Слайд 1
Химия пәнінен интерактивті online сабағы
8-9
сыныптар
Астана қаласы,
Назарбаев Зияткерлік мектебі,
химия пәнінің мұғалімі
Уралбаева Қарлығаш Абдулхаировна
Слайд 2H-F
H-Cl
H-Br
H-I
C=O
H-H
H-S-H
H-O-H
I-I
F-O-F
Br-Br
F-F
Cl-Cl
O=O
Слайд 3Химиялық байланыстың (типтері), валенттілік,
тотығу дәрежесі
Слайд 4Қосылыстағы атомдардың бір-біріне әсері арқылы жүзеге асатын күш табиғатынының
мәнін түсіндіру;
Атомдар арасында химиялық байланыстың қалай түзілетінін анықтау;
Молекуладағы байланыстың
түзілуін шартты түрде жазып үйрету;
Сабақтың мақсаты:
Слайд 5Міндеті:
1.Химиялық байланыс жайлы ұғымды қалыптастыру.
2.Жай және күрделі заттардан химиялық байланыстың
түрін анықтай білу, әр түрлі байланыс түрі бар заттарға түзілу
схемасын құра білу; ковалентті, иондық, металдық, байланыстардың түзілу механизмін түсіндіре білу.
Слайд 6Міндеті:
3. Дамыту:
☺Интеллектуалды дағды- себеп – салдарды анықтап, соның негізінде қорытынды
шығару, материалды жүйелеу, тұжырымдау сұрақтарын құрастыру.
☺Сөйлеу дағдысы – топта жұмыс
жүргізу кезінде ғылыми тілде ойын жеткізе білу.
☺Коммуникативті дағды –дәлелді мысалдар келтіре отырып өз ойын жеткізу, өзгелердің пікірін тыңдай білу.
☺ Әлеуметтік дағды – топта жұмыс істеу.
Слайд 7Өткенге көз жіберейік, ертедегі адамдар бұл туралы қалай ойлады екен......
Слайд 8АУА
С
У
ОТ
Ж
Е
Р
ЭМПЕДОКЛ
(біздің эрамызға дейінгі V ғасыр)
Ғаламдағы бар тіршіліктің төрт түбірі
бар :
От және су, және жер, шектеусіз әлем бөлігі;
Не болды, не бар, және не болады барлығы да
солардан түзіледі, жалғасын таба бермек….
Слайд 9ДЕМОКРИТ
(б.э.д. 460 – 370 ж.ж. )
Әлемде тек қана атомдар, бос
кеңістік және қозғалыс бар, деп оқытты.
Ол атомдардың бос кеңістікте
соқтығысуының механикалық қажеттілігін ойлап тапты.
Түсінікті болуы үшін, атомдарды бір-бірімен бекіту үшін ілгешекпен, ілгекті пайдаланды.
Слайд 10Платон өзінің шәкірттеріне өте көрнекі түрде үшбұрыштың бөлшектері арқылы орындалатын
барлық өзгерістерді көрсетті.
Слайд 12ЙЁНС-ЯКОБ БЕРЦЕЛИУС
(1779 – 1848 ж.ж.)
Электрохимиялық теория
Химиялық элементтер арасындағы
байланысты олардың электрлік қасиеті тұрғысынан қарастырды. Яғни, химиялық элементтердің бір
түрінде оң, ал екіншілерінде теріс заряд басым болады. Оң заряды басым элементтерге металдарды, ал теріс заряды бар элементтерге металл еместерді жатқыза отырып, химиялық қосылыстар осылардың арасындағы тартылыстан туындайды деп есептелінді.
Слайд 14ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС
- химиялық қосылыстағы атомдардың бір-біріне әсері арқылы жүзеге
асатын күштер жиынтығы
Слайд 15Химиялық элементтердің Д.И. Менделеев жасаған периодтық жүйесі
Слайд 16Химиялық байланыс түзілген кезде атомдардың электрондық құрылымы өзгеріске ұшырайды.
Атомдардың электрондық құрылымы анағұрлым тұрақты болған жағдайда ғана химиялық байланыс
түзіледі.
Химиялық байланыс түзілуде ең басты рольді электрондар атқарады.
Слайд 17Сыртқы электрондық қабаты ns2np6 типті болған жағдайда электронды октет және
1 s2 аяқталған, анағұрлым тұрақты болады.
Басқа элементтің атомдары химиялық
байланыс түзу кезінде осындай электрондық құрылым түзуге ұмтылады. Атомдар арасында тұрақты (аяқталған) электрондық құрылымда болатын ең маңызды екі түрлі химиялық байланыстың түрі иондық (электровалентті) және ковалентті байланыс бар.
Слайд 18 Иондық химиялық байланыс электртерістілігі бойынша айырмашылығы үлкен
металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі.
Иондық химиялық
байланыс қарама –қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысы нәтижесінде жүзеге асады.
Иондық байланыс
Слайд 19Иондық байланыс теориясын 1916 жылы неміс ғалымы
В. Коссель
ұсынған болатын. Бұл теория типтік металдар мен типтік бейметалдар атомдары
арасында: CsF, CsCl, NaCl, KF, KCl, Na2O, CaO түзілетін байланысты түсіндіреді. Осы теорияға байланысты иондық байланыстың түзілу кезінде типтік металл атомдары электронды береді, ал типтік бейметалл атомдары электронды қосып алады.
КОССЕЛЬ (Kossel),
Вальтер
1888 – 1956 ж.ж.
Слайд 21Иондар түзілу арқылы жүзеге асатын байланыстарды иондық байланыс, қосылыстың өзін
иондық қосылыс деп атайды. Иондық қосылыстардың қайнау, балқу температурасы жоғары,
қызуға тұрақты, олар полюстік еріткіштерде тез ериді, ерітінділері электр тогын жақсы өткізеді.
+
Na
Cl
NaCl
Слайд 24Ковалентті байланыс – бұл атомдар арасында ортақ электрондық жұп
есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланыс.
Ковалентті байланыс
Ковалентті химиялық байланыста
электрон жұбының атомдардың арасында орналасуына қарай полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.
Слайд 26Полюссіз ковалентті химиялық байланысты молекулада электрон жұбы атомға ауыспай, симметриялы
түрде ортада орналасады. Полюссіз химиялық байланыстағы қосылыстардың қайнау және балқу
температуралары төмен, полюсті еріткіштерде иондар түзбейді, электр тоғын өткізбейді.
Слайд 27Сутек атомының электрондық формуласы 1s1.
Сутектің электртерістілігі 2,1.
S –
электрондарының электрон бұлттары сфера (шар)
тәрізді, олардың өзара әсерлесуін былай
көрсетуге болады:
сонда s электрондарының бұлттары өзара қабысып,
екі электрон екі ядроға да ортақ, олардан бірдей
қашықтықта орналасады.
Слайд 28Сутегі молекуласындағы атомдардың ұсталып тұрған күштерінің табиғатын алғаш 1927 жылы
ағылшын ғалымдары Гейтлер мен Лондон кванттық механика тұрғысынан түсіндірді. Олар
Шредингер теңдеуі бойынша
байланыстың екі сипатын - энергия мен ядро аралық ұзындықты есептеді. Сутегі молекуласы төрт микробөлшектен тұрады. Екі атом бір – біріне жақындаған кезде тартылыс күші, ал екі ядро мен екі электрон арасында тебілу күші пайда болады. Осы тартылыс және тебілу күші теңескен жағдайда молекула тұрақты күйге келеді.
Слайд 30
H-
-H
H2
Сутек молекуласындағы байланыстың түзілуі:
болады. Қандай күш көп болады?
Слайд 52АТОМДАР ЖАҚЫНДАСҚАНДА ОЛАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БҰЛТТАРЫ БҮРКЕСУІНЕН ЯДРОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ
КЕҢІСТІКТЕ МАКСИМАЛ ЭЛЕКТРОН ТЫҒЫЗДЫҒЫ БАР МОЛЕКУЛАЛЫҚ БҰЛТ ТҮЗІЛЕДІ.
Слайд 53
Н
+
Н
→
Н
Н
2ē
2ē
Бір ортақ электрон жұбы - бір химиялық байланыс
Молекуланың электрондық
формуласы
Молекула түзілуінің электрондық схемасы
Слайд 56Енді оттегі молекуласындағы байланыстың түзілуін қарастырайық.
Оттек атомының электрондық формуласы 1s22s22p4,
валенттілік электрондары 2s22p4,
электртерістілігі 3,5.
Слайд 57Электронды-графикалық формуласын қарасақ, валенттілік электрондар саны 6, оның екеуі дара
күйінде,
міне, осы электрондар екінші оттек атомындағы дәл осындай электрондармен
екі жұп түзеді, яғни байланыс саны екі.
Енді әр атом ядросын 8 электроннан айналатын болады. Сөйтіп, бұл мысалдан да көретініміз молекула түзілгенде
аяқталған 8 электронды қабаттың пайда болуы.
Оттек атомдарының тотығу дәрежелері нөлге тең, валенттіліктері ІІ-ге тең болады. Еселі байланыс дара байланысқа қарағанда беріктеу болады.
Слайд 58Электрондардың электрон бұлттарының формаларын
қолданып байланыстың түзілуін көрсетсек:
Слайд 59α - байланыс дегеніміз электрон бұлттарының қабысу ауданы ядролардың қосылу
сызығының бойында жатқанда түзілетін байланыс (а). Ал π-байланыс — электрон
бұлттарының қабысу ауданы ядроларды қосатын сызықтың екі жағында орналасқанда түзіледі. Оттегі молекуласында атомдар бір-бірімен екі байланыспен байланысқан, оның бірі - α болса, екіншісінің π-байланыс екендігін байқайсыңдар.
Олай болса π - байланыс, тек қайталанған байланыстарда болса, α -байланыс дара байланыс кезінде түзіледі.
Слайд 61Полюсті коваленттік байланыс дегеніміз байланыстырушы электрон жұбының бұлты электртерістігі басым
элемент атомына қарай ығыса орналасқан байланыс. Молекуланың полюстілігі диполь моменті
арқылы көрсетіледі. Полюсті молекулалардың қайнау және балқу температурасы төмен, полюсті еріткіштерде үйектеліп иондарға ыдырайды.
2 8 7
1s22s22p23s23p5
H +1 )
1
Слайд 65 Металдық байланыстың түзілу схемасы (М – металл):
Me – ne- → Me+n
Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр және жылу өткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т.б. бұлардың барлығы да металдық байланысқа тәуелді.
_
Металдық байланыс
Металдық кристалл торының түйіндерінде атомдар немесе
олардың иондары орналасатыны белгілі.
Металдық тордағы бостау күйдегі делокальданған
электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту
күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді.
Слайд 66Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары:
байланыс энергиясы
байланыс ұзындығы
валенттік бұрыш
Байланыс энергиясы
– өзара байланысқан атомдарды не иондарды бір – бірінен ажырату
үшін жұмсалатын энергия.
Байланыс ұзындығы – химиялық байланыстағы
атомдар ядроларының арасындағы қашықтық, валенттік бұрыш – байланысқан атомдар ядролары арқылы жүргізілетін жорамал сызықтар арасындағы бұрыш.
Бұл көрсеткіштер зат молекуласының құрылысын, пішінін және беріктігін сипаттайды.
Слайд 67Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық
қосылысты тек иондардан
тұрады деп
қарастырғанда әр атомда болатын шартты
зарядтың сан
шамасы. Бұл ұғым молекуладағы
атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады.
Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп
қарастыруға болмайтындықтан, тотығу дәрежесі
шартты түрде алынады.
Тотығу дәрежесі
Слайд 68Барлық күрделі қосылыстағы металдар тек қана оң тотығу дәрежесін көрсетеді.
Бейметалдар
оң және теріс тотығу дәрежесін көрсете алады. Бейметалдар сутекпен және
металдармен қосылыстарында үнемі теріс мәнге ие.
Элементтің ең жоғарғы (максимальді) тотығу дәрежесі периодтық кестедегі топтың нөміріне байланысты болады.
Металдардың ең кіші тотығу дәрежесі нөлге тең болады.
Ең жоғарғы тотығу дәрежесі мен ең төмен тотығу дәрежесіндегі аралықты аралық тотығу дәрежесі деп атайды.
Слайд 69Тотығу дәрежесі
ауыспалы
Cl,P,Se
теріс
S-2 ,N-3 ,O-2
тұрақты
H,K,Zn
жай заттардың т.д.
Fe0,Cl20,H20
оң
Na,Al,Ca
Слайд 70 Тотығу дәрежесі бойынша химиялық формуланы құрастыру.
АЛГОРИТМ:
Химиялық элементтердің таңбасын жазамыз.
Al S
Д. И. Менделеев кестесінен элементтердің ТОТ дәрежесін
табамыз Al+3S-2
3. ЕКОЕ тауып индекстерді анықтаймыз.
ЕКОЕ=6 Al+3S-2 Al2S3
ЕРЕЖЕ:
элементтердің тотығу дәрежесінің алгебралық қосындысының жиынтығы нөльге тең.
Al2S3
Слайд 73Al2O3
Ca3N2
K2Se
P2O5
Cl2O7
As2O3
Al2+3O3-2
Ca3+2N2-3
K2+ Se-2
P2+5O5-2
Cl2+7O7-2
As2+3O3-2
Элементтің тотығу дәрежесін анықта
Слайд 74Кез келген молекула электробейтарап бөлшек.
Молекуладағы барлық атомдардың тотығу
дәрежесінің қосындысы
нөльге тең болады.
Әр түрлі қосылыстағы көміртектің тотығу
дәрежесін анықтап
көрейік. Көміртектің
валенттілігін көрсету үшін графикалық
формуласын көрсетеміз. Бұл қосылыстарда
көміртек барлық уақытта төрт валентті болады, ал тотығу дәрежесі -4 тен + 4 дейін өзгеріп отырады. Барлық уақытта элементтің тотығу дәрежесі валенттілігіне сай келе бермейді.
Слайд 76Валенттілік.
Атом құрылысы мен химиялық байланыс тұрғысынан қарағанда валенттілік әрбір
атомның молекула түзуге жұмсайтын электрондарының санымен анықталады. Атом, химиялық байланыс
түзуге неше электрон жұмсаса, оның валенттігі де сонша болады.
Мысалы, сутек молекуласын түзуге әрбір сутек
атомы бір электроннан, оттек молекуласын түзуге
оттектің әрбір атомы екі электроннан, азот молекуласын түзуге әрбір азот атомы 3 электроннан жұмсайды.
Слайд 77Сондықтан сутек атомы молекуласында сутек атомдары 1 валентті, оттек молекуласында
оттек атомдары екі 2 валентті, азот молекуласында азот атомдары 3
валентті болады.
Молекуладағы атомдар арасындағы әрбір қос
электрондарды бір сызықшамен ауыстыру арқылы заттың құрылымдық формуласын құрады. Құрылымдық формула молекуладағы атомдардың валенттілігін көрсетеді.
Слайд 78Бір сызықша бір валенттілік байланысқа сәйкес келеді. Сонымен бірге құрылымдық
формуласы молекуладағы элементтердің бір – бірімен байланысу ретін де білдереді.
Әрбір элементтен шығатын сызықша саны сол элементтің валенттілігін көрсетеді. Мысалы, мына көрсетілген
│ │
Н -, О= , -N-, - C -
│
Слайд 79Элементтің валенттілігі - бұл берілген молекуладағы атомның басқа
атоммен түзетін химиялық байланыстың саны. Бір химиялық
байланыс түзу үшін атом бір жұптаспаған электрон ұсынады. Сондықтан элементтің валенттілігі атомдағы жұптаспаған электрон санымен анықталады.
Көптеген элемент атомдары өздерінің валенттілігін (жұптаспаған электрон санын) қалыпты жағдайдан қозған жағдайға ауысқан жағдайда көбейте алады. Атомның қозған жағдайы - бұл қалыпты жағдаймен салыстырғанда жоғары энергиясы мөлшерімен ерекшелінеді.
Слайд 82
Заттардың формуласы
Химиялық байл. типі
А) I2
1) КПБ
Б) ZnSO4 2) КПСБ
В) К2S 3) ИБ, КПБ
Г) Н2О 4) СБ
5) ИБ
6) КПСБ, КПБ
Заттардың формуласы мен химиялық байланыстың арасындағы сәйкестікті көрсетіңдер.
Слайд 83Иондық байланыс
Крестер мен нөльдер ойыны
Слайд 84Ұтымды жолды тап
Ковалентті полюсті байланыс
Слайд 85Ковалентті полюссіз байланыс
Крестер мен нөльдер ойыны
Слайд 86
Тапсырма
Молекула түзілуінің электронды схемасын орындаңдар:
А) аммиак
Б) бром
Осы заттар молекуласындағы электрон орбитальдарының бүркесу суретін салыңдар.
Слайд 888-9 сынып оқушыларының “Химиялық байланыстың (типтері), валенттілік, тотығу дәрежесі”
тақырыбы бойынша білім деңгейлерін бағалаудың критериалдық шкаласы
Оқыту мақсатына сай
бағалауда қолданылатын критерийлер дескрипторлары
Слайд 90КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШІ (рубрикаторлар дескрипторларымен бірге).
Рубрикатор – әрбір критерийге
байланысты оқушының оқудағы жетістігін бағалауға қажетті ұпай саны
Дескриптор –
әрбір нақты ұпайға жету деңгейінің сипаттамасы.
Слайд 94Үйге тапсырмасы
Кестеде берілген қосылыстардан химиялық байланыстың типін анықта.
Слайд 95
In 1989, researches used X-ray crystallography- a technique in which
X-rays are scattered from crystals of the molecule of interest-
to determine the structure of a molecule called HIV- protease. HIV- protease is a protein (a class of large biological molecules) synthesized by the human immunodeficiency virus (HIV). This particular protein is crucial to the virus’s ability to multiply and cause acquired immune deficiency syndrome, or AIDS. Without HIV- protease, HIV cannot spread in the human body because the virus cannot replicate. In other words, without HIV- protease, AIDS can’t develop.
Bonding models and AIDS Drugs
Мәтіннің аудармасын жазаңыз.
Слайд 96H-F
H-Cl
H-Br
H-I
C=O
H-H
H-S-H
H-O-H
I-I
F-O-F
Br-Br
F-F
Cl-Cl
O=O