Слайд 2 Қонақ үйдің интерьері. Қонақ үйді безендіру дизайнның даму жолдарын, қонақ
үй интерьерін, безендіру жұмыстарын зерттеуді талап етеді. Безендіру деңгейін көтеру,
ішкі құрылымдық қызмет көрсетуді дамыту қонақ үй категориясына меншіктеледі. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу. Қонақ үй инетрьерінде жақсы әсер қалдыру үшін көркемсурет сапасының (архитектуралық құрылыс жабдықтар, электроқұрылғылар, есік, терезелер түрлері) әртүрлі элеменнтері үлкен рөл атқарады. Материалдық көркем сурет ұйымдастыруына кішігірім құралдар да жатады. Мысалы: жол көрсеткіштер, нөмірлену және бөлімнің атауы, дабыл қаққыш құрылғылары, құлыптар, сонымен қатар күнделікті қолданылатын жарнамалар, анықтамалар, қонақ үйдегі жұмыс жоспары және тағы сол сияқтылар жатады.
Слайд 3 Интерьерлердегі әртүрлі декорлық маталар қонақ үйде ең басты рөл атқарады. Қолданылатын
маталар: шуды білдірмейтін, күндіз күн сәулесінен қорғайтын, жазда жанып яғни,
өртеніп кетуден қорғайтын маталар. Маталар әдетте жууға төзімді, мықты әрі жұмсақ, түрлі-түсті, бірақ бояуы ақпайтын болуы керек. Жаңағы аталған міндеттерге қарай маталардың әртүрлі атаулары болады. Қонақ үй бизнесінде ең басты рөл атқаратын сервис деңгейі және қонақ үйдің дизайн интерьері болып табылады. Қазіргі таңда заман талабына сәйкес қонақ үйдің интерьеріне ерекше көңіл бөледі. Қонақ үйдің интерьері өзінің ерекшелігімен келушілерді таң қалдыруы керек және ол жаңартылып тұруды қажет етеді. Бірақ ең басты мәселе дизайн, қонақтардың көңілінен шығу қажет, өзінің ыңғайлылығымен өзіне жақсы әсер қалдырады. Қазіргі таңда АҚШ-та №1 қонақ үйлердің дизайнері Келли Уэстлер (Kelly Wearstler) болып табылады. Келли Уэстлердің дизайнының өзіндік ерекшелігі бар, ол өзінің шығармаларында ашық түстер мен гүлдерді қолданады. Соңғы жылдары қонақ үй дизайны әлемде ең маңызды, пайдалы және сұранысқа ие мамандықтардың қатарына жатады.