айналған Көкжар, Жармола, Қарақамыс жәрмеңкелері жан-жақтан өнер жампоздары жиылып, халықын
қызыққа бөлеген өнер ордасына айналғаны белгілі. Және, осынау қайнаған қан базарлар небір тарихи оқиғалардың да туындауына себепші болғаны ақиқат.
Көкжарда көп жатқанда ай жатармыз,
Самаурын саздың суын қайнатармыз.
Осыдан аман-есен елге жетсек,
Көздерін талайлардың жайнатармыз.
Ел арасында айтылап жүрген осынау «Босмойын», әнінің шығу тарихын ақсақалдар былайша өрнектейді:Досат Ойылдағы Көкжар жәрмеңкесіне сегіз қанат ақ үйін тігіп, өнер көрсетіп табыс тауып жүрген Жауғашты Шеркеш Көпжасар дегенмен кездесіп, Көпжасардың әнші әйелі Ғалиямен бірге біраз өнер көрсетсе керек. Күз түсе базар тарқағанда Досат елге осы Ғалияға арналған «Босмойын» әнін ала қайтыпты.
ЖЫР КҮЙІ – жыраулар мен жыршылардың жыр айту сазы. Әр дәуірде өмір сүрген жыраулар мен жыршылардың жыр, толғау, терме, дастан, қисса айтатын өзіндік мақам, саз, әуені болған. Талантты жыршылар шығарма мазмұнына орай саз, әуенді де өзгертіп отырады. Бұл әдіс тыңдаушыларға ерекше әсер етеді. Ж. к. композициялық құрылысы жағынан әр түрлі болып келеді. Кейде бірнеше мақамдық бөліктері қайырмалардан құралады. Ж. к-нің негізгі ерекшелігі – дәстүрлі 7 – 8 буынды жыр жолдарының жыраулық өнерге тән мақаммен емес, аспаптық музыка, оның ішінде төкпе күй сарынымен орындалуында. Белгілі әнші Б.Тілеухановтың орындауындағы Ақтамберді жыраудың “Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз” деп келетін жыр соның айғағы. Осы тұрғыдан келгенде Ж. к. – жанрлық синкретизм көрінісі: бір жағы – жыр, екінші жағы – күй. Ж. к. үлгілері, көбінесе, Бат. Қазақстан өңіріне тән. Еліміздің оңт. аймақтарында мұндай төгіп айтатын, шашып тартатын дәстүр байқала бермейді. Екінші жағынан, Ж. к. әншілік дәстүрдің бір қанатын құрайтын жыр жанрының жіктеліп, аспаптық музыкаға бейімделу үрдісін де байқатады. Бұл тұста Ж. к. – жанрлық ұғым. Мыс., Қаратау шертпелері шағын жыр-толғаулардан туған. Ж. к-н дербес жанр түрінде өнерпаздар домбырада, қобызда орындайды. Қазақстанның Маңғыстау, Жамбыл облысытары мен Қарақалпақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан қазақтары арасында Қалнияз, Сүгір, Қожай, Мұрын, Қарабай, Ақтан, Теңелдік, Дүйсенбай, Шәдіман, Айтқұл сияқты жыршы, жыраулардың жыр күйлері сақталған. Мыс., Қобылаш жыршы толғау, терме, ерлік дастандарын өзінен бұрынғы жыраулардың 10 – 12 түрлі жыр сазымен айтады. Қарақалпақстанда тұратын Ұзақ Мыңбаев жиырма шақты жыр күйін, маңғыстаулық күйші Сержан Шәкіратов оннан аса жыр күйін орындайды. Ж. к. – әлі толық зерттелмеген өнер түрі.