Слайд 1С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
УНИВЕРСИТЕТІ ИМ. С. Д. АСФЕНДИЯРОВА
Жасөспірімдік жас. Дені сау жасөспірімнің жүрек – қан тамыр жүйесінің анатомиялық физиологиялық ерекшеліктері.
Миокардиттер.
Тексерген: Рысбеков Е.Р.
Орындаған: Талғатқызы Т.
Тобы: ЖМ 12-027-01
Алматы - 2017
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе. Жасөспірімдік жас
Жүрек-қан тамыр жүйесінің ерекшеліктері
Миокардит.
Анықтамасы
Жіктелуі
Симптомдары
Диагностикасы
Емі
Қорытынды
Слайд 3Кіріспе
Жасөспірімдік жас дегеніміз – адам организмінің
биологиялық, психологиялық және әлеуметтік қайта қалыптасуы, физикалық дамудың жылдамдауымен бірге
жыныстық жетілу процесстері жүретін кезеңі.
Слайд 4Жыныстық жетілу
Ер балаларда 13-15 жасынан басталып,
18-20 жастарында аяқталады.
Қыздарда
шамамен 11-14 жасында басталып, 16-18 жасында аяқталады.
Ең
алдымен екіншілік жыныстық белгілер пайда болады: қасағада және қолтық шұңқырында шаш өседі, қыздарда сүт бездері жетіледі, ер балаларда дауысы жуандайды, т.б.
Жыныс бездерінің қызмет етуге дайын екенін, пісіп жетілгенін білдіретін белгі: қыздарда етеккірдің келуі, ер балалардағы поллюция.
Слайд 5 Жыныс және қалқанша без гормондарының әсерінен дененің жылдам
өсуі жүреді, әсіресе, қол мен аяқ ұзаруы, қозғалыс координациясы бұзылады.
Организмнің дамуы дегеніміз – дене салмағының артуымен ғана сипатталмайтын , мүшелер мен тіндердегі сапалық құрылымдық өзгерістермен сипатталатын күрделі биологиялық процесс.
Слайд 6Гормондардың дене пішініне әсері
Ер балалар мен қыздардың ағзасының
әртүрлі жыныстық гормондарды өндіруі дене пішіндерінің әркелкі болуымен түсіндіріледі.
Эстрогендер:
Тері
асты майдың жиналуын шақырады
Жалпақ жамбас (босану үшін)
Тестостерон
Бұлшық ет тінінің өсуін ынталандырады
Тар жамбас
♂
♀
Слайд 7Жасөспірімнің физикалық дамуының негізгі сыртқы көрсеткіштері
Слайд 8 Жасөспірімдік жаста қанға өсу гормоны мен жыныс
гормондары көп мөлшерде түсе бастайды. Екі гормонның өзара байланысының арқасында:
Бой
мен салмақтың жылдам артуы.
Жыныстық жетілудің басталуы. Бетте және денеде түк пайда болады. Ер балаларда дауысы жуандап, эрекция туындайды, ал қыздарда етеккір басталып, кеудесі қалыптасады.
Қарқынды ағым және эмоцияның құбылмалылығы. Жасөспірімнің күлкісі тез әрі жылдам жасқа алмасады. Абсолютті бақыт жағдайы кенет болмашы себептің әсерінен көңіл күйдің түсуімен алмасады. Аздаған ғана тітіркендіргіш жасөспірімді ашу немесе агрессия ұстамасын тудыруы мүмкін.
Жасөспірімдік жас кризисінің физиологиялық негіздері
Слайд 9 Салмақ қосу байқалады, жасөспірімдер бір жыл ішінде
орта есеппен 3-5 кг салмақ қосады. Тез өсу және дене
пропорциясының бұзылыстары тән. Бой ұзындығы бір жылда 10 см-ге жуық.
Жасөспірімдерде барлық дене бөлігі, тіндер және мүшелер тез өсіп дамиды. Бірақ олардың өсу қарқыны әркелкі. Ең қатты байқалатыны ол – қол мен аяқтардың ұзаруы. Бет өзгереді. Кеуде қуысы ересек адамдардың формасын алады. Дененің жеке бөліктерінің әркелкі дамуы қозғалыс координациясының бұзылуына әкеп соғады – ебедейсіздік пайда болады, бұрылу қиындайды. 15-16- жастан соң бұл көріністер жайлап кетеді. Осы кезеңде жасөспірімнің осанкасына ерекше мән беру керек.
Жасөспірімдік жас кризисінің физиологиялық негіздері
Слайд 10Кризистің физиологиялық негіздері
Шынайы дауыс байламдарының өсуі өмірінің бірінші жылында
және 14-15 жасында қарқынды түрде жүреді.
Өкпенің өсу қарқыны жоғарылайды.
Жалпы көлемі де тез ұлғаяды. 12 жасында жаңа туылған нәрестенің өкпесімен салыстырғанда 10 есе артады. 10 жастан бастап ер балалар құрсақтық тип бойынша, қыздар – кеуделік және құрсақтық тип бойынша тыныс алады.
Слайд 11Жасөспірімдік жаста мүшелердің функционалды бұзылыстары
туындауы мүмкін
Слайд 12Физикалық
және
психикалық шаршау белгілері
Слайд 13 Жүрек – қан тамыр жүйесінің дамуы, функциялық жетілуі үздіксіз
жүреді. Әсіресе баланың алғашқы 2 жасында, жыныстық жетілу кезеңінде және 17
–20 жастың арасында бұл процестер жоғары қарқынмен өтеді.
Сол және оң қарыншалары өзара тең, қабырғалардың
қалыңдығы 5 мм шамасында, ал 14 жасар балаларда
1 см – ге жетеді. Сәбилерде жүрекшелері мен күре тамырлары (аорта, өкпелі артерия) қарыншалардан біршама үлкен болады, кейін қарыншалардың, әсіресе сол жақ қарыншаның дамуы озып кетеді.
Жүрек - қан тамыр жүйесіндегі
жасөспірімдерге тән ерекшеліктер
Слайд 14 Ұлдардың жүрегі қыз балаларға қарағанда, біршама үлкен, бірақ
қыздардың жүрегі 10 – 11 жастан қарқынды өсіп, 13 –
14 жаста ер балалардың жүре салмағынан асып кетеді. Жыныстық жетілу кезеңінен кейін ұлдардың жүрегі қайта қарқынды өседі.
Жас өскен сайын миофибрилдер, Пуркинье талшықтары қалыңдайды, ядролары таяқша тәрізді, ірі болып өзгереді, бірақ саны азаяды.
Дәнекер және эластикалық тіні одан әрі дамып, бұлшық еттердің көлденең сызықталуы күшейеді.
Слайд 15 Жас өскен сайын клапандары, эпикарды қалыңдайды. Тәж тамырларының сыйымдылығы
ұлғаяды, анастомоздар кері дамуға ұшырайды.
Жүректің өсуімен қатар магистральды
тамырлардың дамуы байқалады, бірақ олардың өсу қарқыны неғұрлым баяу болып келеді. Жаңа туылған нәрестелерде өкпе артериясының саңылауы аортадан кең болса, 10-12 жаста олардың саңылаулары теңеледі, ал ересектерде аорта өкпе артериясынан біршама кең болады.
Слайд 16 16 жасар балаларда веналардың ені 2 еселенеді. Сонымен қатар
тамырлардың бұлшық еті, дәнекер тіні дамиды, әсіресе ішкі қабаты қалыңдайды.
Бала өскен сайын тұрғаннан, жүргеннен бері капиллярлардың саны, ұзындығы ұлғаяды, коллатеральді тамырлар көбейеді, дененің төменгі бөлігінің вена жүйесінің үдемелі дамуы байқалады. Ал кіші шеңбер тамырлары, керісінше инволюцияға ұшырап, жұқарады, саңылаулар кеңейеді.
Жасөспірімдерде қысымның өзгеруіне эндокринді жүйесінің, әсіресе бүйрек үсті бездерінің жетілуі себеп болып табылады.
Слайд 17Жасөспірімдік жүрек түрлері:
Митральды пішінді – жүректің сол жақ шегінің тегістеу көрінуі.
Кіші
немесе тамшылы жүрек – кеуде қуысының ортасында орналасуы, тамырларда ілініп тұрған
тәрізді. Систолалық көлем аз, жүрек соғысы жиі, қан қысымы төмен, функциялық систолалық шу тән.
Гипертрофиялық жүрек – сол жақ қарынша кеңіген, минуттық көлем артады, жүрек соғу жиілігі төмен, қан қысымы артады. Функциялық систолалық шу тән.
Слайд 18Миокардит
– миокард ауруы, оның негізінде өліттенумен жəне/немесе миоциттердің дегенерациясымен қабынулық
инфильтрация жатыр.
Слайд 20Симптомдары:
Тез шаршағыштық
Себепсіз әлсіздік
Физикалық жүктемеде күшейетін ентігу
Жөтел мен оң қабырға астында
ауыру сезімі болуы мүмкін
Айқын миокардитте аяқта ісіну, тәуліктік зәр мөлшерінің
азаюы
Физикалық жүктемегі байланыссыз ұзақ уақыт аралығындағы жүрек аймағындағы ауру сезімі (ұстама түрінде болуы да мүмкін, сыздап ауыруы да мүмкін)
Жүректің қатты соғуы
Терлегіштіктің жоғарылауы
АД төмендейді
Мойын веналарының ұлғаюы айқын жүрек жетіспеушілігін көрсетеді
Слайд 21Диагностикасы
345. 6. 7.
8. 9..
10111213.
14. 15.
1617.
18
19
20
Слайд 22Маңызы үлкен диагностикалық критерийлер:
1. Жүректің жалпы көлемі мен қуыстарының
ұлғаюы (клиникалық мəліметтер бойынша обьективтік əдістермен расталған – рентгенография жəне
эхокардиография).
2. Жүрек жеткіліксіздігінің белгілерімен көрінетін жəне функциялық əдістермен расталған (эхокардиография) миокардтың жиырылғыштығының төмендеуі.
Растайтын критерийлер:
1. Жұқпаның болуы (бастысы, вирустық):
- анамнезде;
- клиникалық мəліметтерде;
- серологиялық мəлеметтерде - антивирустық антиденелер титрінің жоғарылуы.
2. Қанның сарысуында Е иммунды глобулин деңгейінің жоғарылауы..
Слайд 23
Физикалық тексеру:
Объективті деректер жиірек
айтарлықсыз жəне спецификалық емес перикардтың үйкелу шуылын естуге болады, «галп
ритмі» жиірек тыңдалады. Ауыр жағдайларда жүрек функциясының жеткіліксіздігі туындайды.
Лабораторлық зерттеулер:
жіті фазада жиірек кардиоспецификалық ферменттердің белсенділігі, сонымен қатар Т тропининнің құрамы артады.
Слайд 25 Инструменталдық зерттеулер:
ЭКГ:
- ST сегменті
мен Т тісшесінің өзгеруі;
- қарыншалық аритмиялар;
- өткізгіштіктің бұзылуы;
- ЭКГ қалыпты
болуы мүмкін.
ЭхоКГ:
сол қарынша дилатациясы жəне оның жиырылғыштығының төмендеуі;
жергілікті ісіну салдарынан алғаш туындаған, локальді гипокинезия.
Слайд 26Ем мақсаты:
Миокардта жіті қабыну процесін тоқтату;
Қан айналу жеткіліксіздігі
белгілерін азайту;
Жүрек ырғағының жəне өткізу жүйесінің бұзылыстарын тоқтату;
Гемодинамиканы тұрақтандыру;
Слайд 27Емі:
1. Қабынуға қарсы ем – НПВС: ацетилсалицил қышқылы немесе индометацин
немесе диклофенак немесе ибупрофен, немесе напроксен немесе нимесулид.
2. Глюкокортикостероидтар –
преднизолон
3. Иммуносупрессивті ем: хингамин; гидроксихлорохин (плаквенил), ауыр ағымында – азатиоприн
4. Антибактериалды ем – амоксициллин, амоксициллин/клавуланат, эритромицин, азитромицин, спирамицин, рокситромицин, кларитромицин, цефазолин, цефалексин, цефуроксим, цефтриаксон.
5. Жүрек глюкозидтері: жүрек гликозидтері – дигоксин, коргликон;
Диуретиктер: фуросемид немесе спиронолактон немесе триамтерен.
Слайд 286. Вирусқа қарсы жəне саңырауқұлаққа қарсы ем (көрсетілім бойынша) ацикловир,
эндогенді интерферон индукторы – циклоферон, бұлшықетке, күнара; флуконазол.
7. Аритмияға қарсы
дəрі-дəрмектер (көрсетілім бойынша): пропранолол немесе атенолол немесе амиодарон немесе лидокаин венаға, верапамил, аденозина фосфат венаға.
8. АПФ ингибиторлары: эналаприл немесе каптоприл
9. Кардиометаболикалық дəрі-дəрмектер – поляриздейтін қоспа (глюкозаның 10% ертіндісі 10-15 мг 1 кг-ға, инсулиннің 1 БІРЛ. енгізілетін қанттың 3 гр.), карнитин хлориді, сиыр қанынан жасалған депротеинделген гемодериват, инозин, кокарбоксилаза гидрохлориді.
10. Микроэлементтер, витаминдер жəне басқа топтардың дəрі-дəрмектері - калий жəне магний дəрі-дəрмектері, аскорбин қышқылы, токоферол ацетаты, эссенциале; құрамында алюминий гидроокись жəне магний тотығы бар үйлестірілген дəрі-дəрмек
11. Дезагреганттар (көрсетілімдер бойынша) – дипиридамол
Слайд 29Пайдаланылған әдебиеттер:
https://diseases.medelement.com Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ
№165, 2012)
http://kazmedic.kz
Подростковая медицина. Руководство для врачей.
Под редакцией профессора Л. И. Левиной. 1999г. 5-16 бет, 80-95 бет.
Анатомия и физиология детей и подростков. 2-ое издание. М. Р. Сапин. З. Г. Брыксина. 2000г. 297-бет.