Разделы презентаций


Орындаған: Бесетаева А. 548 топ ЖМФ Тексерген: Оспанов Б.Т. Цереброваскулярлық презентация, доклад

Содержание

Инсульт дегеніміз - бас қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы, миға қанның кетуі, мидың субарахноидалды қабатына қан құйылу мен мидың инфарктісі (ишемиялық инсульт). Инсульттің барлық жағдайының 70-85% ишемиялық инсультты құрайды, ал геморрагиялық

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Орындаған: Бесетаева А.
548 топ ЖМФ
Тексерген: Оспанов Б.Т.
Цереброваскулярлық аурулар. Жіктелуі. Қауіп

факторлары. Ми қан айналысы бұзылудың өтпелі түрі. Ми инфарктісі. Ми

ішілік қан құйылулар. Субарахноидальді қан құйылулар. Клиникасы. Диагностикасы. Емі

Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Психиатрия, неврология және наркология кафедрасы

Семей 2016 жыл

Орындаған: Бесетаева А.548 топ ЖМФТексерген: Оспанов Б.Т.Цереброваскулярлық аурулар. Жіктелуі. Қауіп факторлары. Ми қан айналысы бұзылудың өтпелі түрі.

Слайд 2Инсульт дегеніміз
- бас қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы, миға

қанның кетуі, мидың субарахноидалды қабатына қан құйылу мен мидың инфарктісі

(ишемиялық инсульт). Инсульттің барлық жағдайының 70-85% ишемиялық инсультты құрайды, ал геморрагиялық инсульт (қан құйылу) төрт есе аз болады. Көбінесе, инсультке артериалды гипертония себепші болып келеді. Оған 50-ден асқан азаматтар жиі ұшырасады.
Бірақ қызу өмір ағымы мен жоғары эмоционалдық жүктеме, гиподинамия мен дұрыс тамақтанбауға байланысты соңғы уақытта инсультке жастар да ұшырасып жатады. Инсультпен ауыратындарды емдеу мен сауықтыру ұзақ уақытты талап етеді.  Сондай-ақ, өлім пайызы жоғарылап, әлеуметтік бедел мен еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі байқалуда.

Инсульт дегеніміз - бас қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы, миға қанның кетуі, мидың субарахноидалды қабатына қан құйылу

Слайд 3Этиологиясы
Инсульттi (миға қан құйылуын) туғызатын негiзгi себептер мыналар: - қан қысымының (ҚҚ)

күрт көтерiлуi; - жүрек-қан тамырлары ауруы; - қант диабетi; - iшiмдiк iшу, - маскүнемдiк

(алкоголизм); - шылым шегу; - артық салмақ, - күнделiктi аз қимыл-қозғалыс (гиподинамия); - көңiл-күйiнiң бұзылуы, ашушаңдық, күйгелектiк.
ЭтиологиясыИнсульттi (миға қан құйылуын) туғызатын негiзгi себептер мыналар: - қан қысымының (ҚҚ) күрт көтерiлуi; - жүрек-қан тамырлары ауруы;

Слайд 4Инсульт - бұл ми қан айналымының жедел бұзылуы, миға қан құйылудың немесе

инфаркттың əсерінен туындайды. Инсульттер - ми жəне жұлында жіті қан айналымының

бұзылысынан туындайды.

Кезең мақсаты: Өмірге маңызды маңызды жүйелер мен ағзалар қызметін қалпына келтіру.

ЖІКТЕМЕСІ
Негізгі клиникалық түрлері  
1. Өткінші бұзылыстар - ошақты симптоматиканың 24 сағат ішінде толық регрессияға айналу жағдайы:
- транзиторлы ишемиялық шабуылдар- ми қан айналымының ошақты симптоматикасымен жүретін өткінші бұзылыстары, мидың қысқа локальды ишемиялық жағдайынан туындайды.
- жедел гипертониялық энцефалопатия.
2. Геморрагиялық инсульттер - ми мен жұлынға жарақаттанусыз қанның құйылуы.
3. Ишемиялық инсульттер - тромбоз, эмболия, тамырлардың қысылуы мен стенозы жəне жалпы гемодинамиканың төмендеуінде (тромбсыз жұмсару) мидағы белгілі бір бөліктің қанмен қамтамасыз етілуінің төмендеуі немесе тоқтауына алып келетін ауру.
4. Біріккен инсульттер, қан құйылу ошақтары мен мидың жұмсарған бөліктері қатар жүргенде пайда болуы.
5. Субарахноидальді қан құйылу.
Версия раздела (ещё: 2): ПДЛ 2007 (каз)

Инсульт - бұл ми қан айналымының жедел бұзылуы, миға қан құйылудың немесе инфаркттың əсерінен туындайды. Инсульттер - ми жəне жұлында

Слайд 5ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР Ишемиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары: - атеросклеротикалық бұзылыстар; - артерио-артериалды жəне кардиоцеребралды

эмболиялар; - қан жүйесіндегі бұзылыстар.

Геморрагиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары:
- артериалды гипертензия;
- ангиомалар;
-

мидың артериалды жүйесінің микроаневризмалары;
- инфекционды- аллергиялық табиғаттағы жүйелі аурулар;
- қанның гипокоагуляциясымен жүретін геморрагиялық диатез жəне лейкоздың əртүрлі формалары.
- антикоагулянттарды мөлшерден тыс қабылдау;
- мидың біріншілік немесе метастазды ісігіне қан құйылу.

ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР  Ишемиялық инсульттың қауіп-қатер факторлары: - атеросклеротикалық бұзылыстар; - артерио-артериалды жəне кардиоцеребралды эмболиялар; - қан

Слайд 6Субарахноидалды қан құйылулардың қауіп-қатер факторлары:
- субарахноидалды кеңістікте орналасқан артериялардың инфекционды

- токсикалық, паранеопластикалық жəне саңырауқұлақтармен зақымдалуы;
- əртүрлі этиологиядағы артерииттер;
- қанның аурулары;
-

ми веналары мен синустарының тромбозы;
- жыныс қатынасы кезінде, эмоционалды күштемеде, қатты жөтелгенде, дефекацияда, аяқ- астынан ауыр көтергенде артериялық қысымның тым жоғары жəне күрт көтерілуі;
- түнгі ұйқыда венозды қан айдаудың нашарлауы, ми қан тамырларының тез арада атеросклерозды бұзылыстары;
- субарахноидалды кеңістікке беткей орналасқан ми ішілік геморрагиялық үзілулер;
- ауыр алкоголды уланулар.

Субарахноидалды қан құйылулардың қауіп-қатер факторлары:- субарахноидалды кеңістікте орналасқан артериялардың инфекционды - токсикалық, паранеопластикалық жəне саңырауқұлақтармен зақымдалуы;- əртүрлі этиологиядағы

Слайд 7Диагностика критерийлері
  
Ошақты неврологиялық симптомдар:
- қозғалмалы (геми-, моно-, парапарездер);
- сөздік (сенсорлы,

моторлы афазия, дизартрия);
- сезімталдық (гемигипалгизия, терең жəне күрделі сезімталдықтың бұзылыстары);
- координаторлы

(вестибулярлы, мишықтың атаксиясы, астазия, абазия т.б);
- көру (скотомалар, квадрантты жəне гемианопсиялар,амавроз,фотопсиялар т.б);
- ми қабы қызметінің бұзылысы (астериогноз, апроксия жəне т.б).  
Жалпы милық симптомдар:
- бастағы сергектіктің төмендеуі, субъективті сезінулер «түсініксіздік», «тұмандауы» сияқты жеңіл сезімдер мен терең комаға дейінгі жағдайлар;
- бастың ауруы, жүйеусіз сипаттағы бастың айналуы, жүрек айнуы, құсу, бастың шуылдауы.  
Менингеалды симптоматика:
- мойын арты бұлшық етінің тартылуы;
- Керниг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), Бехтеров симптомдарының оң болуы.  
Геморрагиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:
- бастың бірден ауруы, құсу;
- тез арада (немесе кенеттен) есінің тежелуі, ошақты симптомдармен қатар жүруі;
- сергек кезде, күндіз, аяқ - астынан пайда болады;
- беттің қошқылдануы (плетор), көздің жабылуы , кейде көп мөлшерде тердің бөлінуі, зəрді ұстай алмау, пульстің қатқылдануы, жарты шарға массивті қан құйылу кезінде - артериялық қысымның көтерілуі.

Диагностика критерийлері   Ошақты неврологиялық симптомдар:- қозғалмалы (геми-, моно-, парапарездер);- сөздік (сенсорлы, моторлы афазия, дизартрия);- сезімталдық (гемигипалгизия, терең

Слайд 8Ишемиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:
- біртіндеп (сағат немесе минут ішінде), зақымданған

тамыр бассейніне байланысты ошақты симптомдардың үдеуі;
- жалпымилық симптомдар көріністері анық болмайды;
-

артериялық қысым қалыпты немесе төмен;
- кейде ұйқы кезінде дамиды.  
Транзиторлы ишемиялық шабуылдар диагнозы ретроспективті қойылады.
Жіті гипертониялық энцефалопатияның диагностикалық крийтерилері:
- бастың бүкіл жерінің, қатты ауруы;
- жүрек айну, құсу;
- сезімталдықтың төмендеуі, кейде тырысу синдромымен қатар жүреді;
- ошақты неврологиялық симптоматика.  
Субарахноидалды қан құйылулардың диагностикалық критерийлері:
- аяқ-астынан бастың ауруы, кейде омыртқаға ауырсынудың берілуі, басты бір нəрсемен ұрған сияқты ауырсыну («баста бірнəрсенің жарылуы»);
- психомоторлы қозу, бастың айналуы, көздің қарауытуы, құлағының шуылдауы;
- есінің тежелуі, кейде комаға дейін; Көбінесе есі қалпына келеді, бірақ есеңгіреу күйінде болады;
- қайталамалы құсу;
- генерализацияланған немесе фокальді қояншық ұстамалары;
- тыныс алу ритмнің бұзылуы немесе оның патологиялық түрлері;
- артериялық қысымның жоғарылауы;
- жүрек соғысының өзгеруі (жиі брадикардия);
- гипергликемия.

Ишемиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:- біртіндеп (сағат немесе минут ішінде), зақымданған тамыр бассейніне байланысты ошақты симптомдардың үдеуі;- жалпымилық симптомдар

Слайд 9Инсультті анықтау.
Инсультті анықтайтын 4 қадам бар:  -адамнан күлуін өтініңіз (ол айтқанды

орындай алмайды); -қарапайым сөйлемді айтуын сұраңыз (сөйлеген сөзі түсініксіз); -екі қолын көтеруді

сұраңыз (қолдарын көтере алмайды болмаса жартылай ғана көтереді); -тілін шығаруды өтініңіз (егер тілі қисайған немесе қайырылған болса, ол да инсульттің белгісі).
Инсульт кезінде алғашқы жәрдемді дұрыс беру арқылы адамның өмірін сақтап, инсульт салдарын азайтуға болады. Сондықтан әр азамат инсульттің белгілерін біліп, дәрігер келгенге дейін көмек көрсете алуы тиіс. Артериалды гипертензия жағдайында инсультті басынан өткерген және диспансерлік тізімде тұрған науқастарға Қазақстан Республикасында ТМККК аясында тегін дәрілік заттар жазылып беріледі: Бисопролол, Карведилол, Метопролол, Эналаприл, Лизиноприл, Периндоприл, Амлодипин, Нифедипин, Лозартан, Кандесартан, Индапамид  пен оның комбинациялары.
 

Инсультті анықтау.Инсультті анықтайтын 4 қадам бар:  -адамнан күлуін өтініңіз (ол айтқанды орындай алмайды); -қарапайым сөйлемді айтуын сұраңыз

Слайд 10Ми қанайналым бұзылыстары. Цереброваскулярлы аурулар Жыл сайын ДДСҰ мәліметтері бойынша

15 млн фатальды және 15 млн фатальды емес инсульттар тіркеледі.

Әлімде қазіргі таңда инсультты басынан өткерген 50 миллионнан астам науқас тіркелген. Жыл бойындғы инсульттар жиілігі 1000 тұрғынға есепегенде 1,5-нан 7,4-ке дейін құрайды. (ДДСҰ) Цереброваскулярлы аурулар Қазақсатн мен Ресейде өлімділік себебіне байланысты жүректің ишемиялық ауруларынан кейінгі екінші орын алады. Науқастардың 1/3-і алғашқы 30 күнде, ал 1 жыл ішінде – жартысына дейін өмірден өтеді. Ми инсультына ұшыраған науқастрдың жартысынан көбі – еңбекке жарамды жаста болып келеді. Аман қалған науқастрдың 80 %-ы мүгедек болып қалады. Инсультты басынан өткерген науқастрыдң 31%-ы үнемі күтімді қажет етеді, ал 20% өз бетімен үре

Ми қанайналым бұзылыстары. Цереброваскулярлы аурулар Жыл сайын ДДСҰ мәліметтері бойынша 15 млн фатальды және 15 млн фатальды

Слайд 11Ми қан айналымының бұзылыстары формаларының жіктелуі А. ми қан айналымынң

жеткіліксіздігінің алғашқы көрінсітері. Б. ми қанайналымынң  өткінші бұзылыстары Транзиторлы ишемиялық

шабуыл Гипертониялық церебральды криз Жедел гипертониялық энцефалопатия В. Инсульттер 1. Геморрагиялық инсульт (20-25%): а) субарахноидты қанқұйылу б) миішілік қанқұйылу в) вентрикулярлы қанқұйылу г) аралас қанқұйылу 2. Ишемиялық инсульт (75-80%): а) атеротромбоздық б) кардиоэмболиялық в) гемодинамиялық г) лакунарлы д)гемореологиялық микрооклюзия типі бойынша 3. Кіші инсульт 4. Бұрын өткен инсульт салдыры  (1 жылдан астам) Г. Ми қан айналымының өрбуші бұзылыстары 1. Сүлелі субдуральды гематома 2. Дисциркуляторлы энцефалопатия

Ми қан айналымының бұзылыстары формаларының жіктелуі А. ми қан айналымынң жеткіліксіздігінің алғашқы көрінсітері. Б. ми қанайналымынң  өткінші

Слайд 12Транзиторлы ишемиялық шабуыл – тұрақсыз жалпы милық және ошақтық белгілермен

көрінетін, 24 сағат ішінде өткінші болып өтетін ми қанайналым бұзылысы.

Инсульт Инсульт – бір тәуліктен артық уақыт сақталатын жалпы милық және тұрақты ошақты белгілермен көрінетін жедел ми қанайналым бұзылысы. Кіші инсульт – ошақты неврологиялық симптоматика 3 апта ішінде толығымен  жойылатын жедел ми қан айналым  бұзылысы. Ми инсультына ұшырау қауіп-қатер факторлары Артериальды гипертензия (140/90 мм сын.бағ.-нан жоғары) Темекі шегу Жыпылық аритмиясы және басқа да жүрек аурулары Анамнезінде миокард инфаркты Гиперхолестеринемия (> 6,5 ммоль/л) Қантты диабет (> 7 ммоль/л) Ұйқы және омыртқа артерияларының атеросклерозды стеноз Бұран басынан өткерген инсульт Фибриноген мөлшерінің жоғарлауы Алкогольды шектен тыс қолдану Өмір сүру ерекшеліктері (артық салмақ, физикалық белсенділіктің болмауы, тамақтану бұзылыстары, жедел күйзеліс немесе ұзаққас созылған психоэмоционалды жүктеме: депрессия немесе алаңдаушылық) Оральды контрацептивтер (құрамында эстрогені бар) Асқынған тұқымқуалаушылық (ата-анасында, аға-әпкелерінде инсульт, миокард инфаркты және АГ)

Транзиторлы ишемиялық шабуыл – тұрақсыз жалпы милық және ошақтық белгілермен көрінетін, 24 сағат ішінде өткінші болып өтетін

Слайд 13Ишемиялық инсульт критерилері
Қауіп-қатре факторлары – артериальды гипертония, атеросклероз, кардиогенді

эмболия
Жасы – 50 жастан кейін, жиі қарттық шақ
Басталуы

– жедел, 30% жағдайда бірітіндеп не сатылы түрде.
Инсульт ұйқы кезінде не бірден ұйқыыдан ояна салып дамуы мүмкін.
Хабаршы белгілерінің болуы
Бас ауруы – әлсіз, орташа немесе жоқ
Құсу – тән емес
Есі – әдетте сақталған
Бет терісі қуқыл тартуы
Пульс – әлсірген
Менингиальды симптомдар – байқалмайды
Қан қысымы – төмендеген, қалыпты, 70-80% науқастрада инсульттан кейінгі алғашқы күндері жоғарлайды
Ошақты симптомдар (қозғалыс, сезімтал, сөйлеу және т.б.) жалпы милық симптомдардан басымырақ
Дене температурасының көтерілуі тән емес
Ликвор – түссіз
Бас ми компьтерлі томографиясы – төмен тығыздықты аймақ анықталады

Ишемиялық инсульт критерилері Қауіп-қатре факторлары – артериальды гипертония, атеросклероз, кардиогенді эмболия Жасы – 50 жастан кейін, жиі

Слайд 14Емдеу жолдары
Ауру адамды бетін төмен қаратып жатқызу керек. Егер ес-түссіз

жатса, түкірігі немесе құсығы екпесіне кетіп қалмайтындай етіп басын қисайтып

жатқызу керек Ес-түссіз жатқан адамға тамақ, су немесе дәрі беруге болмайды. Дереу дәрігерге қаратыңыз . Егер ауру үстаған адам жартыпай сал болып қалса, таяқпен жүруге және сау қолы арқылы өзін-өзі күтуіне көмектесіңіз. Оған ауыр зат көтеруге және ашулануға болмайды.
Алдын алу
Құнарлы тамақ ішіңіз, майлы және тұзды тамаққа әуестенбеңіз. Артық салмақ қосу немесе семіру зиянды.
Ішімдік көп ішпеңіз.
Темекі тартпаңыз.
Дене және ой еңбегін қатар пайдаланыңыз.
Дұрыс дем алуға, ұйықтауға дағдыланыңыз.
Өмірде кездесетін қиындықтарда өзіңізді дұрыс ұстай біліп, мәселені дұрыс шешуге үйреніңіз, күйгелек болмаңыз.
Ескерту: Егер жас немесе орта жастағы адамда ешқандай ауру ұстамай-ақ, бетінің жартысы жансызданып, сал болып қалса, онда бұл бет жүйкесінің уақытша сал болып қалуы (Бепл салы). Бұл ауру бірнеше аптадан немесе айдан кейін өзінен-өзі кетеді. Бұл аурудың себебі әлі белгісіз. Ешқандай емнің бұған керегі жоқ, бірақ компресс қою көмектеседі. Егер бір көзіңіз жұмылмай қалса, оны зақым болудан немесе құрғап қалудан сақтау үшін түнге қарай бинтпен жауып қойыңыз.

Емдеу жолдарыАуру адамды бетін төмен қаратып жатқызу керек. Егер ес-түссіз жатса, түкірігі немесе құсығы екпесіне кетіп қалмайтындай

Слайд 15Шұғыл көмек
1. оксигенотерапия
2. ми ішілік қысымды төмендету үшін

дегидратация: лазикс 0,1 мг/кг
3. қанды тоқтату мақсатында гемостатиктер: викасол, рутин,

аскорбин қышқылы
4. госпитализация (интенсивті терапия бөлімі немесе нейрохирургиялық бөлімге)
Церебральды сұйықтық өндірілуін төмендету: диакарб 50-60мг/кг/тәул, глицерол
Егер қарыншаішілік қан құйылу артпаса, курспен жалғастыру (курс 2-4 апта,ұзақтығы 3-4 ай)
В тобы витаминдері
Қажет болса, хирургиялық ем.
Шұғыл көмек 1. оксигенотерапия 2. ми ішілік қысымды төмендету үшін дегидратация: лазикс 0,1 мг/кг3. қанды тоқтату мақсатында

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика