Иландыру, 1) психологияда – адамға сөзбен әсер етудің, үгіт-насихаттың бір түрі. Адам түрлі жағдайда айналасындағылардың іс-әрекеті мен қылығына кейде еріксіз иланып отырады. Нәтижесінде адамның санасында бұрынғы сенімі мен бағыт-бағдарына, күнделікті әдет-ғұрпына қарама-қайшы пікірлер де тууы мүмкін. Иландыру кейде ізгі мақсатпен, кейде теріс мүдде үшін жүзеге асырылады;
2) медицинада – адам психикасына әсер ету арқылы емдеудің ерекше бір түрі. Адам жас кезінде иланғыш келсе, білім алып, өмір мектебінен өтіп, есейе келе оның бойындағы әр нәрсеге сенетін иланғыштық қасиет азая береді. Иландыру ойдағыдай өтуі үшін науқас мінезінің ерекшеліктерін, ауруының даму барысын жақсы білу шарт. Науқастың иланғыштығы оның жоғары жүйке жүйесінің қызметінің ерекшеліктеріне тәуелді. Иланғыштық, көбінесе, әсершіл, көңілшек не әлсіз, шаршаған адамдарда байқалады.
Иландырудың тура (тікелей сөзбен әсер ету) және жанама (науқасқа дәрі-дәрмектің, әр түрлі медициналық емшараның жақсы әсерін атап көрсету арқылы) түрлері ажыратыладыСөзбен иландыру кезінде дәрігердің бір қалыпты қоңыр дауыспен айтқан сөздері құлаққа жағымды тиеді, науқастың денесін сипау, көк жарықты бір өшіріп, бір жағу немесе жаңбыр тырсылын елестету, т.б. науқасты елжіретеді. Бұл кезде гипноздалушының ми қыртысында жарым-жартылай тежелу дамиды, бірақ жеке белсенді сергек бөліктер қалады; осы бөліктер арқылы дәрігер мен науқас арасындағы байланыс іске асырыладыСондай-ақ, иландыру адамның жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, әр түрлі жүйке ауруларына шалдыққанда (мыс., жүйкесі тозу, т.б.), шылым шегуден арылу үшін де қолданылады.[1]
Иландыру
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть