етуіне қарай 2 топқа бөлінеді:
өсімдіктердің барлық түріне әсер ететін -
өндіріс орындарының айналасында, орманда ағаш кесілетін бөлігінде, жол , тоғандар, сүрі танаптарда өсімдіктің барлық түрін жоюға қолданылады (раундап, баста);іріктеп (талғап) әсер ететін - өсімдіктің бір түрін ғана жояды, басқаларына әсер етпейді, мәдени дақылдарды арам шөптерден тазарту үшін пайдаланылады (астық егістігінде 2,4-Д, 2М-4Х, лонтрел; майбұршақ - пивот; қант қызылшасы – бетанал, дуал).
. Әсер ету және қолдану әдістеріне қарай 2 бөлінеді:
тікелей жойғыш - арам шөптерді тікелей уландырады, өсімдік тез солып, қурайды;
жүйелік - өсімдіктің сабақтары мен жапырақтары арқылы бүкіл өн бойына тарап уландырады, сондықтан бүл топ гербицидтері тамыры ұзын және көп жылдық арам шөптерге қарсы қолданылады.
Гербицидтер ретінде органикалық және бейорганикалық заттар қолданылады, кейде бірнеше препараттар қосылысын пайдаланады. Қазіргі кезде қосылыстардың 1000-нан аса түрлері белгілі. Инсектицидтерге қарағанда жылы қандыларға, құстарға, балықтарға уыттылығы аз деп есептеледі (А.П.Карпенко, 1981).
Бірақ топырақта ұзақ уақыт сақталып, сыртқы ортаны ластауы мүмкін, әсіресе пиклорам, сим-триазиндер, 2М-4Х және хлорфеноксиқышқылдары.