Слайд 1популяциядағы жүретін процестерді зерттеу
Слайд 2МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.Тү туралы түсінік беру
1.1 Түр ішіндегі қарым-қатынастардың ерекшеліктерімен танысу
1.2 Популяцияның
сандық динамикасын талдау
2. САНДЫҚ ДИНАМИКАСЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІ
ФАКТОРЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ
2.1. Популяцияның қалыптасу жағдайларын айқындау
2.2.Популяция ішіндегі топтарды қарастыру
2.3. Ценопопуляцияның жастық құрылымының ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
Слайд 3КІРІСПЕ
Əрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік
етеді. Көбіне ареалдың əр жерінде орналасқан особьтар топтары бір- бірімен
байланыса да алмай, шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи (филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына жəне басқа да себептерге байланысты. Популяция - тіршілік циклдары, морфологиялық бедгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы. «Популяция» ұғымы лат. populus - халық деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет дат генетигі В.Л.Иогансен қолданды.
«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық жəне экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді.
Популяциялар экологиясы немесе демэкология – қоршаған орта факторларының популяцияға əсерін, популяция санының өзгеруін зерттейді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы жəне т.б.) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауыл шаруашылығындағы маңызы туралы мəліметтерді қарастырады.
Слайд 41 Түр туралы түсінік беру
Түр тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық
өлшем бірлігі болып табылады. Кезінде К. Линней (1735) негізін қалайтын
еңбек жасағанымен күні бүгінге дейін бұл ұғымға жалпы мақұлданған ғылымда анықтама жоқ. Қазіргі замандағы көбірек қолданылатын түсінік мынау: түр- бұл сыртқы белгілері және тіршілік әрекеттерінің үдерістері бойынша ұқсас, біркелкі жағдайларға мұқтаж, белгілі аумақта топтасып - популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен бұдан түзбейтін дарақтардың тобы. Былай да анықтама беруге болады:түр бұл төрт өлшем бойынша ұқсас дарақтар тобы. Сол өлшем бойынша тірі ағзалардың бір түрі екіншісінен, тіпті жақын туыстастарынан ерекшелендіріледі.
Анатомиялық - морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшем
Слайд 61.1 Түр ішіндегі қарым – қатынастардың ерекшеліктерімен танысу
Элементарлы эволюциялық
факторларының қысымы нəтижесінде түр ареалы ішінде, популяцияның генетикалық құрамын өзгертетін
эволюциялық құбылыстар пайда болады. Бұл құбылыстардың кейбіреуі тереңдеп, оқшаулану күшейіп, популяцияларда айырмашылықтар жиналуы мүмкін.
Популяциялар арасында пайда болған айырмашылықтар түр іші формалары – түр тармақтарының түзілуіне əкеледі.
Түр тармағы – осы түрдің басқа популяцияларынан морфологиялық айырмашылықтары бар түр іші топтары.
Түр тармақтары бір-бірінен морфологиялық, физиологиялық эəне этологиялық айырмашылықтары бар түр шіші топтары.
Слайд 71.2 Популяцияның сандық динамикасың талдау
Жеке дараға тəн емес, популяцияның өзіндік
арнайы қасиетері бар: саны, тығыздығы, өмір, өлім, өсу жылдамдығы т.б.
Популяцияның
сандық көрсеткіштерін статикалық жəне динамикалық деп бөлуге болады.
Статистикалық көрсеткіштер популяцияның дəл қазіргі уақыттағы санын, тығыздығын, құрылымын көрсетеді.
Популяция саны дегеніміз – популяциядағы даралар саны. Əр түрлі уақытта популяция саны өзгеріп отырады. Бұл өзгеріс түрдің биотикалық потенциалына жəне ішкі жағдайларға байланысты.
Слайд 82.САНДЫҚ ДИНАМИКАСЫНА ƏСЕР ЕТЕТІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖƏНЕ АНТРОПОГЕНДІ ФАКТОРЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ
Популяция динамикасы - популяциядағы особьтардың сандық
мөлшерін жəне оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі [8].
Популяция
динамикасының негізгі белгілеріне жататындар: популяцияның сандық мөлшері - белгілі бір аумақтағы немесе көлемдегі особьтардың жалпы саны;
популяция тығыздығы - белгілі бір жер аумагындағы немесе көлемдегі особьтардың орташа саны;
популяциядағы туылу саны - белгілі бір уақыт ішінде көбею нəтижесінде популяцияда пайда болган жаңа особьтар саны;
популяциядағы өлу саны - белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген особьтар саны;
популяция өсімі - популяциядагы особьтардың туылуы мен өлуі арасындағы сандық айырмашылық;
өсу қарқьшы - белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім.
Слайд 92.1 Популяцияның қалыптасу жағдайларын айқындау
Популяциялар құрылымы - бір жағынан түрдің
биологиялық қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен
басқа түрлердің популяциялары əсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар құрылымы тұрақты болмайды. Территориядағы особьтардың таралуы топтардың жынысы, жасы, морфологиялық , физиологиялық , мінез- құлықтары жəне генетикалық ерекшеліктері бойынша ара қатынастары популяцияның құрылымын көрсетеді.
Популяцияның кеңістіктегі құрылымы - популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының жəне түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық мөлшері уақыт бойынша өзгеруі мүмкін. Сондықтан популяция особьтары кеңістікте бірқалыпты, кездейсоқ жəне топтанып орналасады.
Слайд 102.2 Популяция ішіндегі топтарды қарастыру
Жеке тіршілік ететін түрлерде особьтардың
шоғырланып жиналуы уақытша - көбею алдында, қысқы суықтан пана іздеген
кезде байқалады (мысалы, кейбір көбелектер күзде көптеп үйдің шатырының астында немесе басқа бір паналайтын жерлерде, жайындар мен шортан балықтар су түбіндегі шұңқырларда).
Популяция ішінде особьтар арасындағы қатынастардың күрделенуі екі багытта жүреді: особьтар арасында жыныстық байланыстың күшеюі жəне ата-аналары мен ұрпақтары арасындағы байланыстардың пайда болуы. Осының негізінде популяциялар ішінде құрамы жəне бірге болу ұзақтығы əртүрлі семьялар құрыла бастайды.
Жануарларда жүбын іздеу көбею алдында күрделі болып, Мінез- құлықтары да өзгереді (мысалы, шалғынпы қоңыздарда жүп құру алдында аталық особьтардың «билеуі», кейбір өрмекшілерде (қарақұрт) шағылысқан соң ағалықтарының налықтарына қорек болуы, құстарда үя салу жəне т.б.).
Слайд 122.3. Ценопопуляцияның жастық құрылымының ерекшеліктері
Өсімдіктердің популяциялық экологиясының дамуы ХХ ғасырдың
ортасында жатады, ал биогеоценоздағы (фитоценоздағы) түрлер популяциясының рөлімен байланысты. Сондықтан
фитоценологияда
«Ценопопуляция» - түсінігі фитоценоздағы белгілі түр тұрғындарының орны мен рөлін көрсетеді. Ценопопуляция -белгілі фитоценоздағы, оның құрылысы жəне динамикасына байланысты өсімдік түрлерінің тіршілік заңдылығын анықтайды.
Екі жағдай да популяция – тұтас, өзін-өзі қолдайтын, ерекше функциясы бар, түрдің тіршілік формасы ретінде жүйе ол, биогеоценоздың функциональды бірлігі жəне эволюцияның элементарлы бірлігі. Сыртқы əсерлердің кешеніне түрдің жауабы тек популяция деңгейінде көрінеді. Адамныңда түрге белсенді əсері тек популяция деңгейінде іске асады.
Дегенмен, өсімдіктердің ерекше популяциялық процестерін зерттеу дəрежесі əлі де жеткіліксіз, сондықтан популяция экологиясының проблемаларының негізіне жануар популяциясын зерттеу барысында алынған мəліметтер қарастырылады.
Слайд 13қОРЫТЫНДЫ
Әрбір популяцияға биотикалық потенциал тән, яғни, белгілі бір уақыт аралығылда
популяциядағы даралардың сандық мөлшерінің көбеюіне қабілеттілігі. Әртүрлі ағзаларда биотикалық потенциал
әрқалай. Көбеюдің жоғары потенциалы бар ағзаларға, мысалы, кейбір бактерияларды жатқызуға болады. Әрбір 20 минут сайын жай бөліну арқылы көбейетін Bacillus coli бактериялары қолайлы жағдайларда бүкіл жер шарын 36 сағатта игеретін еді. Ал 7,5 млрд-қа дейін спора түзетін жауын саңырауқұлағы екінші ұрпағында бүкіл Жер бетін басып қалатьн еді.
Биотикалық потенциалдың мөлшері әр түрлі түрлерде әрқалай. Мысалы, еліктің аналығы бүкіл өмірінде 10-15 лақты дүниеге алып келеді, нематод трихина (Trichinella spiralis) - 1.8 мың жұмыртқа салса, бал арасыньщ аналығы - 50 мың жұмыртқа, ал ай-балық (Mola mola) 3 млрд. уылдырық шашады. Бұл түрлердің биоткалық потенциалы мұнан да жоғары, өйткені дамып келе жатқан жұмыртқалар мен ұрықтардың көпшілігі туылмай жатып өліп кетеді
Слайд 14Жануарлар әлемінде тірішілік күресі каннибализм (өзі сияқтыларды жеу) арқылы көрініс
береді. Мысалы, каннибализм құбылысы кейбір кемірушілерге, жәндіктер личинкаларына, алабұға, шортан
балықтарына тән.
Тығыз популяцияларда сандық мөлшердің реттелуінің басты механизмі стресс-реакция болып табылады. Егер популяция ға күшті тітіргендіргіш әсер етсе, популяция оған стресс-реакциямен жауап береді. Табиғатта стресстіц көптеген түрлері бар:антропикалық, жүйкелік-психологиялық, шуыл әсері және т.б.