Разделы презентаций


Нурбаев

Содержание

Жоспар.Кіріспе.Негізгі бөлім: 1. Халық денсаулығын қорғаудың заңды мақсаты 2. жалпы ережелер 4. Ерекше ережелер 5. Кодекс бойынша ұғымдар мен түсініктемелер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы


СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан үшін мыңжылдықтағы даму мақсаты. «Денсаулық жүйесі мен

халық денсаулығы туралы».ҚР кодексі.

Орындаған: Нурбаев О
311 топ ЖМФ
Тексерген: Аубакирова Д.С



Қарағанды 2011 ж.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы  СӨЖТақырыбы: Қазақстан үшін мыңжылдықтағы даму

Слайд 2Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Халық денсаулығын қорғаудың заңды мақсаты

2. жалпы ережелер
4. Ерекше

ережелер
5. Кодекс бойынша ұғымдар мен түсініктемелер
. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Жоспар.Кіріспе.Негізгі бөлім:   1. Халық денсаулығын қорғаудың заңды мақсаты   2. жалпы ережелер

Слайд 3Кіріспе
Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың жағдайын жақсарту. «Қазақстанның

2030 жылға дейінгі даму стратегиясының» ұстанымы осы. Бұл құжатта президент

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мыңжылдықтағы Қазақстан дамуының мақсаттары мен міндеттері жөнінде өз көзқарасын білдіреді. Стратегия 1997 жылдың қазан айында жарияланды. Бұл жас мемлекет үшін оңай уақыт емес еді.

Кіріспе Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың жағдайын жақсарту. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының» ұстанымы осы. Бұл

Слайд 4Мақсаты
Қ.Р-дағы денсаулық сақтау жүйесінің заңдылық негіздерімен таныстыру, денсаулық сақтау

саласындағы бұйрықтар, ережелер және заңды күш бар құжаттардың мазмұнын талдап

қолдану жолдарын игеру үйрету.
Мақсаты Қ.Р-дағы денсаулық сақтау жүйесінің заңдылық негіздерімен таныстыру, денсаулық сақтау саласындағы бұйрықтар, ережелер және заңды күш бар

Слайд 5Ережелер жалпы
ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер 1-бап. Осы Кодексте

пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы 3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық

сақтау саласындағы заңнамасы   2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару 4-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері 5-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу  негіздері 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 7-бап. Уәкілетті органның құзыреті 8-бап. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері бар орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың құзыреті 9-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті 10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті 11-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің функциялары 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл
3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау, аккредиттеу және аттестаттау 13-бап. Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау 14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу 15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау  
Ережелер жалпы ЖАЛПЫ БӨЛІМ 1-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Негізгі ережелер 1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап.

Слайд 6 4-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы стан¬дарттар, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін

растау және жарнама 16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар 17-бап. Денсаулық сақтау саласындағы

тауар¬лардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау 18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама   5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау  мен қадағалау 19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау 20-бап. Медициналық қызметтер көрсету сала¬сындағы мемлекеттік бақылау 21-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемио¬логиялық қадағалау 22-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау 6-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржы¬ландыру 23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылай қамтамасыз ету көздері 24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары 25-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану 7-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру 26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың объектілері мен субъектілері 27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың принциптері 28-бап. Жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету   8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық 29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары 30-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық негіздері
 
 4-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы стан¬дарттар, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау және жарнама 16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы

Слайд 7 ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 2-бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті  ұйымдастыру 9-тарау. Денсаулық

сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру 31-бап. Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы 32-бап.

Денсаулық сақтау субъектілері 33-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру 34-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі 35-бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі  3-бөлім. Медициналық қызмет 10-тарау. Медициналық қызметтің мазмұны мен түрлері 36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны 37-бап. Медициналық қызметтің түрлері11-тарау. Медициналық көмек 38-бап. Медициналық көмектің түрлері 39-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек 40-бап. Білікті медициналық көмек 41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек 42-бап. Жоғары мамандандырылған меди¬циналық көмек 43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек 44-бап. Медициналық көмекті ұсыну нысандары 45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек 46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек 47-бап. Стационарлық көмек 48-бап. Стационарды алмастыратын көмек 49-бап. Жедел медициналық көмек 50-бап. Санитариялық авиация 51-бап. Төтенше жағдайлар кезіндегі меди¬циналық көмек 52-бап. Қалпына келтіру емі және меди¬циналық оңалту 53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі 54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) 55-бап. Зертханалық диагностика 56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагнос¬тика  
 
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ 2-бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті  ұйымдастыру 9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық

Слайд 812-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері 57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама 58-бап.

Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама 59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама 60-бап. Әскери-дәрігерлік

сараптама 61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар 62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама 63-бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама 64-бап. Ғылыми-медициналық сараптама   4-бөлім. Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы 13-тарау. Фармацевтикалық қызмет 65-бап. Дәрілік заттардың, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласының жүйесі 66-бап. Фармацевтикалық қызметтің түрлері 67-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру 68-бап. Дәрілік препараттарды және меди¬циналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау 69-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақ¬сат¬¬тағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу  
12-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері 57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама 58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама

Слайд 914-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық тех¬никаның айналысы 70-бап.

Дәрілік заттарды, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеу 71-бап. Дәрілік

заттарды, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен  медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу 72-бап. Биологиялық активті заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу 73-бап. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы техникалық жағынан сынау 74-бап. Фармакологиялық және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеу және (немесе) сынау 75-бап. Дәрілік затты, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау 76-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар¬ды сатып алу 77-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақ¬саттағы бұйымдарды сатып алу және олармен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай дистрибьютор 78-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау мен тасымалдау 79-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жою 80-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу тәртібі 81-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкету тәртібі
15-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық

14-тарау. Дәрілік заттардың, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық тех¬никаның айналысы 70-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен

Слайд 105-бөлім.  Азаматтардың денсаулығын сақтау 16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер

және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері 87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз

етудің кепілдіктері 88-бап. Азаматтардың құқықтары 89-бап. Балалардың құқықтары 90-бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері 91-бап. Пациенттердің құқықтары 92-бап. Пациенттердің міндеттері 93-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы 94-бап. Азаматтардың келісімінсіз медициналық көмек көрсету 95-бап. Дәрігерлік құпия   17-тарау. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау 96-бап. Азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері 97-бап. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңінде денсаулығын сақтау 98-бап. Бедеуліктен емделу 99-бап. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары, клондау 100-бап. Суррогат ана болу кезіндегі медициналық көмек 101-бап. Жыныстық жасушалар донорлығы және оларды сақтау 102-бап. Контрацепцияны пайдалану 103-бап. Хирургиялық стерилизациялау 104-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу    
5-бөлім.  Азаматтардың денсаулығын сақтау 16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері 87-бап.

Слайд 1118-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету 105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға

медициналық көмек көрсету 106-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танудың

тәртібі 107-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі 108-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауы¬ратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастардың құқықтары 109-бап. Туберкулезге қарсы мамандан¬ды¬рылған ұйымдарда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау 110-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауы¬ратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық байқау және емдеу 111-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек   19-тарау. АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға меди-циналық-әлеуметтік көмек көрсету 112-бап. АИТВ инфекциясының және ЖИТС-тың профилактикасы, диагностикасы және оны емдеу мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері 113-бап. АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау 114-бап. АИТВ инфекциясының профи¬лактикасы 115-бап. АИТВ-ға зерттеліп-қаралу
18-тарау. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету 105-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету 106-бап. Азаматты туберкулездің

Слайд 1220-тарау. Психикасының бұзылуынан (ау¬руынан) зардап шегуші  адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету 116-бап.

Психиатриялық көмек алуға жүгі¬нудің еріктілігі 117-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түр¬лерін атқаруды

шектеу 118-бап. Психиатриялық көмек көрсетілетін азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау 119-бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу 120-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруы¬нан) зардап шегуші адамдардың құқықтары 121-бап. Психиканың бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамдарға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары 122-бап. Мемлекет кепілдік берген психиа¬триялық көмек көрсету және әлеуметтік қорғау 123-бап. Психиатриялық куәландыру 124-бап. Психикасының бұзылуынан (ауруы¬нан) зардап шегуші науқастарды динамикалық байқау 125-бап. Психиатриялық стационарға жатқызу 126-бап. Заңды өкілдерінің өтініші бойынша немесе олардың келісімімен психиатриялық стационарға орналастырылған кәмелетке толмаған адамды немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамды куәландыру 127-бап. Психиатриялық көмек көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары 128-бап. Психиатриялық стационардан шығару 129-бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер   21-тарау. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медици¬налық-әлеуметтік көмек көрсету 130-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратындарға медици¬налық көмек көрсетуді ұйымдастыру 131-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын және медици¬налық-әлеуметтік оңалтуға мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы 132-бап. Адамды алкоголизммен, нашақор¬лықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп тану тәртібі 133-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары 134-бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарды есепке алу және байқау
20-тарау. Психикасының бұзылуынан (ау¬руынан) зардап шегуші  адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету 116-бап. Психиатриялық көмек алуға жүгі¬нудің еріктілігі 117-бап.

Слайд 1325-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау 153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері 154-бап. Салауатты

өмір салтын қалыптастыру 155-бап. Медициналық тексеріп-қарау 156-бап. Профилактикалық егуді жүргізу 157-бап. Инфекциялық емес

аурулардың, оның ішінде кәсіптік аурулардың және жарақаттанудың профилактикасы 158-бап. Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділіктің профилактикасы 159-бап. Темекі шегушіліктің, алкоголизмнің профилактикасы және оны шектеу 160-бап. Темір тапшылығы жай-күйінің профилактикасы 161-бап. Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы   7-бөлім. Донорлық және транспланттау 26-тарау. Қан мен оның компоненттерінің донорлығы 162-бап. Донорлық, қан, оның компоненттерін және препараттарын дайындау 163-бап. Донорлық, қанды, оның компо¬ненттері мен препараттарын дайындау саласын¬дағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен өзге де ұйымдар 164-бап. Донорлық қанның, оның компо¬ненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету 165-бап. Донор, оның құқықтары мен міндеттері 166-бап. Донорды медициналық зерттеп-қарау 167-бап. Донорға берілетін кепілдіктер 168-бап. Жұмыс берушілер мен ұйымдар басшыларының донорлықты дамытуды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі міндеттері
10-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер 32-тарау. Қазақстан Республикасының ден¬саулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі 185-бап. Қазақстан Республикасының ден¬саулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі
 
25-тарау. Қоғамдық денсаулықты сақтау 153-бап. Аурулар профилактикасының мақсаты мен түрлері 154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру 155-бап. Медициналық

Слайд 14ЖАЛПЫ БӨЛІМ   1-Бөлім. Жалпы ережелер   1-тарау. Негізгі ережелер   1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі

ұғымдар 1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) адамның мекендеу ортасы

(бұдан әрі – мекендеу ортасы) – адамның тыныс-тіршілігі жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендік және әлеуметтік факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы; 35) денсаулық – аурулар мен дене кеміс¬тіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, ру¬хани (психикалық) және әлеуметтік салауаттылық жағдайы; 36) денсаулық сақтау – аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі; 37) денсаулық сақтау жүйесі – қызметі аза¬маттардың денсаулық сақтау құқықтарын қам¬тамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы; 38) денсаулық сақтау саласындағы меди¬циналық сараптама (бұдан әрі – денсаулық сақтау саласындағы сараптама) – денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі аяларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;
ЖАЛПЫ БӨЛІМ   1-Бөлім. Жалпы ережелер   1-тарау. Негізгі ережелер   1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Слайд 1542) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы Үкіметінің

шешімі бойынша құрылған, жарғылық капиталына мемлекеттің жүз проценттік қатысуы бар,

денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам; 43) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 70) медициналық көмек – халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені; 71) медициналық көмектің сапасы – көр¬сетілетін медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен тех¬нологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі; 72) медициналық куәландыру – жеке тұлғаны онда ауруының болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, кәсіптік және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында зерттеп-қарау; 73) медициналық қызмет – жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі; 74) медициналық қызметтер көрсету – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы; 75) медициналық мақсаттағы бұйымдар – профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;
99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;

42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жарғылық капиталына мемлекеттің жүз

Слайд 162-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық

құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.   3-бап.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы рати¬фи¬кациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.   2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару  
2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау

Слайд 1712-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл 1. Денсаулық сақтау саласындағы

мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдар денсаулық

сақтау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға өз құзыреті шегінде көмек көрсетуге міндетті. 2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан мәртебесі мен өкілеттігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші орган құрылады. Жергілікті атқарушы органдар жанынан мәртебесі мен өкілеттігін жергілікті атқарушы органдар айқындайтын денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік үйлестіруші органдар құрылады. 3. Апаттар медицинасы саласындағы мемлекеттік денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарын үйлестіруді және олардың өзара іс-қимылын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 4. Орталық атқарушы органдар әзірлейтін, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге жатады. 6-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру   23-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері 1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері: 1) бюджет қаражаты; 2) ерікті сақтандыру қаражаты; 3) ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер болып табылады. 2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесін уәкілетті орган айқындайды. 3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.   24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру нысандары Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қаржыландыру: 1) мемлекеттік медициналық мекемелер үшін – жеке-дара қаржыландыру жоспары бойынша; 2) мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары үшін – бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен шарт негізінде жүзеге асырылады.   2
12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл 1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік

Слайд 185-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану 1. Денсаулық

сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары: 1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін

көрсету жөніндегі шығындарды өтеуге; 2) денсаулық сақтау саласындағы бағдарла¬маларды іске асыруға; 3) денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруға; 4) дәрілік заттарды, орфандық препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да медициналық иммундық-био¬ло¬гиялық препараттарды, сондай-ақ медициналық мақ¬саттағы бұйымдар мен медициналық техни¬каны сатып алуға; 5) инфекциялық аурулардың көріністері мен эпидемияларын жоюға; 6) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауға, олардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауға; 7) медицина ғылымының жетістіктерін дамытуға және енгізуге; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де шығыстарға бағытталады. 2. Денсаулық сақтау ұйымдарының шығын¬дарын бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 3. Шығындарды өтеу көрсетілген медици¬налық көмектің сапасы мен көлеміне уәкілетті орган жүзеге асыратын бақылау нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.    

5-бап. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану 1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржы қаражаттары: 1) тегін

Слайд 19ЕРЕКШЕ БӨЛІМ   2-Бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру   9-тарау. Денсаулық

сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру 3-Бөлім. Медициналық қызмет   10-тарау. Медициналық қызметтің

мазмұны мен түрлері   36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны Медициналық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.   37-бап. Медициналық қызметтің түрлері Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері: 1) медициналық көмек; 2) зертханалық диагностика; 3) патологиялық-анатомиялық диагностика; 4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет; 5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызмет; 6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет; 7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет; 8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама; 9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жүзеге асырылады.    
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ   2-Бөлім. Денсаулық сақтау жүйесі және медициналық көмекті ұйымдастыру   9-тарау. Денсаулық сақтау жүйесі және

Слайд 2011-тарау. Медициналық көмек   38-бап. Медициналық көмектің түрлері Медициналық көмектің негізгі түрлері: 1) дәрігерге

дейінгі медициналық көмек; 2) білікті медициналық көмек; 3) мамандандырылған медициналық көмек; 4) жоғары

мамандандырылған медициналық көмек; 5) медициналық-әлеуметтік көмек болып табылады.   39-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек 1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек. 2. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмекті медициналық білімі жоқ, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті даярлықтан өткен адамдар (парамедиктер), сондай-ақ зардап шегушілердің өмірін құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуі мүмкін. 3. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган белгілейді.  
11-тарау. Медициналық көмек   38-бап. Медициналық көмектің түрлері Медициналық көмектің негізгі түрлері: 1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;

Слайд 215-Бөлім. Азаматтардың денсаулығын сақтау   16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен

міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері  87-бап. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды

қамтамасыз етудің кепілдіктері Мемлекет Қазақстан Республикасының аза¬мат¬тарына: 1) денсаулық сақтау құқығына; 2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің көрсетілуіне; 3) медициналық көмекке бірдей қол жет¬кізуіне; 4) медициналық көмектің сапасына; 5) дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапа¬сына, тиімділігі мен қауіпсіздігіне; 6) аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуіне; 7) жеке өмірге қол сұғылмауына, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуына; 8) ұрпақты болуды таңдау еркіндігіне, ұрпақты болу денсаулығын сақтауға және ұрпақты болу құқықтарының сақталуына; 9) санитариялық-эпидемиологиялық, эколо¬гиялық салауаттылыққа және радиациялық қауіпсіздікке кепілдік береді.  88-бап. Азаматтардың құқықтары 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекі¬тетін тізбеге сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға; 2) тегін медициналық көмектің кепілдік беріл¬ген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтама¬сыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттары уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес амбулато¬рия¬лық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырыл¬ған емдік өнімдермен қамтамасыз етілуге;
5-Бөлім. Азаматтардың денсаулығын сақтау    16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің

Слайд 227) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы

анық¬тама бере отырып, еңбекке уақытша жарам¬сыздық фактісін куәландыруға; 8) мемлекеттік органдардан,

ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурулар профилактикасының, диагностикасының, оларды емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері, клиникалық зерттеулер, қоршаған орта¬ның жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын, дұрыс тамақтану мен тамақ өнім¬дерінің қауіпсіздігін, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытын¬ды¬ларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін фак¬торлар туралы дәйекті ақпаратты өтеусіз алуға; 95-бап. Дәрігерлік құпия 1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, аза¬маттың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды. 2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгі¬ленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қыз¬мет¬тік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді. 3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімі¬мен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайда¬лану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлға¬ларға беруге жол беріледі. 4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда: 1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында; 2) айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру¬лар¬дың таралу қатері болған кезде; 3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша; 4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін; 5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есеп¬теуге негіздер болған кезде жол беріледі. пайдалану кезінде пациенттердің рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді.    

7) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анық¬тама бере отырып, еңбекке уақытша жарам¬сыздық фактісін

Слайд 23154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру 1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты

нығайту және өмір салтымен байла¬нысты аурулардың алдын алу мәселелерінде халықты

ақпараттық қамтамасыз ету, гигиеналық оқыту мен тәрбиелеу жолымен салауатты өмір салтын насихаттауды, дұрыс тамақтануды және аурулардың профилактикасын қамтиды. 2. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті органның үйлестіруімен және әдістемелік басшылығымен басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестік¬тердің қатысуымен қамтамасыз етеді.   155-бап. Медициналық тексеріп-қарау 1. Медициналық тексеріп-қараудың негізгі мақсаты денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, ауруларды анықтауға және таралуының алдын алуға, оның ішінде кәсіптік аурулардың, улану¬лардың, жазатайым оқиғалардың алдын алуға, сондай-ақ ұйымдар қызметкерлерінің, қандай да бір шаруашылық және (немесе) өндіріс¬тік қызметті жүзеге асыратын адамдардың еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған уақтылы медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады. 2. Медициналық тексеріп-қарау міндетті және профилактикалық болуы мүмкін. 3. Міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді. Алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфек¬циялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде жүргізіледі. Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарау жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды тараптау мақсатында жүргізіледі.  
154-бап. Салауатты өмір салтын қалыптастыру 1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты нығайту және өмір салтымен байла¬нысты аурулардың

Слайд 244. Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізі¬летін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін,

сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган белгілейді.

5. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен Қазақстан Pecпубликасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес мерзімдік міндет¬ті медициналық тексеріп-қарауға жататын қызметкерлердің осындай тексеріп-қараудан уақтылы өтуін қамтамасыз етеді. 6. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау жаппай және іріктелген болып бөлінеді. Жаппай профилактикалық медициналық тексеріп-қарау ауруларды ерте сатыларында анық¬тау және аурулардың өршуінің, аурулардың пайда болуына әсер ететін қатер факторларының алдын алу, халықтың денсаулығын қалыптастыру және нығайту мақсатында халықтың нысаналы топ¬тарына жаппай әдіспен жүргізіледі. Іріктеп медициналық тексеріп-қарау белгілі бір аурудан зардап шегетін немесе қатер тобына жататын азаматтарды динамикалық байқау, олар¬дың ауруларын емдеу және денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі. 7. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарауға жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган олардың тиімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық тұрғы¬дан орындылығы туралы дәлелденген ғылыми деректер негізінде белгілейді. 8. Жұмыс берушілер Қазақстан Pecпублика¬сының Үкіметі бекітетін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес осындай тексеріп-қарауға жататын адамдар¬дың профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан өтуі үшін жағдай жасайды. 9. Өндірістік және шаруашылық қызмет саласында жұмыспен айналысатын дара кәсіп¬керлер мен заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өтпеген немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс. 10. Жеке медициналық кітапшаларды берудің, есепке алу мен жүргізудің тәртібін уәкілетті орган айқындайды. 11. Міндетті және профилактикалық медици¬налық тексеріп-қараудың уақтылы өткізілуі мен оны уақтылы өтуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында, медициналық қызметтер көрсету саласында қыз¬метін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар және еңбек жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік еңбек инспекторлары бақылайды.
4. Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізі¬летін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін

Слайд 25177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты Жоғары білім беру ұйымдарын медициналық мамандықтар

бойынша оқып бітірген түлектер мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы дәрігерінің антын

қабылдайды: «Дәрігердің құрметті атағын ала отырып, өз ұстаздарым мен әріптестерімнің алдында өзімді азаматтардың ден¬саулығын сақтауға бар болмысыммен бағыштап, дәрігерлік ұлы іске адал әрі қалтқысыз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін. Өз қызметімде денсаулығы ең жоғары құндылық болып табыла¬тын өз пациенттерімнің мүдделерін ғана бас-шылыққа аламын деп ант етемін. Жасына, жы¬ны¬сына, ұлтына, діни сеніміне, әлеуметтік жағ¬дайы мен азаматтығына қарамастан, мұқтаж болған әрбір адамға бірдей ынта-жігермен және шыдам¬дылықпен медициналық көмек көрсетуге ант ете¬мін. Дәрігерлік құпияны сақтауға, оны ешқашан пайдакүнемдік мақсатта пайдаланбауға ант етемін. Өз білімім мен дағдыларымды ұдайы жетілдіруге, өзіме де, өз шәкірттеріме де талапшыл болуға, еш¬қа¬шан риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және егер оны пациенттің мүддесі талап етсе, әріп¬тестеріммен кеңесуге ант етемін. Қазақстандық медицинаның игі дәстүрлерін сақтауға және байы¬туға, мені дәрігерлік өнерге баулыған адамдарға алғыс білдіре отырып, оларды құрметтеуге ант етемін.».    
177-бап. Қазақстан Республикасы дәрігерінің анты Жоғары білім беру ұйымдарын медициналық мамандықтар бойынша оқып бітірген түлектер мынадай мазмұндағы

Слайд 2632-тарау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

және осы кодексті қолданысқа енгізу тәртібі   185-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау

саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап¬тылыққа әкеп соғады.   186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі 1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 159-бабының 2-тармағының 8), 10), 11) тармақ¬шаларын және 13-тармағын қоспағанда, осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын: 1) «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 921-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 15, 93-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат); 2) «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 86-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат); 3) «Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1071-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат);  
32-тарау. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және осы кодексті қолданысқа енгізу тәртібі  

Слайд 274) «Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы» 2002 жылғы 27

мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж.,

№ 10, 104-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат); 5) «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 149-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат); 6) «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 21, 176-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат); 7) «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 70-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат); 8) «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 2, 8-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат); 9) «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 13, 73-құжат; 2006 ж., № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат); 10) «Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 45-құжат); 11) «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 91-құжат; 2007 ж., № 2, 14-құжат).
4) «Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы» 2002 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің

Слайд 28Пайдаланған әдебиеттер
Исмаилов Ш. Бигалина Р. Әлеуметтік медицина және

денсаулық сақтауды басқару. Алматы 2001 жыл.
Ю.П. Лисицын “Общественное здровье и

здровоохранение” Москва 2009 жыл
Www.google.ru.
Www.yandex.ru.

Пайдаланған әдебиеттер Исмаилов Ш. Бигалина Р. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару. Алматы 2001 жыл.Ю.П. Лисицын “Общественное

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика