Разделы презентаций


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

ЖоспарКіріспеӘлем топырағыТаралу заңдылықтарыӘдебиеттер тізімі

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Әлемнің топырақтары және оның таралу

заңдылықтары
Орындаған: Ғуламғазиев Ж
Тексерген: Мамутов Ж

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіӘлемнің топырақтары және оның таралу   заңдылықтарыОрындаған: Ғуламғазиев ЖТексерген: Мамутов Ж

Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Әлем топырағы
Таралу заңдылықтары
Әдебиеттер тізімі

ЖоспарКіріспеӘлем топырағыТаралу заңдылықтарыӘдебиеттер тізімі

Слайд 3Кіріспе
Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Себебі, кеңістікте топырақ түзуші

факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер

бедеріжәне олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.
Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.

КіріспеЖер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Себебі, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат,

Слайд 4Әлем топырағы
1. Жер шары құрлығында тегістік және таулық топырақтар тараған.

Тегістік топырақтары 6 географиялық топқа біріктіріледі.
I топқа полярлық белдеудің топырақтары

кіреді, полярлық тундра және полярлыға таяу тундраның глейлі топырақтары. Олардың кескінінде бұзылу үрдісі сәл дамыған, жиектері жұқа және онда айқын тонды құбылыс белгілері бар Скандинавия елдері мен Канада.
II-III топтарға қоңырсалқын жайлы бореалдыаймақ топырақтары кіреді, олар тау жыныстарының сиалитті бұзылу жағдайында дамыған; топыраққұралуында маусымды ырғақ басым, кескіні жақсы дамыған; кейде тіпті қарашірінді шоғырланған. Топырақтары күлгін, шымды күлгін, тонды тайгалы бореалды, қоңыр, сұр ормандық топырақтар, прерилік қара топырақ бореалдыға таяу, қара, қара-қоңыр, қоңыр, сұр-қоңыр топырақтар аридті облыстар. Қоңыржай белдеудің мұхиттық ылғалды өлкелерінде қоңыр орман топырақтары кең тараған Батыс Еуропа, Шығыс Азия мен Оңтүстік Америкада.
IV топқа тропикке таяу белдеу топырақтары кіреді, олар қызыл, сары, сары-күрең субтропикалық ормандар, қызғылт-қара субтропикалық прерилер топырағы, сұр-күрең субтропикалық дала топырағы, құба субтропикалық шөл дала және жартылай шөл топырақтары Батыс Еуропа, Шығыс және Таяу Азия, Африка мен Солтүстік Америкада таралған.
V топ тропикалық белдеу топырақтарын біріктіреді –онда экваторлық ормандарының фералит топырағынан бастап, шөлділеу биік шөптесінді саванналардың қызғылт-қоңыр топырағына дейін Орталық Африка, Оңтүстік Азия, Австралия мен Оңтүстік Америка тараған.

Әлем топырағы1. Жер шары құрлығында тегістік және таулық топырақтар тараған. Тегістік топырақтары 6 географиялық топқа біріктіріледі. I

Слайд 5Таралуы
1) бореалды немесе арктикалық;
2) орманды;
3) далалық қаратопырақты;
4)

аэреалды (олар: тасты, құмды, cорланған және лессті шөлдерге бөлінді);
5)

латеритті

Таралуы1) бореалды немесе арктикалық; 2) орманды; 3) далалық қаратопырақты; 4) аэреалды (олар: тасты, құмды, cорланған және лессті

Слайд 61)Бұл зонаның да ауа райы салқын, дегенмен тундрадан көп жылы.

Қысы ұзақ, әрі суық қатты болса, жазы қысқа, жылына жерге

350-600 мм-дей мөлшерде ылғал түседі. Булану аз болғандықтан, түскен осы ылғалдың өзі мөлшерден артық болып топырақ қабаттарындағы суға ерігіш және басқа да заттарды топырақ астына шайып әкетеді. Ал мұның өзі біраз жерлерде батпақты аймақтардың пайда болуына әкеп соғады.
Кең алқапты зонаның батысынан шығысына қарай ауадан түсетін ылғал азайып, күн суыта түседі. Бұл заңдылық Қиыр Шығыста, мұхит жағалауында бұзылып, мұнда ауадан түсетін ылғал да молайып, ауа райы да біршама жылынады. Дегенмен жалпы зона бойынша бір типке жататын топырақ түзіледі. Себебі зонаның Батысы мен Қиыр Шығысында ауадан түсетін ылғал молырақ болғанына қарай орташа температура жылырақ, булану мол (3- кесте) болады. Әрине әр аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сәйкес топырақтардың да жергілікті провинциялық өзгешеліктері анық байқалады.
Бұл топырақтарды егістік жерге айналдыру үшін міндетті түрде органикалық және минералды тыңайтқыштар ендіріп, топырақтың қышқыл реакциясын төмендететін әк қолдану қажет. Соңғы жылдары бұл ТМД елдерінің қара топырақты емес алқапты ауыл шаруашылығына кең көлемде игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
1)Бұл зонаның да ауа райы салқын, дегенмен тундрадан көп жылы. Қысы ұзақ, әрі суық қатты болса, жазы

Слайд 72)Орманды территорияларда орманның сұртопырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды қара топырақ

пен сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ таралған.
Бұл зонаның топырақтарында

қоректік заттар мол, физикалық қасиеттері қолайлы, құнарлы келеді. Орманның сұр топырағының құрамындағы қара шіріндінің мөлшері 2-6%, ал шалғынды қара топырақтарда қара шірік 10%.
Бұл зона егістік үшін жақсы игерілген. Игерілу жөнінде қара топырақты зонадан кейінгі орынды алады. Зонаның 40% астамы жыртылған жерлер. Негізінен бидай егіледі. Зонаның көп жерін орман алып жатыр. Зонаның негізгі жерлері Ресей мен Украинаға тиесілі. Қазақстанның ең шеткі терістігінде бұл зонаның бір азғантай бөлігі кездеседі.

2)Орманды территорияларда орманның сұртопырағы, ал ормансыз жерлерде шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген қалың қабатты қара топырақ таралған.

Слайд 8Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары. Қара топырақты шалғынды-дала зонасының

оңтүстігіне қарай ауа райы құрғақтай бастайды. Бұл алқаптардың ауа райы

жылы. Ауадан түсетін ылғалдан булану мөлшері де мол. Ылғал мөлшері жылына 200-300 мм-дей. Осыған орай, өсетін өсімдіктер де өзгереді. Қалың өсетін бозды-бетегелі даланың орнын сирегірек өсетін бетегелі-жусанды құрғақ дала басады. Осының әсерінен өсімдіктердің топыраққа түсетін қалдықтары да азайып, қара шірінді мөлшері кемиді, қара топырақтың түсі қара қонырға өзгереді.
Құрғақ даланың зоналық топырағы — қара-қоңыр. Жалпы көлемі 107 млн гектар, яғни ТМД елдерінің 4,8% алып жатыр. Негізгі көлемі Қазақстан территориясында.
Қара шірінді мөлшері бұл топырақтарда 2% — 4% арасында. Қара қоңыр топырақтың морфологиялық құрылысы төмендегідей:
Бұл зонаның өзі де терістіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын бірнеше зонашаға бөлінеді. Зонаның ең солтүстік бөлігінде күңгірт қара-қоңыр топырақ, орталығында жай қара-қоңыр топырақ, ал оңтүстігінде ашық қара-қоныр топырақтар кездеседі. Ең терістігіндегі зонаша құрғақтау дала саналса, ортасындағы зонаша — нағыз құрғақ дала, ал зонаның оңтүстік шеткі бөлігі жартылай шөл (шөл дала) зонашасының үлесіне тиеді. Бұл топырақтарды пайдалануды Қазақстан мысалында қарастырамыз.
Ауа райының құрғақтығынан зонаның басым бөлігін жайылым алып жатыр. Зонада сортаң және сорланған топырақтар мол. Дегенмен күңгірт қара қоңыр, жай қара қоңыр топырақтар зонашаларының кейбір аймақтарында жыртылған жер көлемі бұл зонашалардың 20-30%-ға жуық. Ал ашық қара-қоңыр топырақты зонашада егістен өнімді суармайынша алу мүмкін емес, ал суару үшін су көздері жоқ.
Құрғақ дала мен жартылай шөл даланың топырақтары. Қара топырақты шалғынды-дала зонасының оңтүстігіне қарай ауа райы құрғақтай бастайды. Бұл

Слайд 9Латеритті топырақ – тропик және субтропик алқаптардағы латериттерде жаралатын қызыл түсті топырақ. Латеритті топырақ жаралуда мору процестерімен

бірге биогендік факторлар да қатысады. Бұл топырақтар ісінбейді, пластикалылығы аз,

реакциясы қышқыл, көпшілік жағдайда құнарлылығы шамалы және жылдам жұтаңданады.
Латеритті топырақ – тропик және субтропик алқаптардағы латериттерде жаралатын қызыл түсті топырақ. Латеритті топырақ жаралуда мору процестерімен бірге биогендік факторлар да қатысады. Бұл топырақтар

Слайд 10Пайдаланылған әдебиеттер
. 1. Жамалбеков Е.У.; Бильдебаева Р.М., Бигалиев А.Б. Жалпы

топырақтану. Алмата 2001
2. Тазабеков Т.Т. Топырақтың құнарлылығы. Алматы, 1999
 А.Қ.Құсайынов —

Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ 2003.
Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Жамалбеков Е.У.; Бильдебаева Р.М., Бигалиев А.Б. Жалпы топырақтану. Алмата 20012. Тазабеков Т.Т. Топырақтың құнарлылығы.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика