Разделы презентаций


урбанизация

Содержание

ЖоспарКіріспе.Негізгі бөлім.Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы. Қолжетімді баспана.Өңірлерді дамыту мәселесі.Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру. ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды.Сот және құқық қорғау жүйелерін

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы
СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаевтің

2012жылғы Қазақстан халқына жолдауы.

Тексерген: м.ғ.д профессор
Шабдарбаева М.С.
Орындаган: Әділбеков Е.М.
301топ ҚДС.

Қарағанды -2012ж.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті  Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасыСӨЖТақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің

Слайд 2Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.
Қолжетімді баспана.
Өңірлерді дамыту мәселесі.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет

көрсетудің сапасын арттыру.
ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан

бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды.
Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту .
Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.
Зейнетақы жүйесін жетілдіру.
Индустриялық-инновациялық жобалар.
Ауыл шаруашылығын дамыту.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланған әдебиеттер.


luzesawy

ЖоспарКіріспе.Негізгі бөлім.Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы. Қолжетімді баспана.Өңірлерді дамыту мәселесі.Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру. ХХІ ғасыр барған сайын

Слайд 3Қазақстан Республикасының Рәміздері және тұңғыш Президенті.

Қазақстан Республикасының Рәміздері және тұңғыш Президенті.

Слайд 4Кіріспе
Елбасы Н.Ә.Назарбаев

ең алғашқы жолдауын 1997 жылы айтқан болатын. Ол кезде енді

аяғынан тұрып келе жатқан еліміз үшін қиын кезең еді. Соған қарамастан Президентіміз сол жылды: Барлық Қазақстандықтардың ауқатының жақсаруы, қауіпсіздігі мен өркендеуі деген еді.Сол жылы қабылданған тағы бір үлкен бағдарлама Қазақстан-2030 стратегиялық жоспары болатын.Сындырлы-саясат, тұрақтылықпен кауіпсіздік,елдің экономикасымен бағыты туралы еди.Осындай үлкен мақсатқа жету үшін Президентіміз жыл сайын халыққа үндеу жариялайтын.Биылғы 2012жылғы жолдауының басты өзегі: ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ.
Бұл бағдарлама 10 бағыттан тұрады.
Кіріспе        Елбасы Н.Ә.Назарбаев ең алғашқы жолдауын 1997 жылы айтқан болатын.

Слайд 5Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы
Менің тапсырмам

бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын

бекітті.Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау.Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу.Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру.2011 жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режімде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өтті.Бүкіл дайындық жұмыстары, заңнамалық база бойынша жұмыстар аяқталды.Енді бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек.Үкіметке және әкімдерге биылғы жылдан бастап бағдарламаны кең ауқымда жүзеге асыруды бастауды тапсырамын.Әңгіме сондай-ақ ауылда жұмыс істейтіндерді шағын несиелермен қамтамасыз ету жөнінде болып отыр. Қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет есебінен оқытып, жұмысқа орналастыру қажет. Бағдарламаның соңына қарай, 2020 жылға қарасты біз осылайша 1,5 миллион адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыруымыз қажет.

Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.

Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы      Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды

Слайд 6Қолжетімді баспана.
Біз жаңа тұрғын

үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік.Елімізде жыл сайын 6

миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде.Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз.Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет.Ұзақ мерзімді жалға беруде сатып алынатын және сатуға жатпайтын екі түрлі жолды қарастыру қажет.Оған қоса жалға алғаны үшін жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болуы тиіс.Мұнымен бірге отандық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер туады.Соның бәрін жаңа «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында анық көрсету керек.Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді.Аталған құжатты Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жасап, қабылдауды тапсырамын.

Қолжетімді баспана.

Қолжетімді баспана.      Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік.Елімізде

Слайд 7Өңірлерді қамту.
Қуатты

Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы.Елдің болашағы экономикадағы келешегі

зор салалардың дамуымен байланысты.Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет.Бүгінде әлемнің көп елдерінде осылай жасалуда.Мемлекет өз азаматтарының сондай қуатты өңірлерге қоныс аударуына көмек қолын созуы тиіс.Қазақстанда келешегі зор қалалар шоғырына Астана, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент шаһарлары жатады.Үкімет елді мекендер шоғырын (агломерация) дамыту жөнінде бағдарлама қабылдауы тиіс. Ірі кәсіпорынды немесе бір саланы тірек еткен шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама жасауды тапсырамын.Онда қаланың экономикасындағы әрбір нақты бағытты әртараптандыру, әлеуметтік са­ланы дамыту ескерілуі қажет.Сонымен қатар, жергілікті шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын қаперде ұстаған жөн.Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіріп, барша жергілікті даму мәселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту аса маңызды.Биылғы 1 шілдеге дейін Үкімет Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жобасын жасап бітіруі тиіс


Өңірлерді қамту.        Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы.Елдің

Слайд 8Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың

қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры.Біріншіден, Электронды үкіметті дамыту керек.2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды түрде болуға тиіс.2013 жылдан бастап мемлекеттен барлық рұқсат етушілік құжаттарды да қазақстандықтар электронды түрде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға тиіс. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарауына автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін тапсыру мәселелерін де беру керек.Екіншіден, жаңғыртудың маңызды мәселесі – әкімшілік ресімдерін оңайлату.Менің тапсырмам бойынша рұқсат ету құжаттарының тізімі қазірдің өзінде 30 пайызға қысқартылды.Үкімет лицензиялар мен рұқсат ету қағаздарының барлық түрлерінің үштен бірін қысқар­татын заң жобасын дайындады.Келесі қадам – рұқсат ету заңнамасының жаңа қағидаттарын енгізу.Үшіншіден, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әр түрлі ынталан­дырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет.Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын.


Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру.      Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен

Слайд 9 ХХІ ғасыр барған сайын

күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қояды.

Біздің маңызды міндетіміз – басқарушылардың білікті саяси табын дайындау.Үкіметке, Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын.Арнаулы комиссия кандидатураларды білімі мен кәсібилігі, жоғары моральдық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыстылығы өлшемдері бойынша іріктейді. Олар елдің экономикалық даму серпінділігіне байластырылған, бизнес-құ­рылымдармен қарайлас жалақы алатын болады.Олар біздің Қазақстанымызды ХХІ ғасырда лайықты түрде алға апаруға тиісті жаңа басқарушы элитаның негізін құрайды.

ХХІ ғасыр барған сайын күрделеніп бара жатқан бүгінгі заманғы мемлекетті басқаруға

Слайд 10Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту.

Біртұтас экономикалық кеңістікте трансұлттық

ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Интерпол үлгісімен Еуразпол – Еуразия

полициясын құру жөніндегі мәселе пісіп-жетілді деп санаймын.
Үкіметке тиісті ұсыныстарды әзірлеп, БЭК бойынша біздің әріптестерімізге жіберуді тап­сырамын.
Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес.
Біздің бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда.
Алайда бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет.
Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз.
Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану, жұртшылықты жем­қорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек.
Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін ғана емес, шығыстарын да мағлұмдауға көшу қажет.
Осы мәселе бойынша заң қабылдау керек.
Үкіметке үш айдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындап, ұсынуды тапсырамын.

Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту. Біртұтас экономикалық кеңістікте трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресті күшейту үшін Интерпол үлгісімен

Слайд 11Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.

Ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау.Білім беру жүйесін жаңғырту

барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді.Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушы­ларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет.Әр өңірде педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.Медицина институтын бітірген түлек бірден дәрігер болып шыға алмайды. Политехникалық жоо-ны тәмамдаған түлек әлі де болса инженер емес. Оған өзінің маман екенін дәлелдеуге тура келеді. Бүкіл әлемдегі тәртіп осындай. Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында 1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бекіту орталықтарын құруды тапсырамын.
Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі.      Ең алдымен, білім беру мен денсаулық сақтау.Білім

Слайд 12 Төртіншіден, мемлекет-жеке меншік әріптестігі,

ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастардың жол

жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту тетіктері арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажет.Жұмыс істейтін жастар үшін жұмыстан қол үзбей арнаулы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе.Бүгінде көптеген адамдар ауылдан қалаға қоныс аударуда. Олардың жұмысқа орналасуы қиын. Әрбір жастың жұмыстан қол үзбестен мамандық пен білім алу мүмкіндігі болуы керек. Білім және ғылым министрлігі бұл мәселені ойластыруы тиіс.
Бесіншіден, оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс.
Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын алға бастыру адами әлеуеттің деңгейін арттырудың келесі бір маңызды бағыты болып табылады.
Бүгінде «Саламатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Денсаулық сақтау жүйесі сапалы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді.
Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақтығы ұлғайды.

Төртіншіден, мемлекет-жеке меншік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан

Слайд 13 Алтыншыдан, оқыту үдерісінің

тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары,

ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық.Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты ар­тықшылығы болып табылады. Қазақ тілі, біздің Конституциямызға сәйкес, мемлекеттік тіл болып табылады. Онымен бірдей мемлекеттік органдарда ресми түрде орыс тілі пайдаланылады.Бұл біздің Конституцияның нормасы, оны бұзуға ешкімге жол берілмейді.Қазақ тілінің жоспарлы түрде дамуы орыс тіліне нұқсан келмейтіндей жағдайда жүзеге асады.Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы не үшін керек? Ол үшін мемлекеттің ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады.
Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз өсіп-өркендеп келеді. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады.
Еліміздегі барлық мектептер мен оқу орындарында қазақ тілінде оқыту үрдісі жүріп жатыр. Осының бәріне депутаттар мен мемлекеттік қызметтегілер өз үлестерін қосулары керек. Мәселені осылай шешу қажет.
Үкіметке барлық білім беру мекемелерінде жастардың осы құндылықтарды білуін қамтамасыз ету жөнінен типтік кешенді жоспар әзірлеуді тапсырамын.

Алтыншыдан, оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.Олар – патриотизм, мораль

Слайд 14 Үкіметке екі ай мерзім

ішінде Қазақстанда, біз жүрек-қан тамырлары аурулары мәселесі бойынша жасағандай, Онкологиялық

жәрдемді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын.Сол сияқты Ұлттық медициналық холдинг арқауында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру мәселесін де қарастыру қажет.
Үкімет үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.
Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп. Осы спорттық ғимараттардың бәрін де қолжетімді ету керек. Адамдар спортпен айналысатын болсын
Үкіметке екі ай мерзім ішінде Қазақстанда, біз жүрек-қан тамырлары аурулары мәселесі

Слайд 15Зейнетақы жүйесін жетілдіру.
Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып жинақтау жүйесін

табысты енгізді.
Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды.
Жиналымдар көлемі

17 миллиард доллардан асады.
Сонымен бірге, бүгінде салымшылардың зейнетақы қорларының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндіктері жоқ.
Сондықтан да зейнетақы аударымдарына алымға қарағандай қарау қалыптасқан.
Ал жекелеген зейнетақы қорларының басшылығы оларды өзінікіндей көріп, көбіне-көп шығындарын жабу арқылы акционерлердің мүдделеріне қызмет істейді.
Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бірінші жартыжылдықтың соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруы керек.

Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді. Салымшылар саны 8 миллион адамды

Слайд 16И.ндустриялық-инновациялық жобалар
Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі

жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз.Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып

қала береді.Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс.Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берілді.Соның нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрақты сапалы жұмыс орындары ашылды.Біз экономикамыздың озық кластерлерін құруды және дамытуды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмендемеуге тиіс.Үкіметке инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті қаржы қа­растыруды тапсырамын.


И.ндустриялық-инновациялық жобалар      Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз.Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың

Слайд 17Ауыл шаруашылығын дамыту.

Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар

енгізу үшін жоғары әлеуетке ие.
Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл

сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды.
Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетіп отыр.
Бізге жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін төмендету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап енгізу керек.
Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін балама жолдар табу қажет.
Үкіметке бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігін жасап, енгізуді тапсырамын.
Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және құрылымдау, біртұтас астық холдингін құру қажет.
Ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет.
Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Ауыл шаруашылығын дамыту.Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген

Слайд 18 Бірінші. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке

үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұратын

Балқаш ЖЭС-інің бірінші модулінің құрылысын бастауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл өте маңызды. Қарқынды дамып келе жатқан оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тапшылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе өте көптеген жәйттерді шешеді. Балқаш ЖЭС-і бойынша барлық мәселелер шешілді. Істі жеделдетіп, осы жұмысты бастау қажет.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық учаске­сінің құрылысын аяқтаудың маңызы зор. Бұл шынымен де ғасырдың халықтық құрылысы. Бұрын қай жерде 3 жыл ішінде 2700 шақырым сапалы автомобиль жолы са­лынып еді? Біз алдағы жылы бұл жұмысты аяқтауға тиіспіз.
1200 шақырымға созылатын Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі темір жол желілері құрылысына кірісудің де маңызы үлкен.
Бұл жобалар Жезқазған-Арқалық өңірінің дамуына қуатты серпін беретін болады.

Бірінші. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3

Слайд 19Екінші. Үкіметке Жамбыл облысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын

кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісін құру жөніндегі жобаны жалғастыруды тапсырамын. Бұл

тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы үшін қажет. Жоба Жамбыл облысының және бүтіндей оңтүстіктің экономикасын көтеруге мүмкіндік береді.
Үшінші. Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенін құруды қамтамасыз ету қажет. Ол бензин өндіруді үш есе дерлік – 1,7 миллион тоннаға дейін, ал дизель отынын 1,4 миллион тоннаға дейін ұлғайтып, Қазақстанды отынның осы түрлерімен қамтамасыз етеді.
Төртінші. Құны 6,3 миллиард доллар тұратын Атырау газ-химия кешенінің жобалық қуа­тына шығуын қамтамасыз ету қажет, ол жыл сайын 500 мың тонна пропилен мен 800 мың тонна полиэтилен шығаруды қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді біз Қазақстанда әлі шығарған емеспіз.
Бесінші. Жобалауды аяқтап, Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құрылысына кірісу қажет.

Екінші. Үкіметке Жамбыл облысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісін құру жөніндегі жобаны

Слайд 20 Алтыншы. Үкіметке елдің, астананы қоса алғанда, орталық өңірін газдандыруды

қамта­масыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесін жоспарлап, жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын.

2012 жылы Астана ТМД мен түркі әлемінің мәдени астанасы болып табылады.
Астанада жоғары технологиялы кәсіпорындар құра отырып, біз бұл тәжірибені Қазақстанның басқа да ғылыми-білім беру орталықтарына тарататын боламыз. Бізде заңнамалық негіз бар.
Бұл менің тапсырмам бойынша қабылданған «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң.
Соның негізінде мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимылының инновациялық әлеуетін өрістету қажет.
Үкіметке мемлекет-жекеменшік әріптестігінің жаңа пішіндерін енгізуді қарастыратын заң жобасын дайындауды тапсырамын.
Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әр тараптандыру болып табылады.




Алтыншы. Үкіметке елдің, астананы қоса алғанда, орталық өңірін газдандыруды қамта­масыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесін жоспарлап, жүзеге

Слайд 21 Біз бүкіл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, мыңдаған жұмыс

орнын құрамыз.
Тұрғын үй, ірі кәсіпорындар құрылысы төңірегінде құрылыс индустриясы,

металлургия, өңдеу өнеркәсібі дамитын болады. Жаңа, жас кәсіпкерлердің пайда болуына көптеген мүмкіндіктер туады. Олар мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тиіс.
Перспективалы ғылыми-зерттеулерді қаржыландырудың бюджеттік шығындарын инновациялық гранттарды бөлу арқылы ұлғайту маңызды.
«Ғылым туралы» жаңа заң ғылымды жүйелі мемлекеттік қолдау үшін негіз қалайды.

Біз бүкіл Қазақстанды алып құрылыс алаңына айналдырып, мыңдаған жұмыс орнын құрамыз. Тұрғын үй, ірі кәсіпорындар құрылысы

Слайд 22Қорытынды.
Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне

қадам басты.Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел

құрудамыз.Біз бұдан бұрын да биік белестерді бағындырдық. Сондықтан, мақсатқа жету біздің қолымыздан келеді.Біз оған жетудің жолдарын жақсы білеміз.Ол үшін қажетті ресурстар бүгін мемлекетте жеткілікті.Біздің міндетіміз – айқын, алған бағытымыз – дұрыс.Бұл жолда біз үшін ең бастысы – тәуелсіз Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығы.Дана халқымызда «Игілік басы – ынтымақ» деген қанатты сөз бар. Ендеше, тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын, ағайын!

Қорытынды.     Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.Біз бүгінде бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор,

Слайд 23Пайдаланған әдебиет.
www.Google.kz
www.akorda.kz
www.intellkaz.kz
ontustik.gov.kz
mod.gov.kz

Пайдаланған әдебиет.www.Google.kzwww.akorda.kzwww.intellkaz.kzontustik.gov.kzmod.gov.kz

Слайд 24Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика