Агрессивтілік – ол тенденция немесе тенденцияға бейімділік, мұнда мақсат – басқа адамға зиян келтіру, ал агрессия- осы тенденциялардың (ой, ниет, мақсат) сырттай көрінісі және ол жағымсыз сол сияқты жағымды, символикалық сыртқы көрініс формасына ие болуы да мүмкін. Мұнымен қоса, агрессивтілік ол психоаналитикалық бағыт бойынша адам бойындағы қасиеттерінің фундаменті ретінде қарастырылады.
Бұл тұрғыда 3. Фрейд агрессия мен агрессивтілікті ғылыми психологиялық талдаудың обьектісіне айналдырды, ал бұл агрессияның фрустрациялық концепциясының құрылуына әкелді.
Фрейд өзінің алдыңғы жұмыстарында былайша тұжырымдады, яғни адамның барлық мінез-құлқы – эростан (либидо) яғни өмірдің инстиктарынан туындайды. Кейіннен Фрейд танатостың мәнін ашты – ол дегеніміз өлімге бел байлау (өмірдің тоқтауы және жоғалуы).
Ол былай деп санада – яғни осылардың арасында әрқашанда күйзеліс, тартыс, дағдарыс, дау-жанжал, қарама-қарсылық болады, ал басқа да механизмдер танатостың энергиясын сыртқа қарай бағыттайды, соған байланысты агрессия сыртқа қррай шығып, басқа адамдарға бағытталады.
Ф. Зимбардтың айтуынша мұндай қарама-қайшылықты шешуге болады, егерде біз эмоциялық көрініс пен агрессиялық әрекет арасындағы айырмашылықты ажырата білсек. Мәселен, іштегі сезім сөйлеу, жылау немесе күлу арқылы шығарылды, ондай болса мазасыздық бәсеңдеп, жағдай жақсара түседі. Бірақ өзінің жауына немесе қарсыласына деген агрессиялық әрекет сөзбен немесе іспен, жанама немесе тікелей жасалса, онда агрессиялық әрекеттің жасалуына мүмкіндік туғызған ішкі мотив (себеп) алдыңғыға қарағанда әлсіз емес, одан әрі күшейе түседі.
Стимул агрессиялық мәнге ие болады, егерде жағымды қуатты агрессиямен немесе бұрын бастап кешкен жағымсыз жағдаймен және ауыр күнмен байланысқан болса. Соныменен, фрустрациялық жағдайда адамдар әрқашан вербальды немесе физикалық түрде басқа адамдарға шабуыл жасамайды. Олар әсіресе барлық спектр реакциясын фрустрация түрінде көрсетеді: яғни, өзінің жолындағы кедергілерді жеңуде көнгіштік және уайымнан бастап белсенді әрекетке дейін барады. Көптеген эмперикалық зерттеулердің нәтижесінде, олар – фрустрация кейде агрессияның пайда болуына әкеледі десе,бұл соншалықты жиі болмайды.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть