлгілері батыс пен шығыстың басқа елдерінде де
кездеседі. Ежелгі Египет заманынан бері белгілі. Айбалтаның алғашқы үлгілері батыс пен шығыстың басқа елдерінде де Қалмақ батыры дес бермей, төртінші болып сайысқа шыққан Жәнібек ересен ерлік көрсетеді. Қалмақ батырының құлантай ұрған айбалтасын денесіне дарытпай, жұлып алып, «олай шаппайды, былай шабады» деп ол алмасын жай түскендей жарқ еткізеді.
Айбалта жаннан шешісіп, басқа балта салысып, Одан жеңіп ала алмай, Күйлеп күрсі алысып, Күшіменен салысып, жайды қолға алысып, күшіген жүнді сұр жебе, кірісіне салысып, екі бөлек тұрысып, мылтық атып ұрысып.
Қазақ қаруының басқа түрі-айбалта, кішкене балтаға ұқсас ұзын сабы, өткір дөңгелек ұстарасымен жарты ай секілді (осыдан-айбалта: ай-месяц, балта-топор).
Известен и другой вид национального казахского оружия-чекан-небольшой своеобразный топорик на длинной рукоятке с острым округлым железным лезвием в виде полумесяца (отсюда-айбалта: ай-месяц, балта-топор).
Слайд 38Қылыш. Сабля.
Қазақтардың қаруында Турция, Парсыда, Бухарада әзірленген қылыштар болды. Қазақтардың
арасында қылыш жасайтын шеберлер болды. Қазақстанда қару-жарақ жасайтын металдың қол
өнер орталығы болды, Сырдария, Түркістанда орналасты. Ұсталар қылыштар жасады. Қымбат қылыштардың иесі сұлтандар, хандар, батырлар болды.
ҚЫЛЫШ – Шауып түсуге ыңғайлап болаттан істелген өткір жүзді, ұзындау келген, тұтқалы имек қару. Қазақ әдебиетінде қылыштың төрт түрі бар делінген. Қайқы, тура, қамқам, самсам.
Тарта сермегенде сырғи тілетін имек қылыш терең жарақат салады. Қылыш негізінен атты әскер қаруы. Қылыш ерте заманда жауға қарсы соғыстағы басты құралдардың бірі болды.
Б.з.б. 2000 жылдықта әр елде пайдаланған. Болат қорыту ісі игерілгеннен кейін Орта Азияның көшпелі елдерінде, Шығыс Европада (VIII ғ.ж.) болаттан жасалған қылыш пайда болды. Кейін селебе тәріздес қос жүзді, үшкір қылышпен алмастырылды. Қазақ халқының тұрмыстық кәсібінде өрмек арқауын бекітуге қолданылатын ағаш құралды да қылыш деп атайды.
Слайд 39Мылтық. Ружье.
БІЛТЕЛІ МЫЛТЫҚ – Мақта білтемен оқ алатын, қазақтың өзі
жасаған серіппесіз мылтық. Бір данасы Москвада тарихи музейде сақтаулы.
Қазақтардың мылтығы
білтелі болады. XVI-XVIII ғ. Жоңғарларға, басқа халықтарға қарсы соғыста қазақ шеберлері көп жасап шығарған. Жалпы құрылысы басқа мылтықтармен бірдей, оқтығы ұзын, от алатын құндағы бар, оқ – дәрі білтемен тұталады. Білте мылтықтың жерге тіреп ататын үш аяғы болады. Ең ұзыны әрі ауырын «шамқал» деп, ең алысқа тиетінін «күлдір мамай» деп атаған. Орта ғасырдағы соғыстарда қазақ жауынгерлері осындай түрлерін қолданған. Білте мылтықтың оғын да, оқ – дәрісін де қазақтар өзі жасап алған. Оқты тек қорғасыннан құйып, оқ – дәріні фосфор (селитра мен күкірттен) жасаған. Бергі кезде білте мылтық тек мергендердің меншікті қаруы болып қалған.
Ресей үкіметі Қазақстанда атылатын қару таратуды тежеді. Бірақ қазақтар мылтықты бүрыннан Бухарадан, Хиуадан, Ташкенттен сатып алатын болған, біраз бөлігін Рессейден сатып алды. Кейбір қаруларды қазақтар өздері жасады. Қазақтар қорғасын оқтарды білтелерді өздері жасады.
Ружья у казахов, как правило, фитильные. Россиские власти сдерживали распространение огнестрельного оружия в Казахстане. Но казахи с древних пор покупали ружья в Бухаре, Хиве и Ташкенте, и только некоторая часть их поступала из России. По-видимому, ружья в незначительном количестве изготавливались и самими казахами. Порох также приобретался в среднеазиатских городах и фитили также производили сами казахи.
Слайд 40Дулыға. Шлем.
ДУЛЫҒА - Соғыста оқтан сақтану үшін киетін бас киім.
Дулығаның
екі жағымен артқы етегіне темір тор ілініп, адамның мойны мен
иығын тымақ тәрізді тұтас жауып тұрады. Дулыға батырдың басын сойыл, шоқпар, қылыш және садақ оғынан сақтауға арналған
Қару құрамы-сауыт сайман: оқ өтпейтін темір сауыт және дулыға. Метал сауыттар темірден, жоғары сапалы болаттан құйылады. Қымбат сауыттарды атақты әскерлер киді. Қалқандар орта Азиядан қаутты кісілер арқылы сатылып алынды. Кім-кешек былғарыдан тұратын, құрал-саймандары қаруланудың керекті атрибуты болды.
Составной компонент комплекса вооружения-боевые доспехи: панцыри и кольчуги, а также шлемы. Металлические доспехи ковались из железа и высококачественной стали. Такие дорогие и прочные доспехи носили знатные воины. Защитное вооружение покупалось состоятельными людьми в крупных торгово-ремесленных центрах Средней Азии. Экипировка, состоящая из кожаного пояса и его аксессуаров, заканчивала боевое вооружение и была его необходимым атрибутом.
Слайд 41В системе вооружения казахов преобладают лук и стрелы. В падавляющем
большинестве казахские луки по своей конструкции относятся к классу сложносоставных
(достигали в длину 120-130 см) и генетически восходят к многочисленным вариантам сложного лука, бытовавшим у тюрко-монгольских народов средневековья. Луки казахи приобретали у монголов, китайцев, калмыков, а также в Средней Азии и у башкир. Луки собственного изготовления не уступали по качеству купленным. Стрелы вытачивались из камыша или из березового дерева. Они имели четырехстороннее хвостовое оперение и железный, иногда бронзовый наконечник. Необходимыми принадлежностями данного вида оружия были колчан для стрел и чехол для лука, носившиеся на поясном ремне.
Оружие казахов в ХVIII-ХІХ в.в.
Слайд 42Шоқпар. Гүрзі.
Булава. Палица.
ГҮРЗІ — Палеолит дәуірінде алғашқы адамдардың негізгі
құралы болған сойылдың күрделіленген түрі.
Салмағы ауыр, мықты ағаштан жасалып, жуан
басы қоламен кейінірек темірмен қапталған. Ертеде палица, булава аталып, орыстың жаяу әскерінің құралы кейіннен билік белгісі болған. Қазақта гүрзі батырлар жырында кейде ескі діни түсініктерде кездеседі. Мысалы: діндар адамдар гүрзіні жерленген өліктен сұрақ алуға келген періштелердің қолындағы зат мағынасында көрген.
Значительное распространение в боевом арсенале казахских воинов получило ударное оружие (булавы, палицы). Образцы боевых палиц имеют общую длину от 80 до 135 см, диаметр рукоятки-3 см с утолщением шаровидной формы на конце. Боевые палицы изготавливались из прочных пород и носились с помощью кожаных ремней. К числу боевых средств относились и кистени.
Слайд 43На вооружении у казахов имелись также кривые сабли, как правило,
персидского, турецкого или бухарского изготовления. Несомненно, среди казахов имелись и
мастера, занимавшиеся изготовлением сабель. В Казахстане ремесленно-металлургические центры, специализирующиеся на производстве оружия, располагались в при Сырдарьинском регионе, в частности, в г. Туркестан, где
местные кузнецы ковали сабли. Владельцами дорогих сабель обычно становились представители высших слоев общества (ханы, султаны, батыры). Казахи применяли также особые ножи или прямые полусабли различной длины, кинжалы собствепнного изготовления и хивинские (узбекские) ножи с роговыми ручкамии.
Слайд 44ҚАЛҚАН – Ерте заманда батырдың қарсы жақтың найза, қылыш, соққысынан,
садақ оғынан майданда өзін қорғау үшін қолына ұстайтын қорғаныс құралы.
Шегінген кезде арқа жағына іліп, бекітіп алады.
Қалқанның төрт бұрышты, дөңгелек, жарты цилиндр тәрізді, жүрекше, астауша т.б. көптеген түрлерін қолданған. Қазақтарда дөңгелек қалқан кең тараған. Бұларда қалқан көннен, қоладан, ағаштан, темірден жасалған.
Қалқанның көлемі жағынан үш түрі болады: үлкен, орта, кіші. Іш жағына тұтқамен бірге киізден, матадан, көн теріден кепіл салынады.
Слайд 45Шарайна.
ШАРАЙНА – көбе, жүрек тұсына ұстайтын дөңгелек жарақ. Оқ өтпеу
үшін төсіне киетін метал қаптал.
Қазақ халқы поэзия тілінде шарайна қабатын
көбінесе тоғызға апарады.
Төлеген інісі Сансызбайға: «Бадана көзді кіреуке,
тоғыз қабат көк сауыт,
Саған арнап соқтырып, будырып кеттім кілемге».
Үстіне киген шарайна, артында бар сауыты.
Томақап.
ТОМАҚАП – (темір томақап) – көшпелілердің қорғаныс киімі.
Ежелгі Римді тізерлеткен көшпелілердің қорғаныс киімі және басқа да қарулары кейіннен бірте – бірте күллі Европа әскери құрамына сіңіп, өз дәстүрлері сияқтанып кетті.
Слайд 46Торғауыт.
ТОРҒАУЫТ – оқ өтпес үшін батырлардың киетін сауыты.
Рүстем, таста тонды,
дулығаны, сауытты, тердің ағып тұр бұлағы. Киіп ал сауытыңды басқа
берен, керісінше торғауытты тастар ем мен.
(Фирдоуси, Кей – Хосроу, Шахнама эпопеясынан дастандар)
ТОРҒАУЫТ – теріден бірнеше қабаттап жасалған сауыт.
Итальян саяхатшысы Плано Корпини орта ғасырда монғолдардың бірнеше қабаттап сауыт жасайтынын жазады.
Слайд 47Шынжырлы тұқым.
Потомственные батыры.
ШЫНЖЫР — ертеде батырлар үшін іскери кәсіп
ата кәсәп саналып, әкеден балаға мұра болған, батырлар әулетінде туған
бала жастайынан ел үшін соғысқа аралысып, әскери кәсәппен айналысуға міндетті болған. Ер Қосай, Едіге, Ер Тарғын. Исатай, Жанқожа батырлар бәрі де батырлық ата бабасынан ұрпағына дейін батыр болғандар. Қазақта мұны «шынжырлы тұқым» дейді.
Слайд 48Наркескен (түзу қылыш).
НАРКЕСКЕН – Сом болаттан соғылған екі жүзді түзу
қылыш. Наркескеннің басқа қылыштан өзгешелігі – оны асыл металдан екі
жүзді етіп жасайды.
Наркескеннің басқа қылыштан өзгешелігі оны асыл металдан екі жүзді етіп жасайды. Сабын сүйектен немесе мүйізден жасап, алтыннан немесе күмістен әшекей, өрнек салады, асыл тастар орнатады. Наркескенді хандар қолбасшыларға, батырларға сыйға тартқан. Наркескен атадан балаға ауысатын мұра.
Оқшантай-оқ-дәрі салып жүретін зат.
ОҚШАНТАЙ – Жоғары жағы сүйірлеу, етек жағын доғалдау етіп келтіріп, былғарыдан тігіп, белдікке тағып, оқ-дәрі салып жүретін зат.
Оқшантай қазақ зергерлері жасаған ұлттық бұйымдарға (кісе қалталы былғары белбеудің) төменгі жиегіндегі шығыршақтарға іліп қойылған. Белбеуге оқшантаймен қатар пышақ қыны, қылыш қыны, сияқтылар да ілінеді. Оқшантай, сапиян былғарыдан жасалады. Оқшантайдың етек жағы дөңгеленіп келеді, жоғары жағы оймалы, сүйірлеу келеді. Кейде оның айналасы былғарыдан шашақ салып тігіледі. Белбеудегі шығыршыққа ілу үшін оқшантаймен жоғарғы жиегіне күмістен немесе темірден ілгек орнатылады.
Слайд 49Найза. Копье. Пика.
Найза – Бұрынғы замандағы ұзын сырықтың кигізілген қалам
ұш сияқты үшкір темірі бар баяғының ұрыс қаруы.
Жорыққа шыққан кезінде
қазақтар сапты найзаны тастамайды. Жанына қайқы қылыш іліп, қазір қолданудан қалып бара жатқан жебелер салынған қорамсақ, кейбіреулері тапанша байлайды.
НАЙЗА – Ұшы істік, металдан істелген ұзын ағаш сабы бар, қадалғыш немесе лақтырмалы соғыс қаруы.
Алғашқыда ұшы ұшталған таяқтан жасалады. Бертін келе ұзындығы 1,5 – 5 м дейін жететін ағаш сапқа тастан немесе сүйектен (тас ғасыр) металдан (қола дәуірден бастап) үшкір ұш орнатылған түрлері шықты. Қазақ батырлары мен жауынгерлері де найзамен қаруланды.
(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі).
Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы – болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда, — дейді.
(Тәттіқара)
Қазақтар төрт найзаның винтовканың басын біріктіріп, ортасына әлгі қазақты «қара найза» астына отырғызды. Оны жалаң қылыш ұстаған бір солдат күзетті. Қазақтар бұл жорадан қатты ұялатын көрінеді, тіпті бір ерекше масқара деп те санаған.
(Адольф Янушкеевич, Сапар күнделігінен).
Үй тұғырлығының сыртына шығарылған сүңгі найза бұл шаңырақ иесінің сұлтан не ұлық екенін дәлелдейтін белгі болып саналады.
(Адольф Янушкеевич, Сапар күнделігінен).
Слайд 50Найза. Копье. Пика.
Қазақтар ерекше найзаларды жартылай тура, әртүрлі үзындықтағы садақтарды,
Хиуада дайындалған (өзбектің) сабы сүйектен жасалған қанжарларын пайдаланады.
Сондай-ақ суық қару
ретінде найза қолданылады. Оның жуандығы 3,5 см ге дейін, ұзындығы 1 жарым, 1,95 см жетті. Қазақ найзасы 3 қырлы темірден ұшталған. Қара жібектің шашағы, болмаса аттың жалы садақ үшына ағашпен үстатылады, ал басқа үшында ілмегі болды-алып жүру үшін.
Также широко использовались в качестве боевого холодного оружия копья и пики. Древко копья изготавливалось обычно из дерева. Его толщина равнялась 3,5 см, а длина-150-195 см. Казахское копье имело трехгранный железный наконечник. Кисть из черного шелка или конского волоса крепилась в месте соединения наконечника с древком, а на другом конце петля-для удобства ношения.
Слайд 51Жыға-соғыста киетін бас киім.
ЖЫҒА – соғыста киетін бас киім.
Жығаның төбесі
үшкір келеді. Маңдай алды қасқа дейін түсіп тұрады, желке жағына
мойынды айнала ұзындығы – 1-1,5 қарыстай шынжырлы баулар тағылады. Жығаның өзі садақ оғы өтпес үшін киілсе, шынжырлы баудың мойынды қылыштан сақтау үшін жасалған. Қазір соғыс өнерінің дамуына байланысты жыға қолданылмайды.
ЖЫҒА – қылыш өтпес үшін батырлардың бас киімінің артқы жиегіне бастырылған зат.
Жыға сөзі о баста түріктерге парсы тілінен енген. Бас киімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекейі дегенді білдіреді. Жыға қазақ тілінде үш мағынада қолданылған.
1. Құс қауырсыны.
2. Алтынды, асыл тасты бас киім.
3. Бас киімнің өзі. Оны бойжеткен қыздар, келіншектер мен күйеу жігіттер, батырлар, хан – сұлтандар тағып, киіп жүрген.