Слайд 1Он тоғызыншы сәуір
Сабақтың тақырыбы :
Менің Отаным.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өзге
ұлт өкілдері балаларының Отан , ел туралы түсініктерін молайту, мемлекеттік
тілге құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой белсенділігін , танымын, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: ұлтжандылыққа, қазақ тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Слайд 2Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін
сүйем
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем!-
деп ақын
М.Мақатаев жырлағандай, Отанымызды сүйіп, аялау бәріміздің борышымыз. Балалар, біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы үлкен , табиғаты тамаша, жері кең әрі бай .Қазақстан жерінде көмір мен алтын мол.Қарағанды, Теміртау қалаларында көмір мен алтын, Алматыда алма,Шымкентте-ақ мақта, Қызылордада күріш, батыста мұнай, солтүстік облыстарда бидай өсіріледі.
Қазақстан –біздің сүйікті Отанымыз.Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. (слайдтар көрсетіледі)
Слайд 22 Бүгінгі сабағымызда «Алтын сандық» атты танымдық ойынын ойнаймыз.
Ойынымыздың шарты бойынша екі топқа бөлінеміз. «Қырандар», «Барыстар».
Бұл ойында
біз төрт қақпаның есігін ашуымыз керек.Олар: «Тас қақпа», «Қола қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа».
Қақпаларды ашып біткенде , бізді алдымыздан «Алтын қақпа» тосып тұрады.Алтын сандыққа бір топ қана жетеді. Алтын сандықта сендерді бір тосын сыйлық күтіп тұр. Ол сыйлықты алу үшін алдымен сандықтағы тапсырманы орындауымыз керек.
Олай болса, балалар, сәт сапар!
Слайд 231-ТАС ҚАҚПА
1-тапсырма:
1.Тәуелсіздік күні қашан?
2. Қазақстан Республикасының көлдері мен өзендерін ата?
3.
Қазақстан Республикасының Президенті кім?
4. Бірінші мамыр қандай мереке?
5. Қазақстанның астанасын
ата?
2-тапсырма:
НАҒРОҚДЫЛАТ
МАТЫАЛ
АНАТСА (Керісінше жазылған сөздерді дұрыстап оқу керек.)
Слайд 242-ҚОЛА ҚАҚПА
1-тапсырма:Сөз септеу (2 сөзден)
1-ТОПҚА: АСТАНА, ДӘРІГЕР
2 –ТОПҚА:АЯЛДАМА, ҚҰРЫЛЫСШЫ
2 –ТАПСЫРМА:
Осы сөздермен ФОНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ жасайды
Сұраулық шылау жалғап жаз.
Тақта, бор, қыз
, адам, әріп, көйлек, үй, гүл, қыз, адам, доп, сынып, жүзім, сәбіз
3-тапсырма .Сөздікпен жұмыс.
Екі топ бір-біріне он-оннан сөздер дайындайды
Слайд 25. 3-КҮМІС ҚАҚПА
1-тапсырма:
(Отан туралы, Астана туралы өлең) 2 топтан оқушылар
шығып, өлеңнің авторымен таныстырып, өлеңді мәнерлеп оқуы керек.
Слайд 26Блиц- турнир
( 2 топқа сұрақтар қойылады. Бұл жерде ойынның шарты
жылдамдықты талап етеді).
Наурыз көжеге неше түрлі дәм қосады?
Апта күндерін ата.
Ай
атауларын ата.
Тудың авторын ата.
Елтаңбаның авторын ата.
Гимннің әнін жазған кім?
Бүгін аптаның қай күні?
Сұраулық шылауларды ата.
Сын есімнің сұрағы?
Зат есімнің тәуелдік жалғаулары?
Сенің сынып жетекшің кім?
Сүт тағамдарын ата.
Дейін дегеніміз не?
Сен қай мектепте оқисың?
Төртінші ай атауын ата.
Балалар мектепке қай айда барады?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазақ тілінде неше септік бар?
Буынның неше түрі бар?
Слайд 27Көп ұпай жинаған топ алтын сандықты ашу құрметіне ие болады.
«Астана»
әуені қосылады, тақтада Астананың әдемі ғимараттарының слайд – шоуы көрсетіліп
тұрады. Балалар сандықтан Астананың әсем ғимарты- «Бәйтерек » макетін шығарып, құрастырып Есіл өзенінің бойына орналастырады.
Макетті құрастырып болғанда сандықтан ұтқан топқа сыйлық шығарылады
.
Қорытынды. Қазақстан- әсем елордасы бар , ынтымағы жарасқан халқы бар , экономикасы өркендеп , дамып келе жатқан тәуелсіз мемлекет. Сол мемлекеттің болашағы – өсіп келе жатқан жас ұрпақ –мына сіздерсіздер.
Бағалау. Алтын сандыққа жеткен топқа- « 5» , екінші топқа- « 4» бағалары қойылады.
.
Үйге тапсырма: «Менің Отаным » тақырыбына сурет салып келу.