Слайд 3Үй тапсырмасы
«Менің атым - Қожа»
Б. Соқпақбаев
Әкенің бала өмірінде алатын орны
қандай?
Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің бәрі анадан деген тұжырымдамаға келісесіз бе?
Слайд 4Дәйексөз
«Атасы тұрып,
ұлы сөйлегеннен без,
Анасы тұрып,
қызы сөйлегеннен без.»
Халық мақалы
Слайд 5Әңгімелесу. Сұхбат. «Ата-анаға жақсылық жасау»
Балалар әлемі
Ата-анаға
жақсылық жасау, оларды зиян мен қиындықтардан қорғау – парыз. Адам
әке-шешесіне жылы жүзбен, мейіріммен қараса, Аллаһ тағала оған рақымдылық көзімен қарайды. Ата-анасының ризалығын алған адамға жұмақта екі есік ашылады. Оларға қарсы шыққан баланың күнәһар қарақшыдан айырмашылығы жоқ.
Баланың өскеннен кейін ата-анасын ренжітуі, қиындыққа душар етуі Аллаһ тааланың азабына себеп болады. Ата-ана мен күйеуінің күнәға апаратын бұйрықтарына бағыну дұрыс емес. Бірақ, ешқашан, ешқандай себеппен ата-анаға қатты, дөрекі сөйлеуге болмайды. Ата-анасы күнә істеген адам бір рет насихат айтады, олар қабылдамаса үндемейді. Олар үшін дұға етіп, истиғфар оқиды (кешірім тілейді).
Слайд 6Ата-ананың қатаңдығына сабыр ету керек. Ата-анаға, қайын ата мен енеге
құрмет пен қызмет ету бірінші міндет болу керек. Ата-ана мен
жақын туыстарға барып тұру керек. Олармен ара-қатынасты үзіп қою күнә болады. Олардың көңілін сұрап, көмек беріп тұру керек. Олардың реті мынадай:
Алдымен ана, әке, бала, ата, әже, бауыр, көке, қызапа, таға және нағашы әпке. Бұлардан кейін олардың балалары, одан кейін неке арқылы туыс болғандар, ең соңында көршілер.
Қайтыс болғандарға дұға етіп, Аллаһтан кешірім сұрау керек, қайырлы істер істеп, сауабын олардың рухтарына бағыштау қажет.
Слайд 7Әңгімеден не түсіндіңіздер?
Ата-ана алдындағы парызыңызды білесіз бе?
Өз ата-анаңызды ренжіткен, артынша
өкінген кезіңіз болды ма?
Ата –анаңыз үшін күнделікті өмірде дұға жасап
жүресіз бе?
Өзіңізге не түйдіңіз?
Слайд 8Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
«Мимикалық жағдаят»
«Әке мен Ана арасындағы махаббат»,
«Әке мен Бала арасындағы достық»,
«Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті»
Әр топ мимикамен бейнелеп көрсетеді.
Слайд 9Түйіндеме
«Ата-ананың қадірін балалы болғанда , білерсің
Ағайынның қадірін жаралы болғанда, білерсің.»
Халық
мақалы
Слайд 10Үй тапсырмасы
«Маған қымбат жандар»
тақырыбында
шағын эссе жазу
Слайд 11Топпен ән айту. «Ана туралы жыр»
Ғ.Қайырбековтікі
Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың
әр гүлін ,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Слайд 12Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел,сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған
сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.