Слайд 1С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Кафедра: Еңбек гигиенасы
сөж
Тақырыбы:
“Шулы” технологиялық процесстерді төмендету және шу көздерін төмендетудегі қазіргі кездегі
енгізулер.
Орындаған: Имандосова А.
Топ: 505-1
Факультет: ҚДС
Тексерген: Мурат Ж.
Алматы 2014
Слайд 2Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Шу, шулы технологиялардың дамуы;
Шудан қорғау
әдістері мен шаралары;
Шу көздерін төмендетуге бағытталған құралдар.
III. Қорытынды.
Слайд 3
Шу-адамға зиянды әсер ететін, күші мен жиіліктері бойынша әр
түрлі дыбыстардың ретсіз жиынтығы болып табылады. Шу көзі ретінде қысымның
жергілікті өзгерісін немесе қатты, сұйық және газ тәрізді орталарда механикалық тербелістер тудыратын кез келген үрдісті алуға болады.
Слайд 4Ғылым мен техниканың жылдам дамуы, машиналар мен механизмдердің қуаттары мен
жылдамдықтарының өсуі еңбек пен демалыстың шартттарын анықтайтын негізгі фактор болып
табылатын шу мен дірілдің күшеюіне әкеледі. Қазіргі уақытта шу қоршаған ортаны зақымдайтын факторлардың ішінде үшінші орында тұр. Зертттеулерге сәйкес, адамға әсер ететін шудың деңгейі әр 10 жылда ұлғайып тұрады.
Слайд 5 “Шудан қорғану әдістер мен шаралар”.12.1.003-83 МЕСТ технологиялық
әдістерді әзірлеген, машиналарды, ғимараттар мен құрылыстарды жобалаған және пайдаланған, және
де жұмыс орнын ұйымдастырған кезде адамға әсер ететін шуды рұқсат етілген мөлшерлерге дейін төмендетуді талап етеді.
Слайд 6Шудан қорғау
1977 жылдан бастап “Защита от шума” ҚНменЕ, ал 1997
жылы Қазақстанда ҚР N3.01.035-97 “Предельно допустимые уровни шума в помещениях
жилых и общественных зданиях и на территории жилой застройки” СанПиНі қабылданған. Оған қоса “Методические указания для органов и учреждений санитарно-эпидемиологической службы по контролю за выполнением указанных санитарных правил” құжаты жасалған.
Шуға қарсы шаралар 3 бағытта жүргізіледі:
шудың көзіне бағытталған шаралар – инженерлік-техникалық және ұйымдастырушы-әкімшіліктік шараларға негізделеді;
шудың таралу жолына бағытталған шаралар – шығу көзінен қорғау обьектісіне дейін (көбінесе қала құрылысы және құрылыс-акустикалық әдістер);
шудан қорғау обьектісінің өзіндегі шаралар (қоршаушы конструкцияларды дыбыс изоляциялау және жоспарлау шаралары).
Слайд 7Елді мекендерді транспорттық шудан қорғау үшін келесі құрылыстық-акустикалық шараларды жүргізу
керек:
жылдам жолдар және жүк транспорты жүретін жолдар селитебті территорияны
кесіп өтпеуі керек;
тұрғын құрылыс зонасындағы жылдам жолдар темір жолдармен қатар салынуы керек,
өндірістік және тұрғын аудандардың арасына,
тоннелдер мен жердің рельефі төмен жерлерге салынуы қажет;
эстакадалы және асфальттанбаған жерлердегі магистралды көшелер тұрғын емес мақсаттағы үйлермен экрандалуы қажет;
трассалар мен тұрғын үйлер арасына шу деңгейі қауіпті емес ғимараттарды орналастыру керек;
транспорт қозғалысы дұрыс ұйымдастырылуы (бір жақты қозғалыс, “жасыл толқын”, қозғалыс қарқындылығын төмендету, жүк транспортының қозғалысын төмендету) қажет.
Слайд 8Емдік-профилактикалық мекемелер орналасқан жерлерде түнгі уақытта транспорттардың жүруін тоқтату немесе
оның кейбір түрлеріне (мотоцикл, жүк таситын машиналар т.б.) шектеу қою
керек.
Сонымен қатар мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемелері және басқада жерлерде шектеу шаралары жүргізілуі керек.
Шудан қорғайтын экрандар жақсы нәтиже береді: жасанды және табиғи (жартастар, төмпешіктер, рельефтер, қабырғалар). Жасанды экрандарды шудың көзіне барынша жақын орналастыру қажет, себебі жақын орналасқан сайын биіктігі төмен болғанымен (биіктігі жоғарымен салыстырғанда) тиімділігі бірдей болады.
Дыбыс толқындарының өшуіне жасыл-желектер едәуір әсер етеді. Бірақ бұл фактор шу деңгейін шудан қорғайтын арнайы жасыл-желектер жолағын көлденеңінен және тігінен де жерге дейін арасында саңлаулар қалдырмай еккен кезде ғана нәтиже береді. Кәдімгі жасыл-желектер жолағы шудың деңгейін аз ғана төмендетеді және тек жаз уақытында тиімді.
Слайд 9Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты, тұрғын үйлер көбінесе транспорттық магистральдарды бойлай салынады,
осыған орай сыртқы қабырғалары дыбыстан оқшауланып, ұйықтайтын бөлмелері қарама-қарсы жаққа
бағытталуын қадағалау керек. Дыбыстан оқшаулау көбінесе терезелердің қабаттарының оқшаулануына байланысты. Кейде ғимараттардың өзі шудан қорғайтын экран бола алады.
Дыбыс изоляциясы дегеніміз – дыбыс энергиясын төмендету үшін қолданылатын қоршаулар. Бір қабатты қоршаушы дыбыс изоляциясы (қабырға, есік, теерзе) оның салмағына тура пропорционалды: қос есіктер, қос терезелер. Терезе де, есік те оның коробкасына тығыз киілуі керек. Соңғы жылдары тұрғын үйлерде арайы шудан қорғайтын әдістер, жоғары дыбыс изоляциялайтын құрылымдар, ішкі бөлмелердің арнайы жоспарлануы қолданылады.
Слайд 10Шу көзіне санитарлық бақылау
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің міндеттері:
жоғарғы шу пайда болудың себебін
анықтау;
рұқсат етілетін деңгей нормасының бұзылыс жағдайларын анықтау;
бұзылыстарды жою бойынша талаптарды
қарастыру;
шаралар жоспарын құрастыру және олардың орындалуына бақылау.
Шуды бағалау аспаптық және есептеу әдісімен жүргізіледі. Аспаптық әдіс ГОСТ «Шум. Методы измерения шума на селитебной территории и в помещениях жилых и общественных зданиях құжаты бойынша жүргізіледі. Дыбыс қысымының деңгейін және дыбыс деңгейін (эквиваленттік және максималдық) анықтауға болады.
Дәрігер санитарлық бақылаудың барлық сатысында жобалаушы ұйымнан «Санитарные нормы және СНиП 11-12-77 «Защита от шумаң құжатының нормалардың сақталуын талап етеді.
Слайд 11Санитарлық дәрігердің жұмысына шудың шынайы деңгейінің рұқсат етілген мәніне сәйкестілігін
бақылау, шу деңгейін төмендету бойынша шараларды өңдеу, қорғау шараларының тиімділігін
бағалау және тұрғындардың шағымы бойынша зерттеулер жүргізуден тұрады.
Шуды өлшеу әртүрлі аспаптармен жүреді. Отандық аспаптардың ішінде ИШВ-1 (өндірістен алынып тасталынды), шумомер Ш-71, ВШВ – 003 түрлері қолданылады. Шет елдік құралдарға Брюль и Къер (Дания), Роботрон (ФРГ), Роде и Шварц (ФРГ) түрлері қолданылады.
Слайд 12Шуды төмендету келесі шаралармен жүзеге асырылады:
техникалық құралдармен машиналар шуын пайда
болу көзінде төмендету;
құрылыс-акустикалық шаралар;
шулы машиналарды қашықтан басқаруды қолдану (блоктық
қалқандар, басқарудың орталық қалқаны бөлек ғимаратқа шығарылған);
ұйымдастырушылық шаралар;
Слайд 13жұмыс істеу мен демалудың тиімді тәртібін таңдау;
шулы жағдайларда болу уақытын
азайту;
емдеу-профилактикалық шаралар;
жеке қорғану құралдарын қолдану (шлемдер, құлаққалқандары).
Слайд 14Әртүрлі мамандар үшін жұмыс орындарындағы шудың деңгейін шектеу әртүрлі әдістермен
орындалады. Мысалы, электростанцияның кезекші инженерлері жұмыс істейтін бөлмелердің қазан-турбиналық цехтердің
бөлмелерімен ортақ фундаменті немесе қабырғалары болмау керек. Шудың сыртқы көздерін ,трансформаторлар, бу және газ құбырлары, олардан алшақтап орналастыру керек. Қазан-турбиналық цехінің ауысым бастықтарының және аға машинистерінің жұмыс орындарын бөлек шудан оқшауланған +0 м белгісінде орналастыру керек.
Слайд 15Турбиналардың машинистер-тексерушілері үшін шудан оқшауланған кабиналарды орналастыру жөн болады және
де жеке қорғану құралдарын қолдану ұсынылады.
Слайд 16Ауыр өнеркәсіп орындарында (металлургия, энергетика, машина жасау, полиграфия және т.б.)
көптеген әр түрлі шу көздері кездеседі. Олардың ішінде дыбыс қысымы
деңгейінің (ДҚСД) үлкен мәндері соққылы шуға сәйкес келеді.
Соңғы уақытта шу деңгейі жоғары жабдықтың бөлшектерін жасау үшін, шу мен дірілдің өшуін қамтамасыз ететін бәсеңдеткіш қасиеттері бар материалдар жиі қолданылады.
Слайд 17 Өнеркәсіп орындарында әр түрлі қозғалтқыштар, сораптар, компрессорлар, турбиналар, қысым
және электрлік саймандар, балғалар, ұсақтағыштар, станоктар, центрифугалар, бункерлер және де
қозғалатын бөлшектері бар басқа да қондырғылар шу көздері болып табылады. Сонымен қатар, соңғы уақытта қалада көліктің көбеюіне байланысты тұрмыста да қарқынды дами бастады, сондықтан зиянды зақымдаушы фактор ретінде әлеуметтік мәселе болып отыр. Сондықтан шуды төмендетін жаңа, озық туындылар ойлап табу уақыт еншісінде!
Слайд 18Пайдаланылған әдебиеттер
С.В. Алексеев, В.Р. Усенко. Гигиена труда (учебник). - М.,
“Медицина”, 1988.
Руководства к практическим занятиям по гигиене труда (под ред.
В.Ф. Кириллов). - М., “Медицина”, 2001г.
Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности (МЗ РК). Том 1. Омск, ИПК “Олеич”, 1995г.
Санитарные нормы допустиых уровней шума на рабочих местах 1.02.007-94 (МЗ РК).
Руководство по гигиене труда. - том 1. М., “Медицина”, 1987г
www.googe.kz.