Разделы презентаций


Тақырыбы: Бүйректің құрылысының жаңа туған балалардағы ерекшелігі

Содержание

Жоспар. КіріспеНегізгі бөлім Зәр шығару жүйесі.Бүйректің ең негізгі қызметтері. Құрылысы.Нефрон бүйректің құрылыс - қызметін атқаратын бірлігі.Қан айналымы. Қан айналым ерекшелігі.Жасқа байланысты ерекшелігі. Cәбилердің бүйрегінің қаңқаға топографиялық проекциялары.Балалар бүйрегінің салмағы мен мөлшері.Қорытынды.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы: Бүйректің құрылысының жаңа туған балалардағы ерекшелігі.
Орындаған: Алдаберген Ү.С.


Топ: ЖМ13-013-1
Тексерген: Алсеитова Ф.Д.
Модуль: Гистология

Тақырыбы: Бүйректің құрылысының жаңа туған балалардағы ерекшелігі.Орындаған: Алдаберген Ү.С.  Топ: ЖМ13-013-1Тексерген: Алсеитова Ф.Д.Модуль: Гистология

Слайд 2Жоспар.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Зәр шығару жүйесі.
Бүйректің ең негізгі қызметтері. Құрылысы.
Нефрон бүйректің

құрылыс - қызметін атқаратын бірлігі.
Қан айналымы. Қан айналым ерекшелігі.
Жасқа байланысты

ерекшелігі.
Cәбилердің бүйрегінің қаңқаға топографиялық проекциялары.
Балалар бүйрегінің салмағы мен мөлшері.
Қорытынды.
Жоспар. КіріспеНегізгі бөлім Зәр шығару жүйесі.Бүйректің ең негізгі қызметтері. Құрылысы.Нефрон бүйректің құрылыс - қызметін атқаратын бірлігі.Қан айналымы.

Слайд 3 Зәр шығару жүйесі.

Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несеп ағар, қуық

пен зәр шығаратын түтікше мүшелер жатады. Бүйрек ең негізгі зәр

түзетін мүше болып саналса, ал қалғандары зәр шығаратын жолдарға жатады.

Зәр шығару жүйесі. 	Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несеп ағар, қуық пен зәр шығаратын түтікше мүшелер

Слайд 4 Бүйректің ең негізгі қызметтері:
Бүйрек-REN. Бүйрек - үздіксіз зәр түзіп отыратын

жұп мүше. Ең негізгі қызметтері болып:
несепті түзіп, шығару (азотты

алмасудан пайда болған өнімдер мен ксенобиотиктер: токсиндер мен дәрі-дәрмектер).
Қышқылдық – сілтілік гомеостазды сақтау.
Су мен тұздың алмасуын реттеу.
Артериялық қан қысымын реттеу.
Белоктар мен көмірсулардың алмасуын реттеу.
Урокиназаны синтездеп, қандағы тромбоциттердің. белсенділігін реттейтін факторды синтездеу.

Бүйректің ең негізгі қызметтері: 	Бүйрек-REN. Бүйрек - үздіксіз зәр түзіп отыратын жұп мүше. Ең негізгі қызметтері

Слайд 5Құрылысы.
Бүйректің сырты дәнекер тінді капсуламен қоршалып, құрамында шеткі –

қыртысты және ортаңғы – боз заттан тұратын бөліктері бар мүше.

Қыртысты бөлігінің түсі қызыл-қоңыр болып келеді. Боз заты ашық түсті, құрамында 8-12 пирамидалары бар, бұлардың ұшы бүйрек тостағаншасына дейін өте оңай өтіп отырады. Бүйректің даму барысында қыртысты зат бөлігі өсіп қалыңдайды.


Құрылысы. Бүйректің сырты дәнекер тінді капсуламен қоршалып, құрамында шеткі – қыртысты және ортаңғы – боз заттан тұратын

Слайд 6 Бүйрек стромасын борпылдақ талшықты дәнекер тіні немесе интерстициальді тіні

құраса, ал паренхимасын эпителиальді бүйрек нефрондары мен қан капиллярлары түзеді.

Мұндай нефрондар бүйректе 1 млн-ға жуық.


Бүйрек стромасын борпылдақ талшықты дәнекер тіні немесе интерстициальді тіні құраса, ал паренхимасын эпителиальді бүйрек нефрондары мен

Слайд 7Нефрон бүйректің құрылыс -қызметін атқаратын бірлігі.
Нефрон бүйректің құрылыс - қызметін

атқаратын бірлігі. Әрбір нефронның ұзындығы 50мм-дей, ал бүйректегі барлық

нефрондардың жалпы ұзындығы 100 км-ге дейін болады. Нефронның құрамында мынадай бөліктері, қан тамырлар шумағын қоршайтын капсуласы, иректелген және тік проксимальді түтікше, төмен және жоғары қарай иілген жіңішке нефрон ілмегі, иректелген және тік дистальді нефрон түтікшелері болады.

Нефрон бүйректің құрылыс -қызметін атқаратын бірлігі.Нефрон бүйректің құрылыс - қызметін атқаратын бірлігі. Әрбір нефронның ұзындығы 50мм-дей, ал

Слайд 8Нефронның жіңішке түтікшесінен пайда болатын орам - ілмегі Генле орам

не ілмегі дейді. Нефронның қан тамырлар шумағымен оны қоршаған капсуласын

–бүйрек денешігі дейді.
Ең қысқа қыртысты заттағы нефрондар бүйректе 15-20%-тей де, ал нефрондардың 70%-ті аралық нефрондар болса, ең ұзыны бүйректің боззатында орналасқан юкстамедуллярлы нефрондар болып саналады.
Нефронның жіңішке түтікшесінен пайда болатын орам - ілмегі Генле орам не ілмегі дейді. Нефронның қан тамырлар шумағымен

Слайд 9 Нефрондардың қайсысы болмасын бүйректің несеп жиналатын түтікшесіне келіп жалғасады.

Бүйректің қыртысты және боз затындағы нефрондардың несеп түзу процесінде алатын

орны әртүрлі. Әсіресе, бүйректің қыртысты затында орналасқан нефрондардың несеп түзудегі қызметі өте белсенді.
Нефрондардың қайсысы болмасын бүйректің несеп жиналатын түтікшесіне келіп жалғасады. Бүйректің қыртысты және боз затындағы нефрондардың несеп

Слайд 10 Қыртысты заттың құрамында көбінесе нефронның бүйрек денешігі, иректелген проксимальді

және дистальді түтікшелері орналасса, ал боз затында көбінесе түтікшелердің жіңішке,

тік бөліктері ғана орын алады.
Қыртысты заттың құрамында көбінесе нефронның бүйрек денешігі, иректелген проксимальді және дистальді түтікшелері орналасса, ал боз затында

Слайд 11Васкуляризациясы.
Бүйректе қанды әкелетін бүйрек артериясы бірнеше тармақтарға бөлінеді. Бүйректің

қыртысты және боз затының арасында доға тәрізді артериясы, біртіндеп бөлік

аралыққа, сосын бөлік ішіндегі артерияларға айналады. Ең соңғыдан афференті артериола басталады (қан тамырлар шумағына қанды әкелетін).
Васкуляризациясы. Бүйректе қанды әкелетін бүйрек артериясы бірнеше тармақтарға бөлінеді. Бүйректің қыртысты және боз затының арасында доға тәрізді

Слайд 12 Бүйректегі қан айналымы шартты түрде екіге бөлінеді:
Бүйректің қыртысындағы қан

айналымы жүйесі.
Юкстамедуллярлы қан айналым жүйесі.

Бүйректегі қан айналымы шартты  түрде екіге бөлінеді:  Бүйректің қыртысындағы қан айналымы жүйесі.Юкстамедуллярлы қан айналым

Слайд 13Бүйрек қыртысындағы қан айналым жүйесіне қыртыстағы бүйрек денешігіне қанды әкелетін

артериола одан тараған капилляр шумағы , бұлар жиналып барып, шумақтан

қанды алып шығатын артериолаға айналатын жүйесі жатады.

Бүйрек қыртысындағы қан айналым жүйесіне қыртыстағы бүйрек денешігіне қанды әкелетін артериола одан тараған капилляр шумағы , бұлар

Слайд 14Қан айналым ерекшелігі ерекшелігі.
Қанды әкелетін артериоланың диаметрі, шумақтан қанды алып

шығатын артериоладан үлкен болады. Осыған байланысты шумақтағы қанның қысымы жоғары

сынап бағанасымен 50мм. Бұлболса, зәр түзуге ең қолайлы жағдай болып табылады да, осыған байланысты нефронның бұлбөлігінде несеп түзудің бірінші фазасы – сүзу - фильтрация процесі өтеді. Қан плазмасындағы көптеген заттар мен су көп мөлшерде сүзіліп, біріншілік несеп түзіледі (мөлшері өте көп 100 л-дей). Егер қанның қысымы нефронның айтылған бөлігінде төмен болса, ағзада олигурия ауру (түзілген несеп мөлшерінің азаюы) байқалады.

Қан айналым ерекшелігі ерекшелігі.		Қанды әкелетін артериоланың диаметрі, шумақтан қанды алып шығатын артериоладан үлкен болады. Осыған байланысты шумақтағы

Слайд 15Шумақтан қанды алып шығатын артериола нефронның келесі бөлігінде «екіншілік» капиллярлардың

перитубулярлыжүйесіне айналады. Мұндағы қан қысымы керісінше төмен. Бұл процесс несеп

түзілудің екінші фазасына ең басты жағдай тудырады – сүзілген алғашқы немесе біріншілік несептің құрамынан су және көптеген заттар көп мөлшерде қанға қайта сорылып, мөлшері едәуір азаяды - бұл реабсорбция процесі болып табылады.

Шумақтан қанды алып шығатын артериола нефронның келесі бөлігінде «екіншілік» капиллярлардың перитубулярлыжүйесіне айналады. Мұндағы қан қысымы керісінше төмен.

Слайд 16Жоғарыда айтылған процестердің әсерінен несептің мөлшері азайып, тұрақты несеп түзіледі.

Бұған қыртысты нефрондағы қан қысымының жоғары болуымен перитубулярлы капиллярдағы қан

қысымының төмендеуі әсер етеді. Юкстамедуллярлы қан айналым жүйесі бүйректің боззаты маңындағы бүйрек денешігіне қанды әкелетін және әкететін артериолалар арқылы жүзеге асады.

Жоғарыда айтылған процестердің әсерінен несептің мөлшері азайып, тұрақты несеп түзіледі. Бұған қыртысты нефрондағы қан қысымының жоғары болуымен

Слайд 17Ерекшелігі – бұл екі артериолалардың диаметрінің кеңдігі бірдей. Осыған байланысты

қанның қысымы бұл денешіктерде қыртыстыға қарағанда төмен. Сол себепті бүйректің

қыртысты затындағы нефрондарға қарағанда боз заты маңындағы нефрондарда зәр аз түзіледі.
Ерекшелігі – бұл екі артериолалардың диаметрінің кеңдігі бірдей. Осыған байланысты қанның қысымы бұл денешіктерде қыртыстыға қарағанда төмен.

Слайд 18Юкстамедуллярлы бүйрек денешіктерінен қанды алып шығатын артериола бүйректің боз затына

өтіп, тік капиллярларға, одан перитубулярлы капиллярлар торына айналады. Бұлар барып

боз заттағы жинағыш тік веналарға одан доға тәріздес венаға ұласады. Нефрондарбүйрек денешігімен оны қоршаған капсуладан басталады.
Юкстамедуллярлы бүйрек денешіктерінен қанды алып шығатын артериола бүйректің боз затына өтіп, тік капиллярларға, одан перитубулярлы капиллярлар торына

Слайд 19Несеп шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшелігі.
Несеп шығару жүйесі адамда

постэмбриональді кезеңде де, өте ұзақ уақытқа дейін дамиды. Жаңа туған

баланың бүйрегінде қыртысты затының қалыңдығы 1/4-1/5 болса, ал ересектерде бұл боз затының 1/2-1/3 бөлігін ғана құрайды. Балада иректелген нефрон түтікшелерінің қалыңдығы орташа 18-36 мкм болса, ересектерде 40-60 мкм болады. Жасқа байланысты нефрондары ұзарып, ал бұған керісінше, нефрон шумақтарының саны азаяды.

Несеп шығару жүйесінің жасқа байланысты ерекшелігі. 		Несеп шығару жүйесі адамда постэмбриональді кезеңде де, өте ұзақ уақытқа дейін

Слайд 20Жаңа туған баланың бүйрегінің белгілі бір мөлшерінде 50 - шақты

нефрон шумағы болса, ал ересектерде осы мөлшердегі бүйрек тінінде тек

қана 4 – 6 - дай нефрон шумақтары болады. Жаңа туған сәбидің бүйрегінің ұзындығы 4-4,5 см, ені 2,5-2,7см, жуандыңы 2-2,3 см. 1 жасқа таман оның аумағы екі есе, 13-15 жастағы балада 7 есе үлкейеді. Алғашқыда 1,5 жылда бүйрек тезөседі. Бірақ, бұл кезде дененің өсуі бүйректің өсуінен бірнеше есе тез жүреді.

Жаңа туған баланың бүйрегінің белгілі бір мөлшерінде 50 - шақты нефрон шумағы болса, ал ересектерде осы мөлшердегі

Слайд 21Балаларда бүйрек бөліктерден тұрады, қыртысының қабаты нашар жетілген.
Тіннің өзі

нәзік, дәнекер тіннің қабаты әлсіздамыған. Жаңа туылған балаларда бүйрек шумақтары

тығыз орналасқан. Бір шаршы метр аумағында жаңа туылған балаларда 50, 7-8 айлық сәбиде 18-20, ересек адамдарда 7-8 шумақ орналасады. Бүйрек маңы майы жаңа туылған балалада және жас сәбиде нашар жетілген. Ол 8-9 жаста, яғни тері асты шелмайы азаятын кезеңде үлкейеді.

Балаларда бүйрек бөліктерден тұрады, қыртысының қабаты нашар жетілген. Тіннің өзі нәзік, дәнекер тіннің қабаты әлсіздамыған. Жаңа туылған

Слайд 22Cәбилердің бүйрегінің қаңқаға топографиялық проекциялары
Үлкен кісілермен салыстырғанда сәбилердің бүйрегінің қаңқаға

топографиялық проекциялары басқаша болады: оның төменгі полюсі жамбас сүйегінің жотасына

жетеді, ал жоғарғысы - алғашқы жылы өзінің шекараларын біраз өзгертіп отырады.


Cәбилердің бүйрегінің қаңқаға топографиялық проекцияларыҮлкен кісілермен салыстырғанда сәбилердің бүйрегінің қаңқаға топографиялық проекциялары басқаша болады: оның төменгі полюсі

Слайд 23Мысалы, жаңа туған балада сол жақта 11 төс омыртқасының төменгі

жиегінің тұсы, оң жақта осы омыртқаның жартысынан жоғары, 3-5 айда

балада сол жақта 12 кеуде омыртқасының ортасында, 2 жастағы балада үлкендердің бүйрегінің жоғарғы полюсінің шекараларында орналасады.
Мысалы, жаңа туған балада сол жақта 11 төс омыртқасының төменгі жиегінің тұсы, оң жақта осы омыртқаның жартысынан

Слайд 24 
Балалар бүйрегінің салмағы мен мөлшері

  Балалар бүйрегінің салмағы мен мөлшері

Слайд 25Қорытынды:



Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несеп ағар, қуық пен зәр шығаратын

түтікше мүшелер жатады. Бүйректің сырты дәнекер тінді капсуламен қоршалып, құрамында

шеткі – қыртысты және ортаңғы – боз заттан тұратын бөліктері бар мүше. Бүйрек стромасын борпылдақ талшықты дәнекер тіні немесе интерстициальді тіні құраса, ал паренхимасын эпителиальді бүйрек нефрондары мен қан капиллярлары түзеді. Нефрон бүйректің құрылыс-қызметін атқаратын бірлігі. Бүйректе қанды әкелетін бүйрек артериясы бірнеше тармақтарға бөлінеді. Бүйректің қыртысты және боз затының арасында доға тәрізді артериясы, біртіндеп бөлік аралыққа, сосын бөлік ішіндегі артерияларға айналады. Бүйрек қыртысындағы қан айналым жүйесіне қыртыстағы бүйрек денешігіне қанды әкелетін артериола одан тараған капилляр шумағы , бұлар жиналып барып, шумақтан қанды алып шығатын артериолаға айналатын жүйесі жатады. Қанды әкелетін артериоланың диаметрі, шумақтан қанды алып шығатын артериоладан үлкен болады.
Қорытынды:		Зәр шығару жүйесіне бүйрек, несеп ағар, қуық пен зәр шығаратын түтікше мүшелер жатады. Бүйректің сырты дәнекер тінді

Слайд 26Пайдаланылған әдебиеттер:
Анисимов В.Н. Молекулярные и физиологические механизмы старения.

С.–Петербург, Наука, 2003, 467 с.
Арушанян Э.Б. Антидепрессанты. Ставрополь, 2002,

330с.
Арушанян Э.Б. Антистрессорные возможности эпифизарного мелатонина. В кн.: Мелатонин в норме и патологии, М., 2004. – с.198–222.
Арушанян Э.Б. Гормон эпифиза мелатонин – новое ноотропное средство? //Экспер. и клин. фармакол. – 2005. – Т. 68. – №3. – с.74–79.
Арушанян Э.Б., Арушанян Л.Г., Симонов И.А. Физиологические и фармакологические особенности эпифизарных пептидов // Экспер. и клин. фармакол. – 2001. – Т. 64. – №.4. – с.73–79.
Арушанян Э.Б., Бейер Э.В. Иммунотропные свойства эпифизарного мелатонина // Экспер. и клин. фармакол. – 2002. – Т.65. – №5. – с.73–80.
Ковальзон В.М., Вейн А.М. Мелатонин и сон. В кн.: Мелатонин в норме и патологии. М.,2004.– с.182–197.
Edward Mills, Ping Wu, Duglas Seely, Gordon Guyatt Melatonin in the treatment of cancer: a systematic review of randomized controlled trials and meta–analysis. – J. Pineal Res. 2005; 39:360–366.
Левин Я.И. « Мелатонин (мелаксен) в терапии инсомний»/ РМЖ – №7 – 2005 – с..1–3.


Пайдаланылған әдебиеттер:Анисимов В.Н. Молекулярные и физиологические механизмы старения.   С.–Петербург, Наука, 2003, 467 с. Арушанян Э.Б.

Слайд 27Назар аударғандарыңызға
рахмет!

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика