Слайд 1АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
(1873-1938)
Ақын,
аудармашы
ғалым
Слайд 2
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай
облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек
әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады.
Слайд 3
Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми
еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі
ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті.
Слайд 4
Оқүға Шақыру
Балалар! Оқүға бар! Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана
әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, үшқан құс та,
жүрген аң да,
Жүмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақүлық түнде қонған,
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы;
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
Кұлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
Слайд 5
Ақынның алғашқы өлендері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж.
Санкт Петербургте жарық көрде. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан
қараңғы елге жар салып, олардың ой санасын оятуға бар жігер қайратын, білімін жұмсайды
Байтұрсыновтың екінші кітабы «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады.
Слайд 6
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз
ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936
жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады.
Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.
Слайд 7
Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қыламын деген қазақ балалары қазақ
жұмысына қолынан келгенше қарап тұрмай кірісіп істей берсе – ұлт
жұмысы ұлғайып, толықпақшы.
Ахмет Байтұрсынұлы