Слайд 1Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Стоматологиялық кафедрасы
ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПӘНІ
БОЙЫНША ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МӘТІНІ
Слайд 2№9 дәріс
Инфекциямен шақырылған ауыз қуысы кілегей қабығының зақымданулары (кандидоз, сифилис,
туберкулез, Венсанның язвалы некрозды стоматиті).Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, дифференциалды диагностикасы,
емі.
Ауыздың микоздық қабынуын ауыз кандидозы деп атайды. Қабынуды тудыратын ашытқы тәрiздес кандида тектес ұсақ саңырауқұлақтар. Қалыпты жағдайда ауызда ауру тудырмайтын сапрофит ретiнде кiлегейлi қабық бетiнде кездеседi.
Ауыздың кiлегейлi қабығының қабынуыауру адамнан жұғу арқылы немесе өз аузындағы саңырауқұлақтың патогендiк қасиетiнiң жоғарылауы арқылы дамиды. Олардың бұл қасиетiнiң көтерiлуi организмде зат алмасуының бұзылуы (көбiне көмiрсулы заттар), витаминдер жетiспеушiлiгi, ас қорыту жолдарының ауруларымен байланысты.
Слайд 3 Ұзақ уақыт антибиотиктер, кортикостероидтар, цитостатиктер қабылдау саңырауқұлақтардың патогендiк қасиетiн
жоғарылатып (дисбактериоз пайда болуы, организмнiң реактивтiгiн төмендеуi) ауыз кандидозының дамуына
тiкелей әсерiн тигiзедi.
Қазiргi кезде кандидоздың дамуына клеткалық иммунитет жетiспеушiлiгi де белгiлi жағдай туғызуы мүмкiн, сонымен қатар кәсiби сырқат ретiнде көкөнiс, жемiс-жидек өңдейтiн және тәттi тағамдар дайындайтын жұмыскерлер арасында кездесуi мүмкiн. Кандидоз ауруының клиникалық белгiлерi әртүрлi болып келедi және сырқат адамның жалпы жағдайымен тығыз байланыста болады.
Слайд 4
Даму ерекшелiгiне қарай жедел дамыған және баяу
дамыған кандидоз деп екiге бөлiнедi.
Ауыздың жедел
кандидозы клиникалық белгiлерiне қарай екi түрге бөлiнедi:
жедел жалған жарғақты кандидоз (острый псевдомембранозный кандидоз) немесе “сүттеме” (молочница).
жедел атрофиялы кандидоз (острый атрофический кандидоз). Ауыздың жедел кандидоздық қабынуы (острый кандидозный стоматит) ауыз кандидозының жиi кездесетiн түрi, көбiнесе емшектегi сәбилер арасында жиi кездеседi. Ересек адамдар, оның iшiнде организмi әртүрлi жүйелi аурулардан (қант диабетi, қан аурулары, витаминдер жетiспеушiлiгi, туберкулез, қатерлi iсiк аурулары) әлсiреген сырқат адамдар жиi ауруы мүмкiн.
Ауру онша көп өзгермеген немесе аздап қызырған ауыздың кiлегейлi қабығының әр жерiнде кiшкене ноқат тәрiздес ақ түстi қақтардың жиналуынан басталады және олар бiртiндеп үлкейе келе бiр-бiрiмен қосылып кең көлемдi көтерiңкi орналасқан жарқақ тәрiздес қаттылау қаққа айналады. Алғашқы күндерi қақ қырған кезде оңай алынады, астындағы кiлегей қабық аздап iсiнген, қызырған, ал бетi құрғақ және жазық болып келедi. Қақтың құрамы түлеген эпителий клеткаларынан, әртүрлi бактериялардан, ас қалдықтарынан, саңырауқұлақ клеткаларынан, жалған талшықтардан (псевдомицелий) тұрады.
Слайд 5Кандидоз ауруының көрінісі
Сифилис ауруының көрінісі
Туберкулез ауруының ауыздағы көрінісі
Слайд 6
Егер саңырауқұлақ көбейiп көп көпқабатты эпителийге
өтсе, қақ бiраз күшпен әрең алынады және астындағы кiлегей қабық
бетi жараланып (эрозияланып) қанайды.
Бұл кезде құрамына фибриннiң шөгуiне байланысты қақ қабаты қалыңдайджы, түсi ақшыл-сұр немесе сарғыш түске боялады.Сирек жағдайда саңырауқұлақтар дәнекер тiн қабатына өтiп, қан тамырларын қуалай өсiп жайылып кетуi мүмкiн (диссеминацияланған түрi)
Аурудың субъективтi белгiлерi кейде болмауы мүмкiн, ал көпшiлiк жағдайда сырқат адамдар ауыз iшiнiң ысып күйiп ауыратына және әртүрлi тағам қабылданғанда бұл сезiмдердiң күшейе түсетiнiне, ауыздың әр жерiнде ақ түстес дақ пайда болғанына шағымданады.
Егер саңырауқұлаққа өте жоғары сезiмталдық болса ауызда жедел атрофиялық кандидоз дамиды. Бұл кезде кiлегей қабық бетi қатты құрғап, оттың жалыны түстес болып өзгередi және қатты ауырады. Қақ көп жиналмайды, тек әртүрлi табиғи қатпарлар мен сайларда ғана (ұртта, тiл үстiнде) аздап болуы мүмкiн.
Уақытында және дұрыс емдемесе ауру созылмалы түрге ауысады және екi түрде дамиды:
а)Созылмалы империластикалық кандидоз.
б) Созылмалы атрофиялы кандидоз.
Слайд 7Созылмалы гиперпластикалық кандидоз ауыздың кiлегей қабығының қатпарлы жерлерiнде (тiл үстiнде,
ұртта, ауыспалы қатпарда, таңдайда) кездеседi. Бұл кезде қызарып iсiнген кiлегей
қабық бетiнде қалың және эпителий бетiмен тығыз байланысқан кейде ақ түстес, көпшiлiк жағдайда ақшыл-сары немесе ақшыл-қоңыр түстес қақ пайда болады, қырғанда оңайлықпен алынбайды.
Қатты таңдайда қақтың бетi тегiс емес, кедiр-бұдыр, бүртiктi гиперплазия тәрiздес болып келедi. Аурудың бұл түрi қатпарлы тiлдiң үстiнде (складчатый язык) жиi кездеседi, себебi тiл бетiндегi терең сайларда саңырауқұлақтардың көбеюiне толық мүмкiндiк туады.
Науқастардың ауызының жиi құрғауы, қызуы, кейде қатты ауыруы.
Слайд 8Созылмалы атрофиялы кандидоз көбiне алмалы-салмалы протез астындағы кiлегей қабық бетiн
жарақаттайды және протез материалдарына аллергиялық реакциялармен қабаттасуы мүмкiн. Бұл кезде
протез астындағы кiлегей қабық бетi қатты құрғап, қызарады, жұқарып эрозия пайда болады Қатты таңдайда керiсiнше ұсақ бүртiк тәрiздес өскiндер (папилломатоз) пайда болуы мүмкiн. Езуде бiржақты немесе екiжақты ауыздықтар пайда болады.
Созылмалы кандидоз кезiнде тек қызыл ерiн немесе езу жеке-жеке жарақаттануы мүмкiн (қызыл ерiннiң кандидоздық қабынуы, кандидоздан болған ауыздық немесе езi тiлiгi).
Аурудың қорытынды диагнозын қою үшiн лейкоплакиядан, қызыл жалпақ темiреткiден, қызыл жегiден, тiлдiң өңезденуiнен, глоссалгиядан, гальванизмнен ажырата бiлуi керек.
Слайд 9Ауруды емдеу.
Ауыз кандидозын емдеу кезiнде көптеген шаралар iске асырылуы керек:
1)
саңырауқұлақты жоя әсер ету (этиотроптық емдеу)
2) патогенездiк факторларды жою
3) ағзалар
мен жүйелер сырқатын емдеу
4) организмнiң реактивтiгiн көтеру
ауыз қуысын сауықтыру
Микоздарға жергiлiктi және жалпылай емдеу шаралары мен әсер ету керек. Ол үшiн ауызды 2% натрий гидрокарбонатының (ас содасы), 2% бор қышқылының ерiтiндiлерiмен шаю керек. Жарақат ошағына жағу үшiн клотримазолдың (канестеннiң) 1% эмульсиясы немесе ерiтiндiсi, декамин, леворин, нистатин, амфотерицин жақпалары; бриллиант жасылы, метилен көктiң 1-2% ерiтiндiлерi қолданылады. Декамин карамелiн сорып қабылдаудың үлкен пайдасы бар.
Егер шаралар дәрменсiз болса, iштей қабылдау үшiн микоздарға қарсы антибиотиктер тағайындайды: нистатин, леворин, амфоглюкамин, микогептин және т.б.
Слайд 10 Мерездiң бiрiншi кезеңi
Бұл кезең бiрiнiшiлiк мерез (первичный сифилис) –
трепонема енген жерге берiштенген шанкрдың (бiрiншiлiк сифилома) шығуынан басталады, 5-7
аптаға созылады. Ол шыққан соң 5-6 күннен кейiн жақын орналасқан лимфа бездерi үлкейе бастайды, себебi онда трепонемалар барынша көбейедi. Берiштенген шанкр дөңгелек немесе сопақ пiшiндi қатты инфильтратты негiзде орналасқан бетi шикi ет түстес эрозия, жиегi қалыңдау және көтерiңкi болады. Көп қанамайды, ауырмайды, сондықтан көрiнбейтiн жерлерде байқалмай да қалуы мүмкiн.
Эрозия бетi кейде таза, кейде сары-сұр тоң май тәрiздес қақпен жабылған.
Ауыз қуысында орналасуына қарай пiшiнi өзгередi. Езуде орналасса, жалпақ тiлiкке ұқсайды, ауыспалы қатпарда орналасса, асңылау тәрiздес (щелевидный), көмейге орналасса, бадамша бездерi үлкейiп, қатайып, қызылсарғыш түстес болады. Тiлде орналасса, томпиып шыққан түйiн тәрiздес болып, эрозияланбауы мүмкiн. Қызыл иекке шықса, жарты ай пiшiндес болады және тiстерге жақын орналасады.
Слайд 11Ауызда әртүрлi тiтiркендiрушi әсерлерден шанкр ойық жараға айналуы мүмкiн, бетi
iрiңдi қабықпен жабылып, Төңiрегiндегi тканьдер қызарып, iсiне бастайды және ауру
сезiмi қосылады.
Берiштi шанкр шыққаннан кейiнгi үшiншi жетiнiң аяғында серологиялық реакциялар (Вассерман және микрореакция) оң бола бастайды.
Ауруға дұрыс диагноз қою үшiн зақымдану жарасынан, шанкр пiшiндi пиодермиядан, қайталамалы герпестiк эрозиядан, туберкулез, рак жараларынан, трофикалық жарадан ажырату керек.
Бiрiншiлiк мерездiң диагнозы шанкр бетiнен алынған жақпада не үлкейген лимфа бездерiнен алынған пунктатта бозғылт трепанемаларды табу және аурудың анамнезiн дұрыс талдау арқылы анықталады.
Бiрақ бактериоскопиялық зерттеудiң нәтижесiнiң терiс болуы ауру мерез болмауы мүмкiн деген көзқарас тудырмау керек.
Мұндай кездерде зерттеулердi қайталау керек. Мерездi дәлелдейтiн серологиялық реакциялар шанкр көрiнгеннен кейiнгi үшiншi аптаның аяғында төртiншi аптаның басында оң бола бастайды.
Слайд 12Екiншiлiк мерез (вторичный сифилис)
Мерездiң бұл кезеңiнде ауыз бен ерiн жиi
жарақаттанады және ауру белгiлерi шанкр шыққан соң 6-7 аптадан кейiн
бiлiне бастайды. Ауру 3-5 жылға созылуы мүмкiн және барлық уақытта серологиялық реакция оң болады, дамуы толқын тәрiздес болады, клиникалық белгiлерi айқын және анық емес уақыттар алмасып отырады, әрқайсысы 1-2 айға созылады.
Аурудың басында инфекцияның көбеюiне және жайылуына байланысты резеолалы-папулездi немесе iрiңдi (путулездi) бөртпелер пайда болады, Барлық аймақтың лимфа бездерi үлкейiп, қатайыңқырайды.
Бөртпелер берiштi шанкр жойылмай қатар шығады және ауру екiншiлiк жас мерез (вторичный свежий сифилис) деп аталады. Бұл кезеңнiң аяғында шанкр сорылып, розеолалар мен папулулар жоғала бастайды.
Слайд 13Ауру адамның қанымен жүргiзiлген барлық серологиялық реакциялар (Вассерман, тұндыру, РИФ
– иммунофлюоресценциялау, РИБТ – бозғылт трепонеманы иммобилизациялау) оң болады.
Бөртпелер
ем жүргiзбесе де жоғалып, қайта-қайта шығып отырады. Аурудың бұл кезеңдерiнекiншiлiк қайталамалы мерез () вторичный рецевидный сифилис деп атайды, бұл кезде алуан түрлi бөртпелер шығады (розеолалар, папулалар, жалпақ кандилломалар, аллопециялар ошағы – бастың шашы түсiп таздануы, лейкодермалар).
Олардан көп мөлшерде трепонемалар бөлiнедi, сондықтан өте жұқпалы болып есептеледi. Бұл кезең аса қатерлi емес, емдеу шараларынсыз-ақ бөртпелер жоғалып кетедi.
Слайд 14 Біріншілік мерез (сифилис)
Екіншілік сифилис
Слайд 15Екiншiлiк мерез кезiнде ауыздың кiлегейлi қабығы жиi жарақаттанады және екi
түрi кездеседi: дақты немесе розеолалы мерез бен папулезд мерез, пустулездii
(iрiңдi) мерез сирек кездеседi.
Дақты мерез көбiнесе жұмсақ таңдайды, бадмша бездердi жарақаттайды, бадамша бездердi жарақаттайды. Аталған жерлерде бiрiне-бiрi жақын жанаса ашық қызыл түстi домалақ пiшiндi дақтар (розеолалар) шығып, қосыла келе эритемалық даққа айналады, емдеусiз бiр айдан кейiн бозарып жойылады.
Папулездi мерез жиi кездеседi, түйiншектерi таңдай имектерiнде, жұмсақ таңдайда, бадамша бездерде жиiрек орналасады; сирегiрек қызыл ерiнге, тiлге және қызыл иекке шығады. Ерiнге шыққан кезде терең тiлiктену пайда болады. Папулалар дөңгелек пiшiндi, iрiлеу (ендерi 1-1,5 см), беттерi тегiс, шекаралары анық, алғашқы кезде қоңыр-қызыл түстi, кiлегейлi қабық бетiнен бiраз көтерiңкi орналасады (клеткалық инфильтраттың қалыңдығынан). Олардың бетiндегi эпителийге жалқық сiңiп, өлiеттенгендiктен ақшыл-сұр түстi бола бастайды, сонда да төңiрегiнде инфильтрат үстiнде орналасқан жiңiшке қызыл жолақ сақталады.
Слайд 16Папулалардың бетiн қырып байқаса өлiеттенiп қаққа айналған эпителий сыдырылып алынады
да, шикi ет түстi эрозиялардан бетi ашылады. Эрозияларға ауру сезiмi
онша тән емес, егер ауыздағы инфекция немесе қажалу әсерiнен асқынып, терең жараға айналып кетпесе.
Тiлдiң үстiне шыққан папулалардың өзiндiк ерекшелiктерi бар. Олардың үстiндегi жiпше бүртiктер ұзарып кетiп, папула ай табағына ұқсап, кейде керiсiнше аталған бүртiктер жойылып, папулулурдың бетi жып-жылтыр тегiс болып қалады, төңiрегiндегi кiлегейлi қабық бетiнен төмендеу орналасаджы. Мұндай папулаларды жылтыр немесе “шабылған шабындық симптомды” папулалар деп атайды.
Сипап тексергенде папулалар қатты консистенциялы (берiш тәрiздi) болып келедi.
Слайд 17Екiншiлiк мерездiң диагнозы бөртпелер бетiнен алынған қырмадан трепонемаларды табу арқылы
және серологиялық реакциялардың нәтижелерiне сүйене отырып қойылады. Сонымен қатар ауруды
ауыздың, бадамша бездiң аллергиялық және инфекция әсерiнен қабынуынан, лейкоплакиядан, қызыл жалпа темiреткiден, қызыл жегiден, күлдiреуiктен, герпестiк қабынудан ажырату керек.
Тiлдегi папулуларды тiлдiң түлей қабынуынан (десквамативный глоссит), семе қабынуынан (атрофический глоссит) ажырату керек.