Слайд 1
ҚР Еңбек туралы заңы. Еңбекті қорғау органының құрылымы және қызметі.
Жастар мен әйелдер еңбегіне қойылатын заң шектері
Орындаған: Байгали М
Слайд 2ЖОСПАР
1. ЕҚ бойынша негізгі заңды құжаттар
2. ЕҚ бойынша негізгі нормативтік
құжаттар
3. Еңбек қорғауды ұйымдастыру
4. Өндіріс саласындағы ЕҚБ жүйесі
5. Өндірістік объектінің
қауіптілігін бағалау
Слайд 317-бап. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары
17-бап. Қызметкердiң еңбек
қауіпсіздiгіне және еңбекті
қорғауға құқықтары
Қызметкердің:
1) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбекті
қорғауға;
2) жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігi мен еңбектi қорғаудың жай-күйі туралы, өмiрге және денсаулыққа төнетiн қауіп туралы, сондай-ақ зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстік факторлардың әсерiнен оны қорғау жөніндeгi шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;
3) өндiрiстік жарақаттануға, кәсiби ауруға немесе жұмыс қабiлетiн төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкiн зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғалған жұмыс oрнына;
4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарында, сондай-ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге; V970321 V053456 5) өзінің жұмыс орнындағы еңбек жағдайына, қауіпсiздігіне және еңбектi қорғауға тексеру жүргізу туралы уәкілеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне өтiніш жасауға;
6) еңбек жағдайларын, қауіпсiздiгін және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға өкіл ретiнде қатысуға;
7) өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тiкелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкiлiне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен еңбек мiндеттерiн қауіпсіз атқару үшiн қажетті білім алуға және кәсiби даярлыққа; V980492 V970474
9) шарттық міндеттемелерді, еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өтетуге; P930201
10) ұйымның жұмысы еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмегендiктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
11) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға құқығы бар.
Слайд 419-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы құқықтары
Жұмыс
берушінің:
1) өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
мәселелері жөнінде актілер шығаруға;
2) қызметкерлерден Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;
3) жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар. Z990493
Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.12.06. N 209 Заңымен.
Слайд 5ЕҚ бойынша негізгі заңдар
28.02.04ж. «ЕҚ мен қауіпсіздік туралы» заңы;
19.05.97ж. өзгерген
ҚР-ның «Денсаулықты қорғау туралы» заңы 13.01.04ж. толықтырылған;
10.12.99ж. ҚР-ның «ЕҚ туралы»
заңы;
03.04.02ж. «Қауіпті өндіріс объектілеріндегі өндірістік қауіпсіздік туралы» заңы;
27.03.97ж. өзгерген «Табиғи және техногенді сипаындағы ТЖ туралы» заңы;
ҚР-ның Азаматтық кодексі;
Өрт қауіпсіздігі туралы.
Слайд 6ЕҚ бойынша негізгі нормативтік құжаттар
МЕСТ-тер;
«Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесінің МЕСТ
(ЕҚСЖ);
Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық
ережелер мен нормалар;
Құрылыстық нормалар мен ережелер (ҚНмЕ);
Құрылыс және жобалау бойынша
ережелер жиыны;
ЕҚ бойынша сала аралық ережелер, ЕҚ бойынша сала аралық типтік нұсқаулама;
ЕҚ бойынша салалық ережелер, ЕҚ бойынша типтік нұсқаулама;
Қауіпсіздік ережесі, қауіпсіздік бойынша нұсқаулама.
Слайд 7Еңбек қорғауды ұйымдастыру
Қауіпсіздік жеке қорғаныс бұйымдары жұмысшылардың күйуден, уланудан, өндірістік
жарақаттан электр тогынан өрт шығуынан, ыстық, жарықтың тағы басқа заттардан
тиетін зиянды әсерлерден сақталуға арналған болып табылады. Сондай-ақ түрлі жұқпалы мамандық ауруларынан сақтайды.
Жеке қорғаныс бұйымдарының жалпы ұжымдық қорғаныс бұйымдарынан ерекшелігі әрбір адамды бөлек түрлі жағдайдан қорғайды. Әрбір жұмыстың бағытына қарай олар тыныс алу жолдарын қорғау, көру, есіту мүшелері, сондай-ақ тері және бүтін ағзаны қорғау болып бөлінеді.
Слайд 8
Өндірістік авария
Қауіпті өндірістік фактор
Өнеркәсіптік қауіпсіздік Техникалық құрылғы
Слайд 9Өндіріс саласындағы ЕҚБ жүйесі
Заманауи талаптарына жауап беретін ЕҚБЖ енгізудің бастапқы
кезеңінде мекемедегі еңбекті қорғаудың ағымдағы күйін жан-жақты талдау мен бағалау
жүргізіледі.
Талдау құрылымдық бөлімшелер мен жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы жағдайды зерттеуден, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қызметті регламенттейтін құжаттаманы зерделеуден басталады.
Сонан соң қолданатын технологиялар мен жабдықтардың, жұмыс орындарының зиянды және қауіпті факторлары анықталады, еңбек процесінде қызметкерлерге зиянды өндірістік факторларының ең елеулі әсерін анықтау және кәсіби тәуекелдерді бағалау үшін еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды сертификаттау мен еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері талданады.
Слайд 10
3-1-бап. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау
1. Өндірістік объектінің қауіптілігін бағалау:
1) жазатайым оқиғалардың жиілігі;
2) жазатайым оқиғалардың ауырлығы;
3) өлімге
әкеп соғатын жарақаттанудың жиілігі;
4) кәсіптік ауру;
5) негізгі қорлардың тозуы;
6) негізгі қорларды ауыстыру;
7) қауіпті өндірістік объектінің авариялылығы коэффиценттері бойынша жүзеге асырылады.
Өндірістік объектілер қауіптілігінің деңгейін, оның ішінде орташа салалық көрсеткіштерін уәкілетті орган айқындайды.
Қауіпті өндірістік объектілердің иелері мен сақтандыру ұйымдары өздері ұсынатын қосымша материалдар негізінде өндірістік объектілер қауіптілігінің есептелген деңгейін өзгертуді талап етуге құқылы.
2. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі осы Заңға қосымшаға сәйкес жыл сайын айқындалып отырады.
Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.04 № 275-IV Заңымен.
Слайд 115-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ақпарат
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және
заңды тұлғалар қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымның әкімшілігінен қауіпті өндірістік
объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға құқылы.
Слайд 14ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІП ТУЫНДАҒАН ОШАҚТАРДЫ ЖОЮ
Слайд 16Өндірістік қорғау киімдері мен құрылғылары
Слайд 19Шуылға қарсы құлаққап
Арнайы қолғап
Слайд 21Жалпыәскерлік қорғаныш толымы: а – жамылғы түрінде, б – жеңін
киген плащ, в – комбинезон түрінде.