Разделы презентаций


?аза? тілін о?ытуды? т?рбиелік негіздері

Содержание

“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі” Әбу Насыр әл

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қазақ тілін оқытудың тәрбиелік негіздері

Қазақ тілін оқытудың тәрбиелік негіздері

Слайд 2 “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру

керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте

оның өміріне зиян әкеледі”
Әбу Насыр әл - Фараби
“Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас

Слайд 3Мақсаты:
Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын,

халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде

бағалап, құрметтей білетін әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім білік дағдыларымен қаруланған, талғамы терең жан- жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру.
Мақсаты:  Қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін

Слайд 4



Өзектілігі:



Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын
жас ұрпаққа

саналы тәрбиені әдебиет арқылы қалыптастыру жолдары.
әдеби шығармалар оқу

арқылы жас ұрпақ бойында туған жерге,
елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, елінің тарихын білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Өзектілігі:


Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын жас ұрпаққа саналы тәрбиені әдебиет арқылы қалыптастыру. Әдеби шығармалар оқу арқылы жас ұрпақ бойында туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, елінің тарихын білуге,құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.

Өзектілігі: Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын жас ұрпаққа саналы тәрбиені әдебиет арқылы қалыптастыру. М.Жұмабаев шығармаларын оқу арқылы жас ұрпақ бойында туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, елінің тарихын білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Өзектілігі:


Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын жас ұрпаққа саналы тәрбиені әдебиет арқылы қалыптастыру жолдары. Әдеби шығармалар оқу арқылы жас ұрпақ бойында туған жерге, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, елінің тарихын білуге,құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеудің тиімді тәсілдері.

Өзектілігі: Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын жас ұрпаққа саналы тәрбиені әдебиет арқылы қалыптастыру жолдары. әдеби

Слайд 5Міндеті:
1. Оқушылардың рухани- адамгершілік қасиеттерін байыту,

дүниетанымын кеңейту;
2. Өмірде кездесетін жағдаяттарда

мәселені шешуде қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің игі нәтижесін пайдалануға, өз өмірлерінде пайдалануға үйрету;
3.Ойын еркін, шешен жеткізе алу,әдеби- теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру

Міндеті:    	1. Оқушылардың рухани- адамгершілік қасиеттерін байыту, дүниетанымын кеңейту;     2.

Слайд 6Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидалары
Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидалары
Қонақжайлылық. Сыпайылық. Мейірбандылық. Әдет-ғұрыптарды

қастерлеу. Үлкен адамдарды сыйлау. Бата-тілектерді дәріптеу.
Ақылды, намысқор және көпшіл болу.

Өнегелі және арманшыл болып өсу. Айтқан сөзді тыңдау. Адамгершіл, шыншыл және байсалды болу.

Тыйым сөздер мен ырым-сырымдарды сақтау және қастерлеу

Тәлім-тәрбиенің біртұтас этнокомплексті түрде жүргізілуі

Денсаулықты шыңдау және тазалықты (гигиенаны) сақтау. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Ақылды, білімді болып өсу. Ақыл-ойды дамыту әрекеттері. Дамыта отырып тәрбиелеу үрдістері.

Өскен ортаның ықпалдарына мән беру. Табиғат заңдылықтарын, жануарлар дүниесін, өсімдік жамылғысымен танысу

Үлкенді өнеге тұту. Кішіге ізет көрсету. Ұлттық қазыналарды қастерлеу. Өсиеттер мен аманаттарға назар аудару.

Парасатты, қанағатшыл, елжанды және отансүйгіш болып өсу. Қайратты, әділетшіл һәм адалдық қасиеттерді бойына сіңірген тұлға болу

Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидаларыҰлттық тәлім-тәрбиенің негізгі қағидаларыҚонақжайлылық. Сыпайылық. Мейірбандылық. Әдет-ғұрыптарды қастерлеу. Үлкен адамдарды сыйлау. Бата-тілектерді дәріптеу.Ақылды, намысқор

Слайд 7Орыс тілді ортада қазақ тілін оқыту барысында халықтық педагогиканы дәріптеудің

маңызы өте зор. Себебі, әр азамат өз Отанының саяси-әлеуметтік жағдайын

жақсартып, өркениетті ел қатарына қосылу үшін де өз халқының тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрып,салт-дәстүрін білуі қажет. Оның үстіне қай ұлттың өкілі болмасын, өзі өмір сүретін елдің әдеби, мәдени қазынасымен, тағылымымен таныс болғаны абзал. Қазақ халқының тәлімдік, танымдық рухани мұраларын адам бойына дарытуда қазақ тілі пәнінің мүмкіндіктері мол.Халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Халқымыздың рухани дүниесі – асыл мұраларымыз салиқалы сөздерден, өнегелі өсиеттерден, ақиқаты мол аңыз-әңгімелерден, даналық нақылдардан, ақын-жыраулардың жыр жолдарынан байып отырған.Қазақ халқының салт-дәстүрі сарқылмайтын кенмен тең. Салт-дәстүр дегеніміз – халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі. Одан біз халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Кешегіміз – тарихымыз, өткен жол – күрес жолы, даму жолы, адасу, сүріну,сабақ алу, өмірге дұрыс бағыт таңдау жолы. Өткеніміз – жинақталған халық даналығы, жақсы мен жаманды салыстыру арқылы іріктелген жинақтық.
Халық даналығының бесігі – сөз. Бала бақшасы мен мектебі, театры болмаған қоғамда сөз –ұрпақты тәрбиелейтін ең пәрменді құрал болып келгені белгілі. Қазақ халқының үй іші тәрбиесіне таңданған В.И.Даль 1832 жылғы 5 қарашада күнделігіне әділеттілік іздеп шаршаған, бірақ қайрат-жігерін жоғалтпаған сұңғақ бойлы, әдемі келген қыз Мәуленді даладан көріп: «Мидай дала… ешбір мектеп жоқ, кітап жоқ, айнала қараңғылық… бірақ Мәулен өте ғажайып тәрбиеленген» - деп, жазып қойған.

Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні

Орыс тілді ортада қазақ тілін оқыту барысында халықтық педагогиканы дәріптеудің маңызы өте зор. Себебі, әр азамат өз

Слайд 8Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық

эпостарда,
ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп

кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні - адамгершілік, имандылық, еңбек, дене, эстетикалық, сондай-ақ экономикалық, экологиялық және кәсіби, діни тәрбиелерді халық өзінің күнделікті өмір тіршілігі арқылы беріп отырған. Қазақ тілі сабағында тиісті өтілетін теориялық білімді меңгертіп қана қоймай, әр сабақта оқушы бойына еңбек сүйгіштік, адалдық, борыш, ар-ұят, адамдарға сабырлы қарым-қатынас, кішіге ізет, үлкенге құрмет сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ұлттық өнеге көмекке келеді. Кейбір сабақ барысында балаларды халқымыздың сан алуан жұмбақ, мақал-мәтелдерін қолдану арқылы бірлік, сыйластық, ынтымақтастық жөніндегі даналық сөздермен таныстырып, үй тапсырмасы ретінде: «Ырыс алды - ынтымақ», «Ел бірлігі – ел теңдігі», т.б. мақалдардың мазмұнын өз бетімен аударып, айтып беруді тапсырамын. Сондай-ақ, «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Қызға қырық үйден тыю», т.б. мақалдардың мәнін ашып және қосымша әдебиеттерден осы мағыналас мақал-мәтелдерді тауып, түсіндір деген тапсырмалар беру арқылы халықтың жастарды аймақ, әулет болып тәрбиелеуі халықтық педагогикада ерекше орын алатынына көз жеткіземіз. Қазақ халқы ұрпақ тәрбиелегенде ұлы мен қызының тәрбиесін екі бөліп жүргізуге тырысқан. Ұл тәрбиесі - әкеге, қыз тәрбиесі – шешеге байланысты деп шешкен. Қыз бала анасына тартады деген қорытынды жасап, ақылды әжелері, инабатты аналары бар ауылдың бойжеткенін көрмей-ақ құда түсу салтқа айналған. «Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген мақал бекерге айтылмаса керек.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен

Слайд 9Тіл мен мәдениет,
әдебиет пен тарих
тығыз байланысты тұтас жүйе

Тіл  мен мәдениет,әдебиет пен тарих тығыз байланысты тұтас жүйе

Слайд 10
Халықтың тұтас табиғатын түсіну үшін оның
бойындағы үш түрлі қазына көзін

міндетті түрде игеру керек:

Ұлттың тілі
Халықтың тарихы
Көркем әдеби мұрасы







Халықтың тұтас табиғатын түсіну үшін оныңбойындағы үш түрлі қазына көзін міндетті түрде игеру керек:Ұлттың тіліХалықтың тарихыКөркем әдеби

Слайд 11шығармашылық
әдеп
Терең ой
болжам
елестету
эмоция
шабыт
қиял
рухани азық
асыл сөз
Әдебиет әлемі

шығармашылықәдепТерең ой болжамелестетуэмоцияшабытқиялрухани азықасыл сөзӘдебиет әлемі

Слайд 12Тіл-
ұлттық қасиеттерді тұтастықта сақтаған жүйе
таным
талғам
Мінез
кәсібін
Салт- дәстүр
Сана-сезім
түсінік
Ұлттық психология
мәдениет
тарих

Тіл- ұлттық қасиеттерді тұтастықта сақтаған жүйетанымталғамМінез кәсібінСалт- дәстүрСана-сезімтүсінікҰлттық психологиямәдениеттарих

Слайд 13Сабақ беру- жай ғана өнер емес, жаңадан жаңаны табатын өнер.


Ж.Аймауытов
Сабақ беру- жай ғана өнер емес, жаңадан жаңаны табатын өнер.

Слайд 14
Шығарманы талдауда

не көзделіп жүр?


Оқушының туындыны қабылдауы,әсері, эмоциясы
Эстетикалық талғамының қалыптасуына сеп болу
Танымдық

қабілет, ойлау белсенділігін арттыру
Көркем шығарма бойынша талдау жасау, пікір айту



Шығарманы талдауда не көзделіп жүр?Оқушының туындыны қабылдауы,әсері, эмоциясыЭстетикалық талғамының

Слайд 15Проблемалық талдау
Әдеби айтыс- тартысқа жетелейтін
сұрақтар әзірлеуді қажет етеді

Проблемалық талдауӘдеби айтыс- тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді

Слайд 16Проблемалық талдау
Кейіпкер іс-әрекетіне баға береді
Өз жорамалын ұсынады
Ізденеді
Шешім қабылдайды
Салыстырады

Ойлау белсенділігі

артады

Проблемалық талдауКейіпкер іс-әрекетіне баға бередіӨз жорамалын ұсынадыІзденеді Шешім қабылдайдыСалыстырадыОйлау белсенділігі артады

Слайд 17Мағжан Жұмабаев.
“Батыр Баян”
поэмасындағы
ұлттық тәрбие негіздері

Мағжан Жұмабаев. “Батыр Баян” поэмасындағыұлттық тәрбие негіздері

Слайд 18
Алауыздық жалғасып әлі күнге,
Шірітуде түрмеде тәуірін де.
Дәл осылай Алаштың

арыстары
Азапты өмір сүріпті дәуірінде.

Соның бірі- Мағжандай тарлан ақын,
Шыдай алмай қысымға

зар қағатын.
Жырға толы жаралы жүрегімен
Алты алашқа қазақтың жайған атын

Алауыздық жалғасып әлі күнге,
Шірітуде түрмеде тәуірін де.
Дәл осылай Алаштың арыстары
Азапты өмір сүріпті дәуірінде.

Соның бірі- Мағжандай тарлан ақын,
Шыдай алмай қысымға зар қағатын.
Жырға толы жаралы жүрегімен
Алты Алашқа қазақтың жайған атын

Алауыздық жалғасып әлі күнге,Шірітуде түрмеде тәуірін де.Дәл осылай Алаштың арыстарыАзапты өмір сүріпті дәуірінде.Соның бірі- Мағжандай тарлан

Слайд 19


Сабақтың ойқазығы

Жалпақ жұртыңды құрметтеу
туған өлкеңнің

тарихын танудан,
батырларын ардақтаудан басталады.

Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың ойқазығы      Жалпақ жұртыңды құрметтеу

Слайд 201. Оқушы деңгейі.
Ой қозғау.

2. Алгоритмдік саты.
«Шынардан биік санам

бар»

3.Эвристикалық саты.
Сөз –жібек жіп, жыр кесте

4. Шығармашылық саты
«Алдым –жалын, артым

-өрт»

5. Әділеттің ақ жолы
ІҮ.Сабақты бекіту.
«Аманат- арға жүк»
Ү. Үй тапсырмасы.
«Егерде мен Баян болсам....»эссе жазу
1. Оқушы деңгейі. Ой қозғау.2. Алгоритмдік саты. «Шынардан биік санам бар»3.Эвристикалық саты.Сөз –жібек жіп, жыр кесте4. Шығармашылық

Слайд 212.Хронологиялық кесте.
1,2- топ

2.Хронологиялық кесте. 1,2- топ

Слайд 222. «Шынардан биік санам бар»
Поэма кейіпкерлеріне мінездеме беру
I топ


Абылай хан мен Ноянға мінездеме беру
II топ


Батыр Баян мен қалмақ қызына
мінездеме беру

2. «Шынардан биік санам бар»Поэма кейіпкерлеріне мінездеме беруI  топ Абылай хан мен Ноянға мінездеме беру II

Слайд 233. Сөз- жібек жіп, жыр – кесте

1-топ
Поэманың композициялық құрылысына сатылай

кешенді талдау жаса

2- топ
Поэмадан әдеби теориялық ұғымдарға

мысал келтір.
(теңеу, эпитет, метафора)

3. Сөз- жібек жіп, жыр – кесте1-топПоэманың композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау жаса 2- топ Поэмадан

Слайд 24Шығарма құрылысын сатылай кешенді талдау

1.Шығарма тақырыбы
2.Шығарма авторы
3.Жанр түрі
4.Оқиға орны
5.Оқиға кезеңі
6.Кейіпкерлері
7.Шығарманың

басталуы
8.Дамуы
9.Шиеленісуі
10.Шарықтау шегі
11.Шешімі
12.Идеясы
13.Тәрбиелік мәні

Шығарма құрылысын сатылай кешенді талдау1.Шығарма тақырыбы2.Шығарма авторы3.Жанр түрі4.Оқиға орны5.Оқиға кезеңі6.Кейіпкерлері7.Шығарманың басталуы8.Дамуы9.Шиеленісуі10.Шарықтау шегі11.Шешімі12.Идеясы13.Тәрбиелік мәні

Слайд 25Ақынның поэтикалық тіліне талдау

Ақынның поэтикалық тіліне талдау

Слайд 26Проблемалық сұрақтар
1. Батырлар жиналғаннан кейін де Абылай хан қай батырды

күтті?
2.Батыр Баянның кешігуінің сыры неде болды?
3.Баян Батырдың өз інісін

өлтіруі дұрыс па?
4.Қалмақ қызы неге Батыр Баянды емес Ноянды таңдады?
5.Батыр Баян Ноян мен қалмақ қызын қоя бергенде не болар еді?
6. Ноян қалмақ жерінде бақытты өмір сүрер ме еді?
Проблемалық сұрақтар1. Батырлар жиналғаннан кейін де Абылай хан қай батырды күтті?2.Батыр Баянның кешігуінің сыры неде болды? 3.Баян

Слайд 274. Фильмнен үзінді көру
5. «Алдым - жалын, артым - өрт»

Батыр

Баянның іс-әрекеті бойынша пікірталас
1-топ
Жақтаушы топ
2- топ
Даттаушы топ

4. Фильмнен үзінді көру5. «Алдым - жалын, артым - өрт»Батыр Баянның іс-әрекеті бойынша пікірталас1-топЖақтаушы топ2- топДаттаушы топ

Слайд 286. Әділеттің ақ жолы
Ноянның қалмақ қызымен қашып кетуі

ісіне байланысты сот отырысы

6. Әділеттің ақ жолы  Ноянның қалмақ қызымен қашып кетуі ісіне байланысты сот отырысы

Слайд 29«Батыр Баян»
поэмасы
Ұлттық рух
Ұлттық ұғым
Ұлттық болмыс
Ұлттық
дүниетаным
Ұлттық
салт-дәстүр
Тіл
айшықтары
Ұлттық қасиет
Ұлттық мінез
Ұлттық сипат

«Батыр Баян»поэмасыҰлттық рухҰлттық ұғымҰлттық болмысҰлттықдүниетанымҰлттықсалт-дәстүрТіл айшықтарыҰлттық қасиетҰлттық мінезҰлттық сипат

Слайд 30 Салыстыр
Батыр Баян
Тарас Бульба
Қалқаман- Мамыр
Ұқсастығы
Айырмашылығы

СалыстырБатыр БаянТарас БульбаҚалқаман- МамырҰқсастығыАйырмашылығы

Слайд 31

 Бұл тұста “сатқындық кешірілмейді” деген идея орыс жазушысы
Н.В.Гогольдің 1839-1841

жылдары жазылған “Тарас Бульба” повесіне арқау болғанын
еске саламыз. Шығармада Тарастың екі ұлы болғаны, үлкені Остаптың елі
үшін арпалысып , қолға түсіп, азаппен өлтіріледі де намысын, сақтай білгені,
сол үшін әке сүйіспеншілігіне бөленгені, ал кішісі  Андрийдің керісінше болып шыққаны белгілі.
Шығармада жау жақтың қызының азғыруына еріп,
өз адамдарына қарсы қол көтерген  Андрийді ұстап алғанда, әкесінің:   “Осынша азып сатыла ма екен? Именбедің,діннен біздің.
Ел-жұртыңнан бездің! Енді есеп берер кезің келген шығар ... Тоқта, түс аттан!”дегені,
артынша:“Тұр, тыпыр етпе! өзім туғыздым, енді өз қолыммен өлтіремін!”-деп,
атып өлтіргені мәлім. 
/Н.В.Гоголь Тарас Бульба. А. “Жалын” 1982.105-106 бет.Ауд/н:Т.Нұртазин/      Осы орайда Баянның ақтық шайқасқа ұмтылуын іні осалдығына,
қазасына шыдамау деп біржақты, үстірт түсінуге болмайды. Біздіңше,
Ноян тақсіреті Баянды ширықтырып, оның оқшау да ерен сұрапылға ұмтылуын
тездетуші ғана деп қабылдаған жөн.   Ал енді бастысы не десек, ол-орталық қаһарманның сатқынды кешірмеуге де,
Отан үшін өз жанын қиюға да дайын екендігі.
 Бұл тұста “сатқындық кешірілмейді” деген идея орыс жазушысы

Слайд 32 Ойталқы
Салт –дәстүрден аттауға да болмас,
Жүрек қалауын

тастауға да болмас.
Ноянның сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүргісі келгені
сеніңше

дұрыс емес пе?
ОйталқыСалт –дәстүрден аттауға да болмас, Жүрек қалауын тастауға да болмас.Ноянның сүйгеніне қосылып, бақытты өмір

Слайд 33ІҮ. Сабақты бекіту.
«Аманат- арға жүк»
Атамекен
Салт -дәстүр
Ана тілі
Ата –баба аманаты

ІҮ. Сабақты бекіту.«Аманат- арға жүк»АтамекенСалт -дәстүрАна тіліАта –баба аманаты

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика