Разделы презентаций


ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР.

«... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 ЕСКІРМЕЙТІН

ЕСТЕЛІКТЕР

ЕСКІРМЕЙТІН          ЕСТЕЛІКТЕР

Слайд 2«... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған

ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым

деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...»
Нұрсұлтан Назарбаев
«... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті

Слайд 3 ХХ ғасырдың соңында әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды.

Сол құрылған Қазақстан атты тәуелсіз мемлекеттің бастауында тұру бақыты Нұрсұлтан

Назарбаевтың тағдырына жазылған. Президент ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлғаға айналды.
ХХ ғасырдың соңында әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Сол құрылған Қазақстан атты тәуелсіз мемлекеттің бастауында

Слайд 5ТЫҢДАЛЫМ

ТЫҢДАЛЫМ

Слайд 7«Елбасы жолы»

«Елбасы жолы»

Слайд 9Болат Назарбаев, Елбасының інісі, өзінің «Аға» атты кітабында мынадай естелік

жазады: «Әкеме құдай Әлжандай жар, Нұрсұлтандай ұл сыйлады»

«Әкем Әбіш бау-бақша

өсірудің білгірі еді ғой. Алма ағашына алмұрт ағашын будандастырып, бір ағаштан бірнеше түрлі жеміс ала беретін. Бұған ауылдастарымыз таңқалатын. Әкем ағаш өсірудің қыр-сырын өзгелерге де үйретуден жалыққан емес.

Ағашты қай кезде қазып алу, қай уақытта отырғызу пайдалы екенін де жақсы білетін. Сұраушы жалықпаса, түсіндіруден әкем жалықпайтын. Кеңпейіл адам еді. Жұртқа болсын деп тілеп отыратын. Осы пейіліне қарай Құдай жарылқады әкемді. Әлжандай жар берді. Нұрсұлтандай ұл сыйлады. Біздің шаңыраққа осыдан кейін-ақ бақ қонды. Қыдыр дарыды.»

Болат Назарбаев, Елбасының інісі, өзінің «Аға» атты кітабында мынадай естелік жазады: «Әкеме құдай Әлжандай жар, Нұрсұлтандай ұл

Слайд 10 Шара Қатубаева, Елбасының туысы.
«СЕНІҢ МӘРТЕБЕҢ БӘРІНЕН БИІК, НЕСІБЕҢ ТҰЗДАЙ

КӨП БОЛАДЫ» ДЕДІ АНАСЫ
-Журналист: Нұрсұлтан ағаның көрген ғажап түсін тағы

да қайталап айтып беріңізші...
-Мына Шұбараттың төрінен Алакелді деген тік жол арқылы Үшқоңырға жаяу шығуға болатын. Сол жолмен бала күнімізде жаяу шығатынбыз. Ертеңгісін шығып кетіп, жаз болса бүлдіргенімізді теріп, қайтып келетінбіз. Жетінші сыныпта оқып жүргенбіз. Таңертеңгі шәйға отырғанымыз сол еді, Сұлтан: «Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім», - дегені. Әлжан жеңешем: «Қандай түс көрдің?» - деді елең етіп.

Нұрсұлтан:
Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққан соң ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төме -е–ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім, -деді. Сонда жеңешем:
Балам, сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең өте жоғары болады екен. Несібең елден көп болады екен. Тұз деген - өте жақсы нәрсе. Алла тілеуіңді берсін, балам, мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен! – деп жорып, ақ батасын берді. Сұлтанның сол көрген түсі әлі есімнен кетпейді. Арада елу жыл өткеннен кейін де жеңешем түсті дұрыс жорыған екен-ау, деп ризашылықпен еске алып қоямын.

Шара Қатубаева, Елбасының туысы.«СЕНІҢ МӘРТЕБЕҢ БӘРІНЕН БИІК, НЕСІБЕҢ ТҰЗДАЙ КӨП БОЛАДЫ» ДЕДІ АНАСЫ-Журналист: Нұрсұлтан ағаның көрген

Слайд 11Күләш Әмірова, Елбасының сыныптасы.
Ескі үйіміз болатын, кешкісін соның ауласында

күйеуіміз екеуміз әңгімелесіп отырғанбыз. Қарасам, Нұрсұлтан келе жатыр. Мектеп бітіргенімізге

бес-алты жыл өтіп кеткендіктен сағынысып қалған екенбіз. Келіп менімен құшақтасып көрісіп тұрып: «ой, Күләш, сенің біздің ауылға келін болып түскенің қандай жақсы болған!» - деді қуанып.

Сол сөзі әлі күнге дейін есімнен шықпайды. Бір дөңгелек үстеліміз бар еді, соған нан турап, қантпен шай ішіп, мәз болыстық. Сонда әңгімелесін айтып отырып, «біз 42 адам бітірдік қой, Күләш» деп қалды. Шынымды айтсам, мен сол уақытқа дейін бізбен бірге неше бала мектеп бітіргенін білмейді екенмін.

Күләш Әмірова, Елбасының сыныптасы. Ескі үйіміз болатын, кешкісін соның ауласында күйеуіміз екеуміз әңгімелесіп отырғанбыз. Қарасам, Нұрсұлтан келе

Слайд 12

ҚАРА НАННЫҢ ДӘМІ




Слайд 13.....Мені құлқын сәріден оятар еді, мен арбаға есек жегіп, жұмысшы

қалашығындағы (қазір онда Қарғалы мәуіті-шұға комбинаты бар) ертеңгі сағат алтыда

ашылатын дүкенге уақтылы жету үшін ауылдан асыға шығатынмын. Шұбатылған ұзақ кезекке тұрамын. Егер алды-артымда тұрғандар тыныш болып мені кезектен итеріп шығарып жібермесе, ұлы сәскеде нанға ілігемін. Қап- қара нан, салмақты, қолды сәл батырсаң, қабығында саусақтардың ізі қалатын. Үйге бірден он бөлке әкелу үшін кезекке екі, кейде үш қайтара тұратын едім. Мұндай нанды ұзақ сақтауға болмайды. Бөлкелерді турап-турап, кептіру үшін күн көзіне қоятынбыз. Бұл бәріміз үшін зор қуаныш болатын. Алайда анда-санда - сиыр бұзаулағанда нағыз мейрамға кенелетінбіз. Әдетте оның сүтін талшық ететінбіз. Айран ұйытып, жүгері талқанын шылап жейтінбіз. Егер сол нәпақа болмағанда күніміз қараң болатыны кәміл еді. Біздің үй ғана емес, айнала төңіректердің бәрі осылай тірлік ететін.
.....Мені құлқын сәріден оятар еді, мен арбаға есек жегіп, жұмысшы қалашығындағы (қазір онда Қарғалы мәуіті-шұға комбинаты бар)

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика