Слайд 1Тақырып: Ауыз қуысындағы спецификалық инфекция (мерез,туберкулез) көріністерінің саралау диагностикасы
Орындаған:
БАЙЗАКОВА Д.К.
Топ: 6_001
Факультет: Стоматология
Тексерген :Шауенова К.А.
Терапиялық стоматология және ортопедиялық
стоматология
кафедрасы
Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Мерез
Туберкулез
Салыстырмалы диагностикасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебитеттер тізімі
Слайд 3Кіріспе
Қазіргі кезге дейін жұқпалы аурулар маңызды проблема болып табылады. Олар
макро- және микроорганизм арасындағы қатынас нәтижесі болып табылады. Жұқпалы аурулар
басқа науқастардан айырмашылықтары: контагиоздық, циклдық, спецификалық өзгерістер және макроорганизмде постинфекциялық иммунитет түзілуі. Жұқпалы аурудың дамуы макроорганизм жағдайына, сезімталдығына байланысты және қоздырушының патогенділік және вирулентілігімен анықталады. Микробтың организмге ену жері инфекцияның кіру қақпасы деп аталады.
Слайд 4Мерез- созылмалы инфекциялық ауру, бозғылт трепонеманы жұқтыру кезінде пайда болады,
тері, шырышты қабат, ішкі ағзалар, сүйек пен жүйке жүйесін зақымдайды.Жұқтыру
кезеңнен бастап жалпы ағза үшін инфекциялық ауру болып саналады.Кейбір науқастарда бірнеше жылға дейін созылады және (өзіндік толқын тәрізді ағыммен ерекшеленеді) жасырын кезеңнің өршу кезеңдеріне ауысуы және оның өзіндік толқын тәрізді ағыммен ерекшеленеді.
Мерез
Слайд 5Этиология және берілу жолы.
Мерез негізінен жыныстық жол арқылы жұғады,бірақ
тұрмыстық қарым-қатынас арқылы әсіресе балаларда, зақымданған тері арқылы және зақымданбаған
шырышты қабат бозғылт трепонемамен қарым-қатынаста болған кезде ол сілекейде , бөртпе бетінде және т.б болуы мүмкін.
Слайд 6Жалпы патология (4 кезең):
Қаптты шанкрдың түзілуінен бастап, біріншілік кезең
басталады,оның ұзақтығы 6-8 апта серонегативті 3-4 апта және серопозитивті3-4 апта
кезеңдерден тұрады. Серонегативті кезеңде : қатты шанкр, регионарлы склеродермия, лимфонгаит, оларға серопозитивті кезеңде полиаденит 10 сериологиялық реакция және менингит қосылады.
Продромальды кезеңнің көріністері мен инфекция генерилизациясы екіншілік кезеңге әкеледі оның ұзақтығы 2-4 жыл, оның көрінісі денеде және шырышты қабаттарда бөртпелер пайда болады.
Бөртпе –разеола , папула, пустула түрінде болады. Бірнеше аптадан кейін өзіндік емсіз жазылады, рецидив береді.
Слайд 8Мерезде ауыз қуысының шырышты қабықтарының зақымдалуы бірінші кезеңде басталады. Алғашқы
белгі – біріншілік сифилома беткі қабатынан эрозия немесе жара түзілуімен
некрозданатын шектелген инфильтрат пайда болуымен көрінеді. Қатты шанкрдың орналасуы мерезбен зақымдану жолын нақты көрсетеді. Жыныс жолынан тыс зақымданғанда қатты шанкр ерінде, ауыз қуысының шырышты қабықтарында (АҚШҚ), тілде, сирек бадамшаларда орналасады. Тілдегі шанкр әдетте жалғыз, жиі тілдің ортасында орналасады. Тіл арқасында шанкр орналасқанда – біріншілік сифилома қоршаған тіннен бірден томпайып шығып тұрады және төңкерілген табақша формалы, бетінде етті-қызыл эрозиясы болады. Жара айналасында қабыну көріністері жоқ, ауырсыну болмайды.
Слайд 10Салыстырмалы диагностикасы:
- Туберкулез жегі;
- Ісіктер;
- Жарақатты ойық-жара;
- Қайталанбалы
афтозды стоматит (ауыр форма).
Слайд 11Диагностикасы
- Анамнез жинау
Сұрау
Қарау
Зертханалық тексеру әдістері:
-серологиялық әдіс
Микропреципитация реакциясы
-ИФА
Слайд 12Туберкулез
Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау –
адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы –
микробактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.
Слайд 13Этиологисы
Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар
қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың
ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады.
Слайд 15Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез
таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті
деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады.
Слайд 16Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну
сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың
ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.
Слайд 17Диагностикасы
Қан сарысуы
Нәжіс, зәр, қан. Сыртқы орта обьектілері шайындылары. Бактериологиялық:
Міндетті түрде байытылған қоректік орталарды пайдалану (фосфатты-буферлі құрам) Дифференциялы-диагнос-тикалық қоректік
орта (бромтимолды көк, Эндо, Хоттингер орталары) Тығыз орталардың тиімді-лігін жоғарылату үшін «суық-тық байытылған» элективтік ортаны күшейту керек (бу-ферлік-казеиндік-дрожжалық)
Иммунологиялық, серологиялық: • ТГАР • АР • ИФТ
Генодиагностика Бактериологиялық зерттеу оң нәтиже көрсетсе, диагноздың дәлелденгенін көрсетеді:
Слайд 18Қорытынды
Туберкулезге қарсы профилактикалық егудің жиынтық жоспары және медициналық ұйымдарға иммундық-биологиялық
препараттардың қажеттілігі тиісті аумақтағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органымен келіседі.
Слайд 19Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Венерические зболезни. Руководство для врачей. Под ред. О.К.
Шапошникова. – М. Медицина, 1991
Терапевтическая стоматология: учебник: в 3 ч./
под ред. Г.М. Барера. – М.-:ГЭОТАР-Медиа, 2005.-Ч.3.-288с.
Скрипкин Ю.К. и др. Кожные и венерические болезни: Учебник – М,. ГЭОТАР-Медиа, 2007, 544с.