Разделы презентаций


Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы "Мәңгілік ел" идеясы атты ғылыми жоба

Зерттеудің мақсаты : М.Жұмабаев шығармаларындағы ұлттық рухани құндылықтарды көрсете отырып, “Мәңгілік ел” идеясын насихаттау Зерттеудің міндеттері: М.Жұмабаев шығармашылығының зерттелуіне арналған ғылыми ақпараттарды және қазіргі тіл білімі ғылымындағы “тілдік

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1(1893-1938)
Қазақ тіл мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Р.А.Баимбетова
Мағжан Жұмабаев


шығармаларындағы
“Мәңгілік ел” идеясы

(1893-1938)Қазақ тіл мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Р.А.Баимбетова Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы “Мәңгілік ел” идеясы

Слайд 2Зерттеудің мақсаты : М.Жұмабаев шығармаларындағы
ұлттық рухани құндылықтарды көрсете отырып,


“Мәңгілік ел” идеясын насихаттау
Зерттеудің міндеттері:
М.Жұмабаев

шығармашылығының зерттелуіне арналған ғылыми ақпараттарды және қазіргі тіл білімі ғылымындағы
“тілдік тұлғаны”, зерттеуге бағытталған теориялық, әдістемелік тұжырымдарды қарастыру;
М.Жұмабаев шығармалары тілі негізінде ол өмір сүрген
кезеңдегі әлеуметтік жағдай мен қоғамдық ахуалды ,
оларға деген ақын көзқарасын, ұстанымын анықтау;
М.Жұмабаев шығармаларын талдай отырып, көтерілген
мәселелерді сараптау.
Зерттеудің мақсаты : М.Жұмабаев шығармаларындағы ұлттық рухани құндылықтарды көрсете отырып, “Мәңгілік ел” идеясын насихаттау Зерттеудің міндеттері:

Слайд 3ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Алаш арысы, көрнекті жазушы, публицист,

қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақын

– Мағжан Жұмабаев халықты жаңашылдыққа бет бұрып, тәуелсіз ел болғанын көруді аңсады.
Мағжанның жалынды жырларына ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық сезім, тарих, тіл арқау болды. Ол – ұлттық мүддені жеке басының мәселесінен жоғары қойды.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! - деп ұлтына
деген шексіз махаббатын жалындаған жырларында бейнеледі.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген Алаш арысы, көрнекті жазушы, публицист, қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі

Слайд 5 Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегін – мемлекетті нығайту,

этникалық территорияны қалыптастыру болса, ХХ ғасырдың басында қазақтың ұлттық идеясы

заман талабына сай сапалық тұрғыдан жедел жетіліп, елдігімізді сақтап қалу мақсатында « Алаш идеясы» дүниеге келді.
Алаш идеясының баянды болуына бар ынтасымен еңбек еткен арқалы ақын Мағжан Жұмабаев өз жырларында ел болуды көкседі.
Тіршіліктің көркі ерік,
Адамдыққа ол серік.
Бір түскен соң қақпанға,
Қалар бұрынғы еркелік.
Ойламай барып, ұрынып,
Өкінген аз ба ертелік,-деп еркіндікті, тәуелсіздікті аңсайды.
Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегін – мемлекетті нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру болса, ХХ ғасырдың басында

Слайд 7 Мағжан ақын жырлағандай “Мәңгілік ел” болудың алғы шарттарының бірі

– ауызбіршілікте өмір сүру. ХХ ғасырдың басындағы алаш зиялылары халықты

ауыз- бірлікке шақыра отырып, ғылым, білім үйренуге насихаттады. Мағжан «Жауға түскен жанға» (Міржақып Дулатұлына хат) деген өлеңінде: «Оян ! – дедің жұртыңа,-
Бас көтеріп тірлік қыл!”
Ақыл айттың ұлтыңа:
“Таста талас, бірлік қыл!”- деп қазақ ұлтына “оян” деп шыбын жаны шырылдады.
Мағжан ақын жырлағандай “Мәңгілік ел” болудың алғы шарттарының бірі – ауызбіршілікте өмір сүру. ХХ ғасырдың басындағы

Слайд 8 Көп жағдайда тәуелсіздіктен айырылу- сыртқы жағдайға байланысты болғанымен, надандықтың

да , алауыздықтың да салдары бодан ел болуға әкелгендігін Мағжан

Жұмабаев:
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой,
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой.
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай,
Надандық шәрбәтіна қаныппыз ғой,- деп ашына жырласа, «Бостандық» , «Есімде… тек таң атсын» өлеңдерінде ақынның тәуелсіздік жолындағы жанын құрбан етер ерекше
қайраты сезіледі:
...Көк есігі ашылды,
Жұмақ нұры шашылды.
Келді ұшып бостандық,- деп қуанады,
бостандықты ізгі періштеге теңейді.
Көп жағдайда тәуелсіздіктен айырылу- сыртқы жағдайға байланысты болғанымен, надандықтың да , алауыздықтың да салдары бодан ел

Слайд 9“Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыру ұлы мақсаттарға жетелейтін

идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз

мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры – ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел”,-деді Президент.
“Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыру ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы.

Слайд 10Еліміздің ертеңі мен болашағы - жастардың қолында. Олай болса, өмір

бойы “алаш” ұранын көтеріп өткен Мағжан үшін жастардың орны бөлек.

Өзінің “Мен жастарға сенемін” деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббаты көреді. Соған мақтанады, шабыттана жырлайды. “Мен жастарға сенемін!”- деп асқақтай сөйлейді.
Еліміздің ертеңі мен болашағы - жастардың қолында. Олай болса, өмір бойы “алаш” ұранын көтеріп өткен Мағжан үшін

Слайд 11 Бүгінгі

күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болуымыздың өзі -

ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынып отырған сындарлы саясатының басым бағытының бірі- жас толқынның бойына мемлекетшіл сананы қалыптастыру болып табылады.Осы мәселені шешу үшін болашаққа, яғни жастарға сену керек. Сеніп қана қоймай, сол сенімді ақтайтын Мағжан айтпақшы, “Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты...” жастарды тәрбиелеу керек. Сонда ғана сенім ақталып, білімі парасатына сай, елдің ары мен намысын абыроймен алып жүретін ,жанарында жалын бар жастар өседі.
Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт

Слайд 14Мағжан мен Елбасының ойлары бір-бірімен үндесіп жатыр. Ел болуды арман

еткен тұлғалар халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймады. Іс жүзінде

жүзеге асыра білді. Мағжанның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Ақынның жырлары “елім” деп соққан жүрекке қан жүгіртпей қоймайды. Мағжандай Алаш арыстарының рухы қашанда қазақ елін жебеп жүре бермек!
Мағжан мен Елбасының ойлары бір-бірімен үндесіп жатыр. Ел болуды арман еткен тұлғалар халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика