Разделы презентаций


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметтік пәндер және Қазақстан

Содержание

Жоспар: 1. Кіріспе. 2. Негізгі бөлім. А) Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері. Б) Әлеуметтанудың құрылымы мен білім денгейлері. В) Әлеуметтанудың атқаратын қызметі. Г)

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Әлеуметтік пәндер және Қазақстан тарихы пәні кафедрасы

СӨЖ

Тақырып: Әлеуметтану

ғылым ретінде.
Әлеуметтік білімнің құрылымы.



Орындаған:Худайбергенова Ж
2-046 топ


Қарағанды 2016 ж
Қарағанды Мемлекеттік Медицина УниверситетіӘлеуметтік пәндер және Қазақстан тарихы пәні кафедрасыСӨЖ

Слайд 2Жоспар:

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім.
А) Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен

әдістері.
Б) Әлеуметтанудың құрылымы мен білім денгейлері.
В) Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
Г) Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
Д) Макро және микро социологоия.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Жоспар:     1. Кіріспе.     2. Негізгі бөлім. А) Әлеуметтанудың объектісі,

Слайд 3 Кіріспе.
Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселелерінің, социологиялық білімді жетілдірудің, құру және

қолданудың, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіңдік зерттеу әдістерін әкелді.
Социологияның

ғылым ретінде тууы XIX ғасырдың ортасындағы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798-1857) есімімен байланысты, өйткені ол тұңғыш рет "Социология" терминін енгізген, алайда оның қалыптасуына Батыс Еуропа (Г.Спенсер, К.Маркс, ЭДюркгейм, М.Вебер және т.б.) мен Американың (А.Смолл, Дж. Винсент, В.Томас, П.Сорокин, Т.Парсонс жөне т.б.) көптеген оқымыстылары айтарлықтай үлес қосқан.
Кіріспе.	Әрбір дәстүр социологияға қоғам мәселелерінің, социологиялық білімді жетілдірудің, құру және қолданудың, зерттеу пәні мен нысанын анықтаудың өзіңдік

Слайд 4 Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О.Конт сол кездегі ғылым

жүйесіне иерархиялық баспалдақ түріңде түсінік береді, оның ойынша, бүл білімнің

қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға жалыдан өзіңдік ерекшелікке.. қарапайым"дамуының тарихи процесін логикалық жүйемен бере алады. Білім дамуындағы әр басқыш, Конт бойынша, - өзінің алдағысы алғы шарт ретінде есептейтін — жоғары тәртіптегі ғылым болып саналады.

Социология пәні мен нысанын негіздей отырып, О.Конт сол кездегі ғылым жүйесіне иерархиялық баспалдақ түріңде түсінік береді, оның

Слайд 5 Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
'"Әлеуметтану" ұғымы латын тілінің

“socio" қоғам және гректің logos - ілім, ұғым деген сөзінен

шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, үйым, мекемелердің, инсти-туттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын.
Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері. 			'

Слайд 6 Объект дегеніміз - бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол

қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік

мекемелер, институт­тар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады.
Объект дегеніміз - бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы,

Слайд 7 "Әлеуметтік". деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К. Маркс

пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үрдістер мен қатынастарды

зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі - "қоғамдық", екіншісі - “әлеуметтік", Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде "қоғамдық", "қоғамдық қатыңастар" ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, ролін меңзегеңде "әлеуметтік" ұғымын кең қолданып, осыған сәйкес "әлеуметтік қатынастар" үғымы туралы айтқан.

Слайд 8 Негізінде әлеуметтану екі үлкен қатегорияға басты назар аударады. Ол —

қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі

категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол — ''әлеуметтік бірлік". Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.
Негізінде әлеуметтану екі үлкен қатегорияға басты назар аударады. Ол — қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану

Слайд 9 Әлеуметгануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:
Әлеуметтік құбылыстардың

қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер "А" құбылысы болса, ол

әр уақытта "Б" құбылысын қажет етеді.
Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң. Мысалы, өңдіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.
Әлеуметтік қүбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп те аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланысын, қатынасын бейнелейді.
Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты — ол қоғамдық жене жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.
Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы.
Әлеуметтік қүбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді.
Әлеуметгануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер

Слайд 10 Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардан ең басты айырмашылығы —

оның өзіне ғана тән әлеуметтік-экономикалық;, саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін

арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, қүжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардан ең басты айырмашылығы — оның өзіне ғана тән әлеуметтік-экономикалық;, саяси, рухани,

Слайд 11 Әлеуметтанудың құрыылмы мен білім денгейлері.
Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным, білім

деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен "құрылым", "деңгей" деген ұғымдарға анықтама

берген жөн. Құрылым дегеніміз — біртұтас әлеуметтік құбылыстар мен процестердің элементтері мен бөліктерінің іштей езара орналасуын айтамыз.
Қандай да бір ғылым болмасын, оның белгілі бір құрылымы болады. Бүл құрылым сол ғылымның қоғамда алдына қойған міндеті мен атқаратын қызметіне байланысты анықталады. Әлеуметтану ғылымы да осындай. Оның құрылымы екі үлкен жағдаймен түсіндіріледі:
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді. бейнелеу, тү-сіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық жоне әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді езгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді: Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
Әлеуметтанудың құрыылмы мен білім денгейлері.		 Әлеуметтанудың құрылымына, оның таным, білім деңгейлеріне анықтама беру үшін алдымен

Слайд 12 Әлеуметтік білім — теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер

әлеуметтік болмысты, өмірді жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның

дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Теориялық білім — жан-жақты, әмбебапты, ал, эмперикалық - ақиқатты, шындықты, белгілеуші білім.
Теориялық әлеуметтану — ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.
Әлеуметтік білім — теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмірді жалпы және арнаулы бағыттардың

Слайд 13 Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процестерді терең талдап, кең

қортынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік білімнің үш негізгі

деңгейі бар:
а) жалпы әлеуметтану теориясы;
ә) эмпирикалық (тәжірибелік) әлеуметтану;
б) орта деңгей теориялар.
Осыларға сәйкес әлеуметтік зерттеулерді теориялық және эмпирикалық зерттеулер деп екіге бөледі.
Әлеуметтік білімнің деңгейлері қоғамдағы құбылыстар мен процестерді терең талдап, кең қортынды жасау арқылы анықталады. Жоғарыда көрсетілгендей әлеуметтік

Слайд 14 Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.

Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным

функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әруақытта

жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму зандылықтарын, болашағын ашып береді. Әрине, бүл бағытта іргелі және қолданбалы эмпириканың зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді. Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани, т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағаңда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.
Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.		Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде

Слайд 15 Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен

байланыстыратын негізгі нәрсе — ол қоғам туралы жалпы ғылым бола

отырып, оның жалпы даму зандарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму зандарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан елеуметтанудың жалпы қоғам даму зандары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін, қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманистік ғылымдарда кеңінен қолданылады.
Әлеуметганудың басқа ғылымдармен байланысының үшінші негізгі түрі — ол нақтьлы ғылымдармен тығыз жа-қындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырым-дық база қалыптастырады.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы		Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе — ол қоғам туралы

Слайд 16 Макро және микро социологоия.
Социологтар қоғамды ғылыми зерттеуді екі деңгейде: микро

жөне макродеңгейде қарастырады. Микросоциологтар адамдардың күнделікті өмірдегі қатысын, олардың өзара

әсерін зерттейді. Бұл бағытта жұмыс істейтін зерттеушілер әлеуметтік құбылыстарды тек адамдар берілген құбылыстарға бір-бірімен әсер еткенде беретін талдау жасау негізінде ғана түсінуге болады деп санайды. Әлеуметтік зерттеудің микродеңгейі жеке тұлғалардың мінез-құлқы мен қатысының, қоғамдағы тұрақтылыққа немесе өзгерістерге әсер ететін адамдардың мінез-құлқы себептерінің ең кіші элементтерін зерттеуге бағытталады.
.
Макро және микро социологоия.		Социологтар қоғамды ғылыми зерттеуді екі деңгейде: микро жөне макродеңгейде қарастырады. Микросоциологтар адамдардың күнделікті өмірдегі

Слайд 17 Макросоциологтар қоғамның ірі үлгілеріне, құрылымына айрықша назар аударады. Бұл —

отбасы, білім беру жүйесі, дін және саяси, экономикалық құрылым. Адамдар

дүниеге келген кезден бастап әлеуметтік құрылымньң аталған жүйесіне енеді, оның әсерін сезінеді. Макросоциология қоғамның әр түрлі бөлігін, олардың озара байланысы мен бұл байланыстың өзгерістерін зерттейді
Макросоциологтар қоғамның ірі үлгілеріне, құрылымына айрықша назар аударады. Бұл — отбасы, білім беру жүйесі, дін және саяси,

Слайд 18
Қорытынды.
Қорыта келгенде әлеуметтік білімнің құрылымы қоғамның әлеуметтік жүйенің серпімді дамуы

іс әрекет қызмет жүргізуі туралы әр түрлі жиналған фактілерді, ақпараттарды,

хабар мәліметтерді ғылыми түсіндііреді және ғылыми ұғымның жиынтығын реттелуін тәртіпке келтіреді.
Қорытынды.		Қорыта келгенде әлеуметтік білімнің құрылымы қоғамның әлеуметтік жүйенің серпімді дамуы іс әрекет қызмет жүргізуі туралы әр түрлі

Слайд 19Пайдаланылған әдебиеттер.



Ә.Х Тұрғынбаев-Социология

С.Асылбекұлы – Социология негіздері

Г.Сәрсенбаева- Социология

Дін социологиясы –Дүйсенов М.С

Қала

және ауыл – село социологиясы – Қожамқұлова Л.Т

Ұлт және ұлтаралық

қатынастар социологиясы.- Күнхожаев
Н. Рахметов К.Ж
Пайдаланылған әдебиеттер.Ә.Х Тұрғынбаев-СоциологияС.Асылбекұлы – Социология негіздеріГ.Сәрсенбаева- СоциологияДін социологиясы –Дүйсенов М.СҚала және ауыл – село социологиясы – Қожамқұлова

Слайд 20Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика