Слайд 1Жоғары мектептегі педагогикалық зерттеу әдістеріне сипаттама беріңіз
Орындаған:Аманжолов Е.
Кокенов Ш.
Адамбек Г.
Слайд 2Жоспар
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері сипаттау
Слайд 3Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл
əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған
білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.
Слайд 4Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу,
олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның
нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі.
Слайд 6Эмпирикалық әдістерге сипаттама
1.Бақылау әдісі.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс,
бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы
не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Слайд 72.Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады.
Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі
сұрақтар мен жанама сұрақтардың және әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
3.Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объект алынады. Олардың бірі- экспериментті, екіншісі- бақылау объектісі деп аталады.
4. Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылаужәне графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы құжаттар арқылы оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көзқарасы мен қатынасы, олардың теориялық және практикалық дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады.
5.Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауап варианттарының қатал логикалық құрылысы. Анкета мүмкін деген бірнеше жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.
Слайд 8Педагогикалық зерттеуді жүргізуде теориялық әдістер қолданылады: талдау, синтез, салыстыру, индукция,
дидукция, абстракциялау, қорыту , нақтылау, үлгілеу;
Кейбір теориялық әдістерге тоқталсақ:
Талдау - зерттелетін бүтінді құрауыштарға ойша бөлу құбылыстың жеке белгілерімен сапасын бөліп беру.
Синтез - құбылыстың белгілері мен қасеттерін ойша мағыналы бүтінге қосу.
Салыстыру - қарастыратын құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды бекіту. Салыстырудың құрама бөлігі талдау болып табылады, себебі салыстыру кезінде құбылыстарда өлшенетін белгілерді мүшелеу кере. Салыстыру құбылыстар белгілерінің арасында белгілі бір қатынастықты орнату болғандықтан салыстыруда синтезде пайдаланады.
Слайд 9Абстракциялау - заттың қандайда бір қасиеті мен белгісін оның
басқа белгілері мен қасиеттерінен ойша бұру.
Нақтылау - алдын ала
мүшеленген абстракциялар негізінде затты қайта ойша құру.
Қорытындылау - процестермен құбылыстарда ортақ белгілерді айыру.
Үлгілеу - процестермен құбылыстарды олардың нақты және идиалық үлгілері көмегімен зерттеу.
Индукция және дедукция - мәдениеттердің эмперикалық жолымен алынған қорытындылаудың логикалық амалдары. Индуктивті ой қозғалысының жеке пікірден ортақ қорытындыға қозғалысын білдіреді, ал дидуктивті керісінше.
Слайд 10Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері
арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын
өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.
Әдістері
Слайд 11Педагогикалық байқау - тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейтін әдіс. Бақылауды
ұйымдастыру оның мақсатына , нысананың нақты жағдайына байланысты алдын-ала құрған
жоспар бойынша жүргізіледі. Мысалы, мектеп жағдайында бақылауды ұйымдастыру, сабақ үрдісінде, қоғамдық-пайдалы істерде оқущылардың белсенділігін, мінез-құлық ерекшеліктерін т.б. анықтауда қолданылады.
Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдіс ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгіме әдісі куні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытындысы жасалады.
Интервью алу әдісі әңгімелесудің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әңгімелерден айырмашылығы – интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, әңгімелесушінің жауаптпры жазылып алынады.
Сауалнама әдісі зерттеліп отырған педагогикалық мәселеге, құбылысқа байланысты көпшілік пікірін білу мақсатында алдын ала тыңғылықты дайындаған сұрақтарға жазбаша жауап беру жағдайында жүргізіледі. Ол көпшіліктің жауабын салыстырмалы түрде материалдарды анықтау негізінде атқарылады.
Мектеп құжаттарын зерттеу әдісі. Бұл әдіс оқушының жеке іс қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатан көздейді.
Педагогикалық эксперимент әдісі деп педагогиканың зерттеу әдістнрінің қорытындысына сүйеніп, тұжырымдардың дәлелдігін анықтау мақсатында жүргізілетін әдіс. Түрлері: табиғи эксперимент күнделікті өмір жағдайына үйымдастырылса; лабораториялық эксперимент арнайы жасалған жағдайлар негізінде жүргізіледі.Эксперименттің басқа да зертттеу әдістерінен айырмашылығы – оның қорытындысы және нақты, объективті нәтижесінің болуында.
Кибернетикалық және математикалық әдістер педагогикалық құбылыстардың өзара сандық байланыстарын, олардын өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет.