Разделы презентаций


Логика. Логическое мышление.

Сабақтың тақырыбы: Логика. Логикалық ойлау.Сабақтың мақсаты: Логика ұғымымен таныстыру, оқушылардың логикалық ойлау

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Арықты орта мектебінің математика пәнінің оқытушысы Асыржанов Баглан Жакипжанович

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Арықты орта мектебінің математика пәнінің оқытушысы Асыржанов Баглан Жакипжанович

Слайд 2Сабақтың тақырыбы: Логика.

Логикалық ойлау.

Сабақтың мақсаты: Логика ұғымымен таныстыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, логикалық есептер шығару арқылы оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: логикалық шеберхана.
Көрнекіліктер мен құралдар: Компьютер мен интерактивті тақта,
PowerPoint презентациясы,
логикалық тапсырмалар мен
есептер.

Сабақтың тақырыбы: Логика.

Слайд 3І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тақырыпты қозғау – алғашқы түсінік беру:
Логика

(гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау»,

«ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым.
Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын б.з.б.
4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель
жасаған. Ол дедуктивтік ой қорытулар
теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы жіктелімін жасап берді және логикалық дәлелдеу туралы ілімнің негізін қалады.

І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Тақырыпты қозғау – алғашқы түсінік беру: Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος —

Слайд 4ІІІ. Практикалық бөлім.
а) Логика деген не? Логика деген ұғым

не білдіреді?
Тілдің негізгі құралы – сөз.
Ойды сөйлем ретінде

қалыптастырады, ой елегінен өткізеді, ақылға салады – яғни ойлау үдерістері.
Бұл үдерістер қандай да бір мәселені қарастырғанда іс жүзіне асады: ол мәселе талданады, зерттеледі, есептелінеді, қорытындыланады.

ІІІ. Практикалық бөлім. а) Логика деген не? Логика деген ұғым не білдіреді?Тілдің негізгі құралы – сөз.Ойды сөйлем

Слайд 5Логикалық тұжырымдар ақиқат және жалған болуы мүмкін. Мысалы, «Барлық ағаштар

– өсімдіктер». Бұл тұжырым ақиқат.
«Қара торғай, қара қарға, қарақұс

– сондықтан барлық құстар қара» - жалған. Неліктен?
Ақиқат және жалған тұжырымдарға мысалдар келтіру. (Топтық жұмыс).
- Бір топқа тапсырма: «Егер санның цифрларының қосындысы 3-ке бөлінсе, ...» - ақиқат болатындай жалғастыру.
- Екінші топ осыған ұқсас, бірақ жалған тұжырымды ойлап шығару керек.
- Үшінші топ белгілі бір ақиқат тұжырымды айтады.

Логикалық тұжырымдар ақиқат және жалған болуы мүмкін. Мысалы, «Барлық ағаштар – өсімдіктер». Бұл тұжырым ақиқат. «Қара торғай,

Слайд 6ә) Санап көрейік! – логикалық есептер:
(Топтардың тапқырлығы мен шапшаңдығы,

есептің дұрыс шешілуі мен түсініктеме берілуіне көңіл бөлінеді)
1. Суреттегі

үшбұрыштарда сандар жазылған. Осы сандарға қандай да бір арифметикалық амалдарды қолданып, ережесін анықтап, сұрақ белгісінің орнында қандай сан тұрғанын табу керек.

ә) Санап көрейік! – логикалық есептер: (Топтардың тапқырлығы мен шапшаңдығы, есептің дұрыс шешілуі мен түсініктеме берілуіне көңіл

Слайд 72. Келесі тапсырмада үшбұрыштың, төртбұрыштың және дөңгелектің орнында қандай сандар

тұрғандығын анықтау. Ойлау жолын түсіндіру.

2. Келесі тапсырмада үшбұрыштың, төртбұрыштың және дөңгелектің орнында қандай сандар тұрғандығын анықтау. Ойлау жолын түсіндіру.

Слайд 83. Білгіш банктен үйге алты қап алтын тиындарды әкелді. Үйде

ол қаптардағы тиындарды санады. Алғашқы төрт қапта 60, 30, 20

және 15 алтын тиын бар екен. Қалған екі қаптағы тиындарды санағанда ол барлық қаптардағы тиындар белгілі ретпен орналасқан бір сан тізбегін құрайтындығын байқады. Бесінші және алтыншы қапта қанша алтын тиын бар екендігін айта аласыңдар ма?

60

20

30

15

?

?

3. Білгіш банктен үйге алты қап алтын тиындарды әкелді. Үйде ол қаптардағы тиындарды санады. Алғашқы төрт қапта

Слайд 9б) Ойлайық та, табайық!:
1. Бір қатар әріптер берілген және

олардың орналасуында бір заңдылық бар:
ОКАОКБОКВ...
Сұрақ:

Қандай әріп қатарды жалғастыру керек? Келесі үш әріп қандай?

б) Ойлайық та, табайық!: 1. Бір қатар әріптер берілген және олардың орналасуында бір заңдылық бар:ОКАОКБОКВ...

Слайд 102. Үш дос қатар тұрған үш үйде тұрады.

Үйлерінің реттік сандары 34, 36 және 38.

Олардың шаштарының түсі әр түрлі және әуестіктері де әр түрлі:
-Қара шаштысы балық аулауды жақсы көреді. -Ақ шаштысы үйінің реттік саны 4-ке бөлінетін үйде тұрады. -Ал футбол ойнауды жақсы көретін дос өте бақытты, өйткені үйінің реттік санының цифрларының қосындысы сүйікті командасының ойыншыларының санына, яғни 11-ге тең.
Сұрақ: Музыканы жақсы көретін дос қай үйде тұрады?

2. Үш дос қатар тұрған үш үйде тұрады.     Үйлерінің реттік сандары 34, 36

Слайд 11 Қорытынды. Мұғалім: Талаптанып, білімге зейініңді бұр, Ұлы істер алдыңда сені күтіп тұр! Пифагор,

Архимед, Ыбырай, Қаныш, Басылар ма екен ғылымға деген сағыныш. Дүниеге сан алуан

өнер шашар, Білім алып, олардың жолын қусаң! Бағалау: - топтардың бір-бірін бағалауы; - өздерін бағалау. Рефлексия. Логикалық тапсырмаларды орындай отырып, біз математикалық шығармашылық шеберханасын құрамыз.
Қорытынды. Мұғалім: Талаптанып, білімге зейініңді бұр, Ұлы істер алдыңда сені күтіп тұр! Пифагор, Архимед, Ыбырай,

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика