Слайд 1«Астана медицина университеті»АҚ
Балалар аурулары кафедрасы
Балалардағы ауыз қуысының аурулары
Орындаған:Бекбаева М.Ш
Топ-303стом
Тексерген:Габдуллина
Д.М
Слайд 2Стоматит
Стоматит (көне грекше: στόμα – ауыз) – ауыздың шырышты-кілегей
қабығының қабынуы. Клиникалық ағымына қарай стоматиттың жедел және созылмалы түрлері
бар.
Созылмалы
Егер қабыну тілде болса – глоссит,
ал қызыл иекте болса – гингивит деп атайды.
Слайд 4Этиологиясы
механика, физика және химия жарақаттану, улану
түрлі жұқпалы ауруларға (қызылша,
кандидоз, тұмау, т.б.) шалдығу;
дәрі-дәрмек аллергиясы;
дәрумен жетіспеушілік (гиповитаминоз);
жүйке жүйелерінің, ішкі органдардың
созылмалы аурулары, ағзада зат алмасу процесінің және ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, т.б.
Слайд 5Аллергиялық стоматит
Аллергиядан ауыздың қабынуы. Әр алуан аллергендер (микробты, дәрі-дәрмек, аутоаллергин
т. б.) сенсибилизация туғызып, ағзаның сезімталдығын күшейтіп ауыз ішін қабындырады.
Зақымдайтын элементтерге полиморфизм (әр түрлілік) тән, яғни күлдіреуік, күлдіреу, жаралар, теңбіл, қызарған, қан кернеген орындар өзара қабаттасып бөртеді.
Слайд 6Соз стоматиті
Соз кеселін қоздыратын микроб гонококк. Гонококк жүмсақ таңдай,
тіл үстінің ортасын, тіл үзбесін, қызыл иек және төменгі ерінді
қабындырады. Ауызда сарғыштау гонококктері бар ірің бөлініп шығады. Қабыну кезінде ауыз шырышты қабығы қызарып іседі, асқынғанда жарылады.
Слайд 7Саңырауқұлақ стоматиті
Антибиотикті көп пайдалану ауыз қуысындағы микрофлора тепе-теңдігін бүзады, кортикостеройдтарды
артық жұмсау ағзаның қарсыласу күшін әлсіретеді және т. б. себептер
кандидоз ауруына алып келеді. Ауыз шырышты қабығын қан кернейді, ерін, ұрт, тіл үстінде нүкте тәрізді ақ дақтар пайда болады да, кейін жайылып ақ таңдаққа айналады. Ауыздың уылуы күшейген кезде иек қанағыш келеді, жара пайда бола бастайды.
Слайд 8Дәрі-дәрмек стоматиті
Кейбір дәрілер жақпағанда немесе белгілі бір медикаменттерге ағзаның сезімталдығы
артқанда тез арада пайда болады. Әсіресе йод, новокаин, сульфаниламид және
антибиотиктерден (тетрациклин тобы) ауыз жиі қабынады. Жалақ, жара, күлдіреуік, ақ таңдақтанғанып бөрткен жағдайда бұл кеселдің өзіне тән белгісін ажырату қиынға соғады.
Слайд 9Қызылша стоматиті
Қызылша вирусі денеге енген соң қан арқылы ауыз эпителийін
зақымдайды. Сонымен бірге тыныс алу, ас қорыту, көз, орталық жүйке
жүйесі және қан тамыр жасушаларда ауруға шалдығады. Ауыз іші эпителий тканьдері сіріленіп, кедір-бұдырланады. Шырышты қабықтың беті сыдырылып түседі.
Слайд 10Желшешек стоматиті
Бұл вирустан қозатын жедел жұқпалы ауру. Ерін маңындагы күлдіреу
кеуіп орны қабыршықтанады. Ауыз ішіндегі күлдіреуіктер жарылып, дөңгелектеніп жалақтанады да,
бірте-бірте ойық жараға айналады
Слайд 11Миелоидты лейкемия стоматиті
Бұл кезде адам әлсізденіп, көк бауыр маңы ауырады,
температурасы сәл ғана көтеріліп, қан құрамы өзгереді. Ауыз шырышты қабығы
бозғылт тартып, қызыл иек қанап, некроз (шіру) ошағының сүйек тканіне дейін жетеді.
Слайд 12Лимфолейкоз стоматиті
Мойын, қол асты т. б. без түйіндері ұлғаяды. Лейкемия
жасушалық кернеу (инфильтрация) салдарынан қызыл иек, тіл, бадамша бездері шіриді,
кейде тканьге қан кету жиілей түседі.
Слайд 13Пеллагра стоматиті
РР (никотин қышқылы) дәруменнің жеткіліксіздігінен болатын созылмалы ауру. Ауру
кезінде таңдай, ұрт, тіл, ерін, қызыл иек шырышты қабығында күлдіреуік
бөртіп шығады. Күлдіреуіктер жарылып орны жалақтанып ауырады. Ерін тілініп, құрғайды, тіл ісіп қызыл күреңденіп шетінде тістердің ізі таңбаланып көрінеді.
Слайд 14Шірік-жара стоматиті
Ауыз қуысы мен жұтқыншақ қатпарларында ұршық тәрізді спирохет бактерияларынан
пайда болатын ауру. Бұл қызыл иек, ұрт, таңдай, бадамша бездерінде
жиі кездеседі. Ақ сары түсті таңдақтар бірте-бірте шіріп, шырышты қабыққа, бұлшық ет пен сүйекке дейін жайылады
Слайд 15Клиникалық көрінісі және емі
Стоматиттің қай түрінде де ауыздың шырышты қабығы
қызарады, сілекей аға бастайды, жақасты лимфа түйіндерінің айналасындағы тіндер ісінеді.
Дақ, бөртпе, бұдыр-төмпешіктер пайда болып, кейде олар іріңдеп, жараға айналуы мүмкін. Стоматитті емдеу тәсілдері аурудың негізгі себебіне қарсы бағытталады. Ауру белгісі пайда болысымен ауыз қуысын көмір тотығы, фурациллин, калий перманганаты (ашық қызғылт түсті) ерітінділерімен шаю керек. Физиотерапия жолымен, шырғанақ майымен де емделеді..