Слайд 1
АТА -АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН
СЕМИНАР -ТРЕНИНГ
Слайд 2ТАҚЫРЫБЫ:
“Отбасындағы зұлымдыққа жол жоқ”
Слайд 3МАҚСАТЫ:
Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынаста отбасындағы зұлымдыққа жол
бермеу туралы дағдыларын қалыптастыру;
Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі
қолдануға ой салу;
Ата-ананың баланы қайырымдылық, сұлулық, достық, еңбексүйгіштік, мейірімділік сияқты құңдылықтарға баулу;
Слайд 4“ЖЫЛЫЛЫҚ СЫЙЛАУ” ЖАТТЫҒУЫ
Мақсаты: Бір-біріне жылылық сыйлау
Көршіңді сол жақтан құшақта,
Көршіңді
оң жақтан құшақта,
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір
жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз-үлкен отбасы!
Слайд 5
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң.
Қадірін жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа
тек,- дегендей,
баланың ыстық- суығына күймейтін,
жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.
Бүгінгі қыз- ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой
түзейді.
Слайд 6
Мынау жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты
тәрбие алуына ең бірінші ықпал ететін ұстаз болса, оның сүйеушісі-
ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасауы тиіс. Бала тәуліктің ¼ бөлігінде , яғни ,
6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.
Слайд 7
Ата –ана мен бала арасындағы қарым-қатынас
Ата-ана
Слайд 8
Ата –бабамыз “Бал тәрбиесі -бесіктен” деп,
оған баланың жасынан көңіл бөлген.
Сол
қағиданы қазірде ұстануымыз керек.
Бала тәрбиесіне жауапты:
1.Ата-ана
2.Мектеп
Екі жақтан тәрбие алған балалар
жаман
болмайды деп ойлаймын.
Слайд 9ТРЕНИНГ:
“Күзгі ормандағы жаңбыр” жаттығуы
Мақсаты: иық, мойын, омыртқалардағы бұлшық ет түйсінуінен
арылту, босаңсыту.
Нұсқау: Қанекей, бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну орманда жүргендей
елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам жылдам бола түседі. Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (алдыңыздағы адамның арқасын жеңіл түрде қағасыз). Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жөғары-төмен жүргізесіз) . Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайқайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басталды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты.
Слайд 10ҚОРЫТЫНДЫ:
“Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің”
демекші, отбасында қандай ахуал болса, бала соған лайық тәрбиеленеді. Баланы
күшпен ұстап, шапалақпен ұрып, дөрекі сөздер сөйлеп, ұрысу-ол дәрменсіздің ісі. Балаға мұндай қылық көрсету қазір заманның ағымына сәйкес келмейді.
Адам тану ғылымының күре тамыры- тәрбиеден кішкентай ғана қате кетсе, еңбегінің еш кеткені. Сондықтан, ата-аналар, бала тәрбиесіне барынша көңіл бөлейік.