Разделы презентаций


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңға енген өзгерістер ҚР ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ЗаңыменҚР 18.11.2015 № 410-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңға» енген өзгерістер
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

МИНИСТРЛІГІ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Орындаған: Қазезқанов Ерасыл
Тексерген:
Факультет: Стоматология
Курс: 4
Топ: 12-002-01

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңға» енген өзгерістерҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІС.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІМИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РККАЗАХСКИЙ

Слайд 2Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267 Заңы. Күші

жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V

Заңымен

ҚР 18.11.2015 № 410-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18

Слайд 3 1-бап. Заңның мақсаты
1. Осы Заң азаматтардың

құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан

Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

І тарау

1-бап. Заңның мақсаты   1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен

Слайд 4 2-бап. Негiзгi ұғымдар
1. Осы Заңда мемлекеттiк

мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және

соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi
1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.
2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) мәслихаттардың депутаттары;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға.
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.

2-бап. Негiзгi ұғымдар   1. Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың

Слайд 54-бап. Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң Қазақстан

Республикасының күллi аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

Осы Заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:
1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;
2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;

4-бап. Заңның қолданылу аясы   1. Осы Заң Қазақстан Республикасының күллi аумағында барлық жеке және заңды

Слайд 6 6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар

1. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті

шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, сондай-ақ өздеріне белгілі болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тіркеуді және олар туралы осы баптың 2-тармағында аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етеді.

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн
адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi
1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге асырушы органдар   1. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды

Слайд 72-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас
жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және

ол
үшiн жауаптылық
8-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға үмiткер адамдарға және

мемлекеттiк ұйымдарда, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдарда басқару функцияларын
орындауға үмiткер адамдарға қойылатын арнайы талап
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға не мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге де заңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық 8-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға

Слайд 8 9-бап. Қаржы бақылау шаралары
1. Мемлекеттік лауазымға

не мемлекеттік немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар

болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына:
салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;
банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы;
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банктік немесе өзге де деректемелерін көрсете отырып, олардың акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы;
егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;
адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.
9-бап. Қаржы бақылау шаралары   1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға

Слайд 9 10-бап. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет
1. Мемлекеттік функцияларды орындауға

уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға

(өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналысуға тыйым салынады.

11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол бермеу
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

10-бап. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және

Слайд 10 12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық

бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:
1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;
2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;
3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).
4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық        бұзушылықтар және олар

Слайд 11 13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен

құқық бұзушылықтар
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген

адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:
1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.
2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.
3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;
егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);
4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.
13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар   1. Мемлекеттiк мiндеттердi

Слайд 12 13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай

туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану мерзiмдерi

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайда, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде, жазалау осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімдерде қолданылады.
13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза

Слайд 1314-бап. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген

адамдарға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақылар бергенi үшiн

жауаптылығы

Ескерту. 14-бап алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

15-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырғаны және заңсыз табыстар алған үшiн жауапкершiлiгi

Ескерту. 15-бап алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

16-бап. Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар қолданбағаны үшiн жауаптылығы

Ескерту. 16-бап алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

14-бап. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық

Слайд 1417-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат

хабарлаған адамдардың жауаптылығы
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.

Алынып тасталды - ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың
зардаптарын жою

18-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу
1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.
2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сот шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнінде шаралар қолданады.

17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы   1. Сыбайлас

Слайд 15 19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз

деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң күшiн жою

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан мәмiлелердi сот заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жояды.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      20-бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану
      Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сәйкес келтiруге тиiс.

19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң күшiн

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика