Слайд 6.
Көктемде келер,
Құстар да жетер ән салып.
Көктер де шығар,
Көгілдір нұрға
тамсанып.
Сулар да тасар,
Кетпесе екен деп тіле,
Мұхиттар көлге қарсы ағып
Слайд 9«Көлім, көлім көлім» деп,
Қаз да келді маймаңдап.
«Шомыл, шомыл, шомыл» деп,
Жаз
да келді жайраңдап.
Көлеңкеге тығылып,
Қалжырайды күшігім.
Күн көзіне бұйығып,
Маужырайды мысығым.
Слайд 10Өзен — көлдің жағасы
Гүлден ою ойғандай.
Тырналарға қарашы:
Жіпке тізіп қойғандай.
Алға жүріңдер,
балалар,
Қырға шығып көрейік.
Қызғалдақты терейік,
Құшақтап ап келейік.
Слайд 13Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Соңғы шуақ
төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт
тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...
Слайд 17Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Жұлдыз болып ағамыз
Ақ
мамықтың үстімен.
Біз спортшы боламыз,
Үлгі аламыз күштіден.
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы.
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыскүні!