болмауы әдетте тапсырманы орындамау болып саналады. Бұл мектепті бағалау барысындағы
есептілік және тексеру үдерісімен қуатталған пікір, сабақ үстіндегі тапсырма немесе оқу сезінерлік болу керек деген ойға жетелейді. Көрсетуге болатын «нәтиже» болуы керек. Көптеген зерттеулер мен жеке тәжірибе көрсетіп отырғандай, түсіну өз бетінше ғана пайда болмайды, ол – анағұрлым тиімдірек жазбаша сөзден немесе бір нәрсе жасау кезінде де орын алады.Демек оқу, тереңдетілген оқу міндетті түрде материалдық дәлелдермен қосақталып жүру керек деген пікір дұрыс емес болып шықты.
Орыс психологы Лев Выготский сөйлеу мен ойлау өзара тығыз байланысты деп жазған. Сөйлеу үдерісі бізге дүниені тану үшін қолданатын ойларымызды айту және тұжырымдамаларды дамыту арқылы білім алуымызға көмектеседі. Қарым-қатынас және түсіну тәжірибе барысында жақсарады. Демек түсінуді дамыту үшін сөйлеу қабілеті өте маңызды.
Әрине құр сөйлесудің өзі жеткіліксіз – әңгіме дамытуды қажет ететін пәнге шоғырланған болуы керек. Шоғырланбаған жазу шоғырланбаған нәтижелерге әкеліп соғады, талқылаулар мен пікірталастар ақиқаты сондай. Бұл жинақта көрсетілген тапсырмалар оның нысаналы, құрылымдалған (немесе әдейі құрылымдалмаған) және оқушылар мен параметрлерге сәйкес келетін болуы үшін, әңгімеге қолдау және көмек көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар мадақтау мен бағалаушы әңгіме ақпарат береді; тыңдау мен сөйлеу сияқты, қарым-қатынас жасау өте маңызды.