Разделы презентаций


КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ

Содержание

Тiлiмiзде бiраз сөздер сөзге қосымша мағына үстеу үшiн жұмсалып, грамматикалық амал ретiнде қызмет атқарады.Олардың өздерiне тән лексика – грамматикалық мағыналары бар. Олар тiлдiң бүкiл даму тарихында кейбiр есiм, етiстiк формаларының бастапқы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫ
Молгаждаров Қасиет Кәкенұлы.
Филология

ғылымдарының кандидаттық диссертация.

КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫМолгаждаров Қасиет Кәкенұлы.Филология ғылымдарының кандидаттық диссертация.

Слайд 2
Тiлiмiзде бiраз сөздер сөзге қосымша мағына үстеу үшiн жұмсалып, грамматикалық

амал ретiнде қызмет атқарады.Олардың өздерiне тән лексика – грамматикалық мағыналары

бар. Олар тiлдiң бүкiл даму тарихында кейбiр есiм, етiстiк формаларының бастапқы лексикалық мағыналары бiрте – бiрте әр түрлi дәрежеде солғындап немесе жоғалып, әр алуан грамматикалық мағыналарды иеленiп қалыптасқан. Шылаулардың лексика – грамматикалық мағыналары жеке тұрғанда абстракты болғанымен сөз аралықтарында конкреттенiп отырады
Тiлiмiзде бiраз сөздер сөзге қосымша мағына үстеу үшiн жұмсалып, грамматикалық амал ретiнде қызмет атқарады.Олардың өздерiне тән лексика

Слайд 3Жалпы шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым. Орхон

– Енисей және Талас ескерткiштерiндегi шылаулардың атқаратын қызметтерi өзiндiк ерекшелiктерiмен

әр түрлi дәрежеде көрiнедi.
Жалпы шылаулардың грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым. Орхон – Енисей және Талас ескерткiштерiндегi шылаулардың атқаратын

Слайд 4Қазiргi түркi тiлдерiнiң кейбiрiнде қазақ тiлiнде жоқ формалары (қоды, ұдұ,азу)

сақталынған. Мәселен, қоды сөзiнiң қызметiн қазақ тiлiнде бойы тұлғалы шылау

атқарады. Азу тұлғалы шылаудың орнына әлде формасындағы шылау жүретiндiгi сияқты.
Қазiргi түркi тiлдерiнiң кейбiрiнде қазақ тiлiнде жоқ формалары (қоды, ұдұ,азу) сақталынған. Мәселен, қоды сөзiнiң қызметiн қазақ тiлiнде

Слайд 5Шылау сөздер өзi тiркескен сөзiн басқа сөздермен байланыстырып қана қоймай,

сонымен бiрге оған қосымша грамматикалық мағына реңктер берiп отырады.

Бұл

жөнiнде М.И.Стеблин – Каменский: «Грамматическое значение следует рассматривать в связи с функцией слова в акте речи.Каждая группа значении играет различные функции в мышлении: лексическое значение даст материал для мыслительного процесса, а грамматическое значение формирует его» деп грамматикалық мағынаның қасиетiн аша түседi.
Шылау сөздер өзi тiркескен сөзiн басқа сөздермен байланыстырып қана қоймай, сонымен бiрге оған қосымша грамматикалық мағына реңктер

Слайд 7Шылау сөздердiң грамматикалық жүйеде алатын орны, оның өзге де категориялық

мағынаға әсерi синтаксистiк қатынаста ғана жүзеге аспақ. Олар сөз тiркесi

құрамында келiп, сөйлем құрауға қатысатындығы және құрмалас сөйлем түрлерiнiң құрамында болып, әр түрлi дәрежеде қызмет атқаруыаналитикалық формант есебiнде саналады.
Шылау сөздердiң грамматикалық жүйеде алатын орны, оның өзге де категориялық мағынаға әсерi синтаксистiк қатынаста ғана жүзеге аспақ.

Слайд 9Мысалы: Йағру қодуқта кiсре арығ бiлiг анта өйүр ермiс –

Жақын қонғаннан кейiн олардан жаман қылықты сонда үйренген едiк.Синтаксистiк амал

– тәсiл бойынша сұрақ қою арқылы аталмыш тiркестiң қандай сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқаратындығын анықтаймыз. Қашан үйренген едiк? Жақын қонғаннан кейiн – мезгiл – мекен пысықтауыш сөйлем мүшесi болады. Анта кiсре iнiсi ечүсiнтег қылыңмадуқ ерiнч – Содан кейiн iнiсi ағасындай бола алмады. Қашан? Содан кейiн – бұл тiркес мезгiл пысықтауыштық қатынаста болады. Қағанын бiрле Соңа йышда сүңүсдiмiз – Қағанымен бiрге Соңа қойнауында шайқастық. Қалай шайқастық?- қағанымен бiрге – есiм негiздi тiркес, сын – қимыл пысықтауыштық қатынаста болады. Жалпы осындай сипатта шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы анықталынып отыр.
Мысалы: Йағру қодуқта кiсре арығ бiлiг анта өйүр ермiс – Жақын қонғаннан кейiн олардан жаман қылықты сонда

Слайд 10Сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерi
Орхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың бiрыңғай

мүшелерiн жасауы соншалықты көп кездеспегенiмен, тiлдiк қолданысында бар:
Бод йеме

бодун йеме кiсi йеме iдi йоқ ертечi ертi – Ел және халқы да жан және иесi жоқ болар едi.
Беглерi бодуны түзсiз үчүн, табғач бодун теблiгiн күрлiг үчүн, армақчасын үчүн, iнiм ечүлi кiңшүртүкiн үчүн беглi бодунлығ йоңшүртуқым үчүн турк бодун iлледүк iлiн ычғыну ыдмыс – Бектерi халқының түзу еместiгi үшiн, табғаш халқының алдауында илағаны үшiн, өтiрiгiне көнгендiгi үшiн, iнiлi – ағалы дауласқаны үшiн, бектi халқының жауласқаны үшiн түркi халқы елдiгiнен айырылды.
Руникалық жазбаларда бұдан да басқа тегi, кiсре, ру, бiрле сияқты шылаулар бiрыңғай мүшелер арасында келедi.
Сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiОрхон – Енисей жазба ескерткiштер тiлiнде шылаулардың бiрыңғай мүшелерiн жасауы соншалықты көп кездеспегенiмен, тiлдiк қолданысында

Слайд 11Көне түркi тiлiндегi шылаулардың байланысу түрлерi
Байланыс түрлерiн анықтау үшiн де

оларды сөйлем iшiнде алып қарастырамыз. Себебi көне түркi ескерткiштер тiлiндегi

септiк жалғаулары бiрiнiң орнынан бiрi қызмет атқарып, тұрақсыз болып келетiндiктерi бар.
Шылаулардың байланысу түрлерi: Анта кiсре теңрi йарылқаду құтым бар үчүн, үлүгiм бар үчүн өлтечi бодунығ тiрiгрү iгiтiм – Содан кейiн тәңiрi жарылқап, бағым бар үшiн, үлесiм бар үшiн өлмекшi халықты тiрiлте көтердiм. Осы сөйлемнiң iшiнде екi шылаулы тiркес бар.
Бiрiншісі «содан кейiн», екiншiсi - «үлесiм бар үшiн, бағым бар үшiн» тiркестерi. Кесре/ кейiн септеулiк шылау синтетикалық тәсiл арқылы шығыс септiктi есiм сөзбен тiркесiп келген. Бұл тiркес байланысудың түрi меңгеруге жатады.
Екiншiсi үчүн/үшiн септеулiгi аналитикалық тәсiл немесе орын тәртiбi арқылы тiркескендiктен, байланысудың түрi қабысуға жатады.Негiзiнен, меңгеру бiрле, артуқ, тапа, кесре, ру/рү, аша, тегi, ұдұ тұлғалы септеулiк шылаулар арқылы байланысады.
Сол сияқты шылаулардың ендi бiрi: жанасу, қабысу, матасу болады.
Көне түркi тiлiндегi шылаулардың байланысу түрлерiБайланыс түрлерiн анықтау үшiн де оларды сөйлем iшiнде алып қарастырамыз. Себебi көне

Слайд 12
Кісре:Кісре/кесре сөзі сөйлемнің барлығында есімдікпен тіркесіп келіп, белгілі бір іс

- әрекеттің соңынан болатын мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмт атқарады.

Руникалық жазбаларында кісре сөзімен мағыналас болып келетін кідін,өтрү,ұдұ формалары кездеседі.Аталмыш тұлғалар шылау мағынасы басқа контекстік мағынада үстеу сөз табының қызметінде көріне алған.Біз тек оның шылау мағынасындағы қызметін алып қараймыз.

Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздердің синтаксистік қасиеті

Кісре:Кісре/кесре сөзі сөйлемнің барлығында есімдікпен тіркесіп келіп, белгілі бір іс - әрекеттің соңынан болатын мезгілдік ұғымды білдіру

Слайд 14Тапа: Тапа сөзі – барыс септікті меңгеретін таман, қарай мағынасындағы

септеулік. Орхон – Енисей жазбаларында бұл сөз де бірде үстеу,

бірде шылау қызметінде болады. Біз тек оның шылау мағынасындағы синтаксистік қызметін алып қарастырамыз
Тапа: Тапа сөзі – барыс септікті меңгеретін таман, қарай мағынасындағы септеулік. Орхон – Енисей жазбаларында бұл сөз

Слайд 15Ғұ/гү/күк:Ғу/гү/күк тұлғалы демеулік шылаулар - қазақ тіліндегі нақтылау мәніндегі қой/ғой

тұлғаулы демеуліктер. Көне түркі тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі мағыналары

бірдей. Күлтегін ескерткішінде қой/ғой шылауының мағынасы ғұ/гү тұлғаларында келсе, Тонйұқұқта күк формасында қолданылған.
Ғұ/гү/күк:Ғу/гү/күк тұлғалы демеулік шылаулар - қазақ тіліндегі нақтылау мәніндегі қой/ғой тұлғаулы демеуліктер. Көне түркі тілі мен қазіргі

Слайд 17Қына: Орхон – Енисей жазба ескерткіштер тілінде шектік мәнді білдіретін

демеулік шылау. Олардың лексика – грамматикалық мағыналары да сөйлем ішінде

атқаратын қызметтері де бірдей
Қына: Орхон – Енисей жазба ескерткіштер тілінде шектік мәнді білдіретін демеулік шылау. Олардың лексика – грамматикалық мағыналары

Слайд 18Аша: Ескерткіштер тілінде өте сирек кездесетін шылаулардың бірі аша/аса тұлғалы

септеулік шылау. Орхон-Енисей жазбаларының ішінде Күлтегін, Білге қаған және Тонйұқұқта

кездесед
Аша: Ескерткіштер тілінде өте сирек кездесетін шылаулардың бірі аша/аса тұлғалы септеулік шылау. Орхон-Енисей жазбаларының ішінде Күлтегін, Білге

Слайд 19Азу: Көне ескерткіштер ішінде Күлтегін кіші жазуында ғана қолданылған азу

формалы шылау сөзі кездеседі. Бұл тұлға тофалар тілі мен тува

тілінде ғана сақталған. Оның тұлғасы да, беретін мағынасы да руникалық жазбасындағы азу тұлғасымен сәйкеседі. Қазақ тілінде азу сөзінің мағынасы мен қызметін әлде тұлғасындағы жалғаулық шылау атқарады.
Азу: Көне ескерткіштер ішінде Күлтегін кіші жазуында ғана қолданылған азу формалы шылау сөзі кездеседі. Бұл тұлға тофалар

Слайд 20Ру/рү: ру/рү формасы – көне ескерткіштер тілінде барыс септікті меңгеретін

бағыт – бағдар, мекен мағынасындағы септеулік шылау. Қазіргі қазақ тілінде

оның мағынасы мен қызметін қарай тұлғаулы септеулік шылау атқарады
Ру/рү: ру/рү формасы – көне ескерткіштер тілінде барыс септікті меңгеретін бағыт – бағдар, мекен мағынасындағы септеулік шылау.

Слайд 21

Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер синтаксистік тұрғыдан

кейбір қазіргі түркі тілдермен (қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрік, түрікмен) салыстырылып

қарастырылды. Соның нәтижесінде Орхон – Енисей және Талас жазбаларындағы шылаулардың сөз тіркесі және сөйлем аралығындағы грамматикалық мағыналары мен байланысу түрлері айқындалды.
Көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер синтаксистік тұрғыдан кейбір қазіргі түркі тілдермен (қазақ, қарақалпақ, өзбек,

Слайд 22Орындаған:
Қапасова Дана
Қазақ тілі мен әдебиеті
3 курс

Орындаған: Қапасова ДанаҚазақ тілі мен әдебиеті 3 курс

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика