Слайд 1Қазақ Ұлттық Асфнедияров атындағы Медицина Университеті
Балалардың инфекциялық аурулары кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Балалардағы
микопалазмалық инфекция
Орындаған: Аязхан А.А
605-1Топ
Қабылдаған: Тынышбеков А.С.
Алматы-2018
Слайд 2Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Микоплазмалық инфекция – этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, асқынулары, профилактикасы
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Слайд 3Микоплазмалық инфекция
Микоплазмамен шақырылатын, дақылдық қасиеттеріне байланысты вирустар мен бақтериялардың арасында
орын алатын адам мен жануарлардың жұқпалы ауруы.
Микоплазма-көптеген түрлері бар,
Mollicutes классына жататын бактерия.
Туа пайда болған микоплазмоз-қауіпті,күрделі,қоздырғыштардың кез келеген орында көптеп болуымен сипатталатын ауру
Слайд 4Этиологиясы
Қоздырғышы – Mycoplasma, ерекше микроорганизмдер. 40 – тан астам түрлері
бар, солардың ішінде адамды зақымдайтын тек 6 серовары бар: М.
pneumoniae, M. hominis, M. orale, M. salivarium, M. fermentans и Т-микоплазмы. Адамның патогендік микоплазмасына М. pneumoniae жатады. Ол бронх өкпе жүйесін зақымдаса, басқалары зәр шығару жүйесінің, көздің, буындардың ауруларын тудырады. Қоздырғыш сыртқы ортада тұрақсыз.
Слайд 6Сонын ішінде патогенді ,ең қауіпті микоплазма ол Mycoplasma pneumonia
Mycoplasma hominis
Mycoplasma
genitalium
Ureaplasma urealiticum
Слайд 7Эпидемиологиясы
Инфекция көзі – ауру адам немесе реконвалесцент.
Ауру ауа –
тамшылы жолмен
Тұрмыстық
Жыныстық
Ұрық жатырішілік зақымдануы
Интранатальды –босану барысында бала ананың зақымдалған тіндерімен
контакт болғанда
Ауру көбінесе салқын мерзімде кездеседі, бірақ балаларда эпидемиялық жағдайлар жазда да болуы мүмкін.
Слайд 8Морфологиясы. Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олар
екі ерекшелікке ие: 1) микоплазмаларға ғана тән құрылымы бар, 2)
өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ), көбеюіне әсер етеді, және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.
Микоплазма – ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық мемранамен қатар құрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан тұрады. Сонымен қатар микоплазмалар бүршіктену, бұтақталған және тізбектелген түрлерінің сегментациялануы арқылы, бинарлық бөліну жолымен, жіпшелерінің кокк тәріздес ыдырап кетуі арқылы да репродукцияланады. Микоплазма пенициллинге тұрақты. Дегенмен, тетрациклин мен эритромицин олардың өсуін тежейді.
Слайд 9Патогенезі
Патологиялық үрдіс сипаттамасы қоздырғыштың ену қақпасына байланысты. Мысалы: M. hominis
фарингитпен қатар урогениталдық жолдар инфекциясын қоздыра алады. Құрсақішілік ұрықтың микоплазмозы
кезінде инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарында, урогениталдық жолдарда, ОЖЖ-де дамиды.
M.pneumoniae –респираторлық микоплазмоз қоздырғышы. Респираторлық микоплазмоз өте кең таралған. Инфекция ауа тамшылы жолмен беріледі.
Клиникалық көрінісі әртүрлі, ол жоғары тыныс алу жолдарының қабынуы (фарингит, назофарингит, трахеит, трахеобронхит, бронхит) түрінде немесе ауырлық дәрежесі әртүрлі пневмония түрінде өтуі мүмкін. Көп жағдайларда ауру микоплазмалы-вирусты аралас этиологиялы болады. Респираторлы микоплазмоз кезінде респираторлы емес көріністер де байқалады: полиморфты эритема,гемолитикалық бұзылыстар, миалгия, артралгия, бауыр зақымдалуы, эндокардиттер, ОЖЖ зақымдалуы және т.б.
M.hominis, M.genitalium, U.urealyticum – урогениталиялық жолдардың микоплазмозының қоздырғыштары болып табылады. Урогениталиялық микоплазмоз халық арасында әр-түрлі топтарда кеңінен таралған. Ең жиі кездесетін топтар: жыныстық белсенді жастағы адамдар, жеңіл жүрістегілер, гомосексуалистер және т.б.
Слайд 10Шала туылған балалардағы туа пайда болған микоплазмоз белгілері
Тыныс және респираторлы
бұзылыстар
Жаңа туылғандардың склерамасы-терінің,тері астындағы тіндердің қалыңдауы, патологиялық тығыздалуы
Геморрагия-майда қан құйылулар
Кефалогематома-бас
сүйекке қан кету
Билирубин көбею,сарғаю
Менингоэнцефалит
Слайд 11Жетіліп туылған балалардағы туа пайда болған микоплазма белгілері
Жиі интерстициальды пневмония
Геморрагия,геморрагиялық
синдром
Менингоэнцефалит кеш дамуы
Слайд 12Mycoplasma pneumoniaмен шақырылатын пневмония клиникасы
Инкубациялық кезеңі 1 – 2 күн,
кейде 3 – 4 аптаға созылуы мүмкін. Ауру жоғары тыныс
жолдарының катары ретінде басталады, дене қызуы жоғарлайды, жөтел, мұрыннан су ағу болады. Аңқаның шырышты қабатының және жұтқыншақтың артқы қабырғасының ісінуі және қызаруы байқалады. Круп, астматикалық синдром, кейде диарея дамуы мүмкін. Аурудың 3 – 4 күндері пневмония дамиды, онда катаральды синдром күшейеді, жалпы жағдайы нашарлайды. Мұрыннан іріңді бөлініс бөлінеді, жөтелі ылғалды, ентігу болады.
Қызба ұзақ сақтлады, дегенмен интоксикация белгілері шамалы болады.
Пневмония болмаса ауру 5 – 7 күнге, кейде 8 – 10 күнге созылады. Клиникалық белгілер 1 – 2 ай болуы мүмкін.
Слайд 14Асқынулары
Жиі кездесетіндері: отит, синусит, іріңді ларинготрахеобронхит, ошақты немесе сегментарлы пневмония,
сирек миокардит болады.
Неврологиялық асқынулар болуы мүмкін: менингит, менингоэнцефалит, энцефалит.
Полирадикулоневрит дамуы мүмкін.
Слайд 16Емі
Науқасты клиникалық көрсеткіштерге байланысты госпитализациялайды. Этиотропты ем: тетрациклиндер, канамицин, жартылай
синтетикалық пенициллиндер 6 – 8 күн бойы қолданылады.
Тек жоғарғы
тыныс жолдары ғана зақымдалса симптоматикалық еммен шектелуге болады. Онда ішке ибупрофен сиробы, парацетамол, антигистаминді препараттар, витаминдер комплексі, қақырық түсіретін заттар, мукалтин т.б тағайындалады.
Слайд 17Емі
Макролид тобының препараттары- азитромицин,эритромицин 0,1-0,5 г тәуліктік доза 30-50 мг/кг
Макролидтерді
тетрациклинмен немесе доксициклинмен комплесті түрде
Жартылай синтетикалық препараттар рокситромицин0,03-0,3г тәул.доза
5мг/кг немесе кларитромицин тәуліктік доза 7,5 мг/кг
Мидекамицин,макропен 0,4 г тәул.доза 30мг /кг
Джосамицин 0,5г тәуліктік доза 30-50 мг/кг
Слайд 18Профилактикасы
Науқасты ерте анықтау және тез арада оңашалау. Жедел респираторлы ауруда
5 – 7 күн, ал пневмонияда 2 – 3 апта
оңашалайды.
Жалпы аурудың алдын алу шараларын жүргізу.
Спецификалық профилактикасы жоқ.
Слайд 19Пайдаланылған әдебиеттер
« Балалардың инфекциялық аурулары » Ғ.Ғ.Құттықожанова.
« Балалардағы жұқпалы аурулардың
диагностикасы және ажырату диагностикасы » Р.Х.Бегайдарова, Г.Қ.Алшынбекова.
«Интернет желісі google.ru