жүз жылдықтың 70 – ші жылдарында келесі ғалымдармен А.Ж. Бопеев,
В.В. Грассер, П.Е. Абрамов, С.Е. Мұнасипов, Е.И. Заболиченко және т.б. [8,9,10,11] жүргізілген. Осы уақыт аралығында тұрғындардың ұлттық, демографиялық құрамы айтарлықтай өзгерді. 2020 жылға таяу Республика тұрғындары 20 млн адамға жетуі мүмкін.Ал бұндай антропометриялық зерттеулер әр 10 жыл сайын жүргізіліп, алынған мәліметтері жаңартылп тұруы тиіс[11].
Бұл республика тұрғындарының табандарының өлшемдерінің антропометриялық мәліметтерінің ескіргендідігін және оларды жаңарту қажеттілігінің айқындамасы.
Осыған байланысты Қазақстан тұрғындарына антропометриялық зерттеулер жүргізу, табан өлшемдері туралы жаңа мәліметтер алу, сонымен қатар әр түрлі табан аурыларына шалдыққан науқастарды анықтау, алынған мәліметтерді өндіріс орындарында қолдану өзекті мәселе болып табылады.