Отындар органикалық, органикалық емес болып бөлінеді. Органикалық отындардың негізі өсімдіктен
пайда болған отындар. Отындар қатты, сұйық және газ тәрізді болып бөлінеді. Қатты отындарға мыналар: көмір, шымтезек, ағаш, шөп тәрізділер, сұйық отындарға: мұнай, қара май, бензин, дизель отыны т.б., ал газтәрізділерге: табиғи, домна, генератор газдары жатады.