Патша оны уәзірлеріне егуге бұйырады. Дән бір жылда өсімдік болып
жайқалып өседі. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш – төрт жылдан кейін жеміс береді, бәрі таң қалып, күтеді. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге патша жүрексінеді. Сонан соң патшаның әмірі бойынша шыны ыдысқа салып қойып, біраз күннен кейін, одан мөлдір сұйық пайда болғанын көрген уәзірлері патшаға көрсетеді. Патша тұтқында жатқан бір сорлыны әкеліп, соған ішкізеді. Бір кесе ішеді, екіншісін береді. Үшіншісін тұтқында жатқан адам сұрап ішеді. Соңында ән салады. Бейжай күйге түседі. Ең соңында патшаның тағын сұрайды да, шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Ертеңіне әлгіні шақырып сұрағанда, рахатқа батқандығын айтады.Әңгіме қандай сұйықтық туралы?