Слайд 1Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресіндегі» араб және парсы сөздерінің қолданылу
ерекшелігі
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
Слайд 2Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы – (8.ІV.1976 ж. – Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
Көлтоған ауылы). Филология ғылымдарының кандидаты.
2007 ж. бері А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер болып еңбек етіп келеді.
2007 жылы ғалым Б.Әбілқасымовтың жетекшілігімен “Әбілғазы баһадүр ханның “Түркі шежіресіндегі” араб және парсы сөздерінің қолданылу ерекшелігі” атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған.
“Түркі шежісерінің тезаурус сөздігі” мен “Жамиғат тауарихтың тезаурус сөздігінің” авторларының бірі. Айналысатын салалары: түркітану, тіл тарихы, тарихи грамматика, тарихи лексикология, жазба ескерткіштер тілі.
Слайд 3«Шежіреде» кездесетін араб-парсы сөздеріне сандық есептеу жүргізу арқылы біз Әбілғазы
ханның араб және парсы сөздерінен қолданудағы өзіндік ерекшелігі:
Слайд 4Aраб және парсы сөздеріне де түсінік беріп отырады. Мәселен, адам
«адам араб тілі тұрұр, араблар йерінің қыртышыны адам дер» деп
жазады. Яғни оның себебін Құдай тағала адамды жер бетінен алынған топырақтан жасағаннан деп түсіндіреді. Идрис атауының да дәріс сөзінен шыққандығын көрсетеді. Шестің мағынасы ғабат аллах тимек болұр (Құдайдың құлы) дейді.
Слайд 5«Шежіредегі» араб және парсы сөздері лексика-семантикалық ерекшеліктеріне қарай үш топқа
бөліп қарастырылады:
Бірінші топқа мағынасы өзгеріске түспеген сөздерді жатқызуға болады. «Шежіреде»
беретін мағынасы мен қазіргі қазақ тіліндегі мағынасы сол күйінде сақталған араб және парсы сөздері – шығарма тілінің негізгі арқауы: әділ, азап, айла, арзу, бақ, дана, дұшпан, дос, дарбаза т.б. атауға болады. «Шежіре» тілінде абстракт ұғымдарды білдіретін сөздер негізінен араб элементтері болып келеді. Ал парсы сөздерінің басым көпшілігі тұрмыстық зат атауларына қатысты жұмсалған. Мұның себебін түркі халықтарының көп жылдар бойы парсылармен көршілес отырып, тікелей қарым-қатынас жасауымен байланыстырамыз.
Слайд 6Екінші топқа мағынасы кейбір өзгерістерге ұшыраған сөздерді жатқызуға болады. «Шежіреде»
пуст сөзі кездеседі. Парсы тілінде пуст кожа, шкура, кора, скорлупа
мағынасын берсе, «Шежіреде» шапан мәнінде жұмсалған.
- Бір кече йарым ахшам еркек ұғлан тұғұрды атасының пустының етегінден кесіб алды тағы ұғланны чырмаб үйінің кеніде йалқұн ічінде йылатұб қойды Атасының пустының етегіндін кесіб алды.
Кейбір араб және парсы сөздерінің өздерінің әдеби тілінде бірнеше мағыналары болатыны белгілі. Уақыт өте бір тілден екінші тілге ауысқан сөздердің мағыналары тарылады, яғни бір немесе екі мағынада ғана қолднылады.
«Шежіре» тіліндегі әсәр сөзінің араб тілінде көп мағынасы бар: 1) Із, белгі; 2) Аңыз, көне заманның ескерткіші; 3) ықпал; 4) әсер, эффект; 5) шығарма, еңбек (әдеби, ғылыми) т.б. Шығармада бұл сөз екі мағынада қолданылған. Бірі әсәр уа әләумәт (із және белгі) және екінші мағынасы әсер ету, ықпал ету мәнінде жұмсалған.
Слайд 7 Үшінші топқа қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін, қолданылмайтын араб және
парсы сөздері жатады. «Шежіре» тілінде араб тіліне қатысты мынадай сөздер
бар: хәмлә (жүкті), зағифа (әйел), бинеһаиат (шексіз), инғам (сыйлық), мұхтасар (қысқаша айтқанда), ғажражи (көну), уасел (есіткен, білген), сабахи (кінәлі), шайе (таралу) т.б.
- Ол ұрұш тамам Қарқын уа Харасан уа Мауренахрда шайе болды. Хатұнұм хәмлә ерді тұғырды. Лафазы мұхтасар болса һәм мәһнәсы мұхтасар ермес ерді.
Слайд 12«Шежіре» тіліндегі синтетикалық жолмен жасалған араб және парсы туынды сөздері:
1.
-вар жұрнақтары зат есімге жалғанып, адамның белгілі бір қасиетке ие
екендігін, бейімділігін білдіретін туынды сын есім жасайды. Мәселен, дәулет-мәнд, донеш-мәнд, умид-вар т.б.
Қазіргі қазақ тілінде осы -мәнд, -вар, -умәнд жұрнақтарынан қалыптасқан атаман, данышпан, қаһарман, сөзуәр т.б. сөздер бар.
-ане – зат есімге жалғанып, туынды сын есім жасайды. Мәселен, мард-ане (ерлік), енаиат падишах-ане (құрметтілік), див-ане (дуана, ақылынан адасқан), баһ-ане (себеп), ғайб-ане (сырттай), мархамат хусрау-ане (рақымшылық), т.б.
3. -һәм – бірлестік есімдігінің жұрнағы. Мәселен, һәм-рох (жолдас, серік, бірге).
4. -дар – белгілі бір іс-әрекет иесінің қалпын, болмысын білдіреді. Мәселен, сәр-дар (басшы), чорпо-дар (малды), хабар-дар т.б.
5. -е – өте өнімді жұрнақ, зат есімдерге жалғанып, кішірейту мағыналарын білдіреді. Парсы тілінде чашм (көз), чашм-е (бұлақ).
6. -ар – өткен шақ етістіктің түбіріне жалғанып, етістіктерде айтылған іс- әрекет иесінің және қимыл қозғалысының атауын білдіреді. Рафтар (мінез-құлық, жүріс-тұрыс), герофтар-кіріптар (ұсталған) т.б.
Слайд 17Тұжырым
Айнұр Аташбекқызының бұл еңбегінде, Әбілғазы баһадүр ханның «Түркі шежіресіндегі» сөздерді
араб және парсы тілдері тұрғысынан лексика-семантикалық топтарға жіктеп, сөздердің қолданыстық
аясын сандық көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Тілдегі өзгеріске ұшыраған немесе кірме сөздердің себептерін көрсетуге жеке тоқталып, кейбір сөздердің шығу тегі жайлы мәліметтер беріледі. Тілдің барлық саласына байланысты талаптарды орындай отырып, әрқайсысына жеке мысалдар келтіріп, қарапайым түсінікті тілмен жеткізе білген. Тілдің ішкі әрі сыртқы құрылымдарына қатысты жан-жақты жазылған.
Слайд 18Орындаған: Құрбанбаева Шарипа
Қазақ филологиясы, 3 - курс