Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Такырыбы: КР балалар мугедектігі
Орындаган:Нугиманова А.Ж.
307-топ ЖМФ.
Тексерген:
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мүгедек балалардың өз құқықтарын іске асыруы үшін жағдайлар жасау
жөнінде мемлекеттік органдардың қабылдап отырған шаралары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
бойынша шаралар
ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша шаралар
Жергілікті атқарушы органдар бойынша шаралар
Қорытынды
Слайд 3 Бүгінгі күні Қазақстанда 409,5 мыңнан
астам мүгедектер тұрады, олардың 211 мыңы – мүгедек әйелдер; 47,5
мыңы – 16 жасқа дейінгі кемтар балалар, 58,5 мыңы – жастайынан мүгедектер. "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" ҚазССР Заңының 35-бабына сәйкес адамдардың осы санатына жәрдемақылар, протез-ортопедия бұйымдарымен және аяқ киімдермен, арнайы қарпі бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткіш аппаратурамен және сигнал беруші құралдармен, компенсаторлық техникалық және басқа да оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, интернат мекемелерінде ұстау түрінде және басқа да көмек түрлерінде әлеуметтік көмек беріледі. Көрсетілген шараларды іске асыру тетіктері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген бағдарламаларда көзделеді.
Слайд 4 Соңғы статистикалық деректерге сай елімізде 30
мың мүгедек балаларға - протез-ортопедия бұйымдарына, 95 мыңнан астам есту
қабілеті бойынша мүгедек сурдоқұралдарға және 19, 5 мыңы тифлоқұралдарға мұқтаж. Барлық мұқтаж адамдарды қамтамасыз ету үшін арнаулы көмекші құралдармен қамтамасыз етудің бірнеше бағдарламалары әзірленген болатын. Осылайша, 2003 жылы 297491 мың теңге бюджетпен "Протездеу жөніндегі медициналық қызметтерді ұсыну және протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз ету" бағдарламасы іске асырылды, осы бағдарламаның барысында 15913 мүгедек протез-ортопедия бұйымдарымен қамтамасыз етілді.
Слайд 5 «Мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды сурдоқұралдармен
қамтамасыз ету» бағдарламасына сәйкес 50 көп функциялы дыбыс жүйелері, 5577
есту аппараттары, олардың 820-сы есту қабілеті бұзылған балаларға арналды, арнаулы түзеу арқылы білім беру ұйымдары үшін 10 сымсыз оқу сыныптары сатып алынды.
«Мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды тифлоқұралдармен қамтамасыз ету» бағдарламасына сәйкес есту қабілеті нашар адамдар үшін 18 оқитын машина, Брайль дисплейі бар 15 компьютер, 5981 тифломагнитола сатып алынды.
Слайд 6 Сонымен бірге мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуге
бағытталған бағдарламалар олардың мұқтаждықтарын толығымен қанағаттандырмайтынын атап көрсеткен жөн. ҚР
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнаулы көмекші құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде мұқтаж адамдардың тек жартысы ғана қамтамасыз етілді.
Слайд 7 Жалғыз басты мүгедектерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
үшін елімізде 75 интернат үйі жұмыс жасайды, оларда 17 мыңнан
астам қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтар, 2,9 мың кемтар бала тұрады. Сонымен қатар мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылары үшін 46 әлеуметтік көмек бөлімдері құрылды, оларда 14 мың бала тиісті білікті көмек алуда.
Слайд 8 Мүгедектердің тұрғын, қоғамдық және өндірістік
үй-жайларға қол жетімділігін туғызу, кірме жолдар құрылғыларымен, пандустармен, көмекші құрылғылармен
қамтамасыз ету үшін 2004 жылы 1,7 млн. теңге көзделді. Тосқауылсыз орта жасау практикасы еліміздің кейбір аймақтарында басталып та кетті. Осылайша, 2003 жылы Батыс Қазақстан облысында жаңадан салынған әлеуметтік инфрақұрылым объектілері (стадиондар, бассейн, аурухана және басқалар) мүгедектердің кедергісіз және еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуге қойылатын архитектуралық және құрылыс стандарттарына сай.
Қарағанды облысында 48 тұрғын және қызметтік үй-жайларға кірме жолдар салынды, 38 арнаулы жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылды.
Қызылорда облысында 7 теміржол және автомобиль бекеттерінде, аэропортта, облыстық медициналық орталықта, ауруханаларда кірме жолдар мен пандустар орнатылды.
Слайд 9 Балалар мүгедектігінің құрылымында бірінші орында нерв
жүйесінің аурулары (31,3 %), оның ішінде балалар церебральды сал ауруы
(18,6 %), екінші орында – туа біткен кемістіктер, деформациялық және хромосомдық кемістіктер (20,6 %), үшінші орында – психикалық кемістіктер мен мінез-құлықтың бұзылуы (16,1 %) тұр.
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңында мүгедек балаларға медициналық көмек көрсету көзделген, оған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі балалардың психикалық және бұзылыстары скринингін ұйымдастыру және жүргізу ережесі әзірленді.
Дәрі-дәрмекпен, сылау және емдік дене шынықтыруды қоса алғанда, оңалту емін мүгедек балалар стационар жағдайларында және алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде тегін алады. Санаторийлік-курорттық ем жергілікті профилакторийлерде, сондай-ақ "Алатау" Республикалық балалар клиникалық санаторийінде және "Балбұлақ" Оңалту орталығында жүзеге асырылады.
Кемтар балалардың оңалту көмегінің қазіргі заманғы әдістеріне қол жетімділігін арттыру үшін 2005-2006 жылдары Астана қаласында Республикалық балаларды оңалту орталығын салу жоспарланып отыр.
Слайд 10 Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту,
тәрбиелеу және түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым
министрлігінің қарауында орналасқан.
Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 – саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық дамуы кем балалар үшін.
Слайд 11 Жалпы білім беретін мектептердің 425 арнаулы
сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы мақсаттағы балалар бақшасында және
236 көпшілікке арналған балалар бақшаларының арнаулы топтарында 9906 мектеп жасына дейінгі бала бар.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жастайынан мүгедектерді басымдықпен қабылдау көзделген.
Сонымен бірге мүгедектердің осы санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру ұйымдарында оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен жүрек кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық, ревматизм, есту қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай аурулармен ауыратын 540 мүгедек оқиды.
Слайд 12Қорытынды:
Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік көмек басқармаларының жәрдемдесуімен балалар үшін де, үлкендер үшін
де оңалту орталықтары ашылуда. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметінің Балаларды оңалту орталығы мен зейнеткерлерге және кемтар балаларға арналған "Ульба" медициналық-әлеуметтік орталығын ашу жөніндегі үлгісін атауға болады. ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім беру басқармалары (департаменттері) жер-жерде кемтар балаларға көмек жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауда, тұйық арнаулы білім беру жүйесін "ашу", көпшілік және арнаулы білім беру құрылымын өзара толықтыратын және өзара кіріктіру үшін нақты шаралар жасауда, ғылымның, қоғам мен мемлекеттің осы санаттағы балалар мен жасөспірімдер проблемаларын шешудегі өзара қарым-қатынасының жаңа типін қалыптастыруда.
Слайд 13Қолданылған әдебиеттер:
Биғалиева Қоғамдық денсаулық сақтау
Лисицин Общественное здравоохранение
Денсаулық. Есенова А.З. 2009ж,
с, 6 бет;
Денсаулық. Колокина Р.С, Н.А.Сүлейманова. 2009ж, №6, 4-5 беттер;
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы. Г.П.Қасымова, Н.И.Назирова, Хабаршы 1(42)-2009ж. 203-207 беттер;