Разделы презентаций


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Абылай хан атындағы қазақ

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдер университеті

Тақырыбы:

Чернобыль апатынан кейінгі сол өңірдегі өсімдіктер
мен жануарлар дүниесінің өзгерістеріне сипаттама

СРС

Тексерген: Кенжебаева Ш.К.
Факультет: ПФИЯ
Топ: 109 Орындаған: Исмаилова Б.

Алматы 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі       Абылай хан атындағы қазақ халықаралық

Слайд 2ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж.

сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның

елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.


ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ		ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч.

Слайд 3 Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы

шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті.

Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр. «Мир» станциясынан түсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27, 1997. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды.
Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион

Слайд 4Радиaция
Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті

заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады.

Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР Радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде Радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.  Сонымен адам өміріне өте қауіпті Радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
• Атом өнеткәсібі;
• Ядролық жарылыстар;
• Ядролық энергетика;
• Медицина мен ғылым. 
Радиaция		Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті

Слайд 5АПАТТЫҢ КЕЛТІРГЕН ЗАЛАЛЫ АЗ БОЛМАДЫ
Чернобыль атом электр станция­сын­дағы апатқа бүгін, сәуірдің

26-сы кү­ні 25 жыл толады. Бұл — келтірген зала­лы мен

салдары жөнінен ХХ ғасырда­ғы ең ірі техногендік радиациялық апат.Чернобыль атом электр станциясында­ғы 1986 жылғы 26-сәуірдегі апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде химиялық қорғау полкі құ­ра­мын­дағы 32 мың қазақстандық болды. Украин халқы Чернобыль апа­­ты­­ның зардабын жоюшылардың бә­рі­не әлі күнге зор ризашылықпен алғыс айтады. Олар өз денсаулығы мен өмі­рін қиып, украин халқының басына ауыр күн туғанда қасынан табылып, кө­мек көрсетті. Чернобыль апаты күл­лі адамзаттың қасіретіне айналды. Он­да қазір радиация деңгейі төмендеген­мен, қорғаныс шаралары әлі сол қалпын­да қалып отыр.
Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан мыңдаған біздің отандастарымыздың ерлігі мен жігері болмаса, апаттың ауқымы одан да үлкен болуы ықтимал еді. Олар өмірлерін, денсаулықтарын пида етіп, өз борыштарын орындады, адамдарды радиацияның зиянды әсерінен қорғады, радиацияның әрі қарай таралуына тосқауыл болды. Апаттың ізін суытпай жасалған және одан кейінгі жылдары жүзеге асырылған төтенше шығынды шараларға қарамастан Чернобыль атом электростанциясы әлі күнге дейін Еуропаның кіндігіндегі әлеуетті қауіп ошағы болып қалуда. Алдағы уақытта да жаңашыл технологиялар негізінде осынау қатерді барынша азайту ісі — баршаға ортақ мүдде болып қала береді. Зардап шеккен аймақтар экологиялық инфрақұрылымның құлдырауымен, еңбек ресурстарының сыртқа кетуімен, демографиялық жағдайлармен байланысты аса күрделі проблемаларды бастарынан кешіруде. Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан кейінгі қоршаған ортаның ахуалы халықтың өмір сүруін де шектеп отыр. Әсіресе, зардап шеккен аумақтарда тұрып жатқандардың, апат салдарын жоюға қатысқандардың денсаулықтары ерекше алаңдатуда. Зардап шеккен аймақтарды тұрақты дамыту және нақты экономикалық өркендету сияқты басты мақсаттар жаңа жобаларды, ғылыми негізделген шешімдерді, ауқымды материалдық шығындарды қажет етеді. Чернобыль апаты салдарының ауыр екендігін, оның әлі көптеген ұрпаққа әсер ететіндігін ұға отырып, апат салдарынан қаза болғандарға және денсаулықтарын жоғалтқандарға құрмет көрсете отырып, біз, яғни барша адамзат баласы апат салдарын барынша азайту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.

АПАТТЫҢ КЕЛТІРГЕН ЗАЛАЛЫ АЗ БОЛМАДЫ 		Чернобыль атом электр станция­сын­дағы апатқа бүгін, сәуірдің 26-сы кү­ні 25 жыл толады.

Слайд 6Радиоактивтік заттардың өсімдіктерге әсері
Малина жас өсімдігіне  радиоактивтік зат енгізілгенде ол

өсімдіктің сабағына, бұтағына, жапырақ жолақтарына көптеп жиналады. Радиоактивтік сәулелену  организмде

заттардың жылжуын, орын алмастыруын, санын, көлемін анықтауға мүмкіндік жасайды. Радиация өсімдіктер өнімін арттыруда ауыл шаруашылығында кең қолданылады. Тұқымдарды, картопты, жас жеміс ағаштарын отырғызардың алдында сәулелену әсерін өткізеді. Радиация арқылы жаңа сорттарды шығаруға мүмкіндік жасалынады, әр түрлі зиянкестерді құртуға, тыңайтқыштарды егіс даласына және т.б. салудың нағыз қолайлы мерзімін анықтауға пайдаланады. Қант қызылшасын себер алдында сәулелену әсерінен өткізгенде оның өнімі 40% өседі және құрамындағы қант 15-35%  — ке дейін жоғарылайды.

Радиоактивтік заттардың өсімдіктерге әсері		Малина жас өсімдігіне  радиоактивтік зат енгізілгенде ол өсімдіктің сабағына, бұтағына, жапырақ жолақтарына көптеп жиналады.

Слайд 7 Парникте өсетін редистің тұқымын себер алдында сәулелендіру нәтижесінде оның өнімін

25%-ке арттырған /320-400 кг дейін/. Сәулеленген тұқымдарда даму құбылысы жылдамдайды.

Топыраққа әлсіз радиоактивтік затты салғанда өнім жоғарылайды. Егер сәулеленудің үлкен мөлшері тірі организмге зиян болса, оның аз мөлшері, керісінше, тіршілік жағдайын күшейтеді. Арнайы жасалған гамма – сәулелену құралы арқылы бір сағатта бір тонна тұқымды сәулелендіруден өткізуге болады. Тұқымды  сәулелендіру үшін оның сортын, ылғалдылығын және т.б. жағдайларды еске алады, яғни әр организмге радиация мөлшері оның жағдайына байланысты арнайы түрде беріледі.
Радиоактивтік заттар арқылы топыраққа салған тыңайтқыштардың қалай және қанша көлемде өсімдіктермен сіңірілетінін зерттеп біліп, өсімдіктердің өмірін зерттеп, агротехниканы дұрыс қолдану мүмкін. Мысалы, фосфор – 32 радиоактивті жүзім сабағының түбіне салғанда өсімдікке тез сіңеді, ал ерітінді түрінде салғанда баяу, аз сіңеді.

Парникте өсетін редистің тұқымын себер алдында сәулелендіру нәтижесінде оның өнімін 25%-ке арттырған /320-400 кг дейін/. Сәулеленген тұқымдарда

Слайд 8 Апаттың алғашқы күнi бiрден 80 адам қаза болған. Ауруханаға апара

жатқан жолда 2 мың адам көз жұмған. Кеңестiк идеология оны

жасырып, 2-ақ адамның өлгенiн хабарлаған. Радиоактивтi элементтiң құрамында адам организмiнде рак ауруларын тудыратын цезий – 143, йод – 131 химиялық түзiлiмдерi болған. 1986 жылы 14-мамырда СОКП Орталық комитетiнiң Бас хатшысы Михаил Горбачев Орталық теледидар арқылы сөз сөйлеп, апаттың орын алғанын ресми түрде мәлiмдедi. Ол өз сөзiнде апатты жағдайдың орын алуына Батыс елдерiнiң ықпалы болғанын, оның түпкi мақсатында кеңестiк жүйеге қарсы озбырлық тудыру ниетiнiң жатқанын түсiндiрдi. 2000 жылы 5 маусымда Украина президентi Чернобыль АЭС-iнiң ресми жабылғанын жариялады. 1986 жылы қараша айында тұншықтырылған 4-блоктағы саркофаг ғайыптан саңылау берсе, оның зардабы орасан зор шығын әкелетiнi анық. Оны мәңгiлiкке жою үшiн 4 млрд.-қа жуық (доллар есебiмен) қаржы қажет. Әзiрше, 4-блоктағы реактор уақытша ұйқы құшағында көрiнедi. Чернобыль апатының куәсi ретiнде станса маңында күнi бүгiнге дейiн 500 тонна залалды ет тиелген 40 вагон-рефрижератор тұрған көрiнедi. Апатты күндерi Киев су қоймасынан су пайдаланған 150 мың адамның түрлi сырқаттармен ауыратыны анықталған. Олардың 60 мыңдайы – жасөспiрiмдер. Белоруссияның ауыл шаруашылығына жарамды 20 пайыз жерi апаттан кейiн пайдалануға жарамсыз болып, есептен алынған. Қазiргi уақытта 160 мың шаршы шақырым аумақтағы халықтың 45 пайызы түрлi аурулармен ауырады екен. Жапонияда орын алған қайғылы уақиғадан кейін цунами мен жер сілкінісі салдарынан болған атом электр стансаларындағы жағдайға орай әлемдік қауымдастық ең алдымен атом энергетикасының қауіпсіздігіне аса алаңдаушылық білдіріп отыр.    Бүгінгі таңда әлемдегі электр энергиясының 17 пайызы атом стансаларымен өндіріліп отыр. Сонымен қоса, жекелеген мемлекеттерде атом энергетикасының үлесі энергобаланстың 50 пайызынан асады. Мәселен, Францияда мұның үлесі 77 пайызға жеткен. Сондай-ақ бүгінгі күні дүние жүзінде 439 ядролық реактор жұмыс істеп тұрса, 136-сының құрылысы жобаланған. Атом стансасының ең үлкен паркі АҚШ-та. Алдағы уақытта әлемнің 50-ден астам мемлекеті атом стансаларын иеленеді деп болжанады. Қазіргі күні Қытай, Үндістан, Жапония елдерінде АЭС құрылысы бойынша ауқымды бағдарламалар қабылданған. Қазақстанға келер болсақ, былтыр елімізден 17700 тонна уран экспортталған. Биылғы жылы аталған көрсеткішті 20 мың тоннаға, ал 2020 жылға қарай оны 25 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Бұл жоба бұдан әрі дамытылу үстінде. Соңғы уақыттары біздің елімізде де АЭС салу мәселесі жан-жақты әңгіме арқауына айналуда. Жаңа АЭС-ке Ресейдің атом сүңгуір қайықтарының реакторын әкеп қоймақшы көрінеді. Бұл әрекет атом энергиясын пайдалануға қарсылық күшті болып отырған кезде орын алып отыр. Егер бұл мәселе шындыққа айналса, Айленд (АҚШ), Чернобыль және Фукусима АЭС-терінде болған жарылыстар сабағы ескерілуі тиіс. Жалпы, жоғарыдағы апаттардың зардабынан адамзат баласы әлі де айығар емес.
Апаттың алғашқы күнi бiрден 80 адам қаза болған. Ауруханаға апара жатқан жолда 2 мың адам көз жұмған.

Слайд 9 Жалпы, Чернобыль АЭС-i 1970 жылы салына бастаған. Стансаға графиттi –

уран реакторы қойылып, оның қуаты 3200 Мвт. құраған. Орасан зор

қуатқа ие реакторды салушылар әу баста оның қауiпсiздiгiн айтып, автоматты түрде апатты болдырмайтын жүйенi жобалауды ескермеген. Станса жобасын Мемлекеттiк комиссия қабылдап, МАГАТЭ халықаралық ұйымы бекiткен. 1977 жылы стансаның 1-ші, 2-ші блогы iске қосылған. Араға алты жыл салып, реактордың 3-ші, 4-ші блогы салынған. АЭС алғашқы электр энергиясын берiп үлгермей жатып, апат орын алған. 1983–1985 жылдары АЭС-те бес бiрдей апат орын алып, 63 рет негiзгi құрылғы iстен шыққан. Мұның өзi ерте ме, кеш пе, АЭС-те орасан зор апаттың болатынын ескерткен. Алайда өздерiне сенiмдi мамандар мұндай әрекеттiң болуы мүмкiн емес деген үстiртiн ойдан шыға алмаған. Ядролық реактордың жалыны 300 метрге көтерiлген. Жарылыс кезiнде салмағы 1 тоннаға жететiн темiр жабулар әуеге ұшқан. Атом отыны жалғанған 1661 канал ашық аспан астында қалып, атмосфераға араласып, жел бағытымен үдере көшкен. Жарылыс кезiнде кешенде 4500 адам жұмыс iстеген. 4 реактордағы өрттi ауыздықтау 8 күнге созылған.
Жалпы, Чернобыль АЭС-i 1970 жылы салына бастаған. Стансаға графиттi – уран реакторы қойылып, оның қуаты 3200 Мвт.

Слайд 10 Қорытынды:

Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол

заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына

қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. Радиациялық ластанудың баска ластанудан көп айырмашылығы бар. Қысқа толқынды электрмагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөліп шығаратын тұрақсыз химиялық элементтердің ядросы - радиактивті нуклидтер. Міне, осы бөлшектер мен шығарылған сәулелер адамның организміне түскенде жасушаларды (клеткаларды) бұзады, соның нәтижесінде түрлі аурулар пайда болады. Радиациялык ластанудың негізгі көздері - альфа, гамма және бэта, сиякты радиоактивті сәулелер. Ионданған сәулелер адам, жануар организмдерінде ақуыз, фермеш жоне басқа да заттардың өзгеруіне, яғни сәуле ауруының дамуына әкеліп соғады. Сәуле ауруы өзінен алынған сәуленің мөлшерше қарай ауыр және созылмалы болып бөлінеді. Адамдар екі-үш рет сәуле алғанда ауыр сәуле ауруына ұшырайды, ал аз мөлшерде адам ұзак уакыт сәуле ауруына шалдығады. Қабылданған мөлшеріне карай сәуле ауруы төрт түрлі дәрежеде болады: 1-дәрежесі жеңіл түрі - 100-200 рентген мөлшерінде; 2-ші дәрежесі орташа - 200-300 рентген; 3-ші дәрежесі ауыр - 300-500 рентген мөлшерінде: 4-ші дәрежесі өте ауыр - 500 рентгеннен астам мөлшерде сәуле алған кезде болады. 
Қорытынды: 		Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне

Слайд 11Пайдаланған әдебиеттер
1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология «Алматы» 2009,

- 385 бет.
2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша

таным ,- Павлодар, 2008. – 271 бет.
3. Ж.Жатқанбаев Экология негіздері «Алматы» 2003, - 511 бет.
4. «Радиация және өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000., - 338 бет.
5. Молахметов З.М. , Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д., Экология негіздері «Қарағанды» 2002, - 475 бет.
Пайдаланған әдебиеттер 1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология «Алматы» 2009, - 385 бет. 2. Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық

Слайд 12Глоссарий
Радиация — иондану сәуле шығаруы; Радиация - жылулық сәуле шығаруы; Күн

радиациясы — электромагнитты және корпускулярлық табиғаты бар Күн сәулелерi; Радиация — сәуле шығаруға синоним.
Радиациялық

сәулелену — иондаушы сәулелердің түрлі объектілерге әсері. Радиациялық сәулеленудің көздері: ядролық жарылыс, жарылыс кезінде немесе басқа жағдайларда пайда болатын және жергілікті жер (акватория) мен атмосфераны зақымдайтын радиоактивті заттар болыл келеді.
Радиацияға қарсы препараттар — адам ағзасына радиактивтік сәулеленудің зиянды әсер ету деңгейін төмендету үшін қолданылатын медициналық және химиялық препараттар.
Радиациялық жағдай — қарсыластын ядролық және радиологиялық қаруды қолдануы салдарынан қалыптасатын жағдай; ұрыстық жағдайдың элементі. Радиациялық жағдай жергілікті жер, акватория, әуе кеңістігі және әскерлердің қимылы мен жауынгерлік мүмкіндігіне, өнеркәсіп объектілері мен елді мекен тұрғындарының тіршілігіне ықпал ететін әр түрлі объектілердің радиоактивті зақымдану көлеміне қарай анықталады.
Радиациялық қауіп — радиоактивтік зақымдану қаупі туралы халықты алдын ала сақтандыру үшін берілетін азаматтық қорғаныс сигналы.
Атом ядросы — протондар мен нейтрондардан (нуклондардан) құралатын атомның ең ауыр, орталық бөлігі.


ГлоссарийРадиация — иондану сәуле шығаруы; Радиация - жылулық сәуле шығаруы; Күн радиациясы — электромагнитты және корпускулярлық табиғаты бар Күн сәулелерi; Радиация

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика