Слайд 1«Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» кафедрасы
Такырыбы:Химиялы-фармацевтикалық өндірістеріндегі технологиялық құралдарға және құрылыс конструкцияларына
зиянды физико-химиялық факторлардың әсері
Орындаған: Төлеш Н
Группа: ВФӨТҚ-02-15
Қабылдаған: Махатов Ж
Шымккент, 2018
Слайд 2
Жоспар
Химиялық өнеркәсіптегі еңбек гигиенасы.
Өндірістік
травматизм.
Слайд 3Химия өнеркәсіп орындарындағы еңбек гигиенасы
Слайд 4Сауықтыру шараларының негізгі бағыттары
Кәсіпорындардағы сауықтыру шараларының құрамында ұйымдастыру-технологиялық, гигиеналық, санитариялық-техникалық,
емдеу-алдын алу сипаттағы шаралар болуы тиіс.
Қазіргі уақытта химия өнеркәсібінде
ұйымдастыру-технологиялық сауықтыру шараларының ішінде кең қолданылатыны:
улы заттарды улылығы аз заттармен алмастыру;
шаңды материалдарды өңдеудің құрғақ әдісін ылғалды әдіспен ауыстыру;
соңғы өнімді шаңсыз түрінде шығару;
жұмысшылардың зиянды заттармен жанасуын болдырмайтын өндірістің прогрессивті технологиясын қолдану;
өндірістік бөлме ауасы және зауыт алаңының атмосферасына зиянды зат бөлінуін болдырмайтын коммуникация және жабдықтарды пайдалану;
технологиялық процесс регламентінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
Слайд 5Сауықтыру шараларының негізгі бағыттары
Вакуум немесе төмен қысымды процестерді қолдану, ескірген
жабдықтарды өз уақытында ауыстыру, технологиялық процестің тәртібінің бұзылуымен күрес жүргізу
және технологиялық регламенттердің қатаң сақталуына көп көңіл бөлінуі тиіс.
Гигиеналық сипатты сауықтыру шаралары химиялық заттардың жаңа токсикологиялық бағалануына, шикізат және дайын өнімді стандарттау, ауадағы зиянды заттарға әрдайым бақылау жүргізуге негізделетінін есте сақтау қажет.
Слайд 6Өндірістік жарақаттану және оның алдын алу
Өндірістік жарақаттану кәсіпорында механикалық, физикалық,
химиялық факторлардың әсер етуі нәтижесінде кенеттен пайда болған тіндердің зақымдалулары,
ағзаның немесе мүшенің қызметінің бұзылуы болып табылады. Оларға жарақаттар, терінің сыдырылуы, соғылулар, сынықтар, қан құйылу, сіңірлерінің үзіліп кетуі, дененің немесе оның бөліктерінің компрессиялық жаншылып қалуы, термиялық және химиялық күйіктер, электр тоғының соғуы, дабыл жарғағының жарылып кетуі, көзге бөгде денелердің (зат) түсуі және т.с.с. жатады.
Слайд 7Жарақаттардың дамуына қауіпсіздігі тұрғысынан жетілдірілмеген өндіріс үрдісінің технологиясы, жеткіліксіз механикаландырылуы,
еңбекті ұйымдастырудағы, техникаларды пайдаланудағы талаптардың өрескел бұзылулары, қауіпті нысандардың қоршалмауы,
жұмысшыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін оқыту мен нұсқаунама жүргізілуіне нашар аз бақылау жасалуы, жұмысшылардың өздері оларды орындалмауы ықпал етеді.
Слайд 8Жұмыс бөлмелерінің аудандары өндірістік үрдістің талаптарына сәйкес келмеуі, тар өткелдер
мен жолдар, зауытішілік транспорттың жұмысын, тиеу және түсіру жұмыстарын дұрыс
ұйымдастырмау жарақаттанулардың даму қауіп-қатерін күрт жоғарылатады.
Қолайсыз гигиеналық жағдайлар да жарақат алу мүмкіншілігін анықтайтын жанама факторлардың бірі болып табылады. Мысалы, дене қыздыратын немесе салқындататын микроклимат жағдайларында, бөлмелерге, көруді нашарлататын, жеткіліксіз жарық түсуі, қимыл-қозғалысқа кедергі жасайтын ауыр арнайы киім киіп жұмыс істеу, шудың, уландыратын заттардың деңгейі жоғары, еңбек үрдістері едәуір ауыр және қауыртты болған кезде жұмысшының реакциясының жылдамдығы мен ширақтығының және зейін қоюының төмендеуіне, көріп қабылдауының қиындауына, қажуға, жұмыс кезіндегі абайсыздыққа алып келеді, осыған байланысты жарақаттану қаупі де өседі.
Слайд 9Кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін өндірістік үрдісті, еңбек іс-әрекеттерін,
зауытішілік көліктерді көпір крандар, конвейерлер мен транспортерлер және т.б. түрінде
тегіс автоматтандыру және механикаландыру керек. Механикаландыру және автоматтандыру жарақаттануды төмендетудің ең бір радикалды шарасы болып табылады.
Сонымен бірге еңбек үрдісін, жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, машиналар мен қондырғылардың қауіпті жерлерін сенімді түрде қоршау, тек қауіпсіз жұмыс жағдайында ғана механизмді іске қосатын блоктау жүйесін қолдану да аса маңызды.
Кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанудың алдын алу
Слайд 10Жарақаттанулар дамуының алдын алатын міндетті шарттарының бірі жұмысшылардың қауіпсіздік техникасы
сұрақтары бойынша сауаттылығы, үнемі жеке басты қорғайтын заттарды қолдану жатады.
Бұл тұрғыда жаңадан келгендерге қауіпсіздік техникасы жөнінде жұмысқа міндетті түрде кіріспе нұсқаунама, сондай-ақ жұмыс істеушілерге кезеңдік нұсқаунама жүргізіп тұру айтарлықтай рөл атқарады. Жұмысшылар арасында цех дәрігерлері, орта медициналық қызметкерлер жүргізетін санитарлық-ағарту жұмыстарының да рөлін кемітпеу керек. Дәрістер оқу, сұқпаттасу, жарақаттанулар жөніндегі материалдармен көрмелер ұйымдастыру жарақаттанудың алдын алу жөнінде көрнекі білім алуына мүмкіндік береді.
Жарақаттанулар дамуының алдын алатын міндетті шарттар
Слайд 11Медицина қызметкерлері кәсіпорын әкімшілігімен, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдармен, СЭБ мекемелерімен
бірлесіп жұмысшылардың еңбек және тұрмыс жағдайларын сауықтыру, жарақаттанулардың алдын алу
жөнінде шаралар жоспарын жасауы тиіс, өндірістік жарақаттану мен уланудың себептерін тексеруге қатысуы керек, қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек жағдайына, жұмысты ұтымды етуге, жұмыс орнының ұйымдастырылуына бақылау жүргізуі тиіс.
Қорытынды
Слайд 12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Күзембаев С.Б., Исағұлов А.З., Канунникова С.Г.
Құю жабдығын жобалау: Оқу құралы – Қарағанды : ҚарМТУ, 2003.
– 139 б.
2 Күзембаев С.Б.,Кипнис Л.С., Исағұлов А.З. Құю цехының құрал-жабдықтары, Машиналар мен механизмдер есептеу негіздері: Оқу құралы: –Қарағанды: ҚарМТУ, 2001. – 59 б.
3 Лапин В. Л., Сердюк Н.И. Охрана труда в литейном производстве – М.: Машиностроение, 1990. – 128 с.
4 Матюхов В.Г. Техника безопасности в литейном производстве. – М.: Высш. шк., 1980. – 94 с.
5 Сперанский Б.С., Туманский Б.Ф. Охрана окружающей среды в литейном производстве. – Киев; Донецк: Вища шк. Головное изд-во, 1985. –80 с.
6 Трудовой кодекс Республики Казахстан: закон Республики Казахстан от 15 мая 2007 г. №251-ІІІ; с изм. и доп. от 27 июля 2007 г. №315-ІІІ и №320-ІІІ. – Введ. с 22.05.2007 г. – Алматы : Юрист, 2007. – 112 б.
7 КеАҚ СТ 38944979– 09–2015. Мәтінді және сызбалық материалдардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар. – Алматы, 2015