жалпы алғанда құжаттарды келесі белгілері бойынша жіктеген дұрыс:
түрлері бойынша –
ұйымдастырушылық-өкімдік, анықтамалық-ақпараттық, қызметкерлердің жеке құрамы бойынша, жазбаша өтінімдер;атауы бойынша – құжат атауларының отыздан астам түрлері бар;
қызметі бойынша – құжаттар фактілерді, хабарламалар мен құбылыстарды (есеп, хаттама, акт) белгілеу құралдары және ақпаратты қашықтықтан беру (хат, телеграмма, факс) құралдары ретінде ажыратылады;
нысаны бойынша – жеке, әр құжат мазмұнының өз ерекшеліктері болады (мысалы, баяндау хат); трафареттік, құжаттың бір бөлігі басылып шығарылады, ал қалған бөлігі құжатты жасағанда толтырылады; және үлгілік, біртектес кәсіпорындар тобына жасалған құжаттар. Әдетте, барлық үлгілік және трафареттік құжаттар баспаханада немесе көбейткіш аппараттарда басылады.
шығарылуына қарай – қызметтік, кәсіпорынның (ұйымның) мүдделерін қозғайды; және жеке, нақты бір адамға қатысты және атаулы болып табылады;
мазмұны бойынша – қарапайым (бір ғана мәселеге қатысты) және күрделі (бір мезгілде бірнеше тақырыпты қарастырады);