Слайд 3Бүгінде Астана – болашақтың қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің
ордасы болып табылатын жас қала, баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің көгілдір
туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа астанамыздың құрылысы – жас мемлекетіміздің жасампаздыққа ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас – аяғы төрт- бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Жастарды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала- жас қаламыз –өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.