Слайд 1ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Гистология кафедрасы
Тақырыбы: Цитология және эмбриология
Дамудың қатерлі
кезеңдері.
Орындаған: Жұмабекқызы А
2-019 топ ЖМФ
Тексерген: Анисқызы Г
Қарағанды 2014 жыл
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
1.Цитолоия
2.Адам эмбриологиясы туралы жалпы мағлұмат.
Негізгі бөлім
1.Адамның жыныс
жасушаларының құрылысы.
2.Ұрықтану және бөлшектену.
3.Гаструляция туралы жалпы түсінік.
4.Ұрықтан тыс мүшелер.
Қорытынды
1.Дамудың қауіп-қатерлі
кезеңдері.
Слайд 3 Цитология-жасушаның қүрылысын,қызметін зерттейді.Барлық тірі ағзалардың функционалды бірлігін және структурасында
зерттейді.Барлық күрделі көп жасушалы ағзаларда анықталғандай өмірдің пайда болуы координированды
активтілін құрайтын осы жасушаға байланысты.Цитология міндеті-анықтау,тірі жасушаның қалай орналасқанын және қалай өз міндетін қалыпты жағдайда атқаратынын.
Патомарфология-бұлда жасушаларды зерттеумен айналсады,бірақ бұл жасушаның өзгеруін,адам ауырғанда жасушалардың өзгерістерін және өлгеннен кейін.Осыған қарамастан бұрыннан жиналған азғана мағұлматтар дамуына және жасушаларда және өсімдіктерде орналасуна қарай тек қана 1839жылы ғана бұл мағұлматтарды жинақтап жасуша туралы анықтама және қазіргі заманғы цитология дами бастады.
Слайд 4Адам эмбриологиясы
Адам ұрығы дамуының,яғни оның құрылысы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын
зерттейтін ғылым.Әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың әсерінен қалыпты эмбриондық
даму,ана-нәресте жүйесіндегі қатынастар бұзылуы болады.Осы эмбриопатияларды алдын-алу,емдеу шараларын жете зерттейді.
Слайд 5Адамның құрсақ ішілік даму кезеңділігі.
Бластоциста сатысы
Имплантация
Гаструляцияның
бірінші фазасы
Нәрестелік кезең
Бала жолдасы
мен ұрық
қабықшаларының
қызмет етуі
Тіндер,Ағзалар мен жүйелердің
әрі қарай дамуы
Ұрықтық кезеңі
Ұрықтану
Бөлшектену
Гаструляцияның
екінші
фазасы
Біліктік бастамалар
кешенінің түзілуі
Тіндер,Ағзалар мен жүйелердің
біріншілік түзілуі
Ұрықтан тыс ағзалардың
біріншілік түзілуі
Амнион көпіршігі мен
бала жолдасының
түзілуі
Эмбрионды кезеңі
000
0
1-4 күн
5-7 күн
7 күн
14-17 күн
18-28 күн
3 апта соңынан
8 аптаға дейін
9аптадан бастап
40 аптаға дейін
Слайд 6Адам ұрығының эмбриогенезі онтогенездің бір бөлігі де,бірнеше сатылардан тұрады.
I-ұрықтанудың нәтижесінде
зиготаның пайда болуы.
II-пайда болған зиготаның бөлшектенуі,осының нәтижесінде бластоцистаның пайда болуы.
III-гаструляция,ұрық
жапырақшаларының түзіліп,одан ұрықтың біліктік мүшелерінің дамуы.
IV-гистогенез бен органогенез немесе ұрықтың тіндері мен мүшелерінің дамуы бұлармен қоса ұрықты қоршаған,ұрықтан тыс мүшелердің қалыптасуы.
V-жүйелердің дамуы-системогенез.
Слайд 7Аталық жыныс жасушасы
Сперматозоидтардың ұзындығы шамамен 70 мкм,құрамында басы,мойны және құйрығы
бар.
Сперматозоидтың басында тығыз,әрі шамалы ғана ядросы орын алады.Басынан кейін орналасқан
жіңішке мойын бөлігі құйрығымен байланысады.Құйрығы-аралық,негізгі және терминальды болып бөлінеді.
Қызметі:
-хромосомдардың гаплоидты жиынтығын жұмыртқа жасушаға ендіру
-оның даму бағдарламасын іске қосу
Слайд 8I-сперматозоидтің БАСЫ;
1-басының плазмолеммасы
2-акросома
2А-акросомалық көпіршік
3-ядро
II-сперматозоидтің ҚҰЙРЫҒЫ;4 бөлімнен тұрады.
IIА-мойыны немесе байланыстырушы
бөлім
4-проксимальді және
5-дистальді центриольдері;екіншісінен
7-құйрық аксонемасы
IIБ-құйрықтың аралық бөлімі
а)тоғыз сыртқы фибрилла
б)митохондриялы шиыршықты
қабықша
в)плазмолемма
IIВ-құйрықтың негізгі бөлігі
а)фибриллярлық қынап(8)9-сыртқы фибрилла мен талшықты қабықша
б)плазмолемма
IIГ-құйрықтың соңғы бөлігі
Слайд 9Аналық жыныс жасушасы
Овоциттің d-130мкм.Цитоплазмасы мөлдір(жылтыр)және фолликулярлы қабықтармен қоршалған.Ядросында гаплоидты хромосомасы
бар,ядрошығы жақсы көрінетін жасуша.
Ерекшелігі-жасуша орталығы болмайды,сары уыз синтезі белсенді,пісіп-жетілу кезеңінде
овоциттің цитоплазмасының шетінде кортикальді гранулалары:саны 4000-дай,мөлшері 1мкм пайда болады.Мұндай гранулалардың құрамында гликозамингликандар мен ферменттер болады.
Слайд 101-жұмыртқа жасушасының ЯДРОСЫ;
2-ЦИТОПЛАЗМА.Оның арнайы құрылымдары:
а)сарыуызды түйіршіктер
б)қыртысты түйіршіктер(3)
в)мультивезикулярлы денешіктер
4-плазмолемма бетіндегі микробүрлер
Жұмыртқа
жасушасының ҚАБЫҚШАЛАРЫ
5-жылтыр
6-дәнді
Слайд 11Ұрықтану
Сперматозоид пен жұмыртқа жасушасы қосылуы нәтижесінде,жаңа организмге дамуға қабілетті диплоидты
зигота,яғни бір жасушалы ұрықтың пайда болуы.
Ұрықтану бір мезеттік емес-ол үш
кезең бойы өтетін процесс:
1)гаметалардың дистанттық (лат. distantia-алыстан)әрекеттесуі және жақындасуы;
2)Олардың контакттық (лат. contactus-жанасу) әрекеттесуі және овоциттің активтендірілуі (белсенділігінің қоздырылуы);
3)Сперматозоидтың аналық жыныс жасушаға енуі және кейін-онымен бірігуі,яғни сингамия.
Слайд 12Зигота
Аталық және аналық гаметалардың қосылуы нәтижесінде пайда болған,хромосомдардың диплоидтық жиынтығына
ие жасуша;жаңа буынның әзірше бір жасушалы организмі,жаңа организм дамуының бастапқы
сатысы.Әрбір гамета хромосомдарының гаплоидты жиынтығының құрамындағы генетикалық материал геном деп аталады.
Слайд 13Синкарион астысындағы адам зиготасы
1-ұрықтану қабықшасы:жылтыр қабықшадан түзілетіндіктен,жасушалық құрылымы болмайды.
2-көлемдері бірдей
аталық және аналық пронуклеустар.
1
2
Слайд 14Эмбриогенез
Эмбриондық даму-зиготаның бірінші бөлінуінен бастап,нәресте дүниеге келуіне дейінгі процестерді қамтитын
онтогенездің бастапқы кезеңі.Ананың құрсағында эмбриондық даму орта есеппен 280тәулік өтеді.Акушерлік
бөлімде осы мезгілді үш кезеңге бөледі:бастапқы(ұрықтанудан кейінгі бір апта),ұрықтық(2-8 апталар),нәрестелік(9-аптадан бастап,туылғанға дейін).Өзіндік эмбриондық немесе ерте кездік эмбриогенез деп аталатын алғашқы екі кезеңде,тіндер мен мүшелер құрылысының негізін қалау процестері басым болады.
Өзіндік эмбриогенездің (1-8 апталар)үш негізгі сатыларын ажыратады:бөлшектену, гаструляция, гисто- және органогенез.
Слайд 15Бөлшектену
Көп жасушалы бір қабатты ұрық-бластула(гр.blaste-өскін,өркен) қалыптасуымен аяқталатын,зиготаның және одан пайда
болған бластомерлердің,бір ізді митоздық бөлінулер қатары.
Бөлшектену кезінде бластоциста қалыптасады.Бластоциста-ішкі жасушалық
масса мен бластоцельден және оларды қоршаған трофобласттан құрылған.Трофобласт(гр.tropheo-қоректену)-тығыз контакттармен байланысқан ұсақ ақшыл жасушалардан тұратын ұрық кешенінің жамылғысы.Ішкі жасушалық масса-саңылаулы контакттар арқылы байланысқан, ұрық түйіншегі түрде бластоцельге қарай шығып тұратын ірі қоңыр түсті жасушалардың жиынтығы.Болашақта ішкі жасушалық массадан өзіндік эмбрион дамиды.Сондықтан, оны эмбриобласт деп те атайды.
Слайд 16Гаметалардың байланысуы
1-II ооциттің қабығымен байланысқан сперматозоидтар (С3).
Слайд 17Сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасына енуі
2-II ооцитке енген С3 біреуінің ядросы
С3 ядросымен бірге II ооцитке:
3-екі центриоль енеді.
4- ооцит ядросы.Центриольдердің пайда
болуына байланысты,бұл ядро мейоздық екінші бөлінуден жылдам өтеді.Нәтижесінде:
а)аналық пронуклеус және
б)хромосомалар жиынтығы осындай тағы бір редукциялық денешік (5) түзіледі.
6-қыртысты түйіршіктер
7-периветилленді кеңістік
2
3
6
7
Слайд 18Зиготаның бөлшектенуге дайындығы
2А-синкарион жақындасқан (бірақ бірікпеген) аналық және аталық пронуклеустары.
3-центриольдер:бұлар
да екі еселенеді.
2А
Слайд 19Бірінші митоздық бөлінудің басталу
8 -бірегей аналық жұлдыз:пронуклеустардың қабықшаларының ыдырап,хромосомаларының бірігуінен
пайда болады.
Слайд 20Гаструляция
Көп жасушалы организмдердің ұрықтық дамуының ерте кезеңдерінде жасушаларының күрделі орын
ауыстыруы-иммиграциясы және т.б.әдістер арқылы өтетін процесс.Нәтижесінде,бір қабатты ұрық-бластула,орталық білік және
билатеральді-екі бүйірлі симметрияға иеленген,үш қабатты ұрық-гаструлаға айналады.
Слайд 21Имплантацияның басталуы
Имплантация-жатырдың кілегейлі қабығына-эндометрийге ұрықтың енуі.Ол екі сатылы
процесс:
1)адгезия-жатырдың ішкі бетіне ұрықтың көбінесе эмбриобласт орналасқан полюсінің трофобласттарымен жабысуы,бекітілуі;
2)инвазия-ұрықтың
жатыр қабырғасының тіндеріне, әдетте, денесінің болашақ дорсальді бетімен енуі;
Слайд 22Имплантацияның жалғасуы.Дамудың 2-ші аптасы бойы имплантация процесі жалғасып, аяқталады; трофобласт
екі қабатқа ажырайды; гаструляция процесі басталып, ішкі жасушалық масса екі
қабатқа-эпибласт және гипобластқа бөлінеді.Сонымен бірге, ұрықтан тыс құрылымдар-амнион қуысы,сары уыз қапшасы,хорион және дәнекертінді аяқша қалыптасады.
Слайд 23Гаструляцияның фазалары
Деламинация.
Алғашқыда біртұтас болған ішкі жасушалық масса немесе эмбриобласт екі
қабатқа-эпибласт және гипобластқа ажырайды.Бұл құбылысты деламинация деп атайды.
Слайд 24 Гаструляцияның бірінші фазасы
1-гипобласт
2-амниондық эктодерма
2А-ұрықтан тыс эктодерма
3-ұрықтық эпибласт
4-трофобласт
5-эндометрий жасушалары
Слайд 25Иммиграция.
Дамудың 9-шы тәулігінде басталып,әсіресе,3-аптасында ұрықтық дискіде белсенді өтеді.Олардың ең маңызды
нәтижесі-біріншілік жолақ,үш ұрықтық жапырақшалар,хорда және нерв түтікшесі қалыптасуы.
Слайд 26Гаструляцияның екінші фазасы
I-ҰРЫҚТЫҚ ЭПИБЛАСТ
1-біріншілік жолақ
2-біріншілік жүлге
3-біріншілік төмпешік
4-біріншілік ойық
5-хорда алды пластинка
II-ГИПОБЛАСТ
III-АМНИОНДЫҚ
ЭКТОДЕРМА
Слайд 27Гистогенез және органогенез
Эмбриондық бастамалардың аз дифференцияланған жасушалық материалынан мамандандырылған тіндер
даму процесін гистогенез деп атайды.Қалыптасып жатқан тіндер оқшауланып өмір сүреді
емес,олар үнемі басқа тіндермен әрекеттесіп және бірігіп,мүшелер қалыптасуына-органогенезге қатысады.
Органогенез-мүшелердің және мүшелер жүйесінің құрылуы.Бұл процесс гаструляциялық қимылдар аяқталған соң 4-аптада орталық нерв жүйесі қалыптасуынан басталады.Органогенез барысында telencephalon-алдыңғы миға дамиды,diencephalon-аралық миға, mesencephalon-ортаңғы, metencephalon-артқы және myelencephalon-сопақша миға айналады.Нерв түтігінің артқы бөлігінен жұлын дамиды.
Слайд 28Ұрықтан тыс мүшелер
Эмбриогенезде ұрық денесінен тысқары қалыптасып, оның өсуі мен
дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды функцияларды атқаратын және онтогенездің тек
қана пренатальді кезеңінде болатын құрылымдарды атайды.Провизорлық мүшелерге амнион,сары уыз қабы,аллантоис,хорион,плацента жатады.
Слайд 29Дамудың 4 аптасындағы ұрық
ҰРЫҚТАН ТЫС АҒЗАЛАР
1-амнион қабырғасы
2-сарыуыз қапшығы
3-аллантоис
ҰРЫҚ АҒЗАЛАРЫ МЕН
ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
4-хорда
5-жүрек
6-нерв түтігі
7А-7В-ішек
8-қалқанша безінің бастамасы
9-тыныс алу жүйесінің бастамасы
10-бауыр бастамасы
11-терілік эктодерма
Слайд 30Дамудың 5 аптасындағы ұрық
НЕРВ ЖҮЙЕСІ
Нерв түтігінің бастық бөлігінде қуысты бес
ми көпіршігіне бөлетін-1А-1Д иірімдер түзіледі.
2-жұлын
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІ
3-жүрек
АСҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІ
Алдыңғы ішек:
4А-жұтқыншақ
4Б-өңеш
4В-асқазан
4Г-ортаңғы ішек
Артқы ішек:
4Д-тік
ішек пен несеп-жыныс қойнауы
5-бауыр
6-ұйқы безі
ТЫНЫС АЛУ ЖҮЙЕСІ
7-кеңірдек
ЗӘР ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ЖЫНЫС ЖҮЙЕЛЕРІ
8-мезонефрос
БАСҚА ДА ҚҰРЫЛЫМДАР
9-қалқанша безі
10-көк бауыр
11-түзіліп жатқан омыртқалары бар хорда
12-аллантоис
Слайд 31Дамудың 7-8 апталарындағы ұрық
ІШКІ АҒЗАЛАР
1-бас миы
2-жұлын
3-жүрек
4А-жұтқыншақ
4Б-өңеш
4В-асқазан
4Г-ортаңғы ішек
5-бауыр
4Б
Слайд 32Жүктіліктің түрлі сатыларындағы ұрық
Слайд 33Белгілері
I.ЭНДОМЕТРИЙДІҢ ұрық қабықшалары мен бала жолдасының түзілуіне қатысуы
1А-decidua basalis(аналық бөлігі)
1Б-decidua
capsularis(сыртқы қабықшасы)
1В-decidua parietalis
II. ХОРИОННЫҢ ұрық қабықшалары мен бала жолдасының түзілуіне
қатысуы
2А-бүрлі хорион
2Б-тегіс хорион
III. АМНИОННЫҢ ұрық қабықшалары мен бала жолдасының түзілуіне қатысуы
4-хорион қуысы
5-амниондық қуыс
3А-бала жолдасының бөлігі
3Б-плацентарлық емес бөлік
IV.Суреттерде көрініп тұрған басқа да құрылымдар
7-сарыуыз қапшығы
8-аллантоис
Слайд 34Дамудың қауіп-қатерлі(кризистік) кезеңдері
Кризистік кезеңдер деп әртүрлі зақымдатқыш факторлар әсеріне ұрық
дамуының ең сезімтал кезеңдерін атайды.Бұл кезеңде ,тіпті,өте әлсіз әсерлер де
дамудың бұдан былайғы барысына ықпалын тигізіп,әртүрлі ауытқуларға ұшыратады.
Ауытқулар мен кемтарлықтардың себебі-детерминация процесінің бұзылуы.Дамудың туа біткен ақаулары арасында ең жиі ұшырасатын түрлері-нерв жүйесінің ақаулары(анэнцефалия-мидың жоқтығы,микроэнцефалия-мидың кішкентай болуы,ми және жұлынның жарықтары).
Слайд 35Сонымен жалпы қарастырғанда адам онтогенезінің бірнеше қауіп-қатерлі кезеңдерін атап кетуге
болады:
-прогенез-жыныс жасушаларының дамуы
-ұрықтану
-имплантация-дамудың 7-8 тәуліктері
-мүшелердің білік бастамаларының дамуы және плацента
қалыптасуы-дамудың 3-8 апталары
-мидың қарқынды өсу кезеңі-15-20 апталар
-организмнің негізгі функциялық жүйелері қалыптасуы және жыныс аппаратының дифференциялануы-20-24 апталар
-нәрестенің дүниеге келуі
-нәрестелік кезең-1 жасқа дейін
-жыныстық жетілу
Слайд 36Қолданылған әдебиеттер тізімі:
С.Ж.Ажаев
Цитология және адам эмбриологиясы
Ж.О.Аяпова
Цитология,эмбриология және гистология
Ю.И.Афанасьева, Н.А.Юриной
Гистология
П.Қазымбет, М.Рысұлы,
Ж.Б.Ахметов
Гистология,цитология және эмбриология АТЛАСЫ
Слайд 37 Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!