Слайд 2«Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі» КММ
Бағыты: Этно-педагогикалық
Бағдары: Технология
Сабақтың тақырыбы: «Аққу оюы»
Өткізген:
технология пәнінің
мұғалімі:Д.А.Садырбай
ШҚО.Абай ауданы.Тоқтамыс ауылы
Слайд 3 Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың типі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың өту әдісі:
баяндау, тусіндірмелі,көрсету, көрнекілік әдісі,АҚТ,көрсету, сарамандық жұмыс,ізденушілік әдісі.
Пәнаралық байланыс:
әдебиет,тарих,биология,музыка,информатика.
Слайд 4Сабақтың мақсаты: Аққу оюын оқушыларға оюды үйрету барысында аққудың киелі
құс екендігін көрсетіп, аққудың мекендейтін тұрағын,тіршілік әрекетін,т.б.мәліметтер бере отырып аққу
жайлы аңыз -әңгіме, ырым-жоралар,аққу жайлы жазылған күйлер, әндер, қойылған билер жөнінде түсінік беру.
Білімділік: аққу оюын оюып ,матаға түсіруді үйрету.
Тәрбиелік: шеберлікке, әсемдіктің сезіне білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу, еңбекке деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: шығармашылық ойлау арқылы сұлулық пен үйлесімділікті қабылдай білуді, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ой-өрісін шеберліген дамыту.
Слайд 5Аққу
Жыл құсы
Киелі
Ақ,жұп
Достық
Сыйластық
Жабайы
Сұлулық
Көл
Слайд 6Оқиғаның шешімін табу
Қараймын Аягөздің тереңіне,
Үкі таққан Қыз Баян желеңіне.
Аппақ кезік
маңдайы қолаң шашты,
Шашының ұзындығы тізін басты.
Аққудайын жүрісті, қылығы наз,
Мұндай сұлу
жаһанда жаралмас-ты.
Қозы Көрпеш сауытын жұлып алып бетін ашты
Есі шығып Баяның сонда састы,
Ай мен Күндей екеуі толықсыған
Жүгіріп Қозыменен құшақтасты.
Сұрақ: - Махаббаттың символын қандай ою-өрнектің түрімен бейнелейміз?
Слайд 8Аққуды атуға болмайды, досыңды сатуға болмайды
Аққу- көл бетіндегі ең әдемі,
сұлу құс.
Аққу – жұптарын жазбайтын болғандықта жас жұбайларды қос аққуға
теңеген.
Аққу - киелі құс.
Слайд 20Сарамандық жұмыс:
Жұмысқа қойылатын талаптар:
а) Жұмысты технологиялық нұсқау картаның көмегімен орындау;
ә)
Жұмысты таза, ұқыпты орындау;
б) Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін мұқият есте
сақтау;
в) Жұмыс соңынан орнын жинастыру
Жұмыстың реті:
а) Қатты қағазға бүктеу арқылы аққу оюын түсіріп, қию.
ә) Үлгіні матаға түсіру;
б) үлгінің матадағы пропорциясын сақтау;
в) Үлгіні матаға көктеп тігу арқылы матаға бекіту;
г) Бұйымды іс машинада көркем тігістермен аяқтау;
Слайд 22Үйге тапсырма:
Аққу туралы эссе жазу, құстар типтес ою – өрнек
үлгілерін жасау.